Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дәрістер конспектісі.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
11 Мб
Скачать
☆

(А) технологиялық қондырғысының техникалық сипаттамалары

Максимал өткiзу қабілетi, т/тәу 1000

Жұмыс қысымы, МПа 2,45

Құрамындағы су, % аспайды, 10

Мұнайдың температурасы,оС +5 тен +100дейiн

Мұнайдың тұтқырлығы, мм2/с 100

Тауарлы мұнайдың мөлшерiн

өлшеудегi салыстырмалы қателiк, салмақ % 0,5

Қазiргi уақытта тауарлы мұнайдың мөлшерi мен сапасын есепке алуға арналған жетiлдiрiлген, өнiмдiлiгi жоғары және дәл автоматтандырылған қондырғылар жасалып шығарылған (Рубин-2М, СУН-мұнайды есепке алу станциясы ж/е т.б.)

Резервуарларды пайдалану кезiнде, оларды резервуарда жинақталып қалған мұнайдың «өлi қалдығынан» немесе парафиндiк шөгiндiлерден, сонымен қатар тотығу өнiмдерiнен, тауарлы мұнай астындағы су мен механикалық қоспалардан аралық тазартуды жүйелі түрде жүргiзiп отырады.

Мұнай резервуарлары арнайы оқытылған және дайындалған қызметшілермен тазартылуы керек. Ең қиын операцияларға өзінен-өзi өртенуге қабiлеттi пирофорлық шөгiндiлердi тазарту болып табылады. Олар күкiрттi мұнайларды сақтау кезiнде пайда болады және негiзiнен күкiрттi темiрден ( Fe2S3 ) тұрады және де күкiртсутегінiң темiрге және оның тотықтарына әсер етуiнен түзiледi. Аралық тазартусыз резервуарларды ұзақ уақыт бойы пайдалану аталмыш шөгiндiлердiң едәуiр көп жиналуына (1,5м дейiн) әкеп соқтырады. Тазалау алдында резервуар мұнайдан толық босатылуы керек, ”өлi” қалдық арнайы тазартқыш құрылғымен – жуу машинасы ММ-4-пен тазартылады, ол насадкалы айналмалы головкадан тұрады. Жуу сұйығы 0,8-1,2 МПа қысыммен берiледi де, жуу головкасын айналдыратын турбинканы қозғалысқа келтiредi.

Тазартқаннан кейiн жөндеу үшiн резервуарды мұнай буынан босатады, ол үшiн барлық люктарды ашып, оны буландырады, содан соң оны желдету мен толық салқындатуға қалдырады, артынан оны ыстық сумен жуады.

Резервуарды iшкi тоттанудан сақтау үшiн оның қабырғалары құм-арынды аппаратпен өңделедi, құрғағанша сүртіледi де тауарлы мұнай астындағы судың биiктiк бойына резервуардың қабырғаларын эпоксидтi шайырлармен және лактармен қаптайды.

Бақылау сұрақтары

  1. Резервуарларда мұнайды сақтау кезiнде көмiрсутектердiң шығынын

болдырмайтын қандай әдiстер бар?

  1. Тауарлы мұнайдың мөлшерi мен сапасын қалыптасқан әдiс пен

автоматтандырылған қондырғылармен қалай анықталады?

  1. Резервуарларды тазалау мен оларды тоттанудан сақтауды қалай

жүргiзедi?

14 Апта.

№ 27 Дәріс. Мұнай кәсіпшілік суларын дайындау. ҚҚҰ үшін қолданылатын судың сипаттамасы. Тұщы суларды дайындау қондырғысы. Су алатын және су тазалайтын стансалар. Блокты сорап стансалары.

Мұнай кәсiпшiлiгi ең iрi су тұтынушылардың бiрі болып табылады. Қазiргi кездегі мұнай кен орындарындағы тәулiктiк су шығыны жүздеген мың текше метрге жетеді. Қабаттың мұнай бергiштiк коэффициентiн едәуiр ұлғайту үшін және мұнай ұңғыларының фонтандау мерзiмiн ұзарту мақсатында кенiшке су айдайтын қабат қысымын ұстаушы цехтар суды ең көп тұтынушылар болып табылады.

