Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дәрістер конспектісі.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
11 Мб
Скачать
☆

Блокты шоғырланған сорапты станциялар (бшсс)

Қабат қысымын ұстап тұру кезінде қабатқа су айдау үшін блокты шоғырланған сорапты станцияларды (БШСС) қолданады БашНИПИнефть институты жасаған үлгі жобалар бойынша, олардың жабдықтары арнайы блок-бокстарда орнатылып, дайындаушы зауыттарда жасалады.

БШСС-ны әрбір нақты жағдай үшін мынаны ескере отырып таңдайды:

  • қажетті айдау қысымы мен бергіштікті;

  • энергиямен қамтамасыз ету схемасын;

  • климаттық жағдайларды.

Орнатылған сораптардың түріне байланысты БШСС-ны 9,3МПа, 14МПа, 18,6МПа қысымға есептеп шығарады. Бұл кезде БШСС-ның жалпы бергіштігі орнатылған сораптардың түрімен де, санымен де (2-ден 4 дейін) анықталады және су бергіштігі 3600-ден 20000 м3/тәу аралығында өзгереді.

Негізгі жабдық ретінде жетегі СТД сериялы синхронды электроқозғалтқыштан тұратын көп сатылы секциялы ортадан тепкіш сораптардың ЦНС 180 немесе ЦНС 500 түрі қолданылады.

БШСС-ның технологиялық схемасы жер бетіндегі немесе жер асты көздерінен алынған суларды және тазалаған ағынды суларды бір уақытта немесе бөлек айдауға есептелген. Тұщы сулар сальниктердің подпоры үшін және майсалқындатқыштағы майды салқындату үшін қолданылады.

12.5.Сурет. Блокты шоғырланған сорапты станцияның (БШСС) сұлбасы.

1-магистралды су құбыры; 2-қабылдау коллекторы; 3-ортадан тепкіш сораптар; 4-электроқозғалтқыштар; 5-қашықтан басқарылатын ысырмалар; 6-жоғары арынды коллектор; 7-шығынөлшегіштер; 8,9-ысырмалар; 10-лас суға арналған жинау коллекторы.

БШСС (12.5.Сурет) келесі түрде жұмыс істейді. Магистралды су құбырынан 1 су 3МПа шамасындағы қысыммен қабылдау коллекторына-2 келіп түседі, содан кейін электроқозғалтқыштың-4 көмегімен іске қосылатын ортадан тепкіш сорапқа-3 келіп түседі. Сораптан кейін қашықтан басқарылатын (дистанционды) ысырма тиек-5 арқылы су жоғары арынды (16-20 МПа) коллекторға-6 өтеді, одан ысырма тиек 9 және шығын өлшегіш-7 арқылы айдау ұңғыларына беріледі. Айдау ұңғыларының өздігінен құйылуға негізделген сүзгісін тазалау үшін, ысырма тиек-9 жабық болған кезде 8-ысырма ашылады, және лас су жинау коллекторлары бойымен тоған- тұндырғыштарға немесе басқа да су тазалау қондырғыларына келіп түседі. БШСС-лар электроқозғалтқыштардан немесе электрлік пештер бөліп шығаратын жылумен жылытылады. БШСС-лар толығымен автоматтандыр-ылған және қызмет көрсету жұмысшысын қажет етпейді.

12.1-кесте. БШСС-ның техникалық сипаттамасы

Көрсеткіштері

БШССх100

БШССх150

БШССх200

БШССх500

Сорап түрі

ЦНС-180-1050

ЦНС-80-1422

ЦНС-180-1900

ЦНС-500-1900

Сораптың номиналды бергіштігі, м3/сағат

180

180

180

180

Сораптың қабылдау қысымы, МПа,

одан көп емес

2,7

2,7

2,7

1,6

Арыны, м

1050

1422

1900

2020

Сораптың тұтынатын қуаты, кВт

675

970

1150

3340

Электроқозғалтқыштың қуаты, кВт

800

1250

1600

4000

Блоктардың габаритті өлшемдері, мм

10 000х3200 х3260

10 000х3200 х3260

10 000х3200 х3260

12 000х5000 х5100