- •1‒ Дәріс бойынша орындалатын зертханалық жұмыстар
- •2. Тілдің шығуы туралы қазіргі және өткен кезең ойшылдарының, тілші-ғалымдардың пікірлерін салыстырып, ұстанған теорияларының мәнін айқындаңыз.
- •2 ‒ Дәріс бойынша орындалатын зертханалық жұмыстар
- •§ 2 Тіл дыбыстарының психофизиологиялық аспектісі
- •§ 2 Тілдің актив және пассив лексикасы
- •4 ‒ Дәріс бойынша орындалатын зертханалық жұмыстар
- •§ 1 Тіл дыбыстарының акустика-артикуляциялық сипаты
- •§ 2 Сөйлеу тіліндегі фонетикалық процестер
- •4 Лексикалық жүйедегі парадигмалық және синтагмалық қатынастар.
- •5 ‒ Дәріс бойынша орындалатын зертханалық жқмыстар
- •Құбылмалы көл
- •Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі мен құрамы
- •6 ‒ Дәріс бойынша орындалатын зертханалық жұмыстар
- •§ 1 Сөз формасы және сөзжасамдық модельдер
- •7 ‒ Дәріс бойынша орындалатын зертханалық жұмыстар
- •Найман-Ана
- •Тіл біліміндегі функционалды грамматика мәселесі
- •8 ‒ Дәріс бойынша орындалатын зертханалық жұмыстар
- •Қазіргі қазақ тіліндегі сөз тіркесі және сөйлем синтаксисі
- •Салыстырмалы-тарихи тіл білімі
- •Дүние жүзі тілдерінің генеологиялық жіктелімі
- •10 ‒ Дәріс бойынша орындалатын зертханалық жұмыстар
- •Дене мүшелері атаулары
- •Дүние жүзі тілдерінің типологиялық жіктелімі
- •12 ‒ Дәріс бойынша орындалатын зертханалық жұмыстар
- •Птицы-символы
- •Жазудың шығу тарихы, дамуы және теориясы
- •Қазіргі қазақ тіл біліміндегі антропоөзекті бағыттың қалыптасу мен дамуы
- •Қазақ тіл білімінде қолданбалы лингвистиканың қалыптасуы мен дамуы
- •Негізгі әдебиеттер:
- •Қосымша әдебиеттер:
- •Сөздіктер:
- •Глоссарий
- •Пән бойынша әдістемелік нұсқаулықтар
- •Пән бойынша орындалатын тест тапсырмалары
- •86. Ұғым дегеніміз –
- •87. Сема дегеніміз –
4 ‒ Дәріс бойынша орындалатын зертханалық жұмыстар
§ 1 Тіл дыбыстарының акустика-артикуляциялық сипаты
Берілген жұп сөздердің бір-бірінен қандай жасалым, айтылым және естілім белгілерімен ерекшеленетіндігін айқындаңыз: sleep (сон) ‒ slip (сколзить), peak (пик, вершина) ‒ pick (рвать, собирать), seal (печать) ‒ sill (подоконник), seat (стул) ‒ sit (сидеть), leap (прыжок) ‒ lip (губа).
Берілген ғылыми пікірлер бойынша сөйлеу тілі дыбыстарының қандай белгілері негізге алынғандығын өзара салыстырыңыз.
Тіл дыбыстары ‒ дыбыстау мүшелерінің көмегімен алынатын сөйлеу тілінің элементі. Фонетикалық жіктелімі тұрғысынан алғанда, ары қарай бөлшектеуге келмейтін дыбыстық тілдің ең қысқа единицасы (Розенталь Д.Э., Теленкова М.А. Словарь-справочник лингвистических терминов. ‒М., 1985. С.80).
Тіл дыбыстары ‒ сөйлеу тілінің дыбыстық жүйесін құраушы, акустика-артикуляциялық сипатқа ие сөйлеу тілінің мәнді бірлігі. Біз сөйлеген кезде дыбыстарды шығарамыз. Тілдік жүйеде сол дыбыстар дауысты және дауыссыз дыбыстар жүйесін құрайды.
Берілген сөйлемдердегі [у] дыбысының акустика-артикуляциялық сипатына талдау жасаңыздар.