Өнiмдi қабаттарға айдалатын су мөлшерi көптеген факторларға тәуелдi болады және арнайы есептеулермен анықталады. Игерудiң алғашқы екi кезеңінде қабат қысымын бастапқы деңгейде ұстап тұру үшiн қабатқа айдалатын су мөлшерi қабат жағдайына келтірілген қабаттан алынған мұнай мен судың жинақталған мөлшерiне тең болуы қажет, яғни тепе-теңдiк сақталуы керек :

(10.1)

мұндағы Gсу және Gқоспа – сәйкесiнше айдалған су мөлшерi мен қабат жағдайына келтiрiліп алынған мұнай мен қабат суы қоспасының мөлшерi, к – судың ағып кетуiн ескеретiн коэффициент [3]

● нұсқа (контур) iшiне су айдау кезiнде к=1,1;

● аудандық су айдау кезiнде к=1,2;

● нұсқа сыртынан су айдау кезiнде к=1,5

Қабат қысымын ұстаудан басқа, кәсiпшiлiкте тұщы судың көп мөлшерін әр түрлi саладағы мекемелерге (шеберханалар, көлік шаруашылығы және т.б), сондай-ақ тұрмыстық қажеттiлiкке жұмсайды. Судың шығынын және оны өндiрiстiк қажеттерге тұтыну режимiн процесс технологиясының мәліметі бойынша есептейдi. Тұрмыстық қажеттіліктерге кететін шығын мөлшерін адам санына, климаттық жағдайларға және ғимараттардың жабдықталу дәрежесi бойынша анықтайды.

Қабат қысымын ұстап тұру үшiн ашық табиғи су көздерінен және сулы қабаттардан (көп жағдайда тұщы немесе әлсіз минерализацияланған) алынатын тұщы су, сол сияқты ағынды сулар (құрамында минералды тұздар, эмульсияланған мұнай мен беттiк әрекетті заттар бар) қолданылуы мүмкiн.

Тұщы табиғи сулардың құрамында елеусiз мөлшерде тұздар (шамамен 1г/л), әр түрлi газдар, механикалық қоспалар, темір гидроксиді Fe(OH)2, темiрдiң гидрототығы Fe(OH)3 және қабатты суландыру процестерiне әсер ететiн микроағзалар болуы мүмкiн.

Ағынды сулар – бұл мұнаймен бiрге өндiрiлетiн (шамамен 85 %) қабат суы мен мұнайды тұзсыздандыруға, эмульгаторларды дайындауға, компрессорларды суытуға және т.б жұмсалатын (шамамен көлемі 10–12% құрайтын) тұщы судың, сондай-ақ атмосфералық (жауын-шашыннан жиналған) сулардың (1,5-3%) қоспасы. Ағынды сулардың құрамында мұнай тамшылары, темір гидроксиді Fe(OH)2, темiрдiң гидрототығы Fe(OH)3, сонымен қатар көп мөлшерде тұздар (300 г/л дейiн) болуы мүмкiн.

Кен орнын игерудiң бастапқы кезеңiнде, яғни ұңғы өнiмi онша суланбаған кезде, қабатқа су айдау үшiн негiзiнен табиғи суларды пайдаланады. Сулану көрсеткіші жоғарылаған сайын табиғи суларды қолдану үлесi азаяды да, ал ағынды суларды қолдану үлесі артады. Сонымен қатар, ағынды суларды кері қолдану қоршаған ортаны ластанудан қорғау талаптарына сай келеді.

Табиғи суларды дайындау әдiстерi мен ағынды суларды дайындау әдістері бір-бірінен едәуір ерекшеленеді және әр түрлi жабдықтар мен химиялық реагенттердi қажет етедi.

Қабатқа су айдау үшiн қолданылатын суға қойылатын талаптар

Өнiмдi қабаттарға (горизонттарға) айдалатын суларға келесідей негiзгi талаптар қойылады:

      • айдалатын судың химиялық үйлесiмдiлiгi және құрамының тұрақтылығы;

      • микроағзалардың болмауы;

      • коррозиялық (тоттану) пассивтiлiгi;

      • мұнай ығыстырушылық қабiлетi жоғары;

      • құрамындағы механикалық қоспалардың мөлшері

минимал болуы (ең аз болуы);

      • суды тазалау мен дайындауға кететiн шығындар минимал болуы (ең аз болуы).

Осы талаптарды тереңiнен қарастырайық.

