- •ҰҢғы өнімдерін жинау және дайындау ПәнІнің
- •2012 - Оқу жылы
- •1 Апта.
- •Мұнай кен орнын тұрғызу жобасы негізгі құжат болып табылады, оның негізінде жинау, кәсіпшілік ішінде тасымалдау және ұңғы өнімдерін дайындау кешендерінің құрылысы жүзеге асады.
- •Бақылау сұрақтары
- •2 Апта.
- •Бақылау сұрақтары
- •Шеңберлі құбырдағы сұйықтардың қозғалысы кезінде тұтқырлықты үйкеліс жөніндегі Ньютон заңына сәйкес жанама кернеуiнің теңдеуі мына түрде жазылады:
- •Бақылау сұрақтары
- •3 Апта.
- •Мұнайгазының тығыздығын көбінесе қалыпты жағдайға арнап, газдың компоненттік құрамынан шыға отырып мына формула бойынша анықтайды:
- •4 Апта.
- •Бақылау сұрақтары
- •Мұнай эмульсиясының жіктелуі
- •Бақылау сұрақтары
- •5 Апта.
- •Бақылау сұрақтары
- •Бақылау сұрақтары
- •6 Апта.
- •7 Апта.
- •Теңіз кен орындарында қолданылатын мұнайды саңылаусыз жинау жүйесі
- •Ұңғы өнімдерін өлшеудің жаңа әдістері
- •8 Апта.
- •5.3.Сурет. Б-40 - Спутнигінің жалпы сұлбасы.
- •Мұнайдағы су мөлшерін анықтау
- •1 Модуль бойынша бақылауды жүргізуге арналған сұрақтар:
- •9 Апта.
- •10 Апта.
- •Шеңберлі құбырдағы сұйықтардың қозғалысы кезінде тұтқырлықты үйкеліс жөніндегі Ньютон заңына сәйкес жанама кернеуiнің теңдеуі мына түрде жазылады:
- •Сағалық қыздырғыштың техникалық сипаттамасы:
- •11 Апта.
- •Парафин шөгінділерімен күресу әдістері
- •Кжбқ -1600/100 қондырғысының техникалық сипаттамасы
- •Бақылау сұрақтары
- •12 Апта.
- •13 Апта.
- •(А) технологиялық қондырғысының техникалық сипаттамалары
- •Бақылау сұрақтары
- •14 Апта.
- •Бақылау сұрақтары
- •Газды дайындау қондырғысы
- •Төменгі температуралы айыру
- •Газды абсорбциялау қондырғыларында кептіру
- •Газды күкіртсутектен және көмірқышқыл газынан тазалау
- •Бақылау сұрақтары
- •15 Апта.
- •Блокты шоғырланған сорапты станциялар (бшсс)
- •Химреагенттерді мөлшерлеп беру блоктары (рб)
- •Бақылау сұрақтары
- •2 Модуль бойынша бақылауды жүргізуге арналған сұрақтар:
Парафин шөгінділерімен күресу әдістері
Кәсіпшілік құбырларын пайдалану кезіндегі қиыншылықтар. Құбырлар коррозиясымен, парафиндермен және тұз шөгінділерімен күресу.
Мұнай кен орнының территориясында салынған лақтыру желілері мен мұнай жинау коллекторларының ластануы келесі себептерге байланысты:
ағыс жылдамдығының баяулығынан ұңғыдан жер бетіне шығарылатын қатты бөлшектер құбырларда шөгіп, оның өткізгіш қимасының ауданын азайтуы салдарынан.
парафиннің, тұздардың кристалдарының шөгуі және бұзылуы қиын қатты шөгінділердің түзілуі салдарынан.
құбырлардың ішкі бетінің коррозиясы әсерінен темір қағының түзілуі салдарынан.
Құрамында С17Н36 – С36Н74 ауыр көмірсутектері бар парафинді мұнайларды жинау және тасымалдау кезінде едәуір қиыншылықтар кездеседі. Өйткені құбыр қабырғаларында жиналған парафиндер, оның өту қимасын азайтады да сұйықтың тасымалдануы нашарлайды.
