Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
готовый почти 2.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3 Мб
Скачать
☆

Тәл жүйесін жабдықтауды қалай жүргізеді.

Ұңғымалар тереңдіктерінің артуымен бірге түсіру және қайта көтеру қажет болатын барлық бұрғылау тізбектерінің салмағы артады, ал тәлдік арқанның шығыр барабанына оратылу жылдамдығы барлық бұрғылау құрылғылары сыныбы үшін өзгеріссіз (V<20м/с) қалады. Сондықтан да құрылғылардың әр сыныбы үшін өзіндік еселік жабдықталған тәлдік жүйе қолданылады. Бұрғылау құрылғыларында тәлдік жүйелердің 4х5, 5х6, 6х7 жабдықталу түрі кеңінен қолданылады, сонымен бірге МЕМСТ бойынша 7х8 типтік жабдықталу жоспарлануда. Мұндай жабдықталуда диаметрлері 25, 28, 35, 38мм арқандар кеңінен қолданылады.

Тәлдік жүйенің еселілік жабдықталуын дұрыс таңдаудың маңызы зор. Жабдықталу еселігінен және ілгіш жүктемесіне ұңғымаларды бұрғылаудағы көтеріп-түсіру операцияларында қатысатын бұрғылау құрылғы кешенінің көтеріп-түсіру элементтерінің параметрлері тікелей байланысты. Сонымен бірге жабдықталу еселілігіне және ілгіш жүктемесіне қолданылатын тәлдік арқанның ұзындығы мен диаметрі, трансмиссиялық бөліктің кинематикасы және тәлдік механизм, бұрғылау шығыры және оның жетектерін қамтитын бұрғылау кешенінің барлық көтеру бөлігінің жүктелуі де байланысты. Тәлдік арқандар жұмыс процесі кезінде мынадай тозу түрлеріне ұшырайды:

1) шығыр барабанына орау және одан тарату кезінде орамдар арасындағы үйкелу, орамның бір қатарынан екіншісіне өту кезінде барабан фланеціне үйкелу және тәлдік жүйенің роликтернің арнашығына үйкелу нәтижесінде жүрістік шетіндегі қажалуға;

2) ораудың жоғарғы қабаттарының төменгілерге енуі салдарынан, сондай-ақ тәлдік арқанның майларына құм түсуінен ысырылу әрекеттеріне;

3) роликке орау кезінде майысу мен шығыр барабанына орауда кері майысу нәтижесінде шаршаулық тозуға;

4) айнымалы таңбалы күшсалмақ және арқан дірілі себебінен шаршаулық тозуға.

Нәтижесінде арқан ұзына бойына әркелкі қажалады. Кішкене телімде өткізбейтін жұмыс кезіндегі қарқынды тозу оның уақытынан бұрын істен шығуына келтіреді. Арқанның тозу дәрежесі иірім қадамында үзілген сымдардың санымен анықталады. Сымдар санының 10% үзілген арқандар бракталуы керек. Тәлдік жүйені жаңа арқанмен жарақтандыру XIV тарауда көрсетілген.

Жаңа арқанмен жарақтандырғаннан кейін ол азғантай уақыт аз күшсалмақпен жұмыс істеуі керек. Арқанды пайдалну кезінде шығыр барабанына дұрыс орау оның қызмет мерзімін ұзартады. Барабандағы орамдар барабан фланеціне жетпеген немесе фланец жанында орам үстңне орам түскенде арқан тез істен шығады. Бұндай оралулар шығырдың дұрыс қойылмауымен, яғни барабаннын көтеру білігінің өсі горизонталь еместігімен және кронблок өсіне параллель болмауымен түсіндіріледі. Ораулар дұрыс болуы үшін монтаждау ақауын жөндеу керек.

Тартальді арқандар мен каротажды кабельдерді ұстау үшін қандай аспаптар қолданылады.

ЕРШТАР.Ерштар ұңғыда қалдырылған сым арқандар немесе каротаж кабельдерін шығарып алу үшін қолданады.Оларды стерженьдерге, метчиктерге шахмат жолмен ілмектерді пісіріп жалғау арқылы /10.1-сурет/ немесе қашаулар дайындамаларына /10.2-сурет/, шегендеу құбырлары бойына ойықтар ойып сыртына бүгу арқылы дайындайды.Ілмектерден жоғары міндетті түрде ұңғы ішінде сыналанылып қалудан қорғайтын воронка болу қажет.Ілмектердің қайырылған жері ұңғыда қалдырылған арқан диаметрінен 15мм үлкен болу керек.Ерштар ұзындығы 2метрден аспауы тиіс.Ал оларға түсірілетін салмақ шамасы 20кН.

1-ілмектер 2-тұрқы 3-воронка

4-аударма.

ШШШШШШ

Штангалы кілттердің конструкциясы мен арналуы.