Айдалатын судың химиялық үйлесiмдiлiгi мен құрамының тұрақтылығы. Көп жағдайда судың құрамында қатты бөлшектердің болуы оның тұрақтылығына әсер етеді. Әдетте, бұл аса қаныққан ерiтiндiлерден қатты тұздардың түсуiнің әсерінен болатын әр түрлi химиялық реакциялардың әсерi болып табылады. Мысалға, құрамында хлоркальцийлi немесе хлормагнийлi тұздары бар сульфаттық суларды қабатқа айдау барысында ерiмейтiн тұнбалар түзiледі:

SO4+Ca+H2O=(CaSO4 ·H2O)↓ (10.2)

Күкiртсутектi мұнайлармен қаныққан қабаттарға су айдау үшiн құрамында темiр мен оттегі бар суларды қолданған жағдайда, қуысты ортада темiрдiң гидроксиді Fe (OH)2 және темiрдiң тотығының Fe(OH)3, темiр сульфидiнiң FeS және элементар күкiрттiң қатты тұнбаларының түзiлуiмен сипатталатын тотығу жүруi мүмкін.

Кенiшке айдалатын тұщы су, кейде жыныс құрамына кiретiн сазды материалдардың iсiнуiне байланысты қабаттардың коллекторлық қасиеттерiнiң нашарлап кетуiнiң басты себепкері болып табылады. Минерализацияланған сулар сазды жыныстардың iсiнуiн туғызбайды.

Айдалатын судың құрамында микроағзалардың болуы өндірілетін мұнай мен мұнай газының сапасын төмендететін бактериялардың өнімді қабаттарға өтуіне жағдай жасауы мүмкін. Әсіресе, өнімді қабаттарға сульфатредуцирлеуші (сульфаттарды қалпына келтіргіш) бактериялардың түсуін және дамуын болдырмаған жөн, себебі мұнай қабаттарында қалыпты жағдайда айдалатын судың құрамында сульфат мөлшері көп болғанда бұл бактериялар кальций карбонатының шөгуіне және күкіртсутектің бөлінуіне (100 мг/л) әсер етеді:

(10.3)

Кальций карбонаты өнімді қабаттың коллекторлық қасиеттерін төмендетеді, ал күкіртсутек H2S қабат суларының коррозиялық әрекеттілігін арттырып, мұнаймен бірге жер бетіне көтерілген кезде шегендеуші және фонтанды құбырлардың, сондай-ақ жер бетіндегі мұнай, су және газды жинау жүйесінің тоттануына әкеліп, істен шығарады, өндірілетін мұнай мен газдың сапасын төмендетеді. Микроағзалармен күресу үшін айдалатын суды хлорлайды немесе формалинмен өңдейді.

Коррозиялық пассивтілік. Құрамында минералды тұздары көп қабаттық ағынды сулардың коррозиялық әрекеттілігі өте жоғары. Құбырлар коррозиясының өнімі ұңғының түп маңы аймағына түсіп, айдау ұңғысының өткізгіштігін төмендетеді. Коррозиялық әрекеттілікті төмендету үшін коррозия ингибиторларын (И-1-А, И-1-Е, ИКБ-4, Север, Волга, ИКСГ-1, т.б.) қолданады және құбырлардың ішкі бетін әртүрлі лактармен және эпоксоидты шайырлармен жабады).

Жоғары мұнай ығыстырушылық қабілеті. Мұнайды ығыстырушылық қабілетін көтеру үшін өнімді қабаттарға айдалатын суларға мұнаймен шекарадағы беттік керілуді азайтатын БӘЗ-тарды қосады, нәтижесінде өнімді қабаттар жыныстарының шайылуы жақсарады, яғни бұл сулар кеуекті каналдардың бетінде ұсталып тұратын мұнайды барынша толық ығыстырады. Соңғы кездерде мұнай бергіштік коэффициентін көтеру үшін сілтілі ертінділерді (NaOH-тың 5%-тік ерітіндісін) қолданады, себебі олардың жыныстарды шаю (гидрофилизация) қабілеті жоғары.

Механикалық қоспалардың минималды мөлшері. Айдау ұңғыларының қабылдағыштығын белгілі бір деңгейде ұстап тұру үшін өнімді қабатқа айдалатын тұщы сулардағы механикалық қоспалардың мөлшері және ағынды (қабаттық) сулардағы мұнайдың мөлшері әрбір кен орны үшін өнімді қабаттардың геолого-физикалық сипаттамаларын (негізінен өткізгіштік және жарықшақтық) ескере отырып сәйкестендірілуі қажет.

