- •1‒ Дәріс бойынша орындалатын зертханалық жұмыстар
- •2. Тілдің шығуы туралы қазіргі және өткен кезең ойшылдарының, тілші-ғалымдардың пікірлерін салыстырып, ұстанған теорияларының мәнін айқындаңыз.
- •2 ‒ Дәріс бойынша орындалатын зертханалық жұмыстар
- •§ 2 Тіл дыбыстарының психофизиологиялық аспектісі
- •§ 2 Тілдің актив және пассив лексикасы
- •4 ‒ Дәріс бойынша орындалатын зертханалық жұмыстар
- •§ 1 Тіл дыбыстарының акустика-артикуляциялық сипаты
- •§ 2 Сөйлеу тіліндегі фонетикалық процестер
- •4 Лексикалық жүйедегі парадигмалық және синтагмалық қатынастар.
- •5 ‒ Дәріс бойынша орындалатын зертханалық жқмыстар
- •Құбылмалы көл
- •Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі мен құрамы
- •6 ‒ Дәріс бойынша орындалатын зертханалық жұмыстар
- •§ 1 Сөз формасы және сөзжасамдық модельдер
- •7 ‒ Дәріс бойынша орындалатын зертханалық жұмыстар
- •Найман-Ана
- •Тіл біліміндегі функционалды грамматика мәселесі
- •8 ‒ Дәріс бойынша орындалатын зертханалық жұмыстар
- •Қазіргі қазақ тіліндегі сөз тіркесі және сөйлем синтаксисі
- •Салыстырмалы-тарихи тіл білімі
- •Дүние жүзі тілдерінің генеологиялық жіктелімі
- •10 ‒ Дәріс бойынша орындалатын зертханалық жұмыстар
- •Дене мүшелері атаулары
- •Дүние жүзі тілдерінің типологиялық жіктелімі
- •12 ‒ Дәріс бойынша орындалатын зертханалық жұмыстар
- •Птицы-символы
- •Жазудың шығу тарихы, дамуы және теориясы
- •Қазіргі қазақ тіл біліміндегі антропоөзекті бағыттың қалыптасу мен дамуы
- •Қазақ тіл білімінде қолданбалы лингвистиканың қалыптасуы мен дамуы
- •Негізгі әдебиеттер:
- •Қосымша әдебиеттер:
- •Сөздіктер:
- •Глоссарий
- •Пән бойынша әдістемелік нұсқаулықтар
- •Пән бойынша орындалатын тест тапсырмалары
- •86. Ұғым дегеніміз –
- •87. Сема дегеніміз –
§ 2 Тілдің актив және пассив лексикасы
Б.Тимофеевтің «Правильно ли мы говорим?» еңбегінен алынған үзіндімен танысыңыз. Кәсіби сөздерге назар аударыңыз. Кәсіби сөздердің термин сөздерден қандай ерекшелігі бар екендігін тілдік фактілер негізінде дә йектеңіз.
А как своеобразен язык летчиков... В отличие от таких древних «профессиональных языков», как морской, он возник всего в начале ХХ века, но уже сильно развился и продолжает развиваться.
Не касаясь слов иностранных, но общепонятных (например, «ас» дословно «туз» по-французски и по-немецки – военный летчик самого высшего класса), остановимся на чисто русских, разговорных словах, получивших у летчиков особое арготическое значение.
«Самоварить» ‒ допускать перегрев радиатора до кипения.
«Побегушка» ‒ деталь магнето, часто отказывающая в работе из-за замасливания.
«Божья коровка» ‒ летчик пассажирской линии.
«Жилец» ‒ посторонний предмет, по недосмотру попавший в цилиндр мотора.
«Козел» ‒ непроизвольный скачок самолета при посадке.
«Петух» ‒ волна, бьющая при взлете гидросамолетапод второй выступ днища.
Некоторые фигуры высшего пилотажа у летчиков носят фамильярные название, например: «штопор», «бочка», «колокол», «змейка».
Төменде берілген мәтіннен жаргон сөздер мен арготизмдерді теріп жазып, мағынасын ашыңыздар. Жаргондық сипаттағы сөздер мен сөз тіркестерін қазақ және орыс тілінде сөйлеушілердің қай тобы қолданатындығын анықтаңыз: шпор (шпаргалка), универ (университет), апсар-жапсар ‒ (ұрланған нәрсе жапсарда тұр), үй таза ма? (үйде кісі жоқ па?), сүйке (соқ), дақ үстінде (ақы өз алдына бөлек), шіріңкіне (дәнекерші аудагердің алатын ақысы), общаг (жатақхана), супен (сүйкімсіз), көк мойын ащы (арақ), телик (теледидар), жынды киіну (әдемі киіну), бабки (деньги), хата (квартира), предки (родители), майданщик (поездной вор), ширму крыть (заниматься карманными кражами), чувак (парень), голубятник (вор белья).