Көтеріп түсіру операциялары кезінде штангілерді бұрап және бұрап шығаруды автоматтандыру АШК (3.2.сурет) деп аталатын автоматты штангілі кілт арқылы жүзеге асады. АШК кілт мынадай элементтерден тұрады:кілт блоктары, сағалық кронштейн және реверсивті ауыстырып қосқыш. Өз кезегінде кілт блогі қуаты 0,8кВт-тік жарылысқа қауіпсіз дайындалған электроқозғалтқыштан1, редуктордан10, муфтадан 2, техегіштік барабаннан 7, штангілі ұстау түйінінен 8 хәне шанышқысы 4 бар контр-кілт жүйесінен тұрады. Сағалық кронштейн блогы 5 ұңғы сағасындығы сорапты құбыр муфтасына бекітіледі. Ал кілттің өзі серіппелі ілмекпен 9 кронштейінге ілінеді. Реверсивті ауыстырып қосқыш блогы 3-штангілерді бұрап немесе бұрап шығарғанда қозғалтқышты реверстеу керек. АШК автоматты кілті (Ногаев жүйесі) қолмен немесе аяқ басқышынан (педалінен) басқарылады және штанга шаршысына кигізілетін қималы айналдырмасымен жабдықталған. Редуктордың астында контркілт орналасқан. Ол ілініп тұрған штангілер тізбегін айналып кетуден сақтайды. Кілт блогінің массасы 36 кг, сағалық кронштейн блогімен қоса барлық кешеннің массасы-105кг. Кілттің қағып алу мүшесіндегі максимады айналдыру моменті 800 Н•м-ге тең. АШК автоматты кілтін қолдану қолмен жасалатын операцияларды жеңілдетіп және жұмысты тездетіп ғана қоймай, сондай-ақ штангілердің муфталы бірігуін бұрап қысу үшін тұрақты айналу моментін қамтамасыз етеді. Бұл өз кезегінде, апаттарды азайтып штангілердің өздігінен бұралып кетуден қорғайды.

1 МШТК-16-60 атты механикалық штангілі-құбырлы әмбебап кілті дайындалған, ол диаметрлі 16,19,22,25,48 және 60 мм-лік СКҚ-дың бұрау және бұрап шығру үшін жасалған кілт электрқозғалтқышы бар айналдыршадан, электр-аппаратурадан, қажетті заттар мен саймандар. Электроқозғалтқышы бар, беріліс ауыстыру 2 жылдамдықты тісті қорабынан және электрқозғалтқыштан тұрады. Реверсивті механизм мен тісті беріліс арқылы электрқозғалтқыш білігінің айналуы червякті шестерняға тіреуіш-жетектеуіш бекітілген. Ол штангілі немесе құбырлы кілтке айналым береді. Реверсті механизмі бар беріліс ауыстыру қорабы мыналардан тұрады:червякты және оймакілтелі білікте жұп-жұбымен

3.2.Сурет. Штангілерді бұрап және бұрап шығаруға арналған автоматтық кілт АШК

отырғызылған 4 цилиндрлі шестернялар және реверс үшін істелген бір паразитті шестерня.

Оймакілтекті білікке I және II жылдамдықтарды қосатын екі дискті фрикционды муфталар отырғызылған.Көтеріп-түсіруге ауыскмен байланысты электроқозғалтқыш білігінің айналу бағыты яғни муфталы қосылыстарды бұрап шығарудан бұрап кіргізуге дейінгі  ПРВ типті реверсивті электрлік ауыстырып-қосқыштың көмегімен өзгертіледі.Электрқозғалтқыш білігінің бірінші соңына дейін орнатылған.Ол бұрандалы қосылыстарды бұрап кіргізу мен бұрап шығару кезінде қосымша айналдыру моментімен қамтамасыз етеді. Кілттің жүккөтергіштік күші160 кН. Бірінші жылдамдықтағы жетектеуіштің айналу жиілігі50 мин-1,екінші жылдамдықта –ПО мин-1.Бірінші және екінші жылдамдықтардағы айналу моменті 2600 дәне 1300 Нм.Электрқозғалтқышпен бірге айналдырғыштың салмағы 66 кг.Кілт болаттар арқылы шегендеу құбырының фланціне бекітіледі және онда құбырларды ілулі күйде ұстап тұруға арналған айналдырғыш тұтқасында сыналы ұстағышы бар. Ұңғыны жер асты жөндеуге арналған механизмдер жинағына бұдан басқа түрлі құбырлы және штангілі элеваторлар кіреді.Олардырдың көмегімен құбырлар немесе штангілер муфтаның астына ұсталып, сонымен қатар ілулі күйде тұрады. Жүк көтергіштігі 100-ден 800 кН-ға дейін элементін элеваторлардың әртүрлі конструкциялары бар. Бұдан басқа ағымдағы жөндеу кезінде түрлі өлшемді құбырлар, штангілі механизмдер мен кілттер қолданады.