- •Қабатты гидравликалық жару.
- •Қабатты гидравликалық жару кезінде қолданатын жабдықтар
- •Құбырлы кілттердің конструкциясы мен арналуы.
- •Құбырлы механикалық кілттердің конструкциясы мен арналуы
- •Құмды және гидратты тығындардан тазалау мен жуу.
- •Қышқылды өңдеуге арналған жабдықтар.
- •Құбырлар мен штангілерді бұрау және ашу кезінде қандай қолданылады.
- •Құбырды ұстаудың қай жағдайында құбыр ұстағышты, колоколды және метчикті қолданады.
- •Мұнаралар мен мачталардың конструкциясы мен арналуы.
- •Спайдердің арналуы және қандай бөліктерден тұрады
- •3.6 Сурет. Слайдер асг-80: 1-орталықтандырғыш қаптамасы.2-корпус;3-сына корпусы; 4-плажка; 5-подвеска;6-пружина; 7-бағыттаушы.
- •Түп аймақтарға әсер ететін және ұңғыманы цементтеу кезенде қолданатын жабдықтар мен қондырғылар.
- •Теңіз ұңғымаларын жөндеудің ерекшеліктері.
- •Тәл жүйесі не үшін арналған және қандай механизмдерден тұрады.
- •Кронблоктарды, тәлдік блоктарды және арқандарды жөндеу
- •Тәл жүйесін жабдықтауды қалай жүргізеді.
- •Тартальді арқандар мен каротажды кабельдерді ұстау үшін қандай аспаптар қолданылады.
- •Штангалы скважиндық сораптарды пайдаланатын ұңғыманы жөндеу
- •Штангалы механикалық кілттердің конструкциясы мен арналуы
- •Штроптың арналуы және арналуы бойынша қалай бөлінеді.
- •Ұстағыш аспаптар.
- •Ұңғыманы жөндеуге дайындау.
- •Ұңғыманы күрделі жөндеу жұмыстарының түрлері.
- •Ағымдағы жөндеуге келесілер кіреді.
- •Ұңғыма жұмысының жөндеуаралық мерзімі дегеніміз не және оның түрлері.
- •Ұңғыманы пайдалану коэффициенті дегеніміз не.
- •Ұңғыманы ағымды жөндеу жабдықтарының кешендік құрамына нелер кіреді.
- •Ұршықтың арналуы және оларды пайдалану ережелері
- •Ұршықтарға келесі негізгі талаптар қойылады:
- •Фрезерді не үшін қолданады және қандай түрлерін білесіз.
Ұңғыманы ағымды жөндеу жабдықтарының кешендік құрамына нелер кіреді.
Жоспарлы алдын ала жөндеу..
2. Жер асты жабдықтарының ревизиясы.
3. Жабдықтардың жер асты бөлігіндегі ақауларды жою.
4. Ұңғы сорабын ауыстыру.
5. Пайдалану тәсілін ауыстыру, ПЦЭН-нен ШСН-ге өту немесе керісінше, және т.б.
6. СҚҚ-ларды парафин мен тұздардан тазарту.
7. Кәдімгі СҚҚ-ларды жабыны бар (шыныланған құбырлар) құбырларға ауыстыру.
8. Сорапты қондырғы ілмегінің тереңдігін өзгерту.
9. Ұңғыны консервациялауға беру алдында ұңғы жабдығын көтеріп алу.
10. Өнімді гаризонтты зерттеуге байланысты арнайы жер асты жөндеу.
11. Апатты жөндеудің кейбір түрлері. Мысалы: плунжердің тұтынуы, штангілердің үзілуі, қысқыш немесе электрокабельдің үзілуі.
Жоғарыда аталған жөндеу жұмыстары мен бірқатар басқа жұмыстарды мұнай өндіруші кәсіпорындарда ұйымдастырылатын, ұңғыларды жер асты жөндеу бригадалары орындайды. Жер асты жөндеу бригадалары тәулік бойы (3 смена) немесе 2 сменада, кейде тіпті 1сменада жұмыс істейді. Бір вахтаның құрамына әдетте 3 адам кіреді. Көмекшісі бар- операторлар ұңғы сағасы маңында жұмыс істейді ал машинист-шығыр көтеруді басқарады
Ұршықтың арналуы және оларды пайдалану ережелері
Ұршық айналмайтын тәлдік жүйені айналатын бұрғылау құбырларының тізбегімен жалғастырады. Ол бұрғылау құбырлары тізбегінің еркін айналуын және оған шлангалар арқылы қысыммен жуу сұйығын беруді қамтамасыз етеді.
Ұршықтардың жөндеу циклі 9 айды, ал жөндеу аралығы – 3 айды құрайды. Ұршықты келесі тәртіппен бөлшектеу керек: аударғышты бұрап алу; ұршық корпусын сыртынан жуып, оны шурфқа түсіру; майын құйып алу; гайкасын бұрап алып, тамақшасын шешіп алу; тығыздаманы итеріп тұрған гайканы бұрап алып, шешу; түтікті, манжеттерді, итеріп тұрған серіппені, сақинаны және грунд-буксаны шығару; кідртпе гайкасын, гайкасын бұрап алып корпус қақпағын шешу; алдын-ала негізгі тіреу тақтасының винтерін бұрап алып, корпустан оқпанды шығару; шурфтан ұршықты көтеріп шығару, бүйір жағына жатқызып, төменгі тығыздамасын шешу; корпустық төменгі төлкесін итеріп шығару. Келесі операция ұршық оқпанынан мойынтіректерді демонтаждау.
Ұршықтарды жөндеу кезіндегі негізгі жұмыстар мыналар: негізгі және көмекші тіректерді ауыстыру; ішкі құбырды ауыстыру; шығымдарын ауыстыру; бекітуші бөлшектер мен корпустың бұрандаларын қайта қалпына келтіру.
Тозған роликті мойынтіректер жаңасымен ауыстырылады. Оларды итеріп салардан бұрын ұршық корпусы мен қақпақтарындағы отырғызу тесіктерінің диаметрлерін, сондай-ақ ұршық оқпанындағы отғызу мойындарының диаметрлерін тексеру керек. Өлшенген диаметрлер сызбаларында көрсетілген өлшемдермен тең болулары керек. Оқпанға отырғызардан бұрын май құйылған ваннада мойынтіректерді 80-900С дейін қыздырады.
Ұршық оқпанының бұрандасы тозған кезде оның шетін кесіп тастап, жонып, жаңа бұранда жасап, калибрмен тексереді. Қолмен бұралып салынған аударғыш оқпан кертпешіне 18-23 мм жетпей тұруы керек. Май ваннасы керосинмен ұқыпты жуылып, майға төзімді бояумен сырланады. Барлық май арналары мен майтесіктер кірден тазартылып, керосинмен жуылып, ауамен үрленеді.
Оқпанды мойынтіректерімен жинаулы корпусқа орнатқаннан кейін айналу жеңілдігін тексереді. Сонан соң майлы тығыздамасымен жоғарғы қақпақты және төменгі тығыздаманы монтаждайды. Қақпақ фонарына түтікшесін орнатып, тығыздаманы монтаждайды. Аралық төсемдерін салып, тамақшасы мен құбырының болтты бекітулерін тартады. Жинауды аяқтау опреациялары: ұршықты маймен толтыру, бір жұмысшы күшіменшынжыр кілті көмегімен оқпанды айналдырып, сынау, стендте айналдырмай тығыздаманы су қысымымен сынау және шынжыр кілтімен айналдыру кезінде төменгң нығыздауын герметикалыққа тексеру.
Сынаудан өткен ұршық сырланады және консервацияланады
