Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
готовый почти 2.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3 Мб
Скачать
☆

Кронблоктарды, тәлдік блоктарды және арқандарды жөндеу

Кез-кедген бұрғылау қондырғы тәлдік жүйесінің құрылымына кронблок, тәлдік блок, тәлдік арқан және ілмек кіреді. Кронблок тәлдік жүйенің жылжымайтын түйіні болып табылады және тәлдік блокты, ілмекті және оған ілінген жүкті асулы күйде ұстауға арналған. Кронблокті баптаудың мағынасы негізінен бұрандалық бірігулерді тартудан және мойынтіректердің ұзақ және істен шықпай жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін, оларды майлаудан тұрады. Роликті мойынтіректі қолдық сораптың көмегімен майтесік арқылы аптасына бір рет әмбебап балқымалылығы орташа жағармай УС-3 толтырады. Мойынтіректердің күйі арқандық блоктармен бақыланады. Олар кідірмей және шусыз, қаптамаға тимей өсте еркін айналуы керек. Жұмыс істеу кезінде мойынтіректердің температурасын қадағалап отырады. Ол 70С аспауы керек, өйткені одан жоғары температураларда жағармай өзінің сапасын жоғалтады. Бұл температурадан жоғарылап кету майдың жоқтығы немесе кірлеп кеткені жөнінде хабар береді. Соңғы жағдайда майлау арналары мен мойынтіректерді қолдық сорап көмегімен керосинмен немесе дизель отынымен жуып, сонан соң жаңа жағармай толтырады.Айналу кезіндегі мойынтіректердең шуылы олардың тозғаны жөнінде, ал арқандық блоктардың кідіріп қалуы олардың сынғаны жөнінде хабар береді. Екі жағдайда да мойынтіректер ауыстырылуы керек. Қысып қалу мен қармау жұмыстары кезіндегі өстерге түсетін асқын күшсалмақ оларды майыстырады, бұл блоктардың соғылысына және мойынтіректердің қарқынды тозуына әкеледі. Бұндай кронблоктер шеберханаларда жөнделеді. Кронблокті бөлшектеуде орындалуы керек: кожухты ашу және оны шешіп алу; рамадан көмекші роликті ажырату; тіректерді және босату; өсті жинақтаулы күйінде шешіп алу; кідіртпе шайбаның жапырақшаларын қайырып, гайканы бұрап алу; штифті алып тастау; өстен тіректерді және , төлкені , блокты роликті мойынтірегімен , сондай-ақ аралықтық сақиналарды және шешіп алу; роликті мойынтіректерді блок қабынан итеріп шығарып, серіпелі кідіртпе сақинаны алу; өстен майтесікті бұрап алу; кронблокті кірден тазарту және жуу; бөлшектердің ақауларын анықтау және ақаулау ведомостысын жасау

Мойынтіректерді итеріп шығаруды жеңілдету үшін газдық қыздырғышпен блок қабын 90-100С дейін қыздырады. Кронблокты жөндеу кезінде тозуы рауалы шамадан асып кеткен роликті мойынтіректі, қатайту және басқа бөлшектерін ауыстырады.

Роликті мойынтіректерді шамадан тыс люфт немес олардың сынуы себептерінен ауыстырады. №42234 рликті мойынтіректердің шектік рауалы люфтісі 0,3-0,4 мм тең. Радиальдық саңылауы 0,5 мм асатын мойынтіректерді ауыстыру керек. Жаңа мойынтіректерді салмас бұрын блок қабындағы тесікті өлшеу керек. Ол мойынтіректің жоғарғы сақинасының сыртқы іс жүзіндегі өлшемімен беттескенде 0,035 мм қысыңқы жинаққа кепілдік беруі керек. Мойынтіректі орнатар алдында блокты 100-160С дейін қыздырады, ол монтаждауды жеңілдетіп, блоктың орнату тесігінің тозуын азайтады. Әрбір күрделі жөндеу кезінде кронблок өсін магнитті дефектоскоппен тексереді.

