Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
готовый почти 2.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3 Мб
Скачать
☆

Мұнаралар мен мачталардың конструкциясы мен арналуы.

Тұрақты мұнаралар мен мачталар ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстарда пайдаланады. Оларға кронблок қондырылып, КТО-ны жүргізуге арналған тәл жүйесі ілінеді. Сонымен бірге, оларға жерасты жөндеуге қажетті тетіктер мен тораптар бекітіледі.

Жерасты жөндеу кезінде келесілер қолданылады:

ұңғыны бұрғылау аяқталғаннан кейін ұңғы үстінде орнатылатын тұрақты пайдалану мұнаралары.

бұрғылау мұнаралары, олар ұңғылар қиын жерде орналасқан болса,пайдалану уақытында қалдырылады.

Тұрақты/уақытты мұнаралар және А-типті мачталар қондырылады. Соңғылары сондай жүк көтергіштік кезінде жеңіл және алаңда орналастыру үшін едәуір ыңғайлы, сонымен қатар жерастында ұңғыларды жөндеуде қолданылады.

Пайдалануды бастаған кезде мұнаралар мен мачталарды келесі жерасты жөндеу кезінде мұқият тексеріп, маңызды назарды элементтердің түзу сызықты екеніне, пісірілген тістердің, балкондардың, баспалдақтар, қоршаулар және тартылымдардың, болтты қосылыстар тартылуларының жағдайына аудару керек. Мұнараның тіреуіш ірге тасында және мачталарда жарықшақтар мен коррозия болмауы керек.

Құбырларды және штангілерді, сонымен қатар ұзын өлшемді ұңғы ішіндегі жабдықтарды салу(қалау, төсеу) үшін, КТО-ны өткізу кезінде мұнара мен мачталардың қасында қабылдағыш көпірлер мен сөрелер құрылады.

Көпірлер тұрақты болуы мүмкін және тракторлар көмегімен құбырлар төсегіш қондырғыларда (полозья) тасымалданады, немесе дөңгелекті қыстырмаға (колесный прицеп) орнатылады.

Мұнара тәлді жүйемен жабдықталған, ол күшті шығыр барабанына оралатын арқанның жүрісті ұшынан, ілмекке беру үшін арналған. Арқанның жүрісті ұшында болатын күшпен салыстырғанда, жабдықталудың еселенуіне сәйкес ол ілмектегі күшті бірнеше есе арттыра алады. Сонымен бірдей уақытта осынша есе ілмектің орын ауыстыру жылдамдығы азаяды.

Мұнаралар (ВЭТ2250-түтікшелі пайдалану мұнарасы, биіктігі 22м, жүк көтергіштік күші 500кН) құбырлардан жасалып, ұңғыға бұрғылау мұнарасының орнына қондырылады. Мачталар-екіаяқты, іріктелген СҚҚ-дан дайындалады, биіктігі 15 және 22м, жүк көтергіштік күші 150 және250кН.(МЭСН15-15 жәнеМЭСН 22-25) түтікшелі ферма түрінде тірегі бар, олар бір-бірімен жоғарғы бөлігінде кронблокпен қосылады. Мачталар марштық баспалдақпен жабдықталады, кейде штангілер ілмегі үшін жабдықтар және жоғарыдағы жұмысшыға арналған алаңмен жабдықталады, ұңғыда мачтаны қондырған кезде оларды созылмамен бекітеді.Тұрақты мұнаралар мен мачталар күнтізбелік уақыттың тек 2-3% қолданылады, сондықтан оның қондырылуы тек ұңғыларды өте жиі жөндеген кезде ғана аяқталуы мүмкін. Олай болмаса бұл ақталмайтын металл және ақшалай ресурстардың шығындарына алып келеді. Сондықтан кәсіпшілікте қозғалмалы мачталар, қозғалатын телескопиялық мачталары немесе жиналмалы мұнаралары бар агрегаттар қолданылады.

ПППППП

Пакерлер не үшін қолданылады.

Пакерлер ұңғыма оқпанының бөліктерін тігінен ажыратуға және шегендеу құбырларының бұзылған аймағын саңылаусыздандыруға арналған. Олар профилактикалық бақылаусыз және жөндеу жұмыстарын жүргізбестен ұңғымада бірнеше сағат (мысалы, қабаттың гидрожарылысы кезінде), бірнеше ай (мысалы, жылуұстағыштарды ұңғымаға айдау кезінде) немесе бірнеше жылдар (мұнайды өндірудің әртүрлі әдістерінде пайдаланылатын пакерлер) бойына жұмыс жасауға мүмкіндік береді. Ұңғымалық саңылаусыздандырғыш – пакер ұңғыманың шегенделген бөлігінде пайдалану барысында орнатылады. Пакерлер қабылдайтын қысым 7 - 70 МПа аралығында ауытқиды. Ұңғыманы пайдалану кезінде қоршаған орта температурасы 40-1000С аралығында болады. Ал қабатқа жылулық әсер кезінде кей жағдайларда 300...4000С –ге дейін жетеді. Саңылаусыздандыру элементтері шегендеу бағанасына өстік жүктеменің түсуі нәтижесінде (СКҚ салмағынан) ашылып – жабылады.