Берілген мәтіннен экзотизмдер мен варваризмдерді теріп жазыңыз: Bonjour, bonjour, ‒ нежно пришепетывала Полина Карповна. Так вот я и говорю: дома у себя я могу быть мещанином, парвеню (фр. мужланом) и слушаться своих привычек, но здесь все должно быть en grand (фр. на широкую ногу). ‒Ал райт, ‒ повторил за другими и Дима как-то радостна. Ему были известны все повеления шариата, закона, под которым ходит сам шах (Кондрашов Н.А. др. Сборник задач и упражнений по введению языкознание. С. 150).
Когда Томас Хадсон проснулся, с востока дул легкий бриз и песок на пляже казался елым, как кость, под ярко-голубым небом, и маленькие облачка, бежавшие высоко вместе с вером, отбрасывали на зеленую воду темные движущиеся пятна. ‒ Где сеньор хочет завтракать? ‒ спросил Марио. ‒ Где угодно, только подальше от моря. Ты все расцениваешь с точки зрения петушиного боя. Машина одолевала последние футы подьема, и он на минуту ясно увидел это ‒Толедо (Э.Хемингуэй).
Холмс қалтасынан бір парақ қағаз шығарып, үстел үстіне он фунттық кредит билетін қойды.
‒ Мистер Сэндфорд, рақым етіп, осы тұрған куәлардың көзінше мына қағазға қолыңызды қойыңыз.
‒ Аты-жөніңіз? ‒ деп сұрады Холмс.
‒ Патрик Кэрнс.
‒ Гарпуншымысыз?
‒ Иә, сэр. Жиырма алты рейсте болдым (Б.Соқпақбаев).
Дәріс 4 Қазақ тілінің фонологиялық жүйесі мен құрамы
Дәріс жоспары:
1 Фонетиканың зерттеу пәні, мақсаты мен міндеті.
2 Тіл дыбыстарының акустика-артикуляциялық сипаты.
3 Сөйлеу тіліндегі фонетикалық процестер мен заңдылықтар.
4 Қазақ тіл біліміндегі сегментті және суперсегментті фонетика.
5 Тарихи және қолданбалы фонетиканың зерттеу нысаны мен қарастыратын мәселелері.
1 Фонетиканың зерттеу пәні, мақсаты мен міндеті. Қазіргі қазақ тілінің фонетикалық жүйесі мынадай ғылыми бағыттар негізінде зерттеліп келеді:
- фонологиялық бағыт;
- сингармониялық бағыт;
- интонологиялық бағыт;
- тарихи фонология бағыты;
- қолданбалы фонетика бағыты (қазақ тілі дыбысының қорын жасау).
1960-1980 жылдары қазақ тілінің фонетикалық жүйесі І.Кеңесбаев пен Ж.Аралбаевтардың еңбектерінде зерттелген болатын. І.Кеңесбаев қазақ фонетикасындағы фонемалардың құрамы мен олардың жіктелімі, буын, дыбыстардың үндесуі, сингармонизм, екпін мәселелерін қарастырды. Фонема теориясына қатысты мәселеге келгенде І.Кеңесбаев Мәскеу және Қазан дәстүрлі фонология мектебінің принциптерін ұстанды. І.Кеңесбаев фонеманы «сөз мағынасы мен сөз тұлғасын ажыратуға себі бар тілдегі ең кішкене дыбыстық единица» ретінде қарастырады. Сондай-ақ, ғалым тұңғыш рет қазақ тілінің фонетикалық транскрипциясын жасаған. Ж.Аралбаев қазақ тіліндегі фонемалар құрамы мен олардың жасалым ерекшеліктері, үндестік заңы, буын жігі мәселелерін қарастырған. Тілдегі фонемалардың не комбинаторлық, не позициялық тұрғыдан өзгеріске түсетіндігін нақты тілдік фактілер негізінде дәйектейді. Фонология – фонеманың қоғамдық, яғни әлеуметтік қызметі туралы ілім. Фонема – дыбыстық тілдің ең қысқа единицасы. Жалпы тіл білімінде фонема теориясының негізін қалаған – И.А.Бодуэн де Куртенэ. Бодуэн де Куртенэнің анықтамасы бойынша, фонема сөз жасаушы мағыналы дыбыс саналады.
