Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1_4-t_1241_zhiribelik_saba_1179_Stom_kaz_2016-17.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
315 Кб
Скачать
☆

1.Тақырыбы: Аралық бақылау №2.

Энергия алмасуы. Көмірсулар алмасуы. Липидтер алмасуы. Нәруыздар алмасуы.

2. Мақсаты:

Өтілген тақырыптар: энергия алмасуы, көмірсулар алмасуы, липидтер алмасуы, нәруыздардың алмасуы туралы студенттердің алған білімдерінің меңгерілуін бағалау.

3. Оқыту міндеттері:

Студенттер осы сабақтан кейін тиіс:

    1. Жағдайлық есептерді және оқу-ғылыми жағдаяттарды шешуге (интерпретациялау және ұсыныстар беру) энергия алмасуын және заттар (көмірсулар, липидтер, нәруыздар) алмасуын талдағанда алған білімдерді қолдану.

    2. Өтілген материал бойынша білімдерді көрсету.

4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Энергия аломасуының сатылары.

  2. Көмірсулар метаболизмі. Глюкозаның тотығу жолдары.

  3. Липидтер алмасуы. Липидтердің тасымалдану формалары.

  4. Липидтердің аралық алмасуы: БМҚ-ң β-тотығуы, глицериннің тотығуы, энергетикалық балансы

  5. Холестерин мен кетон денелерінің маңызы.

  6. Нәруыздардың қорытылуы, амин қышқылдарының сіңірілуі.

  7. Асқазан сөлі.

  8. Гемоглобин ыдырауы.

  9. Гемоглобиннің ыдырауының сатылары, реакциялар реті.

  10. Тікелей және тікелей емес билирубин, қасиеттері және құрылысы.

  11. Сарғыштану, түрлері, пайда болу себептері.

5. Білім берудің және оқытудың әдістері:

Аралық бақылаудың билеттері бойынша жазбаша сұрау

№4, 5, 6 СӨЖ қорғау.

6. Әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер:

Қазақ тілінде:

1.Северин Е.С.(қазақ тіліне аударған және жауапты редакторы А.Ж.Сейтембетова) «Биохимия», Мәскеу, 2014.

2. Сеитов З.С. Биологиялық химия, Алматы, 2012 ж.

3. Сейтембетов Т.С., Төлеуов Б.И., Сейтембетова А.Ж.. Биологиялық химия.-Қарағанды, 2007.

Орыс тілінде:

4.Николаев А.Я. «Биологическая химия», 2007 г.

5.Северин Е,С. «Биохимия», 5-е изд., М.: ГЭОТАР-МЕДИА, 2009

Қосымша әдебиеттер:

Қазақ тілінде:

1. Тапбергенов С.О. Медициналық биохимия.-Павлодар.-2008.

2. Плешкова С.М. және басқалары Биохимияны студенттердің өздігінен оқып-білуіне арналған оқу құралы

1Бөлім. Белоктар, ферменттер, энергия алмасуы, витаминдер.

2Бөлім. Заттар алмасуы және оның реттелуі.

3Бөлім. Адам ағзасындағы сұйықтықтар мен тіндер биохимиясы.– Алматы, 2009 ж.

3.Биохимия пәнінен студенттердің өздігінен дайындалауына арналған тест сұрақтары – Алматы, 2007

4.Сейтембетов Т.С. Биохимия сұрақтары мен жауаптары - Алматы, 2011

Орыс тілінде:

5.Сеитов З.С. «Биохимия», Алматы, 2012 г.

6.Плешкова С.М. и др. Учебное пособие для самостоятельного изучения биохимии

Часть 1. Белки, ферменты, энергетический обмен, витамины.

Часть 2. Обмен веществ и его регуляция.

Часть 3. Биохимия жидкостей и тканей организма. – Алматы, 2009 г.

7.Аблаев Н.Р., Бейсембаева Ш.А. Клинически значимые биохимические показатели и их интерпретация: учеб пособие, Алматы, КазНМУ, 2007

8..Клиническая биохимия учеб.пособие под ред Ткачук В.А. – М.: ГЭОТАР-МЕДИА, 2008

7.Бақылау

Аралық бақылау сұрақтары

  1. Энергия алмасуы, түсінік.Энергия алмасуының сатылары.

