- •ҰҢғы өнімдерін жинау және дайындау ПәнІнің
- •2012 - Оқу жылы
- •1 Апта.
- •Мұнай кен орнын тұрғызу жобасы негізгі құжат болып табылады, оның негізінде жинау, кәсіпшілік ішінде тасымалдау және ұңғы өнімдерін дайындау кешендерінің құрылысы жүзеге асады.
- •Бақылау сұрақтары
- •2 Апта.
- •Бақылау сұрақтары
- •Шеңберлі құбырдағы сұйықтардың қозғалысы кезінде тұтқырлықты үйкеліс жөніндегі Ньютон заңына сәйкес жанама кернеуiнің теңдеуі мына түрде жазылады:
- •Бақылау сұрақтары
- •3 Апта.
- •Мұнайгазының тығыздығын көбінесе қалыпты жағдайға арнап, газдың компоненттік құрамынан шыға отырып мына формула бойынша анықтайды:
- •4 Апта.
- •Бақылау сұрақтары
- •Мұнай эмульсиясының жіктелуі
- •Бақылау сұрақтары
- •5 Апта.
- •Бақылау сұрақтары
- •Бақылау сұрақтары
- •6 Апта.
- •7 Апта.
- •Теңіз кен орындарында қолданылатын мұнайды саңылаусыз жинау жүйесі
- •Ұңғы өнімдерін өлшеудің жаңа әдістері
- •8 Апта.
- •5.3.Сурет. Б-40 - Спутнигінің жалпы сұлбасы.
- •Мұнайдағы су мөлшерін анықтау
- •1 Модуль бойынша бақылауды жүргізуге арналған сұрақтар:
- •9 Апта.
- •10 Апта.
- •Шеңберлі құбырдағы сұйықтардың қозғалысы кезінде тұтқырлықты үйкеліс жөніндегі Ньютон заңына сәйкес жанама кернеуiнің теңдеуі мына түрде жазылады:
- •Сағалық қыздырғыштың техникалық сипаттамасы:
- •11 Апта.
- •Парафин шөгінділерімен күресу әдістері
- •Кжбқ -1600/100 қондырғысының техникалық сипаттамасы
- •Бақылау сұрақтары
- •12 Апта.
- •13 Апта.
- •(А) технологиялық қондырғысының техникалық сипаттамалары
- •Бақылау сұрақтары
- •14 Апта.
- •Бақылау сұрақтары
- •Газды дайындау қондырғысы
- •Төменгі температуралы айыру
- •Газды абсорбциялау қондырғыларында кептіру
- •Газды күкіртсутектен және көмірқышқыл газынан тазалау
- •Бақылау сұрақтары
- •15 Апта.
- •Блокты шоғырланған сорапты станциялар (бшсс)
- •Химреагенттерді мөлшерлеп беру блоктары (рб)
- •Бақылау сұрақтары
- •2 Модуль бойынша бақылауды жүргізуге арналған сұрақтар:
7 Апта.
№ 13 Дәріс. Жоғары парафинді мұнайды жинау жүйесі. Теңіз кен орнында мұнайды жинау жүйесі.
Қазақстан Республикасында 30-дан астам жоғары парафинді және асфальттышайырлы мұнай кен орындары ашылған. Бұл кен орындарының қатарына: Өзен, Жетібай, Қаламқас, Қаражанбас, Құмкөл және т.б. жатады. Осы аталған кен орындарының мұнайы қату температурасы жоғары, жылжымалығын тез жоғалтатын бойындағы еріген парафиндерге, шайырларға, асфальтендерге қаныққан болып келеді. Мысалы, Өзен кен орнының мұнайы 30 С-де баяу қозғалады.
Осындай мұнайды жинау және дайындау үшін шығару желісінде (П-1) пеші, жинау коллекторларында (П-2) және магистралды құбырларда (П-3) пештері орнатылады. Конструкциясы мен қуаттылығы бойынша олар бір-бірінен ерекшеленеді. Электрлі және мұнайдан айрылған газ арқылы жұмыс істейтін пештер қолданылады. Магистралды құбырларда пештер әрбір 100-150 км қашықтықта орнатылады.
|
4.6. Сурет. Жоғары парафинді мұнайды жинау жүйесі. |
Теңіз кен орындарында қолданылатын мұнайды саңылаусыз жинау жүйесі
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасындағы мұнай және газ өнеркәсібінің даму болашағын Каспий теңізінің қайраңындағы (шельфіндегі) кен орындарын игерумен байланыстырады. Әлемде теңіз кен орындарын игерудің жеткілікті мол тәжірибесі жинақталған.