Резинадан жасалған элемент (кей жағдайда металды кордпен армирленген болады) 1000С температурасына дейін жұмыс жасауға бейімделген.

Резиналанған және графиттелген асбесттен жасалған элемент кеңейе алады және орта температурасы 300-4000С дейінгі температурада жұмыс жасауға арналған.

Элемент шегендеу бағанасына оның ішкі қуысында артық қысымның пайда болуынан ашылып-жабылады. Оның резиналы элементі үнемі кордпен бекітілген.

Саңылаусыздандыру элементі үшін маркасы 4326, 4327, 3825 синтетикалық резина пайдаланылады. Корд ретінде мақтақағазды, полимерлі немесе металды жіптер қолданылады.

Саңылаусыздандырғыш элементтер пакерлерде пайдаланады:

  1. мұнай мен газды өндіру кезінде:

а) ұңғымада екі не одан көп оқшауланған арындарды жасау қажеттілігі туындағанда;

ә) ұңғыманы құбырсыз пайдалану кезінде (төменгі бөлігінде саңылаусыздандырғыш орнатылған ұңғымадан сұйықтықты шегендеу бағанасымен көтеруде);

б) газ немесе мұнай көріну барысында лақтыруды болдырмас үшін (бөлу клапаны бар пакер).

2) ұңғыманы зерттеу мен сынау кезінде:

а) бір ұңғымадағы қабаттарды жеке зерттеуде;

ә) шегендеу бағанасының саңылаусыздығын немесе цементтік сақинамен қабаттардың оқшаулану саңылаусыздығын тексеруде.

3) қабатқа немесе оның түбіне әсер ету кезінде:

а) қабаттың гидрожарылысында;

ә) қабат қысымын ұстауда;

б) жылуұстағыштарды қабатқа айдауда.

Пакердің негізгі элементтерінің бірі – тірегі. Тіректің арналуы – бірінші типті саңылаусыздандырғыш элементтері деформацияланған кезде СКҚ салмағынан болатын жүктемені қабылдау және барлық типті саңылаусыздандыру кезінде өстік жүктемені қабылдау. Бұл жүктемелер ондаған, жүздеген килоньютонға жетуі мүмкін және түрлі бағытта әсер етуі мүмкін.

Өздігінен нығыздалатын элемент – манжета шегендеуші құбырлар бойымен оларға тартыла жабысып төмен түсіріледі. Сол себептен резина мұндай жағдайға төзімді болуы қажет және манжетаны бірнеше рет қолдануға болмайды. Барлық басқа нығыздаушы элементтерде шегендеуші құбыр мен элементтің тірегінің арасында саңылау болады. Пакердің нығыздауыштары мен шегендеуші құбырлардың арасындағы саңылаудың диаметралды мөлшері 10...20мм. Қысымның өзгеруі салдарынан нығыздаушы элемент шегендеуші құбырға жабысады. Бірақ пакерді көтеру кезінде осы себептен ол тығырыққа тіреледі. Соған байланысты арадағы саңылауды шағын етіп жасайды, ал бірінші нығыздауыштың астында қалыпты жағдайда екінші элемент (6) орналасқан

РРРРРРРР

Райберлер мен фрезерлер

Райбер мен фрезерлер-шегенделген ұңғылардағы металл бұйымдарды геометриялық формаға келтіру үшін оларды механикалық өңдеуге қажет.Ол қағып алу сайманын оларды ұстау үшін қолдануға мүмкіндік береді.

Ұңғы ішінде қалған құбырлардың жоғарғы ақау болған ішкі бетін өңдеу үшін райбер қолданады.Райбербұл жұмыс істейтін бөлігі,бетінде тістері бар конусты аймаққа өтетін цилиндрлі формада болатын және жуу сұйықтығын беруге арналған орталық саңылауы бар аспап.Райбер мен фрезер бұранда арқылы бұрғылау құбырларына қосыла алады.

Ұсталған құбырлар тізбегі айналмасындағы сақиналы кеңістікті тазалап,тегістеу үшін кесіп-қажалайтынФК фрезерлері қолданылады .Олардан басқа,пайдалану тізбектің ішкі бетін тазалау немесе оның шектелген аймағын өңдеу үшін тізбекті конусты фрезерлер қолданылады.Мөрбұл ұңғыда орналасқан апатты объекттің жоғарғы ұшының жағдайы мен орналасуын анықтау үшін керек.

