Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дәрістер конспектісі.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
11 Мб
Скачать
☆

Мұнайдағы су мөлшерін анықтау

Мұнайдағы су мөлшерін анықтауда, мұнай мен судың диэлектрлік қасиеттерінен су-мұнай қоспасының диэлектрлік өткізгіштігінің тәуелділігіне негізделген мұнайдың сулануын өлшеудің жанама әдісі көбірек тараған. Бізге белгілі болғандай, сусыз мұнай диэлектрлі болып табылады, және оның диэлектрлік өткізгіштігі ε=2,1÷2,5 , ал бұл көрсеткіш (яғни, диэлектрлік өткізгіштік- ε) минералданған қабат суларында 80-ге дейін жетеді.

5.4. Сурет. Мұнайдағы су мөлшерін анықтауға арналған Дина-Старк аппараты

1- шыны колба;

2- біріктіретін түтікше; 3- тоңазытқыш;

4-градуирлі ұстағыш).

Қазіргі кезде қолданылатын ылғал өлшегіштер – талданатын сумұнайлы ортаға батырылған, екі электродтан құралған конденсатор сыйымдылығын өлшеу негізінде жұмыс жасайды. Мұндай конденсатордың сыйымдылығы келесі формуламен анықталады:

(5.9)

мұнда, F-конденсатор қоршауының ауданы; ε- ортаның диэлектрлік өткізгіштігі; l- қоршаулар арасындағы арақашықтық.

Осылайша, егер қоршама орамалар ауданы мен олардың арақашықтығы тұрақты болса, онда конденсатор сыйымдылығы тек мұнайдағы су мөлшерінен тәуелді болады.

Мұнайдағы су мөлшерін дәл анықтау үшін датчиктерді газ көпіршіктерінің түсуінен сақтау керек.

Мұнайдағы немесе мұнай эмульсияларындағы су мөлшерін анықтау үшін кен орындарында Дина-Старка аппараты кеңінен қолданылады, оның үлгісі 5.4. суретте көрсетілген.

Суланған мұнайдан 100г мөлшерінде алынған сынаманы 100см3 ертіндімен араластырып, аспаптың шыны колбасына құйып қыздырады. Ертінді, булана отырып, өзімен бірге мұнайдағы суды ала кетеді. Мұнайдың, ертіндінің және судың булары тоңазытқышта конденсацияланады (яғни, сұйық түрге ауысады). Айдалған су градуирленген тұтқыш (ловушка) түбінде тұнады. Тұтқыштағы судың мөлшері бойынша, оның мұнайдағы массалық құрамын келесі формуланың көмегімен анықтайды:

, (5.10)

мұнда, V- тұтқыштағы су көлемі; ρсу- судың тығыздығы, г/см3 (әдетте, бірлікке тең қабылданады); G- мұнай сынамасының салмағы, г.

Бақылау сұрақтары:

  1. Ұңғы өнімін өлшеу қандай мақсатпен жүргізіледі ?

  2. Әртүрлі “Спутниктермен” ұңғы өнімдерін өлшеудің жұмыс принципін түсіндір.

  3. Қандай “Спутниктерде” сұйықты өлшеу көлемдік әдіспен және массалық әдіспен жүргізіледі ?

  4. Сұйықтардың көлемдік шығын өлшегіштерінің көрсеткіш дәлдігі қандай параметрлерге байланысты болады ?

  5. Мұнайдағы судың құрамын қалай анықтайды ?

№16 Дәріс. 1 Модул сұрақтары бойынша коллоквиум өткізу.

1 Модуль бойынша бақылауды жүргізуге арналған сұрақтар:

1. Қазақстанды мұнай өндіруші ел ретінде сипатта.

2. Қазақстандағы ірі мұнай мен газ кен орындарын атап беріңіз.

3. Сіз, қандай теңіздегі мұнай-газ кен орындарын білесіз?

4. Игеру жобасында қандай сұрақтар қарастырылады ?

5. Ұңғы өнімін қалай түсінесіз ?

6. Ұңғы өнімін жинау жүйесінің элементтерін атап беріңіз.

7. Жинау, кәсіпшілік ішінде тасымалдау және ұңғы өнімдерін дайындау кешендерінің құрылысы қандай жобалау құжаты негізінде жүзеге асады?

8. Мұнай кен орнын орналастыру жобасына қандай негізгі талаптар қойылады?

9. Мұнай кен орнының орналастыру жобасын жасау үшін қандай мәліметтер қажет?

10.Мұнай кен орнын игерудің төрт сатысына (этапына) сипаттама беріңіз ?

11.Мұнай кен орнын игерудің әр сатысының ұзақтығы қандай?

12.Мұнай құрамына қандай көмірсутектері кіреді ?

13.Мұнайгазы дегеніміз не?

14.Мұнай құрамын қалай жіктейді?

15.Мұнайдың тығыздығы мен тұтқырлығы неге байланысты?

16.“Газ факторы” түсінігіне анықтама беріңіз?

17.Табиғи газдың жоғарысығымдылық коэффициенті нені сипаттайды? Оны қалай анықтайды?

18.Қабат суларының минералдылығы деп нені айтады?

19. рН шамасы бойынша қабат суларын қалай жіктейді?

20.Мұнай эмульсиясы дегеніміз не ?

21.Мұнай эмульсиясының түзілуіне және беріктігіне қандай факторлар әсер етеді?

22.Мұнай эмульсиясының тұтқырлығы неге байланысты болады?

23.Мұнай эмульсиясының қандай түрін тура және қандайын кері деп атайды ?

24.Эмульсияның инверсия нүктесі деп нені айтамыз ?

25.Ұңғы өнімдерін жинау және дайындау схемасы неге байланысты болады ?

26.Саңылаусыз жетілдірілген технологиялық сұлбаның артықшылығы мен кемшілігін айтыңыз ?

27.Жетілдірілген технологиялық сұлбада қандай операциялар қарастырылған ?

28.Келесі қысқартуларды МДҚ, СДҚ, ГДҚ сипатта.

29.Ауданы бойынша мұнай кен орындары қалай бөлінеді ?

30.Қандай жағдайда бірнеше МДҚ-ның құрылысы жүргізіледі ?

31.Қос параллелді құбырды қандай жағдайда төсеген орынды

32.Қазақстанның мұнай кен орындары несімен ерекшеленеді?

33.Қыздыру пештерін қандай жағдайда қолданады ?

34.Теңіз кен орындарында мұнайды жинау және тасымалдау жүйесінің ерекшеліктерін атап беріңіз?

35.Ұңғы өнімін өлшеу қандай мақсатпен жүргізіледі ?

36.Әртүрлі “Спутниктермен” ұңғы өнімдерін өлшеудің жұмыс принципін түсіндір.

37.Қандай “Спутниктерде” сұйықты өлшеу көлемдік әдіспен және массалық әдіспен жүргізіледі ?

38.Сұйықтардың көлемдік шығын өлшегіштерінің көрсеткіш дәлдігі қандай параметрлерге байланысты болады ?

39.Мұнайдағы судың құрамын қалай анықтайды ?