- •ҰҢғы өнімдерін жинау және дайындау ПәнІнің
- •2012 - Оқу жылы
- •1 Апта.
- •Мұнай кен орнын тұрғызу жобасы негізгі құжат болып табылады, оның негізінде жинау, кәсіпшілік ішінде тасымалдау және ұңғы өнімдерін дайындау кешендерінің құрылысы жүзеге асады.
- •Бақылау сұрақтары
- •2 Апта.
- •Бақылау сұрақтары
- •Шеңберлі құбырдағы сұйықтардың қозғалысы кезінде тұтқырлықты үйкеліс жөніндегі Ньютон заңына сәйкес жанама кернеуiнің теңдеуі мына түрде жазылады:
- •Бақылау сұрақтары
- •3 Апта.
- •Мұнайгазының тығыздығын көбінесе қалыпты жағдайға арнап, газдың компоненттік құрамынан шыға отырып мына формула бойынша анықтайды:
- •4 Апта.
- •Бақылау сұрақтары
- •Мұнай эмульсиясының жіктелуі
- •Бақылау сұрақтары
- •5 Апта.
- •Бақылау сұрақтары
- •Бақылау сұрақтары
- •6 Апта.
- •7 Апта.
- •Теңіз кен орындарында қолданылатын мұнайды саңылаусыз жинау жүйесі
- •Ұңғы өнімдерін өлшеудің жаңа әдістері
- •8 Апта.
- •5.3.Сурет. Б-40 - Спутнигінің жалпы сұлбасы.
- •Мұнайдағы су мөлшерін анықтау
- •1 Модуль бойынша бақылауды жүргізуге арналған сұрақтар:
- •9 Апта.
- •10 Апта.
- •Шеңберлі құбырдағы сұйықтардың қозғалысы кезінде тұтқырлықты үйкеліс жөніндегі Ньютон заңына сәйкес жанама кернеуiнің теңдеуі мына түрде жазылады:
- •Сағалық қыздырғыштың техникалық сипаттамасы:
- •11 Апта.
- •Парафин шөгінділерімен күресу әдістері
- •Кжбқ -1600/100 қондырғысының техникалық сипаттамасы
- •Бақылау сұрақтары
- •12 Апта.
- •13 Апта.
- •(А) технологиялық қондырғысының техникалық сипаттамалары
- •Бақылау сұрақтары
- •14 Апта.
- •Бақылау сұрақтары
- •Газды дайындау қондырғысы
- •Төменгі температуралы айыру
- •Газды абсорбциялау қондырғыларында кептіру
- •Газды күкіртсутектен және көмірқышқыл газынан тазалау
- •Бақылау сұрақтары
- •15 Апта.
- •Блокты шоғырланған сорапты станциялар (бшсс)
- •Химреагенттерді мөлшерлеп беру блоктары (рб)
- •Бақылау сұрақтары
- •2 Модуль бойынша бақылауды жүргізуге арналған сұрақтар:
Химреагенттерді мөлшерлеп беру блоктары (рб)
Химиялық реагенттерді (яғни, деэмульгаторларды, тоттануға, тұздың шөгуіне, парафиннің шөгуіне қарсы ингибиторларды) дайындау және мөлшерлеп беру үшін келесі түрдегі блоктарды - РБ-2,5; РБ -10 және РБ -25 қолданады, олар ұңғыдан мұнайды комплексті дайындау қондырғысына дейін мұнайды дайындау мен тасымалдаудың кәсіпшілік жүйесі құбырларының кез-келген нүктесінде сұйық деэмульгаторлар мен ингибиторларды дайындау және мөлшерлеп беруді жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Айдау қысымы 4-10 МПа кезінде мөлшерлеп беру өлшемі 10-50 г/т, мөлшерлеп беру сорабының бергіштігі 2,5; 10,; 25 л/сағ.
РБ-2,5 және РБ-10 қондырғыларының барлық жабдықтары жылумен изоляцияланған будкада орналасқан, олар екі бөлікке бөлінеді (технологиялық және аспаптық). Технологиялық бөлікте құбыршалы электроқыздырғышы бар технологиялық сыйымдылық (ыдыс) және оны толтыруға арналған тісті (шестернялы) сорап, мөлшерлеп беру сорабы орналасқан; ал аспаптық бөлікте - бақылау және басқару құралдары, будканың ішін жылытатын электроқыздырғыш орналасқан.
12.2-кесте. Қондырғының негізгі техникалық сипаттамасы
Көрсеткіштері |
РБ-2,5 |
РБ-10 |
РБ-25 |
Доза өлшемі, г/т |
10-50 |
10-50 |
10-50 |
Мөлшерлеп беру сорабының бергіштігі, л/сағат |
2,5 |
10 |
25 |
Ұсынылатын айдау қысымы, МПа |
10 |
10 |
4 |
Ингибитор берілетін ортаның тұтқырлығы, мПас |
1000 дейін |
850 дейін |
850 дейін |
Химиялық реагенттердің қоры, тәулік |
15 |
30 |
10 |
Автоматика жүйесі сораптардың бағдарламалы жұмыс істеу режимін, мөлшерлеп берілетін реагенттің температурасын реттеуді, желдеткішті қашықтан басқаруды және сыйымдылықтағы реагенттің мөлшері төмендеген кезде, сондай-ақ реагентті айдау желісінің (линиясының) бітеліп қалуы және жарылуы кезінде, агент температурасының мүмкін температурадан жоғарылап кеткен кезіндегі қондырғыны апатты жағдайда ажыратылуын қамтамасыз етеді.