Тіл білімінде қалыптасқан жаңа тілдік зерттеулер негізінде қазақ тілінің фонетикалық жүйесі сингармониялық бағыт тұрғысынан қарастырыла бастады. Сингармониялық бағытты қолға алып, оның ұғымдары мен терминологиялық базасын жасаған фонетист-ғалым Ә.Жүнісбеков болатын. Сингармонизм теориясы бойынша Ә.Жүнісбеков фонема мен екпін мәселесін негізге алмайды. Сингармонизмнің ең кіші функциональды бірлігі сингема деп танылады және ол төрт түрлі сингармониялық тембрмен сипатталады: езу жуан, езу жіңішке, ерін жуан, ерін жіңішке (1,56). Демек, үндесім фонологиясы негізінде қазақ тіліндегі барлық дыбыстардың жасалым, айтылым және естілім белгілері негізге алынады. Осыған сәйкес, қазақ фонологиясы үндесім фонологиясы болып табылады. Фонологиялық талдау да үндесім заңына қарай талданады. Ә.Жүнісбековтың пікірінше, әуен немесе тон әлем тілдерін жіктеудің айырым белгісі болғандықтан, мұндай белгіні тек қытай, жапон, корей, вьетнам тілдерінің құрылымдық жүйесінен қарастыру керек. Сол сияқты үндестік заңы да дүние жүзі тілдерін жіктеудің айырым белгісі бола алады, мұндай үндесімді түркі тілдері, оның ішінде, қазақ тілінің құрылымын негізге алу керек. Сингармонизм теориясы бойынша, фонеманың қызметін сингема деген просодикалық бірлік орындайтындығын айта келе, оның себебін Ә.Жүнісбек түркі тілдері, оның ішінде, қазақ тілінде үндіеуропа тілдеріне тән фонема мәселесі жоқ деп көрсетеді. Сол себепті қазақ сөзінің мағынасын түрлендіретін ең кіші дыбыстық бірлігін үндесім фонема немесе сингармофонема, осы үндесім фонеманың варианттарын үндесім аллофон немесе аллосингармофонема деп атайды (2, 35). Мәселен, қазақ тілінде ш, з (әліпби атауы – шы, зы) дауыссыз дыбыстары шырақ, зымыран сөздерінің құрамында ғана әліпбилік оқылуын сақтайды, осы шы, зы айтылым үлгілері шар, шүріппе, шұңқыр, зор, зу (етті) сөздерінің құрамында кездеспейді. Мұны осы дыбыстардың жасалым және естілім белгілерін эксперимент жүргізу арқылы анықтауға болады.
2 Тіл дыбыстарының акустика-артикуляциялық сипаты. Қазақ фонетикасында қалыптасқан ұғымдар мен терминдік атауларға қазақ тілінің фонологиялық табиғатына сәйкес фонетист-ғалымдар тарапынан өзгерістер енгізілген болатын. Енді сол фонетикалық ұғымдар мен атауларға жеке-жеке тоқталып өтсек:
Жасалым фонетика ‒ дыбыстың жасалу жолдарын қарастырады, яғни қандай да бір дыбысты жасауға қатысатын сөйлеу мүшелерінің орны көрсетіліп, сол сөйлеу мүшелерінің өзара қиысу жолдары (тоғысыңқы, жуысыңқы, діріл, жанама) сипатталады.
Айтылым фонетика ‒ дыбыстың нақты болмысын анықтайтын фонетиканың бір саласы, яғни ауыз қуысындағы резонаторлар жүйесінің қалпы аталып (ауыз қуысты, көмей қуысты, жанама қуысты), сөйлеу мүшелерінің өзара қиысу күші (лепті тоғысыңқы, босаң тоғысыңқы, бос тоғысыңқы) анықталады.
Естілім фонетика ‒ дыбыстың естілу сипатын қарастырады, яғни тіл дыбыстарының түйсінім түрі (қатаң, ұяң, үнді) және естілім қарқыны (күшті лепті, босаң лепті, бос лепті) анықталады.
Үндесім фонетика ‒ дыбыстың үндестік сипатын анықтайтын фонетика саласы, мұнда тіл дыбыстарының әуез жүйесі, жасалым белгісі, айтылым белгісі және естілім белгісі қарастырылады (1, 57).
