Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
готовый почти 2.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3 Мб
Скачать
☆

Ұршықтарға келесі негізгі талаптар қойылады:

– КТО және бұрғылау тізбегін жалғау кезінде ұршықтың көлденең өлшемдері оның мұнара ішінде еркін орын ауыстыруына кедергі келтірмеуі керек;

– тез тозатын түйіндері мен бөлшектері кәсіпшілік жағдайларда тез алмастыру үшін ыңғайлы болуы керек;

– майдың жеткізілуі мен таратылу нәтижесінде ұршықтың үйкелетін бөлшектерін майлау және суыту қамтамасыз етілуі керек;

– тәл блогымен байланыстыратын қондырғы сенімді және шурфтан ұршықты тез шығаруына ыңғайлы болуы керек.

Ұршықтарды жаңа нүктені бұрғылауда пайдаланудың алдында келесі жағдайларды тексереді:

1. Оқпанның дұрыс айналуын. Оқпан жұмысшы күшімен ұзындығы 1м болатын кілт сабына түсірілген күшпен айналуы тиіс. Егер оқпан айналмаса, онда ішкі құбырдың нығыздалуын сәл әлсірету керек. Егер ол жағдайда айналмаса, онда ұршықты ауыстыру қажет.

2. Оқпан мен аударманы сырттай бақылаған жағдайда жарықша табылса немесе тозған болса, оны жөндеуге жөнелту керек.

3. Мойынның, ұршық қақпағының және төменгі фланецтің сенімді бекітілуі (бұл жағдайда гайканың айналып, шығып кетуін болдырмау мақсатында оның дұрыс бекітілуіне баса назар аударылады) қажет;

4. Штроптардың сыртқы тексерудегі жағдайы және оның саусақта айналуы қамтамасыз етілуі қажет;

5.Тік қалыптағы ұршықтағы майдың деңгейі мен сапасын (қажет болса, май қосады немесе бұрынғысын жаңасымен ауыстырады) тексеру қажет;

6.Оқпанның төменгі бөлігінің нығыздалуы жағдайын (егер одан май аққан жағдайда асбографитті манжет пен севанитті сақинаны ауыстырады, севанитті нығыздағыштың іші қою маймен толтырылады) тексереді.

Ұршықтың корпусы қатты қызып кеткен кезде –Май ваннасында май көлемі жеткіліксіз немесе тым артық, май ластануы да мүмкін. Май көлемін реттеу, ластанған болса ауыстыру қажет.

Ұршық оқпаны проворачивается с большим усилием или не проворачивается –тіректік мойынтірек саңылауы дұрыс емес орналастырылған. Сальниктік уплотнители сильно сажаты. Регулировкасын тексеру , қажет болса дұрыстау

Ұршық оқпанында үлкен радиалды люфт болса –оқпанның орталықтандырушы мойынтіректер қатты тозып кеткен, бұл кезде ұршықты ремонтқа жібереміз.

Ұршықтың төменгі уплотнителінен майдың тамшылауы –сальниктердің тозуы немесе дұрыс реттелмеуі. Сальниктерді дұрыс бекіту қажет

Ұршықтың уплотнителінен майдың тамшылауы –манжетаның тозуы немесе дұрыс бектілмеуі, манжеталарды дұрыс бекіту немесе ауыстыру қажет.

ЭЭЭЭЭЭЭ

Элеватордың конструкциясы мен арналуы.

Элеваторкөтеріп-түсіру операциялары КТО үрдісі кезінде құбырлар мен штангілерді ұстап және оларды вертикальды көлбеу және горизонталь жағдайда ілулі күйде ұстауға арналған аспап.Элеваторларды штангілі және құбырлы түрлерге ажыратады.Соңғы түрі өз кезегінде бұрғылау, шегендеу және сорапты-компрессорлы құбырларға арналған элеваторлар болып табылады. Конструкциясы бойынша екі сырғалы балочные және бір сырғалы стержневые элеваторлар түрлерін ажыратады.Әр түрдегі элеваторлардың конструкциясы олардың электр-және гидрожетек кілттерімен бірге КТО үрдісінде қолданылуын қарастырады.Осы кезекте екі кезекті элеваторлар ұңғыларты жуу, сағалық жабдықтарды монтаждау кезінде және басқа да операцияларда едәуір ыңғайлы болып келеді.Бір сырғалы элеватар ЭГ қолмен басқарылатын және механикалық кілттерді қолданданған кезінде көтеріп-іру операцияларды орындауға арналған .Элеватор ЭТА тұлғадан тұрады.Ол екі шплинтталған саусақтардың көмегімен сырғаға қосылған. Тұлға ішіндегі беті үшкірленген,оған ұстау торабы тіреледі.Элеватордың мүмкіндігін кеңейту және оның конструкциясын бір қалыпқа келтіру үшін ұстау торабы тез ауыстырылатынболып жасалған және бір тұлғаны үш-

төрт өлшемді құбырлармен жұмыс істеуде мүмкіндік береді. Слнымен қатар,ЭЗН элеваторлары ұстау тетігі мен муфтасыз СКҚ ұстап оларды ұстап тұруға арналған ЭНКБ-80 элеваторларымен бірге қолданады.Соңғысы ЭНКБ-80 тұлғадан,тиегі затвор барекі жармадан створки сыналы серіппеден, басқару рычагынан және сырған тұрады.Оны құбарға отырғызған кезде элеватор жармалары автоматты түрде тұйықталып, тиекпен жабылады. Элеватордың суырмалы ұстағыштары ауыстырылады.Бұл бірнеше өлшемді құбырлармен жұмыс жасаған кезде бір тұлғаны қолдануға мүмкіндік береді.

