- •ҰҢғы өнімдерін жинау және дайындау ПәнІнің
- •2012 - Оқу жылы
- •1 Апта.
- •Мұнай кен орнын тұрғызу жобасы негізгі құжат болып табылады, оның негізінде жинау, кәсіпшілік ішінде тасымалдау және ұңғы өнімдерін дайындау кешендерінің құрылысы жүзеге асады.
- •Бақылау сұрақтары
- •2 Апта.
- •Бақылау сұрақтары
- •Шеңберлі құбырдағы сұйықтардың қозғалысы кезінде тұтқырлықты үйкеліс жөніндегі Ньютон заңына сәйкес жанама кернеуiнің теңдеуі мына түрде жазылады:
- •Бақылау сұрақтары
- •3 Апта.
- •Мұнайгазының тығыздығын көбінесе қалыпты жағдайға арнап, газдың компоненттік құрамынан шыға отырып мына формула бойынша анықтайды:
- •4 Апта.
- •Бақылау сұрақтары
- •Мұнай эмульсиясының жіктелуі
- •Бақылау сұрақтары
- •5 Апта.
- •Бақылау сұрақтары
- •Бақылау сұрақтары
- •6 Апта.
- •7 Апта.
- •Теңіз кен орындарында қолданылатын мұнайды саңылаусыз жинау жүйесі
- •Ұңғы өнімдерін өлшеудің жаңа әдістері
- •8 Апта.
- •5.3.Сурет. Б-40 - Спутнигінің жалпы сұлбасы.
- •Мұнайдағы су мөлшерін анықтау
- •1 Модуль бойынша бақылауды жүргізуге арналған сұрақтар:
- •9 Апта.
- •10 Апта.
- •Шеңберлі құбырдағы сұйықтардың қозғалысы кезінде тұтқырлықты үйкеліс жөніндегі Ньютон заңына сәйкес жанама кернеуiнің теңдеуі мына түрде жазылады:
- •Сағалық қыздырғыштың техникалық сипаттамасы:
- •11 Апта.
- •Парафин шөгінділерімен күресу әдістері
- •Кжбқ -1600/100 қондырғысының техникалық сипаттамасы
- •Бақылау сұрақтары
- •12 Апта.
- •13 Апта.
- •(А) технологиялық қондырғысының техникалық сипаттамалары
- •Бақылау сұрақтары
- •14 Апта.
- •Бақылау сұрақтары
- •Газды дайындау қондырғысы
- •Төменгі температуралы айыру
- •Газды абсорбциялау қондырғыларында кептіру
- •Газды күкіртсутектен және көмірқышқыл газынан тазалау
- •Бақылау сұрақтары
- •15 Апта.
- •Блокты шоғырланған сорапты станциялар (бшсс)
- •Химреагенттерді мөлшерлеп беру блоктары (рб)
- •Бақылау сұрақтары
- •2 Модуль бойынша бақылауды жүргізуге арналған сұрақтар:
Газды күкіртсутектен және көмірқышқыл газынан тазалау
Газды күкіртсутектен және көмірқышқыл газынан сорбциялық әдістердің көмегімен тазалайды, олардың айрықша ерекшелігі абсорбердегі қысымның жоғары болуында (6 МПа дейін) және газда оттегінің болмауында. Абсорбенттер ретінде этаноламиннің судағы ерітіндісін қолданады, олар: моноэтаноламин (МЭА), диэтаноламин (ДЭА) және триэтаноламин (ТЭА). Жоғары жұту қабілетіне ие және салыстырмалы бағасының үлкен еместігіне байланысты МЭА едәуір кең ауқымда қолданылады. Бірақ-та оның регенерациясы кезінде реагенттің шығыны болады. Күкіртсутек пен көмірқышқыл газы әдетте 20-400С температура кезінде жұтылады да, ал 105-1300С кезінде қаныққан ерітіндіден регенерацияланады.
МЭА ерітіндісі көмірсутек конденсатымен байланысқа түскен кезде көбіктенуге ұшырайды, сондықтан газды абсорберге берер алдында көмірсутек тамшысынан мұқият тазалау қажет. Газды тазалаудың қарапайым технологиялық сұлбасы 11.4 суретте келтірілген.
Тазалауға келіп түсетін газ шикізаты айырғыш-1 арқылы өтіп, абсорбердің-2 төменгі жақ бөлігіне бағытталады. Абсорбердің жоғарғы бөлігіндегі тарелкаларға-3 сорап-13 арқылы жылуалмастырғышта-6 және мұздатқышта-5 салқындатылған регенерацияланған МЭА-нің ерітіндісі беріледі. Н2S пен СО2-дан тазартылған газ тамшы ұстауға арналған жалюзді сұғындырмалардан-4 өтіп, магистралдық газқұбырына беру үшін компрессорлық станцияға бағытталады. Қышқыл газдармен қанықтырылған МЭА-нің ерітіндісі адсорбердің төменгі жағынан сораппен-15 алынады да жылуалмастырғыш-6 арқылы өтеді, десорберден-8 сораппен-14 берілетін ыстық регенерацияланған МЭА ерітіндісінің қарсы ағысымен алдынала қыздырылады. Жылуалмастырғыштан кейін МЭА ерітіндісі буқыздырғышқа (рибойлерге)-7 келіп түседі, одан шамамен 1250С температурамен атмосфералық қысым кезінде жұмыс істейтін десорбер тарелкасына барып түседі.
|
11.4.Сурет. Газды күкіртсутектен және көмірқышқыл газынан тазалаудың қарапайым технологиялық сұлбасы. 1-айырғыш; 2-абсорбер; 3-тарелкалар; 4-тамшыны ұстауға арналған жалюздер; 5, 9- мұздатқыштар; 6-жылуалмастырғыш; 7-рибойлер; 8-десорбер; 10-салқын судың берілуі; 11-қышқыл газдарға арналған айырғыштар; 12-қазандық; 13, 14-МЭА-ді беруге арналған сораптар; 15- МЭА қанықан ерітіндісіне арналған сорап. |
Артық су және МЭА-де еріген күкіртсутек пен көмірқышқыл газы десорбер тарелкасында буланады және аппараттың үстіңгі жағы арқылы мұздатқышқа-9 келіп түседі, онда МЭА булары конденсацияланады да айырғышқа-11 барып түседі, ал айырылған Н2S және СО2 газдары Н2S-тен қарапайым күкіртті алу үшін арнайы қондырғыларға барып түседі. Конденсацияланған моноэтаноламин айырғыштан-11 сораппен-13 алынады да десорбердің жоғарғы бөлігіне қайтарылады, бұл оның шығынын болдырмайды. Регенерацияланған МЭА ерітіндісі десорбердің төменгі жағынан сораппен-14 алынады да жылуалмастырғыш-6 және мұздатқыш-5 арқылы абсорбер тарелкасына қайтадан беріледі.
Бақылау сұрақтары
Газды дайындауды қандай мақсатта жүргізеді?
Газды дайындаудың қандай әдістері бар, олардың артықшылығы мен кемшіліктері?
Газды одоризациялау не үшін қажет және қалай жүргізіледі?
Төменгі температуралы сепарация қондырғысының жұмыс істеу принципін түсіндір?
Сұйық абсорбенттердің көмегімен газды кептіруді қалай жүргізеді?
Адсорбциялық қондырғының жұмыс істеу принципі?
Күкірсутек пен көмірқышқыл газынан газды тазартуды қалай жүргізеді?
