- •ҰҢғы өнімдерін жинау және дайындау ПәнІнің
- •2012 - Оқу жылы
- •1 Апта.
- •Мұнай кен орнын тұрғызу жобасы негізгі құжат болып табылады, оның негізінде жинау, кәсіпшілік ішінде тасымалдау және ұңғы өнімдерін дайындау кешендерінің құрылысы жүзеге асады.
- •Бақылау сұрақтары
- •2 Апта.
- •Бақылау сұрақтары
- •Шеңберлі құбырдағы сұйықтардың қозғалысы кезінде тұтқырлықты үйкеліс жөніндегі Ньютон заңына сәйкес жанама кернеуiнің теңдеуі мына түрде жазылады:
- •Бақылау сұрақтары
- •3 Апта.
- •Мұнайгазының тығыздығын көбінесе қалыпты жағдайға арнап, газдың компоненттік құрамынан шыға отырып мына формула бойынша анықтайды:
- •4 Апта.
- •Бақылау сұрақтары
- •Мұнай эмульсиясының жіктелуі
- •Бақылау сұрақтары
- •5 Апта.
- •Бақылау сұрақтары
- •Бақылау сұрақтары
- •6 Апта.
- •7 Апта.
- •Теңіз кен орындарында қолданылатын мұнайды саңылаусыз жинау жүйесі
- •Ұңғы өнімдерін өлшеудің жаңа әдістері
- •8 Апта.
- •5.3.Сурет. Б-40 - Спутнигінің жалпы сұлбасы.
- •Мұнайдағы су мөлшерін анықтау
- •1 Модуль бойынша бақылауды жүргізуге арналған сұрақтар:
- •9 Апта.
- •10 Апта.
- •Шеңберлі құбырдағы сұйықтардың қозғалысы кезінде тұтқырлықты үйкеліс жөніндегі Ньютон заңына сәйкес жанама кернеуiнің теңдеуі мына түрде жазылады:
- •Сағалық қыздырғыштың техникалық сипаттамасы:
- •11 Апта.
- •Парафин шөгінділерімен күресу әдістері
- •Кжбқ -1600/100 қондырғысының техникалық сипаттамасы
- •Бақылау сұрақтары
- •12 Апта.
- •13 Апта.
- •(А) технологиялық қондырғысының техникалық сипаттамалары
- •Бақылау сұрақтары
- •14 Апта.
- •Бақылау сұрақтары
- •Газды дайындау қондырғысы
- •Төменгі температуралы айыру
- •Газды абсорбциялау қондырғыларында кептіру
- •Газды күкіртсутектен және көмірқышқыл газынан тазалау
- •Бақылау сұрақтары
- •15 Апта.
- •Блокты шоғырланған сорапты станциялар (бшсс)
- •Химреагенттерді мөлшерлеп беру блоктары (рб)
- •Бақылау сұрақтары
- •2 Модуль бойынша бақылауды жүргізуге арналған сұрақтар:
15 Апта.
№ 29 Дәріс. Ұңғы өнімдерін жинау, тасымалдау және дайындаудың технологиялық процестерін автоматтандыру жолдары.
МДҚ -дейінгі үлкен қашықтыққа көп мөлшердегі сұйықты тасымалдау үшін өндіру ұңғыларының сағасындағы қысым жеткіліксіз болса, онда кен орнының аумағынан (территориясынан) сығымды сорапты станцияларын (ССС) тұрғызады.
12.1. Суретте ССС сұлбасы келтірілген.
|
12.1.Сурет. Сығымды сорапты станцияның негізгі сұлбасы. 1-гидроциклонды айырғыштың басы; 2- айырғыш тұрқы (тұлғасы); 3-сүзгі; 4-ортадан тепкіш сорап; 5-электромагнитті манометр; 6- сұйық шығынын өлшегіш; 7-реттеуші клапан; 8-ысырма; 9-мұнай жинау коллекторы. |
ССС (ДНС) алаңында қатты рамаға бекітілген, зауытта жасалып, пісіріліп қосылған екі блок орнатылады: оның бірі сораптары бар - мұнай айдау блогы және екіншісі гидроциклон типті айырғыштары бар - айыру қондырғысының блогы. ССС келесі түрде жұмыс істейді: мұнай-газ ағыны гидроциклон басы - 1 арқылы айырғыш тұлғасына- 2 келіп түседі де, ол жерден сүзгіге- 3 бағытталады, онда ол механикалық қоспалардан тазартылып, әрі қарай сығымды электр сораптарының қабылдауына келіп түседі; сораптардан кейін мұнай шығынөлшегіш (расходомер) - 6, реттеуші клапан - 7 және ысырма тиек - 8 арқылы мұнай жинау коллекторына - 9 бағытталады.