Элеватор спайдер ЭС 33-52x28 бөрене формадағы тұлғадан тұрады.Оның төменгі бөлігінде тіреуіш плита орналасқан.Бұл элеватор туфтасыз құбырлар тізбегін ұстап ,оларды ілулі жағдайда ұстауға арналған.Егер аспап элеватор ретінде қолданылса,онда оны құлақшаларынан штроптары арқылы тәлді жүйенің ілмегіне іліп қояды,егер де спайдер ретінде қолданса,онда оған тіктеуіш (центратор )орнатып, оның тіректі плитасын болатпен сағалық фланецке бекітеді.Элеватор тұлғасы жармамен (створка)жабылатын ашадан (зев)тұрады.Тұлға ішінде үш сынаны қосатын және басқару рычагымен іске келтірілетін сыналы алқа сонымен қатар тіктеуіш орналасқан .

Бұдан басқа жер асты жөндеу жұмыстары кезінде бұрғылау мен шегендеу құбырына арналған тұлғалы элеваторлар қолданылады.

Штангілі элеватор штангілерді көтеріптүсіру кезінде қолданылады.Ол сақиналы эксцентрлі оймасы бар тұлғадан тұрады.Оның ішінде эксцентрлі орналасқантесігі бар төлке айналады.Тұлға мен төлкеден саңылаулар қарастырылған,оларды қосқан жағдайда штанганы элеваторға бос кіргізіп немесе шығаруға болады.Төлке 1800айналғаннан кейін элеватор жабылады,ал оның тесігінің осі және жабылатын штангінің осі элеватор осімен сәйкес келеді.

ФФФФФФ

Фонтанды-компрессорлы тәсілді пайдаланатын ұңғыманы жөндеу.

Фонтанды тоқтату мақсатында фонданды компрессорлы ұңғыны жөндеу үшін оны мұнаймен сумен немесе бұрғылау ерітіндісімен өшіру керек. Ұңғыны құм тығындарынан немесе тоттану өнімінің сальниктерінен тазалау үшін оны аэреленген сұйықтықпен жуып немесе оған газды (сығылған ауа) айдайды. Содан кейін құбырлардың жоғарғы ұшына құбырды немесе қосқұбырды жалғастырып СҚҚ лардың бүкіл тізбегін түсіреді. Құбырларды ұстап қалу жағдайында, оларды ары бері жүргізіп, құбырлардың жоғары төмен қозғалу аралықтарын бормен белгілеп отырады. Бұл жұмыстарды масса индикаторы болған кезде ғана жүргізуге болады.

Ұсталып қалған құбырларды ары бері жүргізу арқылы босата алмаса, онда бір құбырды (қосқұбырды) бұрап шешіп, ал ұсталған СҚҚ тізбегіне құбыры бар ұршықты жалғап, оны ары бері жүргізіп, сонымен бір уақытта циркулясияны қалпына келтіруге тырысу керек. Егер осындай кезде де, ұсталған құбырлар босатылмаса, онда ұңғыны күрделі жөндеуге тапсырады.

Фонтанды-компроссорлы арматураны жинау үшін алғашында бүйіріндегі фланцті ажыратып, буферлік келте құбырды шешіп, оны шетке қойып және оның орнына төменгі ұшына муфта пісіріліп жалғанған көтергіш келте құбырды сол болттармен біріктіреді.Үштармақ пен орталық қондырмалы ысырма арасындағы болттарды бұрап ағытып, элеваторды көтергіш келте құбыр муфтасы астына кіргізіп, абайлап көтеріп қойып, кейін арматураны қайтадан шешу керек.

Фонтанды-компрессорлы арматура кері реттілікте жиналады.

Эргазлифтілі ұңғылар бойынша арматураны шешпестен бұрын, газ сығылған ауа беруді тоқтатады, содан соң сақиналы және құбыр сырты кеңістікті бірқалыпты “сиретеді”.

Көтеріп-түсіру операциялары үрдісінде кейде лақтырулар,кейін қарқынды мұнай-газды көріністер басталады.Бұндайда ұңғыны тез жауып өшіру үшін, ауыстырғышы бар қондырмалы (орталық) ысырманы арматурадан ажыратып,ауыстырғыш катушкаға бір немесе екі құбырды жалғап қояды.Ал ысырмаға келте құбырды жалғап қояды. Мұндай құрастырмадағы ысырманы шурфқа түсіреді. Лақтыру мен ашық фонтандыау басталғанда, жоғарыда аталған құрастырманы көтеретін немесетүсірілетін құбырға жалғауға содан соң СҚҚ лардың барлық тізбегін үштармаққа отырғызуға болттарды бекітіп, ұңғыны өшіруге кірісуге оңай болады. Мүмкін болатын ашық фонтандау жағдайларда ескеріп, жөнделіп жатқан фонтанды немесе жартылай фонтанды ұңғы жанындағы алдын ала мыналар даярланып, мұнараның бір бұрышында жиналып тұруы керек. Болттардың бұрамасұқпалардың металл төсемдердің, қысқы кілттердің жинақтары, газды ортада жұмыс істеуге арналған саймандар, т.б.