Өстер мен блоктарды қайта қалпына келтіру әдістері ілгеріде қарастырылды. Әсіресі жүрістік шетке жақын орналасқан блоктар тезірек тозады. Сондықтан блоктарды жинақтау кезінде олардың орындарын ауыстыру керек. Көмекші блоктарды жөндеу кезінде арнашық пішінін қайраумен қайта қалпына келтіреді, ал блок өсі мен төлкені ауыстырады. Кронблок рамасында жарықтар мен үгітілулер болмауы керек; рама арқалықтары параллель болуы керек; параллельдіктен ауытқу арқалықтың бүкіл ұзындығына 5 мм аспауы керек; деформацияланғанраманы түзету немесе ақаулы арқалықтарды берікті сондай жаңасымен ауыстыру қажет.

Бөлшектерді жөндеп болған соң, кронблокты жинақтар алдында өстегі майлау арнасын керосинмен жуып немесе сығымдалған ауамен үрлеп, әрқайсысын жекелеп тазалау қажет. Сонан соң майтесікті өстің маңдайына бұрап орнатып, қол сорабымен бүкіл тесік арқылы майды енгізеді.

Жөнделініп болған кронблокты жинау тәртібі бөлшектеуге кері тізбекпен жүргізіледі. Блоктарды өске отырғызар алдында роликті мойынтіректерді мол етіп майлау керек. Жинап болған соң әрбір арқандық блокты қолмен айналдырып айналу жеңілдігін тексереді. Кез-келген блокты айналдырғанда көрші тұрған өс айналуы керек. Блок жылғасының ең алыстағы өлшенген нүктесінің маңдайлық соғылуы 1 мм аспауы керек. Жылғалардың жұмыстық бетіндегі диаметрі 5 мм және тереңдігі 2 мм кемшіндерді пісіріп, сонан соң тазалап қоюға болады. Кронблоктың пісіру тігісінде жарықтар, қождық қосылымдар, газ қуыстар, кесілген жерлер, күйіп кетулер және басқа тігістің беріктігіне әсер ететін кемшіліктер болмау керек.

Тәлдік блоктың бөлшектерінің тозу сипаты және оларды жөндеу кронблоктікімен бірдей, айырмашылығы тек қана сырғаны, сырға саусақтарын, жоғарғы щит пен төменгі щитті қалпына келтіруде. Тәлдік блоктың сырғасының бетінің қауіпті қимасының жазықтығында ені 10 мм дейін, тереңдігі 3 мм дейін тозулары болуына рұқсат етілген. Тозған беттерді пісіріп жөндеуге болмайды. әрбір 6 ай сайын жақтарды, сырға саусағын және өсті магниттік немесе басқа тәсілдермен тексеру қажет. Жөндеу кезінде тәлдік блоктың жақтарына ерекше көңіл аудару керек. Бұрғылау процесінде және түсіру-көтеру операцияларында ол кейбір элементтерінде кернеуді арттыратын статикалық, динамикалық және дірілдік күшсалмақтарды қабылдайды. Пайдалану поцесі кезінде саусақтардың 16 отыруларының әлсіреуі салдарынан жақтардың үзілулері болуы мүмкін. Диаметрі бойынша тозуы 2 мм асатын сырғаларды ауыстыру керек. Кожухтағы майысуларды газ жандырғышпен қыздырып, түзейді, ал жарықтарды пісіреді.

Тәлдік блокты жинау бөлшектеуге кері бағыттағы тізбекпен жүргізіледі. Барлық бұрандалы қосылыстар дірілдік күшсалмақ әсерінен өздігінен бұралып кетуден сенімді кідіртпеленуі керек.

Тәлдік арқандар жұмыс процесі кезінде мынадай тозу түрлеріне ұшырайды:

1) шығыр барабанына орау және одан тарату кезінде орамдар арасындағы үйкелу, орамның бір қатарынан екіншісіне өту кезінде барабан фланеціне үйкелу және тәлдік жүйенің роликтернің арнашығына үйкелу нәтижесінде жүрістік шетіндегі қажалуға;

2) ораудың жоғарғы қабаттарының төменгілерге енуі салдарынан, сондай-ақ тәлдік арқанның майларына құм түсуінен ысырылу әрекеттеріне;

3) роликке орау кезінде майысу мен шығыр барабанына орауда кері майысу нәтижесінде шаршаулық тозуға;

4) айнымалы таңбалы күшсалмақ және арқан дірілі себебінен шаршаулық тозуға.

Нәтижесінде арқан ұзына бойына әркелкі қажалады. Кішкене телімде өткізбейтін жұмыс кезіндегі қарқынды тозу оның уақытынан бұрын істен шығуына келтіреді. Арқанның тозу дәрежесі иірім қадамында үзілген сымдардың санымен анықталады. Сымдар санының 10% үзілген арқандар бракталуы керек. Тәлдік жүйені жаңа арқанмен жарақтандыру XIV тарауда көрсетілген.