Сораптар-4 үздіксіз жұмыс істейді, ал оларды реттеу айыру қондырғысының өнімділігіне байланысты айырғыш ыдысының төменгі жақ бөлігінде орналасқан қалқымалы деңгей реттегішімен байланысқан клапанның - 7 көмегімен ағынды дроссельдендіру арқылы орындалады.
Кейбір жағдайларда (ұңғы өнімінің сулануы өскен кезде) ССС алаңдарында мұнай мен газды судан бөлуге арналған үш фазалы айырғыштар орнатылады, олар үлкен қашықтықтарға суды тасымалдауға кететін энергия шығындарын айтарлықтай азайтуға мүмкіндік береді.
|
12.2.Сурет. Автоматтандырылған блокты сығымды сорапты станция 1-мұнай-газ-су қоспасын енгізуге арналған құбырша; 2-үш фазалы айырғыш; 3-“өзіне дейін” қысым реттегіші; 4-газ шығынын өлшегіш; 5-атқарушы механизм; 6-буферлік сыйымдылық; 7-мұнай шығынын өлшегіш; 8-ортадан тепкіш сораптар; 9-электромагнитті манометрлер, 10-су айдау сораптары; 11-деэмульгаторларға арналған сыйымдылық; 12-мөлшерлік сорап; 13-қалқымалы деңгей реттегіші; 14-тамшы түзушілер. |
Мұнай-газ-су қоспасы жинау коллекторынан құбырша- 1 арқылы үш фазалы айырғышқа- 2 келіп түседі. Газ сұйықтан бөлініп шыққан соң “өзіне дейін” қысым реттегіші- 3 және ДП-610 шығын өлшегіші-4 арқылы газ құбырына барып түседі де өз қысымының әсерінен ГӨЗ-на тасымалданады. Мұнай эмульсиясы бастапқыда тамшы түзгішке- 14 келіп түседі, содан соң айырғыштың екінші бөлімішесіне (отсекке) ағып өтеді, онда ыдыстан- 11 мөлшерлеп беру сорабымен- 12 тиімді деэмульгаторды беру есебінен эмульсияның бөлінуі жүреді. Су, атқарушы механизм- 5 арқылы буферлік ыдысқа- 6 келіп түседі, одан әрі сораптармен-10 БШСС-на жіберіледі, ал сусыздандырылған мұнай көлемдік түрдегі шығынөлшегіш- 7 арқылы ортадан тепкіш сораптардың -8 қабылдауына барып түседі де, 10 км дейінгі арақашықтықтағы МДҚ-на тасымалданады.
Сораптар үздіксіз жұмыс істейді, оларды реттеу айыру қондырғысының өткізу қабілетіне байланысты және “мұнай-су” қалқымалы деңгей реттегішімен - 13 байланысқан атқарушы механизмнің - 5 көмегімен жүзеге асырылады.
Автоматика жүйесінде сорапты агрегаттардың кезекпен жұмыс істеуін, жұмысшы агрегат істен шыққан кезде резервтегі сораптың автоматты түрде қосылуы, сонымен қатар сұйық беру тоқтаған кезде сору сораптарының автоматты түрде тоқтауы қарастырылған. Барлық осы операциялар іске қосу құрылғыларымен байланысқан электромагниттік манометрлер - 9 және жергілікті автоматика аспаптарының көмегімен жүзеге асырылады.
Компрессорлы станциялардың қызметі және олардың құрылымдарының құрамы
Компрессорлық станциялар газ құбырының өткізгіштік қабілетін арттыру мақсатында газ қысымын көтеруге және берілген қашықтыққа дейін газды тасымалдауды жүзеге асыруға немесе қажетті технологиялық процесстерді қамтамасыз етуге (мұнай бергіштікті ұлғайту үшін қабатқа газ айдау, газлифтілі пайдалану және т.б.) арналған. Компрессорлы станцияларды әдетте табиғи газдың немесе мұнай газының көп жиналған жерінде тұрғызады.
Компрессорлық станциялар құрылымының кешенінде келесі объектілер мен құрылымдар болуы мүмкін:
бір немесе бірнеше компрессорлық цехтар;
жинау жүйесі, механикалық және сұйық қоспаларды бөліп шығару және залалсыздандыру;
электрмен жабдықтау, сумен қамтамасыз ету, канализация, байланыс, найзағайдан қорғау және электрохимиялық тоттанудан сақтау, автоматты түрде басқару және телемеханизация жүйелері;
қосалқы және көмекші объектілер.