Суы таяз және тереңдеу болып келетін (яғни жағалауға жақын және одан едәуір қашық) аудандарда орналасқан теңіз мұнайгаз кен орындарындағы ұңғы өнімдерін жинау және дайындаудың әртүрлі жүйелері бар. Теңіздегі кен орындарында ұңғыны бұрғылау, одан өнім алу, алынған өнімді (мұнай, газ және су) жинау және дайындау үшін әртүрлі гидротехникалық құрылым-жасақтары қолданылады. Олардың түрлерін таңдау көптеген себептерге байланысты болады.
Теңіздің 10-15 метр тереңдігіне дейінгі жерлерде алаңқайлары бар жасанды дамбалар немесе аралдар және эстакадалар, ал неғұрлым терең (150-300м) жерлерде тұрақты (стационарлы) платформалар түріндегі гидротехникалық құрылым-жасақтары жиі қолданылады.
Қайраңдағы (таяз суларда) төселетін дамбалар немесе жасанды аралдар тастардан, щебенкалардан және құмдардан тұрғызылады, дамбаның бүйір беттерін судың шаюынан сақтау үшін бетонды плиталар немесе ірі блокты тастармен қоршайды. Дамбаның нақ ортасынан жағалауға дейін жүретін жолдар салынады. Дамбамен қатар ұңғылар шоғыры бұрғыланатын алаңқайлар тұрғызылады. Дамбаның тереңдігі ұлғайған сайын эстакадаларға ауысады.
Теңіз түбіне қағылған, металды құбырлы қазықтармен орнатылған фермдерден жинақталған көпірлі құрылым-жасақтарды эстакадалар деп атайды. Эстакадаларға ұңғыны орналастыру, мұнай мен газды жинау пункті мен мұнай резервуарларына арнап, сондай-ақ көмекші және тұрмыстық кешендерді орналастыру үшін алаңқайлар жалғанады.
Эстакаданың екі түрі болады:
жағалауға жақын орналасқан және олармен су үсті арқылы байланысатын жағалық эстакадалар.
жағалаудан қашық орналасқан және олармен су үсті арқылы байланыспайтын ашық теңіз эстакадалары.
Жағалауға жақын орналасқан теңіз кен орындары үшін эстакада бойынша ұңғының шығару желісін төсеу жол бойымен немесе жағада орналасқан автоматтандырылған топтық өлшеу қондырғысындағы (АТӨҚ) құбырларға арналған арнайы тіректер арқылы жобаланады. Ұңғы өнімі өлшенгеннен кейін бір немесе екі жинау коллекторлары арқылы жағада орналасқан мұнайды жинаудың орталық пунктіне тасымалданады.
Су, мұнайдан бөлініп және сәйкесті дайындықтан өткеннен кейін, қабат қысымын ұстау мақсатында шығару желісіне параллелді орналасқан, эстакада бойымен төселген құбырлар арқылы кен орнына қайтарылады.