Функционалды фонетика ‒ тіл дыбыстарының адамдардың тілдік қатынас жасау процесіндегі әлеуметтік жақтарын зерттейді. Тілде кез келген дыбыс айтылым, жасалым және естілім аспектісі тұрғысынан талданады. Мәселен, б дауыссыз дыбысының үндесім түрлерін қарастырайық. Шыбын, бала жуан езулік түрінде б дауыссыз дыбысының жасалымы былайша сипатталады: қос ерін өзара жымдасып тоғысады, ерінді, тербеліңкі, езулік; айтылымы: тоғысым күшіне қарай босаң тоғысыңқы, ауыз қуысы мен көмей қуысы қосылып кетеді; естілімі: қос еріннің тоғысымы босаң леппен аяқталады, дауыссыз ызың дыбысталады, үн қатысына қарай ұяң, әуез қатысына қарай жуан және езу әуезді дыбыс. Лингвистикада тіл дыбыстарының әлеуметтік сипаты негізге алынады.
Қазақ тілінің дыбыстары дауысты және дауыссыз болып екіге бөлінеді. Қазақ тілі жүйесіне тән төл дауысты дыбыстар саны ‒ 9. Олар: а, ә, ы, і, е, ұ, ү, о, ө. Дауысты дыбыстар қатарынан саналатын и, у, я, ю кірме әріптері арқылы қазақ тіліндегі қысаң дауыстылар мен үнді й, у дауыссыздарының тіркесімі белгіленеді. Қазақ тілінің дауысты дыбыстарына тән айырым белгілері ретінде мыналарды көрсетуге болады:
- дауысты дыбыстар буын құрайды;
- дауысты дыбыстарды айтқандау дауыс желбезегі толық тербеледі;
- дауысты дыбыстарды айтқанда өкпеден шығатын ауа ауыз қуысында кедергіге ұшырамайды.
Қазақ тілінің дауыссыз дыбыстары: б, в, г, ғ, д, ж, з, й, к, қ, л, м, н, ң, п, р, с, т, у, ф, х, ц, ч, ш. Қазақ тілінің дауыссыз дыбыстар жүйесіне тән айырым белгілері ретінде мыналарды көрсетуге болады:
- дауыссыз дыбыстар буын құрамайды;
- дауыссыз дыбыстарды айтқанда дауыс желбезегі кем тербеледі немесе мүлде тербелмейді;
- дауыссыз дыбыстарды айтқанда өкпеден шыққан ауа ауыз қуысында дыбыстау мүшелерінің бірінің кедергісіне ұшырап шығады.
Қазақ тілінің дауысты және дауыссыз дыбыстарының әрқайсысының өзіне тән жасалым, айтылым және естілім белгілері арқылы ерекшеленеді. Мәселен, дауыссыз дыбыстардың жасалымы ‒ жасалу орны, жасалу тәсілі, дауыс қатысы; айтылымы ‒ тоғысым-жуысым күші, ауыз бен көмей қуысының өзара қатынасы; естілімі ‒ тоғысым-жуысым қарқыны, үннің қатысы арқылы ерекшеленеді.
3 Сөйлеу тіліндегі фонетикалық процестер мен заңдылықтар. Тілдегі фонетикалық процестер екі топқа бөлінеді: комбинаторлық және позициялық фонетикалық процестер. Комбинаторлық фонетикалық процестерге ассимиляция, диссимиляция, аккомадация құбылыстары, ал позициялық фонетикалық процестерге сөйлеу тілінде орын алатын анлауттық, инлауттық және ауслаттық дыбыстық өзгерістер жатады.
Ассимиляция – сөз құрамында немесе сөз аралығында көршілес келген дауыссыз дыбыстардың бірі екіншісіне ықпал етіп, өзара үндесуі: басшы ‒башшы, сүзсе ‒ сүссе, алтын кірпік ‒ алтыңгірпік, жексенбі ‒ жексембі т.б. Қазақ тіл білімінде ассимиляцияяның екі түрі бар: прогрессивті және регрессивті ассимиляция.
Аккомодация – көршілес келген дауыстының әсері нәтижесінде дауыссыз дыбыстар артикуляциясында болатын өзгеріс.