  2. 1сатысы- көмірсулардың, липидтердің, Нәруыздардың арнайы катаболизм жолдары арқылы активті сірке қышқылына дейін ыдырау.

  3. Үш карбон қышқылдарының циклі (ҮКЦ), мәні, маңызы.

  4. ҮҚЦ реакцияларының реті.

  5. Биологиялық тотығу (БТ), түсінік, маңызы.

  6. БТ тізбегі, сутегі мен электрондарды тасымалдауға қатысатын ферменттер.

  7. Тотығудан фосфорлану (ТФ), мәні, маңызы. БТ мен ТФ қабысу нүктелері.

  8. Р/О коэффициенті.

  9. Биологиялық тотығу мен тотығудан фосфорланудың ажырауы (мысалдар келтіру).

  10. Тағам көмірсуларының қорытылуы.

  11. Бауырдың глюкостатикалық қызметі. Ол қалай іске асады? Қандағы глюкозаның қалыпты мөлшері, глюкозаның бүйрек межесі.

  12. Анаэробты гликолиз. Маңызы.

  13. Анаэробты гликолиз реакциялары (ФГА түзілгенге дейін).

  14. Анаэробты гликолиз реакциялары (лактат түзілгенге дейін

  15. Анаэробты гликолиздің энергетикалық балансы. Анаэробты гликолиздің соңғы өнімі, оның өзгерістері.

  16. Глюкозаның аэробты гликолитикалық жолмен тотығуы (схема). Энергетикалық балансы.

  17. Липидтердің қорытылуына қатысатын ұйқы безі және ішек сөлі ферменттері.

  18. Өт қышқылдарының өкілдері, липидтер алмасуындағы олардың рөлі

  19. Хиломикрондар, түзілуі, құрамы, ағзадағы өзгерістері. Қан тамырішілік липолиз.

  20. Липопротеиндер– құрылысы мен рөлі

  21. БМҚ-ң β-тотығуы реакциялары.

  22. Пальмитин қышқылының β-тотығуының энергетикалық балансын есептеу.

  23. Глицериннің тотығуы, энергетикалық балансы

  24. Холестериннің химиялық табиғаты және ағзадағы маңызы

  25. Кетон денелерінің химиялық табиғаты және олардың маңызы.

  26. Нәруыз алмасуының ерекшеліктері. Азоттық баланс ұғымы.

  27. Қалыпты жағдайдағы асқазан сөлінің химиялық құрамы.

  28. Асқазан сөліндегі тұз қышқылының рөлі

  29. Асқазан сөліндегі қышқылдық түрлері. Қалыптыдан ауытқуы. Қалыптыдан ауытқу себептері.

  30. Асқазан сөлінің патологиялық құрамдас бөліктері, пайда болу себептері.

  31. Қалыпты асқазан сөлінің физико-химиялық қасиеттері және олардың патология кезіндегі өзгерістері.

  32. АІЖ-дағы нәруыздардың қорытылуы, бұл үрдістерге қатысатын ферменттер, оларға сипаттама.

  33. Нәруыздардың гидролиз өнімдерінің сіңірілуі.

  34. Гемоглобиннің ыдырауының сатылары.

  35. Өт, нәжіс және зәр пигменттерінің түзілуі.

  36. Тікелей билирубин, қасиеттері және құрылысы.

  37. Тікелей емес билирубин, қасиеттері және құрылысы

  38. Қандағы жалпы билирубиннің қалыпты мөлшері. Гипербилирубинемия, сарғыштану туралы түсінік.

  39. Паренхиматоздық сарғыштанудың пайда болу себептері, қандағы биохимиялық көрсеткіштер, паренхиматоздық сарғыштанудағы нәжіс пен зәр түсінің өзгерістері. Гемолиздік сарғыштанудың пайда болу себептері, қандағы биохимиялық көрсеткіштер, гемолиздік сарғыштанудағы нәжіс пен зәр түсінің өзгерістері.

  40. Механикалық сарғыштанудың пайда болу себептері, қандағы биохимиялық көрсеткіштер, механикалық сарғыштанудағы нәжіс пен зәр түсінің өзгерістері.

№14 Сабақ

    1. Тақырыбы: Гормондар. Кальций мен фосфор алмасуын реттейтін гормондар. Қандағы глюкоза деңгейін реттейтін гормондар.