Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
готовый почти 2.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3 Мб
Скачать
☆

Фрезерді не үшін қолданады және қандай түрлерін білесіз.

Магнитті фрезер. Магнитті фрезерлер ұңғы түбін металдардан тазарту үшін қолданады.Фрезер тұрқы 2,аударма 7,жоғарғы полюс 3,алюминий төлке 4,магнит 5,төменгі полюс 6 және коронкадан 7 тұрады.Аударма мен тұрқы, коронка 45-ші маркалы, ал полюс 30-шы маркалы болаттардан жасалады.Төлке магниттелінбеген АВД-1 немесе АВД-2 алюминий қорытпаларынан жасалады.Фрезермен жұмыс істеу реті төмендегідей жүргізіледі: шамамен фрезердің көтеру күшін анықтайды.Фрезерді ұңғыға түсіріп жетекші құбырды жалғап, жуу сұйығының айналуын қалпына келтіреді де, фрезерді 60-100 айн/мин айналдыра отырып, ұңғы түбіне түсіреді.Ұңғы түбіне 20-30см жеткізбей бір орында 10-15мин айналдырып, одан кейін ұңғы түбіне түсіріп, тағыда 10мин айналдырып, жуу сұйығы мен фрезердің айналуын тоқтатып, оны ұңғыдан көтеріп шығарады.Көтеріп шығарып, оны тазалап жуып, ағаш дөңгелекпен жауып, құлпылық бұрандасын тазалап, майлап қояды.Магнитті фрезерді металл аспаптардан бөлек сақтайды.Фрезерді бөлшектеу оны магнитсіздендіруге соқтырады.

Түптік фрезерлер ұңғыда қалдырылған металл заттарды фрезерлеу үшін қолданады.Фрезер жоғарғы шетінде құлпылық муфтаға арналған аудармасы бар цилиндр сом темір.Оның төменгі шетінде тарамдалған бағытпен ортасына қарай кішірейтіле ойылған тістері бар.Олардың беттері қалыңдығы 2-2.5мм қатты қорытпалармен қапталған.Фрезер центрін бойлай жуу сұйығы өтетін канал бар, ал фрезер тістері үйкеліп жойылған кезде, жуу сұйығының ортаңғы тесіктен құбыр сыртына шығуы үшін фрезердің төменгі шетінен өңеш жасалған.Фрезерлер тістері орналасу бағыты мен құлпылық бұрандасына сәйкес оң және сол етіліп жасалады.Фрезердің цилиндр тәріздес бөлігінің ұзындығы оған үш қайтара тіс оюға болатындай етіп, есептелініп алынады.Фрезер ұңғы түбінде 40-60айн/мин жылдамдықпен 8-ден 12 сағатқа дейін жұмыс істей алады.Кейінгі кезде оларды турбобұрғылық тәсілде де қолданады, бұл жағдайда қолдану уақыты 3-4 есе азаяды.Фрезермен жұмыс істер алдында ұңғыда жуу сұйығының айналуын қалпына келтіреді.Жуу сұйығының қысымының өсуі фрезердің істен шыққандығын көрсетеді.Фрезердің ұңғы түбінде жұмыс істеуі кәдімгі бұрғылау қашауымен бірдей. Ішкі тістері бар башмақтық фрезер ұңғы ішінде үзілген бұрғылау құбырларының шеттерін өңдеу үшін қолданады.Одан кейін негізгі ұстағыш аспаптар түсіріледі. Фрезердің ішкі бетіне екі конустық жазықтықта тістер ояды.Фрезердің жоғарғы шетіне шегендеуші құбырларға арналған ішкі бұранда ойылады.Аударма арқылы фрезерді шегендеуші құбырлардан бұрғылау құбырлары тізбегіне жалғайды.Фрезерлер оң және сол түрлерге бөлінеді.Олардың тістері 1.5-2мм тереңдікте бекітіліп қатайтылады.Төменгі шетінде тістері бар башмақтық фрезер/6.4-сурет/ ұңғы қабырғасы мен бұрғылау құбырлары арасындағы кеңістіктегі тау жыныстарын немесе металл заттарды бұрғылау үшін қолданылады.Фрезер төменгі шетіне қарай кеңейтіле соғылған цилиндр.Төменгі шетіне тістер ойылып, қатты қоспалармен қапталады, ал жоғарғы шетінде шегендеу құбырларына арналған бұрандасы бар.Фрезердің ұзындығы 1-2м шегендеу құбыры арқылы бұрғылау құбырлары тізбегіне жалғайды.Фрезерді 20-40айн/мин-пен айналдырады.Айналдыру кезінде жуу сұйығының қысымын және қозғалтқыш жетектерінің жұмысын қадағалап отыру қажет.Фрезердің ұңғы ішінде жұмыс істеу уақыты 6-10 сағат.Ұңғы түбіндегі металл заттарды /қашау,құлпы және басқа/ ұстау үшін қолданылатын башмақтық фрезерлерді тозған колоколдардан немесе қабырғасы қалың құбырлардан дайындайды.Шеттеріне сегіз қырлы победит кескіштер немесе победит тілмелер қондырады.