Диссимиляция – ассимиляцияға қарама-қарсы құбылыс. Диссимиляция – біркелкі дыбыстардың немесе өзара ұқсас дыбыстардың әр басқа болып өзгеруі:
Сөйлеу тіліндегі позициялық фонетикалық өзгерістердің үш түрлі позицияда келуіне байланысты анлауттық, инлауттық және ауслауттық фонетикалық процестер болып жіктеледі.
Анлаутқа байланысты фонетикалық құбылыстар қатарына протеза, эпентеза, эпитеза, аферезис жатады. Протеза – сөйлеу тілінде кейбір сөздердің алдынан қысаң дыбыстардың қосылып айтылуы. Мыс.: лақ (ылақ), рет (ірет), стакан (ыстақан). Аферезис – алдыңғы сөздің соңғы дыбыстың әсерімен келесі сөздің басындағы дауысты дыбыстың түсіп қалуы. Қазақ тілі жүйесінде сирек кездесетін құбылыс: не істейміз? (нестейміз), не ішесің? (нешесің). Эпентеза – фонетикалық, морфологиялық өзгерістердің әсерімен сөз ішінде дыбыс қосылып айтылуы: трактор (тырактор), трест (тірес), кровать (кереует), нрав (ндрав), срам (страм).
Инлаутқа қатысты фонетикалық құбылыстарға редукция, гаплология, метатеза, диэреза құбылысы жатады. Редукция ‒ позициялық өзгерістердің бір түрі. Дыбыстардың әлсіреп көмескі айтылуы нәтижесінде өзгеріске түсуі: дәрігер, қатынас, тәжірибе. Негізінен редукцияға ұшырайтындар екпін түспеген буынды дыбыстар.
Метатеза – сөз ішіндегі дыбыстардың не буындардың өзара орын алмастырып айтылуы: тепкі – текпі, айналу – айлану, қақпан – қапқан, тарелка – талерка, ладонь – долонь. Ал сөйлеу тіліндегі диэреза құбылысы: грустный (грусный), чувство (чуство).
Ауслаут құбылысына жататындар, негізінен, эпитеза, элизия, апокопа, синкопа сияқты фонетикалық өзгерістер енеді. Элизия – сөз тіркесінде кейінгі сөздің бастапқы дауысты дыбысының әсерімен алдыңғы сөздегі соңғы дауысты дыбыстың түсіп қалуы. Мысалы: торы ала (торала), мына ауыл (мынауыл), жақсы екен (жақсекен). Синкопа ‒ негізінен жабысыңқы (шұғыл) дыбыстардың әсерімен сөз ішінде бір немесе бірнеше дыбыстың түсіп қалуы. Мәселен, тағылым ‒ тәлім, бағана – мана, еге ‒ ие, только ‒ толико, спирт ‒ spiritus. Апокопа ‒ сөз соңындағы екпін түспейтін соңғы дауысты дыбыстың түсіп қалуы: или (иль), чтобы (чтоб), уже (уж). Эпитеза – сөз соңынан дыбыстың қосылып айтылуы: банк ‒ банкі, факт ‒ факті, абстаркт ‒ абстракты.
Сингармонизм – түркі, фин-угор тілдеріне тән позициялық ерекше құбылыс. Сөзге жалғанған қосымшалардың сөз түбірі соңындағы дауысты дыбыспен үндесіп келуі. Сөз ішіндегі дауысты дыбыстар бір-бірімен тілдің және еріннің қатысына қарай өзара үндесіп келуі. Сингармонизм құбылысы лингвалды және лабиалды болып бөлінеді. Қазақ тіл білімінде лингвалды сингармонизм басшылыққа алынады.
Сөйлеу үстінде өзара кірігіп, бір тұтас болып айтылатын дыбыс тіркесін не жеке дыбыс буын деп аталады. Дыбыстардың буынға кірігу тәсілі барлық тілдерге ортақ болмайды. Себебі әр тілдің немесе туыстас тілдер тобының өзіне тән бірегей буын құрау тәсілдері бар.
4 Қазақ тіл біліміндегі сегментті және суперсегментті фонетика. Қазіргі қазақ тілінің дыбыс жүйесі тек сегментті фонетиканың аясында емес суперсегментті фонетика тұрғысынан да зерттеліп жатыр. Себебі тілдің фонетикалық жүйесі оның сегменттік бөлшектерінен, сөздердің дыбыстар тіркесімінен ғана тұрмайды, ол тілдің күрделі суперсегментті деңгейін, яғни сөйлемдердің, мәтіннің жалпы интонациялық сипатын да қамтиды.