|
4.7.Сурет. Жағалауға жақын орналасқан теңіз кен орындарындағы мұнай, газ және суды жинау жүйесі. |
Жағалауға қашық орналасқан теңіз кен орындарындағы мұнай, газ және суды жинау. Жағалаудан алыстаған сайын ұңғы өнімдерінің жағада орналасқан жинау пункттеріне тасымалдануы үшін ұңғы сағасындағы қысым жоғары болуы керек. Бұл, ұңғылар шығымының төмендеуіне әкеледі, сондықтан жағадан алыс орналасқан кен орындарында мұнайды жинау жекелеген теңіз құрылым жасақтарының алаңдарында немесе эстакаданың негізгі магистралдарынан ұйымдастырылады. Мұнайгаз жинау пунктінде мұнайдан газды, суды және құмды бөлу жүзеге асады, бұдан соң мұнай мен газ су астында орналасқан құбырлар арқылы жағалауға тасымалданады. Жағалаудан едәуір қашықта орналасқан кен орындарында тауарлы мұнайды жинау үшін арнайы негізде жасақталған тауарлы резервуарлар паркі қолданылады, осындай негізде сорапты жабдықтар және мұнайды танкерлерге құю үшін жағалық құрылым жасақтары орнатылады. Жағалаудан қашықта орналасқан және 300м-ге дейінгі тереңдікте жатқан теңіздегі мұнай және газ кен орындарын игеру және пайдалану үшін тіректерден (основания) және су үсті платформаларынан тұратын тұрақты пайдалану платформаларын қолдану неғұрлым кең тараған. Пайдалану платформаларының тіректері металды немесе темір бетонды құрылымдар түрінде жасалған, оларда платформалардың су үстіндегі бөлігі орнатылған. Тұрақты платформалар свайлы және гравитациялық болып бөлінеді.
Платформаның шектелген ауданы (алаңы) ұңғы өнімдерін жинау және дайындау үшін пайдалану жабдықтарын орналастыруда белгілі бір қиындықтар тудырады. Осы мақсат үшін пайдалану платформаларының ауданын шартты түрде алаңқайларға бөледі, олардың аумағына тек қана функционалдық міндеттеріне және өрт қауіпсіздігіне байланысты жабдықтардың белгілі бір түрін орналастырады: ұңғы сағасы, тікелей қыздыратын жылытқыштарсыз айырғыштар, мұнайды сақтауға арналған сыйымдылықтар, тікелей қыздыратын жылытқыштар, сорапты-компрессорлы жабдықтар, қызмет көрсетуші жұмысшыларға (қызметкерлерге) арналған үй-жайлар. Негізгі технологиялық сұлбасында мұнай мен газды екі сатылы айыру қарастырылған.
Бірінші саты топтық айырғыштарда жүреді, ал екінші саты - жылытқыштарда - деэмульсаторларда жүреді. Мұнайды тұзсыздандыруды электродегидраторларды қолдану арқылы жүргізуге болады. Ағынды сулар жабық мұнайұстағыштарға түседі, одан кейін оларды өнімді қабатқа айдайды.
Кен орнын игерудің бастапқы сатысында, яғни сусыз мұнай өндірілген жағдайда (кезде) мұнайды танкерлердің көмегі арқылы шикізат резервуарларынан құрлыққа тасымалдау экономикалық тиімді болып саналады. Өндіру барысында өнімнің сулануы үлкен көрсеткішке (мәнге) ие болған кезде және жер үстіне мұнаймен бірге көп мөлшерде қабат сулары шықса, онда мұнайды платформаларда дайындап, ал тазарған суды ҚҚҰ жүйесіне қолданып немесе қоршаған ортаны ластанудан сақтау үшін арнайы суды жұту ұңғыларына айдайды.
Мұнайды дайындаудың барлық сатысында бөлінген (айрылған) газды ұңғыларды газлифтілі пайдалану үшін және отын ретінде қыздыру пештерінде, сондай-ақ БӨА (бақылап өлшеу аппараттары) мен автоматика аспаптарында кең қолданады. Сәйкесті дайындықтан және кептіруден өткен газды су астында орналасқан газқұбыры арқылы жағалауға бағыттайды.
Шығару желісіндегі сақтандырғыш клапандарын ұңғыда апаттық жағдай туындаған кезде қолданады, сондай-ақ компрессорларды апаттық жағдайда тоқтатқан кезде газды шығарып жіберу факел арқылы жүзеге асады.
Айырғыштардан кейін бөлінген конденсат мұнай ағынына барып қосылады. Қабат қысымын ұстау үшін ілеспе су жеткіліксіз болса, онда платформаға теңіз суын шығарып, оны ұңғыға айдар алдында сәйкесті тазартудан өткізеді. Қабатқа айдар алдында теңіз суын балдырлардан және бактериялардан тазартады, сондай-ақ оған коррозияға қарсы препараттар қосады.