Жаңа арқанмен жарақтандырғаннан кейін ол азғантай уақыт аз күшсалмақпен жұмыс істеуі керек. Арқанды пайдалну кезінде шығыр барабанына дұрыс орау оның қызмет мерзімін ұзартады. Барабандағы орамдар барабан фланеціне жетпеген немесе фланец жанында орам үстңне орам түскенде арқан тез істен шығады. Бұндай оралулар шығырдың дұрыс қойылмауымен, яғни барабаннын көтеру білігінің өсі горизонталь еместігімен және кронблок өсіне параллель болмауымен түсіндіріледі. Ораулар дұрыс болуы үшін монтаждау ақауын жөндеу керек. Арқан сымдары және өрімдері жұмыс процесі кезінде бір-біріне қатысты ығысып, нәтижесінде үйкеліс күші себебінен арқанның тозуына әкеледі. Пайдаланудың алғашқы кездерінде канатта заводтық майлауы болады, бірақ жұмыс процесінде ол сығылып шығарылып, тез таусылады. Сондықтан пайдалану процесінде арқан майланып тұруы керек. Арқанның сыртқы майлауы қажалудан және коррозиядан қорғайды. Майды жылдың кез-келген уақытында жылы күйінде арқанды барабаннан тарату кезінде қылқаламмен жағады. Майлау материалы ретінде жазда техникалық вазилинді және беймаусымдық май ретінде мазутты пайдаланады. 1500 м дейінгі тереңдікті бұрғылау кезінде майлауды екі-үш рейстен кейін, ал 1500 м кейін әрьір түсіру мен көтеру алдында жүргізеді. Арқанның 1 м ұзындығының жұмыс істеу уақытын артыру және ұзындыңы бойына тозу біркелкі болуы үшін пайдалану кезінде айналдырып жіберуді іске асырады. Ол үшін жылжымайтын шетін бекітетін құрылымнан кейін барабанда арқанның артық қоры болуы керек. Тереңдігі 2000 м асатын ұңғылар үшін тәлдік арқанның ұзындығы 1200-1500 м болуы қажет. Жаңа арқанды орнатқаннан кейін оның жүрістік шеті толық жұмыс істеп шығуы керек. Сонан соң жаңа жүрістік шетінің ұзындығына айналдырылады. Арқанды кесу ұзындығы былай анықталады: жүрістік шетіндегі арқанның тозу дәрежесі 20-25%, ал шығырдың барабанында – бірінші орауының тозуы 100% болуы керек. Әрі қарай жұмыс істеу барысында жүрістік шетті 45-60 м айналдырады. Келесі кесу қзындығын барабанда орамның бесінші қатары толығынан оралғаннан кейін жасайды. Кескен жерде оның екі шетінен де жұмсақ сыммен байлам жасайды. Айналдыру және кесу ұзындығы жөнінде мәліметтер бұрғылау жорналында жазылады. Тәлдік арқан күн сайын және де маңызды асқын салмақтан кейін тексерілуі керек. Тозған арқандар қалпына келтірілуі мүмкін, бірақ оларды тәлдік жүйелерді жарақтандыруға емес, ал такелаждық жұмыстарға пайдаланады. Арқанның бір иірімі тозған кезде оны толығымен ауыстырады, ол үшін сәйкес жабдықты қолдануды талап етеді. Үзілген арұанды жалғайды. Ол үшін үзілген жердің шеттерінен 0,5-1,4 м қашықтықтан жұмсақ сыммен қатаң байлам жасайды және үзілгеннен қалған шетін иірімдерге таратады. Иірімнің шеттерінің сымға тарауын болдырмау үшін олардың шеттері де жұмсақ сыммен оралады. Органикалық өзекшесін кесіп тастайды. Таратылған иірімді өреді. Жалғастыру ұзындығын арқанның 40 диаметріне тең етіп алады. Ілмектерді жөндеу. Бұрғылау ілмектері мен ілмекблоктар бұрғылау кезінде бұрғылау тізбектері мен ұршықты асулы күйінде ұстап тұруға, түсіру-көтеру операциялары кезінде штроптар мен элеваторлардың көмегімен шегендеу және бұрғылау құбырларын ілуге, сондай-ақ бұрғылау процесінде және монтаждау-демонтаждау жұмыстары кезінде көмекші жұмыстарды орындауға арналған. Ілмектер жасау тәсілі бойынша құйылған, иленген және құрама (пластинкалық) болып бөлінеді

