Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1_4-t_1241_zhiribelik_saba_1179_Stom_kaz_2016-17.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
315 Кб
Скачать
☆

5. Білім берудің және оқытудың әдістері:

Ауызша сұрау, жазбаша сұрау, кесте толтыру, ЖИГСО әдісі бойынша шағын топта жұмыс жасау.

ЖИГСО әдісі бойынша шағын топтарда жұмыс жасағанда топ 3-4 адамнан үш топшаға (шағын топшаларға) бөлінеді, әр топшаның әр студентіне тақырыптың сұрақтары беріледі. Әр студентке бір сұрақты дайындау үшін 2-3 минут уақыт беріледі, кейін топшаның ішінде тапсырмаларды талдау үшін тағы уақыт беріледі (5 минут). Содан соң оқытушы негізгі сұрақтар бойынша әр топшадан студентті шақырып, оған сұрақ қояды, бірақ оған алдын ала берген сұрақ емес, сол топшадағы басқа студентке қойылған сұрақты қояды. Яғни, топшаішілік дисскусия уақытында әр студент, педагог ролін атқара отырып, шағын топшалардың басқа мүшелеріне өзінің сұрағын түсіндіреді. Егер уақыт қалса, тесттік тапсырмалар қарастырылады.

№1 кесте. Қан плазмасының нәруыздары, ролі, диагностикалық маңызы

Нәруыздар, өкілдері

Қалыпты жағдайдағы мөлшері

Патологиядағы өзгерістер

Альбуминдер

35-45 г/л

(55-60%)

Қан қоюланғанда жоғарылайды;

бауыр, бүйрек ауруларында, күйікте, қан кеткеннен кейін төмендейді.

Глобулиндер

20-30 г/л

Альфа1-глобулиндер

0-5%

Жедел қабыну кезінде жоғарылайды.

Альфа-2глобулиндер

5-10%

Жедел қабыну кезінде жоғарылайды.

Бета-глобулиндер

10-15%

Созылмалы қабынулар кезінде жоғарылайды.

Гамма-глобулиндер

15-20%

Инфекциялық үрдістен кейін, созылмалы қабынулар кезінде жоғарылайды.

Фибриноген

3-5 г/л

Жедел фаза нәруызы, сонымен бірге, тромбоздар кезінде жоғарылайды.

2 Кесте Белоктардың жеке фракцияларын анықтаудың функционалдық және диагностикалық маңызы

Фракциялар

Функционалдық маңызы

Диагностикалық маңызы

Альбуминдер

1) Ронк, 2) БМҚ, билирубинді, дәрілерді, гормондарды, иондарды тасымалдау.

↓ бауыр ауруларында (↓синтез), бүйрек ауруларында. (↑шығарылу)=>ісіну, улану құбылыстары

Альфа-глобулиндер

Мыс пен липидтерді тасымалдау, протеазалардың Ing (ингибиторы).

↑жедел қабынуда

Бета-глобулиндер

Темір мен липидтерді тасымалдау

↑қабыну созылмалыға ауысқанда

Гамма-глобулиндер

Гуморальды иммунитет

↑ аутоиммунды үрдістерде, инфекцияда, созылмалы қабынуда.

↓ иммундық тапшылықта

3 Кесте Қан плазмасының ферменттері

секреторлық

индикаторлық

экскреторлық

бауырда синтезделіп, қанға түседі.

белгілі жасушаларда синтезделеді және сол жасушада қызмет атқарады.

бауырда синтезделіп, өтпен бөлініп шығады.

холинэстеразасы, қан ұюына қатысатын ферменттер.

ЛДГ1 , ЛДГ4 , ЛДГ5, АЛТ, КФК

сілтілі фосфатаза, лейцитинаминопептидаза.

айтарлықтай диагностикалық маңызы жоқ.

диагностикалық маңызы зор, қанның плазмасында оның активтілігі артады

патология кезінде ферменттердің өтпен бөлінуі бұзылады, қанның плазмасында оның активтілігі артады