Бұл мәліметтерді мөрдің пластинкалық сыртқабықшасының деформациясын талдап алады.Әрине бұл мөрді ұңғыдан шығарып алған соң болады.

Мөрлер шартты диаметрлері 114,140,146,168ммболатын шегендеу құбырлар тізбегінің жұмысы үшін арналған.

.

Ротордың арналуы және қандай негізгі бөліктерден тұрады.

Бұрғылау роторлары келесі операцияларды орындауға арналған:

– роторлық бұрғылауда ұңғыны қазу кезінде бұрғылау тізбегін айналдыруға;

– түптік қозғалтқыштарды қолдану кезінде бұрғылау тізбегінің ротор тесігі арқылы төмен берілісін болдыруға және реактивті айналу моментін қабылдауға;

– КТО кезінде бұрғылау және шегендеу тізбегін ұстап тұруға;

– ұңғыны бұрғылау және шегендеу жұмыстарында кездесетін авариялық жағдайларда қосалқы аспапты айналдыруға.

Роторлар бұрғылау қондырғысының негізгі механизмдерінің қатарына жатады және өту тесігінің диаметрі, қуаты және рұқсат етілген статикалық жүктеме бойынша ерекшеленеді. Конструкциялық орындалуы бойынша роторлар жылжымайтын және ұңғы сағасына қатысты тік бағытта ілгері-кейінді қозғалатын деп бөлінеді.

Ротор жетегі бұрғылау шығырынан беріліс қорабы арқылы шынжырлы, карданды және тісті берілістермен қозғалыс алады немесе жеке қозғалтқышпен іске қосылады. Жетектеріне байланысты роторлар айналу моменттерінің және жылдамдықтардың сатылы, үзіліссіз-сатылы, үзіліссіз өзгеруілеріне ие. Реактивті айналу моментін қабылдау үшін олар ротор столында немесе тезжүргіштік білікте орналасқан тоқтатқыш құрылғылармен жабдықталады. Жылжымалы бөлшектер күшпен бүрку арқылы майланады. Роторлар екі орындалуда болуы мүмкін – құбырларды ұстауға арналған пневматикалық сыналы ұстағышпен ПКР және онсыз.

Ротор конструкциясы жоғары өнімді еңбекке қажетті қолайлылықты қамтамасыз етуі және қызмет етудің қауіпсіздік және сенімділік талаптарына сай болуы керек. Ротор өлшемдері бұрғылау алаңында орнатуға берілген кеңістікпен шектелуі тиіс. Бұрғылау қондырғыларының әртүрлі тобында және модификациясында қолданылатын роторлар техникалық параметрлері мен құрылымы бойынша мейілінше бірыңғай келеді

МЕСТ 162.93-82 бойынша ротордың негізгі параметрлері өту тесігінің диаметрлері: 460, 520, 560, 700, 950, 1260 .

Жүккөтергіштігі бойынша: 2 МН, 3,2 МН, 4 МН, 5 МН, 6,3 МН, 8 МН

Айналу жиіліг бойынша 30 ...350 айн/мин болып бөлінеді

Ротордың корпусы қатты қызып кеткен жағдайда - Май ваннасында май көлемі жеткіліксіз немесе тым артық, май ластануы да мүмкін. Май көлемін реттеу, ласт анған болса ауыстыру қажет.

Ротордың біржақты қызып кетуі –ротор үстелі мен мұнараның остес болмауы, ротор үстелі мен ұңғыманың остестігіне көз жеткізу, дұрыс болмаған жағдайда дұрыстау және орталықтандыру қажет.

Ротор үстелі жұмыс барысында дірілдесе –үстелдің тірегінде үлкен саңылаудың болуы дұрыс реттелмеуі, саңылауды қажетті көлеміне дейін реттеу.

Заедание стола ротора –выход из строя опор стола, роторды жөндеуге жіберу қажет.

ССССССС

Спайдердің конструкциясы мен арналуы.

Спайдер АСГ-80тұлғадан тұрады.Онда сыналы алқа,ауыспалы орталықтандырғыш және сыналарды көтеретін механизм орналасқан.Тізбекті алқа үш сынадан тұрады,олардың жұмыс беті бұранда кескішпен (плашка) жабдықталған. Спайдердің құрамы: 1-орталықтандырғыш қаптамасы.2-корпус;3-сына корпусы; 4-плажка; 5-подвеска;6-пружина; 7-бағыттаушы.

Тұзақтың (петля) көмегіменсыналар серіппелі алқамен байланысқан.

Спайдер муфтаның сына үстінде үнемі бір қалыпты биіктікте тұруын қамтамасыз етіп ,келесі түрде жұмыс істейді.Құбырларды сынаға отырғызар алдын алқа серіппенің әсеріненжоғарғы жағдайды алады. Төмен түсер кезінде элеватор сыналы алқаға әсер етіп