Мұндай қарқынмен биікке шығу қиын. Шұғыл шаралар қажет. Әсіресе, әр буындағы кадрлар жоғары талаппен іріктелсе! Төле би мен Қаранай батырдың тапсыруымен ол топ бастап, жауларына қарсылық көрсете, жекпе-жекке шығып, өзінің дүлей қара күшінің, жаужүрек батылдығы мен алғырлығының арқасында талай-талай тарлан қарсыластарының табанын үзеңгіден тайдырды (Қ.Төретайұлы. Намыс найзағайы).
Сөз құрамында немесе сөз аралығында көршілес келген дауыссыз дыбыстардың артикуляциясына байланысты фонологиялық талдау жасаңыз: басшы, сүзсе, жұмысшы, көнбе, сенбі, алтын кірпік, сзади, летчик, подтаять, balls, cats, shoes.
§ 2 Сөйлеу тіліндегі фонетикалық процестер
Анлауттық фонетикалық құбылыстарға талдау жасаңыз.
Әлде өтірік, әлде шын, ақсұңқар мен ылашын өлген құсты жеп қалды (Қобыланды). Аударыспақ алпыс құл ойнаған соң, әрқайсысын әр жерге ылақтырыпты (Қозы Көрпеш-Баян сұлу). Ылайла, ылай оймен тұнығыңды (Абай). Ырас десең, ырас сөз мен айтайын («Бекболат» дастаны). ‒ Тағы айтарым бар. Жазу үстелім жаңа, айрықша сапалы қызыл былғарымен қапталған (Ауд. Қ.Қараманұлы).
Инлауттық фонетикалық құбылыстарға талдау жасаңыз.
Сосын ол бұл парақты лақтырып тастап, келесісіне жармасқан. Бірінші курста карта ойынына қатысты әлденендей істері үшін оқудан шығып қала жаздады. ‒ Түсінем. Ал, енді, мистер Сомс, бізді Бэннистермен таныстырыңызшы. Бөлмені шынымен-ақ орта ғасырлық интерьердің таңырқауға татырлық үлгісі деуге болады екен. Индус әліге дейін бөлмесінде әрлі-берлі адымдап жүр екен. Бэннистердің жүзі қуарып сала берді. ‒ Жо-жоқ, сэр, әсте олай емес. Яғни он алты футтан аласаның ешқайсысы көре алмас еді. Мұндай сәйкестік, менің ойымша, мүлдем ақылға сыйымсыз(Ауд. Қ.Қараманұлы).
Ауслауттық фонетикалық құбылыстарға талдау жасаңыз.
‒ Бәрі бұрынғыша қала берсін. Сізге ертең таңертең соғам, сонда асықпай ақылдасармыз. Кім біледі, бәлкім, оған дейін көңілге қонымды ұсыныстар да ойлап табармын. Оһо, мына арада қағаз-қалам сататын үлкен дүкен бар екен (Ауд. Қ.Қараманұлы). Ел іші соғыс кезіндегідей емес, тәртіптеліп, түзеле бастаған. Машина, трактор қайтадан көбейейін деген. ‒ Мынау біздің елдің дәмі еді, ‒ деп, газетке оралған бірдеңелерді ас ішетін столдың үстіне қойып кетуге мен де үйреніп алғам. «Әкем, қайтейін, қош бол. Дүниеге келмей жатып кетуіме себепкер өзің болдың» дегендей адамның іші-бауыры елжірегендей күнәсіз ауыр мұң, наразылық бар еді көзінде (Б.Соқпақбаев).
Дәріс 5 Қазақ тілінің лексика-семантикалық жүйесі мен құрамы
Дәріс жоспары:
1 Сөз, ұғым және мағынаның арақатынасы.
2 Лексикалық семантика. Сөздің ірі және кіші семантикалық құрылымы.
3 Сөздің қор мен сөздік құрам, лексиканың қорлану жолдары.
4 Лексикалық жүйедегі парадигмалық және синтагмалық қатынастар.
5 Тілдің фразеологиялық және этимологиялық жүйесі.