Суды тазалау мен дайындауға кететін минимал шығындар. Қабат қысымын ұстап тұру жүйесін салуға кететін күрделі қаржылар кәсіпшілікте салынатын құрылыстың жалпы көлемінің біраз бөлігін алады. Осы қаржылардың үштен бір бөлігі суды дайындау қондырғыларын (СДҚ-УПВ) тұрғызуға кетеді, өйткені олардың алып жатқан ауданы үлкен және металл сыйымдылығы жоғары болады.

Қабатқа айдалатын судың жарамдылығы, әдетте зертханалық жағдайда судың табиғи керннен сүзілуі бойынша анықталады. Егер табиғи керннің өткізгіштігі тұрақты болып қалса, су айдауға жарамды деп саналады. Бірақ бұл тәсіл әрқашан оң нәтиже бермейді, себебі бір ғана керн барлық өнімді қабатты модельдей (сипаттай) алмайды; сондықтан судың сапасы жөнінде нақты мағлұматтар алу үшін қабатқа сынамалы су мөлшерін айдап, өнімді қабаттың жеке-жеке қабатшаларының жұту қабілетін шығын өлшегішпен өлшейді. Суды тазарту мәселесін әр кен орнының қасиетіне байланысты жеке қарастыру керек және өнімді қабаттарының өткізгіштігі жоғары кен орындарында күрделі, әрі қымбат қондырғыларды салудың қажеті жоқ.

Қабатқа су айдау мақсатында қолданылатын суды тазарту мен дайындаудың негізгі критериі - айдау ұңғыларының қабылдағыштығы суды айдау процесі кезінде тұрақты сақталуы болып табылады.

Мұнай кен орындарын игеру барысында қабат қысымын ұстау жүйесінде қолданылатын судың негізігі көздеріне - өзен, көл, су қоймаларындағы тұщы сулар, артезиан ұңғыларының сулары, мұнай кен орындарының сулы қабаттары, теңіздер мен мұхиттардың сулары және мұнаймен бірге өндірілетін минерализацияланған сулар (ағынды сулар-ақаба су) жатады.

Әр түрлі кен орындары бойынша қабаттарға су айдаудың мол тәжірибесінде тұщы суларға қарағанда ағынды суларды айдау тиімдірек болып саналады [1].

Негізінен қабат суларынан тұратын ағынды сулардың құрамында деэмульгаторлар болады, ол сумен бірге қабатқа енген кезде мұнайдың жыныстардан қарқынды шайылып, шығуына әсер етеді. Сонымен қатар, өзінің химиялық құрамы бойынша да ағынды сулар қабат суларынан ерекшеленбейді, сондықтан олар химиялық тұнбалар түзбейді. Ағынды суларды пайдалану тұщы сулардың шығынын азайтуға және су қоймалары мен жерасты суларын ластанудан сақтауға, балықтардың бағалы түрлерін сақтап қалуға, сазды бөлшектері бар өнімді қабаттардың өткізгіштік қасиеттерін сақтап қалуға (олар тұщы сумен жанасқан кезде ісінеді) мүмкіндік береді. Бірақ, ағынды суларды утилизациялау қымбат тазарту қондырғыларын салумен және су айдауға арналған құбырлардың, сорапты жабдықтардың тез тоттануымен (коррозия) байланысты болады.

Мұнай кәсіпшілігіндегі ағынды суды тазарту мен дайындаудың технологиясы

Мұнай кәсіпшілігіндегі ағынды су ұңғы өнімінің бір бөлігі болып табылады, сондықтан олардың физика-химиялық қасиеттерін табиғат қалыптастырған, бірақ бұл қасиеттері кен орынды пайдалану процесінде, әсіресе суландыру тәсілдерін ұзақ қолдану барысында біршама өзгереді. Олардың көлемі көбейеді және мұнайды тұзсыздандыру барысында қолданылатын тұщы су мен өндірістік канализация жүйесінде жиналған жауын-шашын суларының белгілі бір мөлшерінің араласуы әсерінен минерализациясы төмендейді. Ағын суларының физика-химиялық қасиеттері мұнайды жинау және дайындау жүйесінде жүретін процестерге және осы процестер барысында қолданылатын химиялық реагенттердің сипаттамаларына байланысты.