Ілмектердің негізгі ақаулары мыналар: серіппенің 13 әлсіреуінен, әлде оның сынуынан ілмек жүрісі 130-145 мм қамтамасыз етілмеген; корпустар 4, кәдәрткәштен (стопордан) 5 және серіппеден 3 құралған ілмектің құлпы жабылмайды, бұл жиі серіппенің сынуынан болады; серіппемен 7 жабдықталған бұралу кідірткіші 6 ілмектің 1 айналуын тоқтата алмайды, бұл серіппенің немесе кідіріткішиің сынуынан болады.Барлық ақаулар ілмектің техникалық күйін тексеру кезінде анықталады. Істен шыққан бөлшектер жаңасымен ауыстырылады. Бұдан басқа, ілмектің ағымдағы жөндеуі кезінде бұрандалы қосылыстары тексеріледі және бекіту бөлшектері ауыстырлады. Ілмекті белгіленген тәртіппен бөлшектейді. Ілмек езуі құлпының саусағын итеріп шығарып, құлыпты шешіп алады. Өстерден 20 және 22 саусақтарды итеріп шығарып, бүйірлік мүйіздердің жақшаларын 21 шешіп алады. Өсті 19 итеріп шағарудан және оқпаннан 11 ілмекті 1 ажыратпастан бұрын, кідіртпе планканың болттарын бұрап алып, оны шешіп алады. Оқпаннан 11 гайканы 12 бұрап алу үшін, алдымен болттарды бұрап алып, қақпақшаны шешіп алады, сонан соң гайканың 12 өздігінен босап кетуін болдырмайтын, сақтандырушы планканы бекітіп тұрған оқпанның шетіндегі болттарды бұрап алады. Осы операцияларды орындап, кідіртпе планканы ұрып шығарады, гайканың бағыттаушысы болып табылатын, бойлық кертіктері бар, стаканның бүйірлік шпонкасының пісірулерін шауып тастайды. Шпонканы шығарып алып, қауіпсіздік шараларын сақтай отырып (өйткені бұрап алудың соңында серіппенің 13 әсерінен гайка үлкен күшпен ұшып кетуі мүмкін), гайканы 12 бұрап алады. Сонан кейін траверстен 18 серіппе 13 мен оқпенды 11 шығарады. Болттарды бұрап алып және кідіртпелі жарты қамытты 6 шешіп алып, траверстен стаканды шығарады және тербелістік элементері 9 бар, жоғарғы және төменгі сақиналардан 10 және 8 тұратын тіректі 15 шешіп алады. Траверстен 18 штропты 16 ажырату үшін, өстердің 17 жылжып кетуін болдырмайтын, планкалардың пісіру тігістерін шауып тастайды, олардың шеттеріндегі майтесіктерді штуцерлерімен бірге бұрап алады, ал штуцерге арналған ішкі бұранданыитеріп шығарушы болттың көмегімен өстерді демонтаждауға пайдаланады. Ілмек езуінің кідңртпесі мен құлпын бөлшектеп болған соң бөлшектерді жуып, ақаулық ведомостыны жасауға кіріседі. Ілмектің бөлшектерін сырттай тексеру кезінде бұрандалардың күйіне, оқпанда, бірінші кезекте оның бұрандалық бөліктерінде пайда болатын, жарықтардың болуына және ұршықтың штопорынан ілмек езуін қорғап тұратын төсемдердің тозуына ерекше көңіл аудару керек. Қажалуы 3 мм астам төсемдерді балқыма құйып қалпына келтіреді немесе екі ескі тойтармасын алып тастап, орнына жағаларын қойып, оларды ауыстырады. Радиаль-тіректік мойынтіректердің жүгіру жолдарының тозған беттері тегістеледі және 0,15 мм аспайтын саңылауға шаблонмен тексеріледі. Ақаулы бетті шарлар ауыстырылады, ал қалғандарын, диаметрлерінің айырмашылығы 0,02 мм аспайтындайетіп, комплектілейді. Жоғарғы және төменгі сақиналардың шарларының орталық жүгіру жолдары диаметрлерінің айырмашылығы 0,2 мм аспауы керек.