РБ -25 қондырғысында технологиялық сыйымдылық дербес блокқа шығарылған, ал технологиялық блокта қосымша резервтік мөлшерлеп беру сорабы, суға арналған сорап және араластырғыш орнатылған, олардың көмегі арқылы реагенттердің сулы ерітіндісін дайындауға және мөлшерлеп беруге болады.
Бақылау сұрақтары
Сығымды сорапты станцияларды қандай мақсатта қолданады? Олар қалай жұмыс істейді?
Компрессорлы станциялардың атқаратын міндеті және оларға қандай құрылымдар кіреді?
БШСС міндеті және жұмыс принципі
Реагенттер блогын не үшін қолданады және РБ-ның қондырғысына не кіреді?
№30 Дәріс. 2 Модул сұрақтары бойынша коллоквиум өткізу.
2 Модуль бойынша бақылауды жүргізуге арналған сұрақтар:
Кәсіпшілік құбырларын қалай жіктейді ?
Жұмыс қысымы бойынша құбырларды қалай жіктейді?
Жұмыстың гидравликалық схемасы бойынша құбырларды жіктеу?
Қабат қысымын ұстау жүйесіндегі құбырларды қалай атайды?
Құбырларды таңдау қандай факторларға тәуелді болады?
Құбырларды төсеу кезінде жұмыс тәртібі қалай жүргізіледі?
Құбырлар бойымен газдысұйық қоспасы қозғалған кезде олардың есебі несімен ерекшеленеді?
Қоспадағы газдың құрамы құбырлардың гидравликалық есебіне қалай әсер етеді?
Тұтқырлығы жоғары парафинді мұнайлар қандай сұйықтарға жатады?
Мұнайдың қандай қасиетін тиксотропия деп айтады ?
Мұнай қыздырғыштары не үшін қолданылады ?
Парафин шөгінділерімен күресу әдістерін атаңыз
Құбырларда тұздардың жиналу себебі және олармен күресу әдістері.
Құбырларда бүлкілдеуді қалай пайда болады, және оның құбырлардың жұмысына әсері қандай?
Бүлкілдеудің алдын алу тәсілдері қандай?
Құбырлардың тоттану түрлері.
Құбырларды тоттанудан пассивті және активті қорғау деп нені түсінеміз ?
Құбырларды тоттанудан катодтық және протекторлық қорғаудың ерекшеліктері мен маңызы.
Тығындаушы (запорлы) және реттеуші құбырлы арматуралардың түрлері.
Бақылау-өлшеу аспаптарының түрлері мен қызметі.
Мұнай-газ айырғыштарының міндеті.
Айырғыштардың жіктелуі.
Кез-келген түрдегі айырғыштарда қанша бөлім (секция) бар және олардың міндеті қандай
Мұнай-газ айырғыштарының жұмысына қандай факторлар әсер етеді
Айырғыштарда қандай құрылғы газ ағысымен бірге сұйық тамшыларының шығуына жол бермейді
Мұнайды деэмульгациялаудың қандай тәсілдері бар?
Деэмулсацияның үш негізгі сатысын атаңыз.
Деэмульгаторлардың негізгі түрлерін атаңыз.
Тұндырғыштың міндеті және жұмысы.
Мұнайды жылу-химиялық деэмульсациялаудың артықшылығы қандай?
Блокты термохимиялық қондырғылар.
Электр өрісінде орналасқан эмульсияны бұзу механизмі.
Электродегидраторды қандай эмульсия түріне қолданады?
Тауарлы парк резервуарларының саладағы қызметi мен көлемi.
Резервуарлардың түрлерi.
Тауарлы резервуарларда қандай негiзгi жабдықтар орнатылады және олардың қызметi?
Резервуарлардың кiшi және үлкен “тыныс алуы” дегенiмiз не?
Резервуарларды тазалау мен оларды тоттанудан сақтауды қалай жүргiзедi?
Ұңғы өнімін жинау және дайындау кезінде кездесетін қоршаған ортаны ластау көздері?
Кен орынды тұрғызу жобасында атмосфераны қорғаудың қандай шаралары қарастырылуы тиіс?
Беттік және грунттық суларды ластанудан қалай қорғауға болады?
Топырақ пен жер асты пайдалы қазбаларды қорғау шараларын атаңыз.
Теңіздегі кен орындарды пайдалану кезінде теңізді ластанудан қорғау үшін мұнай мен газды жинаудың қандай ерекшеліктері бар?
Теңіз беті мұнаймен ластанған кездегі тазартудың әдістерін атап, сипаттаңыз.