Суперсегментті фонетика − сөйлеу тілінің интонациялық жүйесін, интонациялық бірліктер ретінде танылатын әуен, қарқын, интенсивтілік, ырғақ, екпін, ұзақтылық, дауыс реңкі сияқты компоненттерді синтаксис, семантика салаларымен байланыста қарастырады. Интонацияның компоненттерін, жоғарыда көрсетілгендей, әуен (мелодика), пауза, қарқын (темп), екпін, ырғақ, дүркінділік, тембр, тон құрайды. Дүние жүзі тілдеріне тән интонацияның универсалды компоненттерінің бірі әуен болып табылады. Әрбір тілдің ауызекі сөйлеу тіліндегі әуен ерекшелігіне қарай бір тілді екінші бір тілден ажыратып тануға болады. Әуеннің сөйлеу тілінің ағынын жіктеуде, сөйлемнің коммуникативтік түрлері мен стильдік ерекшеліктерін айқындауда, сөйлемнің логикалық және эмоциялық мазмұнын жеткізуде маңызы зор. Сол сияқты сөйлеу үдерісінде тонның да қызметі ерекше. Сөйлеу тіліндегі қарқындылыққа қарай айтылатын ақпарат мазмұнының қаншалықты маңызы бар екендігін анықтауға болады. Егер жеткізілетін ақпарат маңызды болса, онда cол ақпарат баяу қарқынмен айтылады.
Қазіргі тілтаным жүйесінде интонацияны өз алдына жеке бір тілдік құбылыс ретінде арнайы зерттейтін интонология ғылымы қалыптасты. Қазақ тіл білімінде интонология мәселесі З.Базарбаеваның еңбектерінде қарастырылады. Ғалымның айтуынша, сегментті бөлшектерді, яғни фонемаларды фонология зерттейтін болса, сингемаларды – сингармонология, ал суперсегментті бөлшектерді – интонемаларды – интонология зерттейді. Тілдік жүйеде интонацияның өзіндік мағынаға ие болатын бірліктері интонема деп аталады. Интонемалар сөйлемді ажырататын ең кіші функциялық бірлік ретінде қарастырылады. Мәселен, бір сөзден құралатын атаулы сөйлемді сөйлем етіп тұрған оның интонациясы екені анық. Тілдік жүйедегі жай және құрмалас сөйлемнің өзіндік интонациялық ерекшеліктері болады. Бір сөздің айтылу интонациясына қарап, ол сөздің қандай сезіммен айтылып тұрғанын білу адамға қиындық тудырмайды. Сондықтан интонацияның сөйлеуде, сөзден бұрын пайда болғанын мойындай отырып, оның кейінгі сөйлеу тіліндегі мәнінің зор екенін де баса айту керек (3,105) Әр сөйлемнің өзіне тән коммуникативтік функцияны толық атқару үшін интонеманың мәні ерекше. Интонеманың негізгі қызметі сөйлемді ажырату болып табылады. Интонемалар сөйлеушінің интенциясына байланысты түрлі варианттарда көрініс табады. Сөйлемнің әр алуан құрылымдық-коммуникативтік түрлеріне жан-жақты экспериментті-фонетикалық зерттеулер жүргізудің нәтижесінде қазіргі қазақ тілінде сегіз түрлі интонема бар екені дәлелденді. Қазақ тілінің интонемалары:
- жалпы сұрақ интонемасы;
- лепті сөйлемнің интонемасы;
- қыстырма сегменттердің интонемасы;
- қатал бұйрықты сөйлемнің интонемасы;
- арнаулы сұраулы сөйлемнің интонемасы;
- сыпайы бұйрықты сөйлемнің интонемасы;
- ойдың аяқталғанын білдіретін тиянақты интонема;
- ойдың аяқталмағанын білдіретін тиянақсыз интонема (3, 124‒125).
Синтагманың соңғы сөзіне түсетін тонның бәсеңдеуі, тиянақты әуені барлық тілдерде сөздің аяқталуының белгісі болып табылады, ал фразаның соңындағы тонның көтерілуі аяқталмағандығын білдіреді. Қарқынның баяу, байсалды болуы ақпараттың маңыздылығынан хабар береді, ал қарқынның жылдам, тез болуы оның мәнінің шамалы екенін айқындайды. Әр тілдегі просодикалық тәсілдердің көрінісі сол тілдің интонациясының жалпы ерекшелігіне байланысты болатыны анық. Мысалы, орыс тілі интонациясының ерекшелігін түзетін нәрсе ‒ сөз екпіні екені белгілі. Орыс тілінің динамикалық сөз екпінінің сөздердің морфологиялық құрамын ажыратуда ғана емес, олардың негізгі мазмұнын да анықтайды. Қазақ тілінде синтагманың соңғы сөзіне түсетін синтагмалық екпін түрі бар.