Құбыр қабырғаларында парафинді шөгінділердің түзілуіне келесі жағдайлар әсер етеді:
құбырлардың ішкі бетінің жағдайы (кедір-бұдырлы, тегіс, жылтыратылған); кедір-бұдырлы құбырлардың қабырғылары парафиннің түзілуіне мүмкіндік туғызады, себебі жетілген турбулентті режим кезінде ағыстың қарқынды араласуына мүмкіндік жасайды, осының салдарынан құбырлар қабырғасының маңында газ бен парафин бөлінеді;
мұнайдың парафиндерді еріту қабілеті – мұнай ауыр болған сайын, ол соғырлым парафиндерді нашар ерітеді, сондықтан парафиннің құбыр қабырғаларында шөгіп, жиналуы қарқынды жүреді;
мұнайдағы парафиннің концентрациясы;
мұнай ағысындағы қысымның төмендеу қарқыны – қысым айырмашылығы ұлғайған кезде мұнайдың газсыздандырылуы қарқындырақ жүреді, осының әсерінен парафинді ерітетін жеңіл компоненттердің бөлінуі қарқынды жүреді;
мұнай-газ ағысының жылдамдығы – ұңғы шығымы төмен болған жағдайда ағыс жылдамдығы азаяды және сәйкесінше парафин шөгінділері тез түзіледі.
Парафиннің шөгіп, жиналуына қарсы күресудің мынадай негізгі әдістері бар:
1) мұнай мен газды жинаудың жоғары арынды (0,981-1,47 МПа) саңылаусыз жүйесін қолдану;
2) жылжымалы бу қондырғыларын қолдану (ЖБҚ–ППУ);
3) мұнай эмульсиясының түзілуін болдырмау үшін және парафин кристалдарының өсуін тежеу (баяулату) мақсатында ұңғы түбіндегі немесе сағасындағы мұнай ағынына парафин шөгінділеріне қарсы ингибиторларды қосу немесе беттік әрекетті заттарды пайдалану;
4) құбырлардың кедір-бұдырлығын азайту үшін олардың ішкі жақ бетін әр түрлі лактармен, эпоксидты шайырлармен және шыныпластикпен қаптау;
5) мұнайдың жоғары температурасын сақтауға мүмкіндік беретін жылу изоляциясын пайдалану;
6) ұңғы сағасындағы лақтыру (шығару) желісіне (парафиннің жиналуына байланысты) мезгіл-мезгіл енгізілетін және топтық қондырғыларда алынатын резина шарларды (торпедаларды) пайдалану.
Қазіргі кезде Қазақстан республикасының кен орындарында алғашқы үш әдіс кең қолданылуда.
Жылжымалы бу қондырғыларын пайдалану, оның қымбаттылығына қарамастан тиімді әдіс болып табылады. ППУА-1200/100 және ППУА-1600/100 қондырғылары қолданылады. Қондырғының жабдықтары КрАЗ-250, КрАЗ-257, КрАЗ-260 автомобильдерінің шассиіне орнатылған монтажды рамаға бекітілген. Қондырғы бу генераторынан, суға арналған цистернадан, жабдықтау және отындық сораптардан, жоғарғы қысым желдеткішінен, жетектен, кузовтан, цистерна жабынынан, отынға арналған сыйымдылықтан бақылау-өлшеу аспаптарынан және құбырлар жүйесінен тұрады (10.1.Сурет).
Бу генераторы - жағу құрылғысында дизель отынын жағу кезінде бөлінетін жылудың есебінен суды буға айналдыруға арналған тік, тура ағысты, иірілімді (жыланшық тәрізді) қазан болып табылады.
Жұмыс процесін басқару және қондырғының жұмысын бақылау автокөліктің кабинасынан іске асырылады.
|
10.1.Сурет. КЖБҚ (ППУА) - 1600/100 кәсіпшіліктік жылжымалы бу қондырғысы 1-суға арналған цистерна; 2-цистерна жабыны; 3-отынға арналған сыйымдылық; 4-кузов; 5-бу генераторы; 6-жабдықтау сорабы; 7-жоғарғы қысым желдеткіші; 8-отындық сорап; 9-бақылау өлшеу (КИПиА) аспаптары; 10-қондырғының жетегі; 11-құбырлар; 12-монтаждық рама |