Егерде теңіз кен орындарының ұңғы өнімдерінде құм болса, онда құмды бөлу және оны одан әрі тазартудың технологиялық схемасын және технологиялық жабдықтарын таңдауда белгілі бір талаптар қойылады. Құмды ұңғы өнімдерінен бөлу, ұңғы сағасында орналасқан гидроциклонды айырғыштарда немесе резервуарлардағы - тұндырғыштарда мұнайдан газды бөлгеннен соң жүргізіледі. Бірінші және екінші сатылы айырғыштар ретінде тік (вертикалды) айырғыштар қолданылады, өйткені олар горизонталды (көлденең) аппараттарға қарағанда құмды жеңіл бөледі. Мұнай мен суды бөлу үшін түп жағы конусты болып келетін динамикалық тұндырғыштар қолданылады. Су мен құм араласқан қоспаны гидроциклонды қондырғыға береді . Мұнайдан тазартылған және БӘЗ (беттік әрекетті заттар)-дан жуылған құмды флора мен фаунаға зиянын тигізбей теңізге тастайды.
Бақылау сұрақтары
Қазақстанның мұнай кен орындары несімен ерекшеленеді?
Қыздыру пештерін қандай жағдайда қолданады ?
Теңіз кен орындарында мұнайды жинау және тасымалдау жүйесінің ерекшеліктерін атап беріңіз?
№ 14 Дәріс. Ұңғы өнімін есептеу. Ұңғы өнімін есептеуге арналған қондырғылар: «Спутник-А», «Спутник-В-14».
Кен орнын игеру барысында өндіру ұңғыларының жұмысы мұнай, газ және судың шығымымен; бірқалыпты (немесе бүлкілдеу режимінде) өнім берумен; мұнайдың сулану қарқынымен және жеке ұңғылар бойынша газ факторының ұлғаюымен сипатталады.
Осылайша, жеке ұңғылар бойынша мұнай, газ және судың мөлшерін өлшеудің - ұңғы өнімін жинау және дайындау техникасы мен технологиясы үшін де, сондай–ақ кен орнын игеру үрдісін (процесін) бақылау және реттеуді талдау үшін де маңызы өте зор. Ұңғылар өнімін өлшеу барысында ұңғы шығымын өлшеумен қатар әрбір ұңғы бойынша газ факторының өзгеруіне, мұнайдың сулану қарқынын өлшеуге және талдауға ерекше көңіл аударылуы керек. Әр түрлі кен орындарында ұңғы өнімін әр түрлі өлшейді. Мұнай мен судың шығымын өлшеудің анағұрлым дәл және қарапайым әдістері – көлемдік және массалық тәсілдер болып табылады.
Белгіленген t-уақыт аралығындағы сұйықтың орташа көлемдік шығыны үшін теңдеу мына түрде болады :
(5.1)
сұйықтың массалық шығыны үшін :
(5.2)
Мұнда: t – ағымдағы уақыт; GV және GM - сәйкесті көлемдік және массалық шығындар; V және M – t-уақыт аралығында ағатын, сұйықтардың сәйкесті көлемі мен массасы; ρ(t) – сұйықтың тығыздығы.
Көлемдік тәсіл - бір фазалық сұйық жағдайында қанағаттанарлық нәтиже береді, ал массалық тәсіл - мұнайгаз қоспаларын өндіру барысында шығымды дәлірек есептейді, өйткені газ массасы аз болғандықтан өлшеу дәлдігіне елеулі әсер етпейді.
Ескі кен орындарында мұнайды жинаудың өздігінен ағатын жүйесінде ұңғы өнімін операторлар өлшеу трапында немесе ашық цилиндрлі өлшегіштерде бөліктерге бөлінген рейка арқылы немесе су өлшегіш әйнектің көмегімен өлшейді.
Газ мөлшері жүйесіз өлшенеді, өнімнің сулану пайызы ұңғы өнімінен алынатын сынаманы талдау арқылы анықталады және ол мезгілдік сипатқа ие болады, бұл жалпы кен орны бойынша және жеке ұңғылар бойынша да сулану қарқындылығының қандай деңгейде екені туралы нақты мәлімет бере алмайды.