Жалпы тіл білімінде интонацияның атқаратын негізгі функциясын төмендегідей көрсетуге болады:
- мазмұнның өзгешеліктерін ажырату;
- әртүрлі эмоцияларды дифференциялау;
- жеке коммуникативтік типтерін ажырату;
- сөйлемнің жалпы коммуникативтік түрлерін анықтау;
- сөйлемдерді, синтагмаларды мәтінде бір-бірінен айырып, бөліп алу және қосу.
Өзара тығыз байланысты болып келетін интонацияның функцияларын ешқашан бір-бірінен ажыратып, бөлек қарауға болмайды. Сөйлеушінің алдына қойған мақсаттарына қарай, сөйлемдегі интонация функциясының қолданылуы да түрленіп тұрады.
Екпін және оның түрлері. Екпін ‒ сөз ішіндегі кейбір буын, дыбыстардың басқа тілдік бөліктерден ерекшеленіп, көтеріңкі айтылуы. Сөз ішіндегі бір буынның көтеріңкі айтылуы сөз екпіні деп аталады, қазақ тілінде сөз екпіні, негізінен соңғы буынға түседі. Мәселен, Зере, мектеп, үй, қайту дегендегі сөз екпіні соңғы тұрған дауысты дыбысқа түседі. Тіл-тілде сөз екпінінен басқа фразалық екпін болады. Сөйлеу процесінде сөздер бір-бірімен тіркесіп, айтылуы жағынан жігі жымдасып, бір ғана екпінге ие болады. Мұндай сөз тіркестеріндегі екпін фразалық екпін деп аталады. Фразалық екпін орын тәртібі және дауыс ырғағы арқылы байланысатын тіркес құрамында кездеседі.
Сөзде белгілі бір буынға екпін түсіп, ерекшеленіп айтылатыны сияқты, сөйлем ішінде белгілі бір сөзге ерекше назар аударылып айтылатыны бар. Сөйлемде ерекше назар аударыла айтылған сөзге ой екпіні түседі де, ерекше әуенмен айтылады. Мұндай екпін түрі логикалық екпін деп айтылады.
Логикалық екпіннің қай сөзге түсіп тұрғаны контекстен, оның мазмұнынан аңғарылады. Ауызекі сөйлеуде логикалық екпін сөйлеушінің қай сөзге айрықша назар аударуды қажет санап тұрғанын ажыратуға мүмкіндік береді.
ЕКПІН |
Тоникалы ‒ өзге буыннан бір Квантивті- басқа буындардың
буын тонының ырғағы арқылы ішінде бір буын құрамындағы
ерекшеленеді (қытай, тай, дауыстың созылыңқы айтылуы
вьетнам, серб,швед т.б.) (грек , латын)
Динамикалы ‒ буынның біреуі
басқа буындардан айрықша айтылады
(қазақ, орыс, ағылшын, неміс т.б.).
Кесте 1. Екпін түрлері (фонетикалық табиғаты бойынша)
Дыбыс екпіні ‒ сөз ішінде дыбыстың бөлектеніп, көтеріңкі дауыспен немесе созып айтылуы. Мысалы: па-й, па-ай, та-ма-ша! Дыбыс екпіні көңіл-күйді білдіретін сөздерді айтуда жиі қолданылады. Айтылуда сөйлеушінің эмоциясын білдіреді.
Ой екпіні ‒ сөйлем ішіндегі ерекше назар аударылатын сөзді оқшаулап, бөлектеп айту. Ой екпіні сөйлем ішіндегі сөзді бөлектейді. Мысалы: Айбек ерте тұрды. Ой екпінін түсіру арқылы нақтылау, дәлелдей түсу мақсаты көзделеді.
Тіркес екпіні ‒ бірнеше сөздің тіркесе, тізбектеле біртұтас екпінмен бөлектене айтылуы. Бұл көбінесе күрделі сөздерге, негізгі және көмекші сөздердің тіркесіне тән.