Осылайша, компрессорлар орналасатын ғимараттан басқа компрессорлық станциялар аумағында мыналар тұрғызылады:
сумен циркуляцияны (тұйықталған) қамтамасыз ету үшін сорап орналасатын орын;
суды салқындатуға арналған градирня (құрылғы);
газды сұйықтан және механикалық қоспалардан алдын-ала тазартуға арналған айырғыштар тобы;
майды ажыратқыштар, мұздатқыштар, мұздатқышта тұрып қалған конденсатты бөлуге арналған ажыратқыштар;
газды өлшеу пункті;
мұздатқыштардан және айырғыштардан бөлінген конденсатты айдап шығаруға арналған сораптың орналасатын орны;
механикалық шеберхана;
құбырлар жүйесі;
қосалқы ғимараттар.
Компрессорлық цех - компрессорлы станцияның негізгі кешені (объектісі). Оған бір топ компрессорлық агрегаттар, сонымен қатар цехты функциялануын (жетілдірілуін) қамтамасыз ететін қондырғылар мен құрылымдар жүйесі кіреді.
Газ жинау коллекторынан-1 мұнай немесе табиғи газ айыру қондырғысына-3 келіп түседі, онда сұйық және механикалық қоспалардан тазартылады. Одан әрі газ бірінші сатылы компрессорға-7 берілу үшін қабылдау коллекторына-5 келіп түседі және 1 МПа қысымға дейін сығылады. Желі (линия) 2 бойынша майлы газ мұнайды дайындау қондырғысынан алдын-ала тазалану үшін айырғышқа-3 келіп түседі.
Бірінші сатылы компрессордан айдалған газ майайырғыштардан өтеді, онда компрессордың цилиндрінен газбен бірге кеткен компрессорлық майдан босатылады да мұздатқышқа- 12 барып түседі. Мұздатқышта май 30-400С дейін салқындатылады, нәтижесінде одан көмірсутектік конденсат бөлініп шығады. Газдыконденсатты қоспаны бөлу үшін оны орташа қысымдағы айырғыштан-14 өткізеді. Одан соң газ компрессорлардың-7 екінші сатылы сығуының қабылдауына барады, онда қысым 7,84 МПа. дейін жеткізіледі.
|
Сурет 12.4. Компрессорлы станцияның технологиялық сұлбасы
1-кәсіпшілік келетін газжинау коллекторы; 2-МДҚ-нан келетін газжинау коллекторы; 3-сұйықтардан және механикалық қоспалардан газды алдын-ала бөлуге арналған айырғыштар; 4-“өзінен кейін” қысым реттегіші; 5-І-ші сатылы қабылдау коллекторы; 6-жанар отын желісі (линиясы); 7- 10ГК түріндегі поршенді компрессорлар; 8-ІІ-ші сатылы қабылдау коллекторы; 9-І-ші сатылы арынды коллектор; 10-ІІ-ші сатылы арынды коллектор, 11-май айырғыштар; 12-І-ші сатылы мұздатқыштар; 13-ІІ-ші сатылы мұздатқыштар; 14-орташа қысымдағы айырғыштар; 15-жоғарғы қысымдағы айырғыштар; 16, 17, 18-конденсатқа арналған сыйымдылықтар (ыдыстар); 19-сораптар орналасатын орын; 20-газөлшеу пункті. |
Екінші сатыда сығылған газ алғашқыда температураны төмендету және одан конденсатты бөлу үшін май ажыратқыш-11 арқылы мұздатқышқа-12 бағытталады. Газдан конденсатты бөлу үшін газ мұздатқыштан-13 жоғарғы қысымдағы айырғышқа-15 бағытталады. 10ГКН Газдымоторлық компрессорларымен жабдықталған компрессорлық станцияда қабылдау коллекторындағы-5 газдың бір бөлігі қысым реттегіш-4 арқылы газдымоторкомпрессорлардың отындық желісіне келіп түседі. Бөлініп шыққан конденсат конденсат жинағыштарға-16,17,18 бағытталады, ол жақтан сораптар орналасқан алаңдағы-19 сораптармен ГӨЗ бағытталады.
Осылайша, газды көп сатылы сығу кезінде, әрбір сатыдан кейін газ салқындатылады, бұл кезде одан конденсат түріндегі біршама мөлшерде ауыр көмірсутектері бөлініп шығады. Конденсаттан газдың неғұрлым толық бөлінуі газды дайындау әдістерінің - адсорбция, майлық абсорбция және төменгі температуралы айырғыш көмегімен жүзеге асырылады.