1 Сөз, ұғым және мағына, олардың арақатынасы. Ұғым ойлау үдерісінің нәтижесі ретінде тілдік жүйемен тығыз байланысты. Логикалық ұғымның тіл жүйесіне қатысы сөз арқылы іске асады. Адам санасында сезім мүшелері арқылы (есту, көру, сезу, дәм, иіс) қабылдауға болатын нақты, деректі заттар мен құбылыстардың бейнесі қалыптасқан. Ұғым ‒ заттар мен құбылыстардың, іс-әрекеттердің жалпы қасиеттерін, мәнді белгілерін бейнелендіріп, олардың арасындағы нақты байланыстар мен жаңа қатынастардың ашылуына үлкен септігін тигізеді. Дүниедегі заттар мен құбылыстар түйсік, елестету, қабылдау арқылы адам санасында таңбаланады, сол туралы ұғым пайда болады. Олай болса, ұғым мағынаның репрезентациялық тәсілі болып табылады.
Мағынаның дамуы мен күрделенуі адамның ассоциативті ойлау жүйесімен тікелей байланысты. Ассоциация – жеке субьективті тәжірибеге негізделген белгілі обьект пен субьект арасындағы байланыс. Кең мағынада алғанда, ассоциация – айнала қоршаған дүние үзігін таныту үшін қолданылатын психикалық әрекеттер негізінде жүзеге асатын білім алудың көзі. Сөз мағынасындағы алуан түрлі өзгерістер, сөздің келтірінді, ауыс мағыналарда, концептілік жүйеде қолданылуы сияқты құбылыстар психологияның ассоциация заңына негізделеді.
В.В.Виноградовтың анықтамасы бойынша, сөздің лексикалық мағынасы – тілдің грамматикалық заңдарына сай тұлғаланған, оның сөздігіне тән жалпы семантикалық жүйесінің элементі болып табылатын сөздің заттық-материалдық мазмұны. Демек, сөздің лексикалық мағынасы зат, құбылыс, іс-әрекеттің санада бейнеленіп тұрақталған ұғымның мазмұнын қамтиды. Сөздің лексикалық мағынасын түсіну үшін, сөздің заттық-логикалық мәнін, лексикалық мағынаны соған ұқсас басқа лексикалық мағыналардан ерекшелеп көрсететін белгілерін анықтау қажет. Профессор Б.Сағындықұлы: «Сөздің өзге сөздермен қарым-қатынасқа, байланысқа түспей, жеке-дара тұрғанда тікелей түсінілетін халық таныған логикалық-заттық ұғымы, лексика-семантикалық түсінігі лексикалық мағына деп аталады», ̶ деп жазады (1, 9 б.). Сөздің грамматикалық мағынасы ̶ грамматикалық амал-тәсілдер арқылы туындайтын, сөздің бірыңғай топтары мен сөз тұлғаларына, синтаксистік құрылымдарға тән, жинақталған дерексіз мағынаны айтамыз. Грамматикалық мағына сөздің лексикалық мағынасының негізінде туады, бұл екеуінің арасында тығыз байланыс бар.
Тілдегі сөздер болмыстағы зат, құбылыс, сын-сапа және іс-әрекет атаулыны белгілейді. Осындай белгілеріне қарай тілдегі сөздер үшке бөлінеді: атауыш сөздер, көмекші сөздер және аралық сөздер.
2 Лексикалық семантика. Сөздің ірі және кіші семантикалық құрылымы. Семантиканың жеке ғылыми пән ретінде қалыптасуы француз ғалымы М. Бреаль есімімен байланысты. М.Бреаль «семантика» терминін 1897 жылы өз еңбегінде пайдаланып, ғылыми айналымға енгізеді. Европа және орыс тіл білімінде семантика ұғымның синонимі ретінде семасиология термині қолданылды. Семантиканың ең негізгі категориясы – мағына. Сөз мағынасы және мағына түрлерінің даму заңдылықтары семантика саласында зерттеледі. Сондықтан лексикалық семантика семантика ілімінің басты саласы болып табылады. Лексикалық семантикада сөздің лексикалық мағынасы семасиологиялық және ономасиологиялық аспектілерде қарастырылып, семасиологиялық аспектіде таңбадан мағынаға, ал ономасиологиялық аспектіде мағынадан таңбаға қарай бағыты негізге алынады. Оған қазақ тіл біліміндегі М.Оразов, Ғ.Хасанов сияқты зерттеушілердің еңбектерін келтіруге болады.