5 Тарихи және қолданбалы фонетиканың зерттеу нысаны мен қарастыратын мәселелері. Қазіргі түркі тілдері жүйесіндегі дауысты дыбыстардың сипаты көне түркі жазба ескерткіштерімен байланысты қарастырылады. Түркі тілдерінің дауысты (вокализм) және дауыссыз (консонантизм) жүйелерінің даму тарихы мен кезеңдері салыстырмалы-тарихи әдістер арқылы сипатталады. Осы арқылы туыстас түркі тілдерінің дауысты және дауыссыз дыбыстар жүйелерін бір-бірімен салыстыра отырып, олардың ұқсастығы мен ерекшеліктерін анықтау, олардың тарихи даму кезеңдерін айқындау, фонемалардың пайда болу және қалыптасу жолдары сипаттау мәселесімен айналысады.
Қазіргі түркі тілдерінің үлкен бір бұтағын құрайтын қыпшақ, қарлұқ, оғыз тобындағы тілдер мен көне түркі дәуіріндегі жазба ескерткіштер тілін вокализм, консонантизм, морфонология тұрғысынан зерделеу тіл тарихы, яғни тарихи фонетика, тарихи грамматика, тарихи лексикология (этимология) мәселелерімен айналысуға жол ашады. Сондай-ақ, мұндай тілдік зерттеулердің қазақ тілінің салыстырмалы және салғастырмалы тіл білімінің дамуына да өзіндік үлесін қосады.
Бүгінгі күні қазақ тілінің қазіргі лексика-грамматикалық формалары мен лексика-фразеологиялық бірліктерінің этимологиясын көрсетуде дыбыстардың архетиптері мен түркі ататілінің фонемаларының құрамын анықтауда қолданбалы фонетиканың қосар үлесі өте мол.
Әдебиеттер:
1 Қазақ грамматикасы. Фонетика, сөзжасам, морфология, синтаксис.
‒ Астана, 2002.
2 Жүнісбек Ә. Қазақ фонетикасы. – Алматы, 2009.
3 Базарбаева З. Қазақ тілінің интонациялық жүйесі. – Алматы, 1996.
4 Хасенов Ә. Тіл білімі (оқу құралы). ‒Алматы, 2013.
5 Қалиев Б. Тіл біліміне кіріспе (оқу құралы). ‒Алматы, 2009.
6 Аханов К. Тіл білімінің негіздері (оқу құралы). ‒Алматы, 2002.
♦ Тапсырма
Фонетика және фонология ғылымының негізгі зерттеу нысанын айқындаңыз.
Дыбыс және фонема ұғымдарының терминдік мағынасы негізінде өзіне тән айырым белгілерін айқындаңыз.
Мәскеу және Ленинград фонология мектебінің негізін қалаушылар, ұсынған негізгі концепцияларын баяндаңыз.
Қазақ тіл біліміндегі интонология мәселесі. Интонология мәселесінің фонетика және синтаксиске қатысы.
Қазақ тіл біліміндегі сегментті және суперсегментті фонетиканың зерттеу нысаны мен қарастыратын мәселелері.
♦ Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
Тарихи және қолданбалы фонетика туралы түсінік беріңіз.
Тілдік жүйедегі дыбыс пен фонеманың қызметі туралы баяндаңыз.
Тіл дыбыстарының акустика-артикуляциялық сипаты туралы баяндаңыз.
Екпін және оның түрлері, тілді жүйедегі екпіннің қызметі мен екпіннің орны.
Қазақ тіл біліміндегі буын мәселесі,буынның дыбыстық құрамы мен сөздің буын құрамы.
Сөйлеу тіліндегі анлауттық, инлауттық және ауслауттық фонетикалық процестерді тіл фактілері негізінде дәлелдеңіз.
СӨЖ тақырыптары:
1 Поэзия тілінің интонациялық ерекшеліктері.
2 Қазақ тіл біліміндегі сегментті және суперсегментті фонетика.
3 Интонация компоненттері және олардың сөйлеу тіліндегі қызметі.
Ұсыналатын әдебиеттер:
Базарбаева З. Қазақ тілінің интонациялық жүйесі. – Алматы, 1996.
Аралбаев Ж. Қазақ фонетикасы бойынша этюдтер. – Алматы, 1988.
Базарбаева З. Қазақ тілі: интонология, фонология. – Алматы, 2008.
Жунисбек А. Введение в сингармоническую фонетику. -Алматы, 2008.
Қазақ грамматикасы. Фонетика, сөзжасам, морфология, синтаксис. Астана, 2002.