Ағын суларды дайындау және пайдалану барысында мынадай факторларды ескеру керек:

  • мұнай қабаты коллекторларының геолого-физикалық қасиеттері;

  • айдалатын судың қабат флюидтерімен және жыныстарымен химиялық және биологиялық сәйкестігі;

  • химиялық тұрақтылығы және коррозиялық активтігі.

Қабаттарға су айдау үшін мұнай кәсіпшілігіндегі ағынды суларды дайындау және пайдаланудың көп жылдық тәжірибесі көрсеткендей, оларды тазарту және дайындау технологиясы мен құралдары мына заттарды бөлу мүмкіндігіне қарай таңдалуы керек:

  • мұнай мен механикалық қоспаларды шекті мүмкін мөлшерге дейін;

  • судағы бос газды, сораптардың тиімді режимде жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін және газдың топтық сорапты қондырғыларда жиналуын болдырмау үшін;

  • агрессивті газдарды, сулардың коррозиялық әрекеттілігін төмендету үшін.

Қажет болған жағдайда жабдықтарды коррозиядан қорғау үшін және бактериялардың әсерін тоқтату үшін кәсіпшіліктік ағынды суларды арнайы ингибиторлармен және бактерицидтармен өңдейді.

Қойылатын талаптардың көптігіне қарамастан мұнай кәсіпшілігіндегі ағынды суларды тазарту және дайындау технологиясы процестер мен жабдықтардың қажетті мөлшерін шамасынша азайтуды қарастыру керек.

Ағынды суларды тазарту және дайындау процестерімен қатар, бөлінген мұнайды технологиялық аппараттардан уақытында шығару және тауарлық өнімге қосу, сонымен қатар, механикалық қоспаларды технологиялық аппараттардан шығару, оларды залалсыздандыру, жою және утилизациялау шаралары қарастырылуы керек.

Мұнай кәсіпшілігінің ағынды суларын тазартудың негізгі әдістері – механикалық, кей жағдайда физика-химиялық.

Ең көп таралған әдіс – тұндыру, бұл әдіс ең қарапайым және арзан болып табылады. Тұндыру, атмосфералық қысыммен де, жоғары қысыммен де жүргізілуі мүмкін. Тұндыру тәсілінің кемшіліктері де бар: тазарту сапасының ластану сипаттамасына, дисперстікке және т.б. тікелей тәуелді болуы; сапалы тұндыру үшін көп жағдайда ұзақ уақыт қажет. Сондықтан соңғы кездерде өнімділікті арттырып және тереңірек тазарту үшін коалесцирлеуші сүзгісі бар тұндырғыштар, флотациялық қондырғылар, гидроциклондар және т.б. осы сияқты құралдар шығарылуда.

Сонымен қатар, тазартудың технологиялық құралдары таңдалып және кешендегі мұнай кәсіпшіліктік ағынды сулардың көлемі анықталады. Ағынды суларды тазарту және дайындауға арналған технологиялық кешендердің жіктемесі негізгі үш көрсеткішке байланысты болады:

  • қондырғының тәуліктік қуатына;

  • коллекторлардың өткізгіштігіне сәйкесті тазартылған судың сапасына;

  • тазартылатын суда күкіртсутектің болуы және осыған байланысты күкіртсутектің атмосфераға бөлінуін болдырмау шараларына.

Тұщы суларды дайындау қондырғылары

Қабат қысымын ұстап тұру үшін өзен, көл, су қоймаларының сулары, сонымен қатар, артезианды және өзен арнасы астынан бұрғыланаған ұңғылардан алынған тұщы жерасты сулары пайдаланылады. Жерасты суларының артықшылықтары: олардың құрамы жыл мезгілдеріне қарай өзгермейді, олардың құрамындағы қатты бөлшектердің мөлшері аз және оларды суландыру үшін тазартпай-ақ пайдалануға болады. Өзендер мен көлдердің суы сапасы жағынан жерасты суларынан нашарлау болады (әсіресе көктемгі қардың еруі кезінде) және оларды су тазалау станцияларында тазартуға тура келеді.

10.9-суретте өзен жағасына қазылған арнайы су алу ұңғылары арқылы алынатын жабық су көзі (а) мен ашық су көздерінің (б) сызбасы көрсетілген.