Тіл жүйесінде семантика парадигматикалық және синтагматикалық тұрғыдан да сипатталады. Семантиканың парадигматикалық сипаты сөздердің лексика-семантикалық өрісі негізінде анықталса, синтагматикалық сипаты сөздердің сөйлеу үдерісінде бір-біріне қатынасына қарай тіркесімділік топтары арқылы анықталады. Лексикалық семантика парадигматикалық қатынас немесе парадигматика тұрғысынан жүйе ретінде қарастырылса, синтагматикалық қатынас немесе синтагматикада бұл жүйедегі лексикалық мағыналар аса үлкен бірліктерге топтастырылады. Синтагматикалық қатынас сөздердің өзара қарым-қатынасы нәтижесінде қалыптасып, сөз тіркесі, сөйлем, мәтін тәрізді тілдік бірліктердің арасында болады. Сөз мағыналарының өзара қарым-қатынасы негізінде сөз тіркестері белгілі бір мағыналық сипатқа ие болады. Мысалы, күміс қасық тіркесіндегі бірінші сөз сындық мағынаны, екіншісі заттық ұғымды білдіреді. Сөз тіркесі құрамында сындық мағына мен заттық ұғым өзара тіркесіп тұр.
Семантиканың сөз мағынасын зерттейтін бір саласы – лексикалық семантикада сөз мағыналары әрі тілдің лексикалық жүйесінің бірлігі, әрі сөйлеу бірлігі ретінде жан жақты қарастырылады. Тіл бірліктерінің сол жүйедегі басқа тілдік бірліктермен мағыналық байланысы лексикалық семантикада қарастырылады.
3 Сөздің қор мен сөздік құрам, лексиканың қорлану жолдары. Тілдегі сөздердің тұтас жиынтығы сөздік құрам немесе лексика деп аталады. Қазақ тілінің лексикалық құрамына ғасырлар бойы сақталып келе жатқан байырғы сөздер, кірме сөздер, неологизмдер мен термин сөздер, әдеби сөздер мен ауызекі тілге тән қарапайым сөздер, диалектизмдер мен кәсіби сөздер, яғни тіліміздегі барлық сөздер енеді. Қазақ тіліндегі барлық сөздердің жиынтығы сөздік құрам болса, негізгі сөздік қор оның негізгі ұйытқысы болып табылады. Сөздік қорға қоғам, адам өміріндегі ең қажетті ұғымдарды білдіретін жалпыхалықтық сипат алған сөздер ғана кіреді. Қазақ тілі сөздік қорының құрамы біркелкі емес. Оның негізінде түркі тілдеріне ортақ байырғы сөздер, ғасырлар бойы қалыптасқан қазақтың байырғы төл сөздері кіреді.
Негізгі сөздік қор мен сөздік құрамның арақатынасын, олардың бір-бірін үнемі толықтырып, жаңғыртып отыруынан және сөздік қор сөзжасам тәсілдері арқылы тілдің бүкіл лексикалық жүйесінің даму бағытын анықтап, әрдайым байланыстырып отырады. Сол себепті, бұлардың арақатынасының шартты сипаты бар.
Қазақ тілі лексикасының қорлану жолдары. Кез келген тілдің лексикасының негізі – сол тілдің негізгі сөздік қоры, яғни байырғы лексикасы. Тілдің лексикалық құрамы үш түрлі амал-тәсіл арқылы молаяды:
лексиканың семантикалық жақтан қорлануы;
лексиканың синтаксистік тәсіл арқылы қорлануы;
лексиканың морфологиялық тәсіл арқылы қорлануы.
Тілдегі сөздердің қолданылу жиілігіне қарай актив және пассив лексика болып бөлінеді. Тілдің лексикасы тілдегі сөздердің қолданылу аясына қарай да топтастырылады. Тіл лексикасы – тілдің сөздік құрамының белгілі бір стилистикалық қабаттарының, белгілі бір әдеби бағытқа тән сөздердің жиынтығы. Тілдегі сөздер қолданылу аясы мен стилистикалық қабатарына қарай бейтарап лексика, ауызекі сөйлеу лексикасы, қарапайым тұрмыстық лексика, эмоционалды-экспрессивті лексика, терминологиялық, диалектологиялық лексика, қоғамдық-публицистикалық лексика, интернационалдық лексика, өндірістік-техникалық лексика, поэтикалық лексика, актив лексика, пассив лексика т.б. көптеген топтарға бөлінеді.
