Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1_4-t_1241_zhiribelik_saba_1179_Stom_kaz_2016-17.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
315 Кб
Скачать
☆

2. Мақсаты:

Энергия алмасуының сатыларына кіретін және ағзадағы әмбебап энергия көзі – АТФ түзілетін үдерістерді оқып-білу.

3. Оқыту міндеттері:

Осы сабақ соңында студент білуі керек:

1) Энергия алмасуының негізгі сатыларының жалпы сипаттамасын білу; тотығу түрлері мен антиоксиданттар

3)Энергия алмасуының негізгі сатылары, тотығу түрлері мен антиоксиданттар туралы білімдерін реквизитінен кейінгі және биохимияның басқа тақырыптарын оқып білуге пайдалану

3)Тақырып бойынша оқу-ғылыми жағдайларды шешу

4) Ағылшын және екінші тілде кәсіби коммуникацияға кіруге қабілеттеніп, тақырыптың негізгі терминдерінде пайдалану

  1. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1.Энергия алмасуы, түсінік.

2. Энергия алмасуының сатылары.

3. 1сатысы- көмірсулардың, липидтердің, Нәруыздардың арнайы катаболизм жолдары арқылы активті сірке қышқылына дейін ыдырау.

4. Үш карбон қышқылдарының циклі (ҮКЦ), мәні, маңызы, реакциялардың сатылары (ағылшын немесе орыс тілінде)

5. Биологиялық тотығу (БТ), түсінік, маңызы. БТ сатылары, сутегі мен электрондарды тасымалдауға қатысатын ферменттер.

6.Тотығудан фосфорлану (ТФ), мәні, маңызы, Р/О коэффициенті.

7. БТ мен ТФ қабысу нүктелері.

8. Тыныс алуды бақылау.

9. ТФ мен БТ ажырауы

5.Білім берудің және оқытудың әдістері:

Ауызша сұрау, жеке сұрақтарды мен глосарийді ағылшын және екінші тілде талқылауды енгізу,тест, жазбаша жұмыс.

6. Әдебиеттер:

Қазақ тілінде:

Негізгі:

1.Северин Е.С.(қазақ тіліне аударған және жауапты редакторы А.Ж.Сейтембетова) «Биохимия», Мәскеу, 2014.

2.Плешкова С.М., Абитаева С.А., т.б. «Нәруыздар...». – Алматы, 2000 ж. – 3-36 б.

3.Плешкова С.М. және басқалары Биохимияны студенттердің өздігінен оқып-білуіне арналған оқу құралы 1Бөлім. Нәруыздар, ферменттер, витаминдер.– Алматы, 2009 ж. – 46-88 б

4.Сеитов З.С. Биологиялық химия, Алматы, 2007 ж. - 125-127; 167; 193-195; 798 б.

Қосымша:

1. Тапбергенов С.О. Медициналық биохимия.-Павлодар.-2008.

2.Сейтембетова А.Ж.., Лиходий С.С., Биологиялық химия, 1994.

3. Биохимия сұрақтары мен жауаптары. ҚР ҰҒА корр., проф. С.М. Адекеновтің ред. басшылығымен.-Астана, 2003 ж.

Орыс тілінде:

1. Николаев А.Я. «Биологическая химия», 2007 г.

2. Северин Е,С. «Биохимия», 5-е изд., М.: ГЭОТАР-МЕДИА, 2009

7.Бақылау

Тест

1. Энергия алмасуының сатылары (ретпен орналастырыңыз):

  1. ҮКЦ

  2. БТ

  3. ТФ

  4. Заттардың арнайы жолдар арқылы АСҚ-на дейін ыдырауы

Дұрыс жауабын табыңыз

1. а, б, в, г

2. б, в, г, а

3. в, г, а, б

4. г, а, б, в

5. в, а, г, б

2. Лимон қышқылының циклі жүреді:

1. жасуша цитозолі

2. рибосомада.

3.ядро жасушасы

4.митохондрияда

5.Гольджи аппараты.

3.ҮКЦ-не түседі:

1.лактат

2.ПЖҚ

3..гидроксимай қышқыл

4.ацетилКоА

5.глюкоза

4.ҮКЦ – «метаболиттік ошақ» - онда:

  1. АСҚ 2СО2 + 3НАДН2 + ФПН2 + АТФ

  2. АСҚ СО2 + НАДН2 + 3ФПН2 + АТФ

  3. АСҚ 2СО2 + 2НАДН2 + 2ФПН2 + АТФ

  4. АСҚ 2СО2 + 3НАДН2 + ФПН2 +12АТФ

5.АСҚCО2 + 4НАДН2 + ФПН2 +

5. Қандай қышқыл үкц-де тотығудан декарбоксилденуге ұшырайды?

  1. алма қышқылы

  2. қымыздықянтарь қышқылы

  3. альфа-кетоглутар қышқылы

  4. янтарь қышқылы

  5. қымыздықсірке қышқылы

6. ҮКЦ-нде АТФ түзілетін реакция:

  1. тотығудан фосфорлану

  2. АМФ + Н3РО4

  3. ГДФ + АДФ

  4. ГТФ­тің АДФ­пен қайта фосфорлануы

  5. АМФ + ЦДФ