Өзен жағасынан су алу үшін терең емес ұңғылар (20-30м) бұрғылап, оларды диаметрі 300 мм құбырлармен 1 шегендейді және оның ішіне диаметрі 200 мм су көтеру құбырларын түсіреді. Су алу ұңғылары өзінен-өзі ағу әсерінен де (өзендегі су деңгейі, резервуардағы 8 су деңгейінен жоғары болса), вакуумқазанда 4 тұрақты вакуум (600 мм сынап бағанасы бойынша қысымда) ұстап тұру есебінен немесе батырылмалы ортадан тепкішепкіш сораптардың көмегімен жұмыс істейді.

10.9. Сурет. Су алу түрлерінің сұлбасы.

а-жабық су алу: 1-шеген құбыры; 2-көтергіш тізбек (құбыр); 3-гравийлы сүзгі; 4-вакуум қазандық; 5-вакуум компрессор; 6, 9-сораптар; 7-шахта; 8-таза суға арналған резервуар;

б- ашық су алу: 1-сораптың қабылдауы; 2-қабылдау құбыры; 3- бақылауға арналған алаңқайлар; 4-қазық-тірек.

Өзендегі ласталған су құм қабаты арқылы сүзіліп, ұсақ бөлшектерден тазарады да, ұңғыға бағытталады. Бірақ, егер фильтр болмаса суды тазарту станциясына бағыттайды. Таза су резервуардан 8 сораптың 9 көмегімен алынып, кен орнында салынған магистралды су желісіне айдалады. Магистралды су желісінен келген су жеке-жеке БШСС-ларына бағытталып, ондағы сораптар арқылы айдау ұңғыларына айдалады.

Ашық су көздеріндегі (10.9,б-сурет) су қоймасынан алынған лас сулар сораптың 1 көмегімен құбыр 2 бойымен жүре отырып қысымды бірінші ретті көтеретін сорапты станцияға (10.10-суреттегі 1бейне ) айдалады. Сорапқа ұсақ балықтардың (шабақтардың) және т.б. түсуін болдырмау үшін сораптың қабылдау аузына тор қояды. Ашық су қоймаларындағы судың құрамында, әдетте саздың, құмның ұсақ бөлшектері, балдырлар мен планктонды ағзалардың мөлшері көп болады және олар тығыздықтарының айырмашылығына байланысты шөге алмайды. Сондықтан су тазарту станцияларында (10.10-сурет) суға бөлшектердің іріленуіне және қауыздардың (хлопья) түзілуіне әсер ететін коагулянттар қосады.

Біріншілік көтеру станциясының сорабы 1 лас суды конус тәріздес араластырғышқа 3 айдайды. Осы араластырғыштың төменгі жағына мөлшерлік сораптың (дозатордың) көмегімен коагулянт (алюминий гидросульфаты Al2(SO4)3·18 H2O немесе темір купоросы Fe SO4) үздіксіз беріліп тұрады. Араластырғышта 3 ағынның турбулизациясы есебінен коагулянттар мен лас сулар қатты араласады.

10.10. Сурет. Су тазарту станциясының үлгі сұлбасы

1-қысымды бірінші ретті көтеретін сорапты станция; 2-коагулянт дозаторы (коагулянтты мөлшерлеп беру құрылғысы); 3-араластырғыш; 4- тұндырғыш; 5-құмды сүзгі; 6-таза су резервуары; 7- қысымды екінші ретті көтеретін сорапты станция; 8-сүзгіні жууға арналған сорап; 9- лас суды тастауға арналған стояк; 10-тазартылған суды резервуарға жеткізетін құбыр.

Араластырғыштың (биіктігі 10 м-ге жетеді) жоғарғы жағынан құрамында коагулянты бар лас сулар тұндырғыштың 4 төменгі жағына келіп түседі, мұнда реакция нәтижесінде алюминий гидрототығы Al(OH)3 немесе темір гидрототығы Fe(OH)3 түзіледі және олар қауыздар түрінде өздерімен бірге механикалық қоспаларды ілестіріп шөгеді. Тұндырғыштан соң толығымен тазартылмаған су кезек-кезек жұмыс жасайтын құм сүзгілеріне 5 бағытталады, бұл жерде суды толығымен тазартады. Тазартылған су өзінің ағысымен резервуарға 6 бағытталады, одан қысымды екінші ретті көтеретін сорапты станцияның ортадан тепкіш сораптарының көмегімен 7 магистралды су желісіне, одан әрі БШСС-на айдалады.

Теңіз суын қабатқа айдамас бұрын оны балдырлар мен бактериялардан тазартады және тоттанудан сақтайтын (коррозияға қарсы) препараттар қосады.