Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
готовый почти 2.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3 Мб
Скачать
☆

Теңіз ұңғымаларын жөндеудің ерекшеліктері.

Теңіз кен орындарын игеру кезінде кей жағдайларда кен орнының барлық ауданын игеру үшін бір ғана стационарлы платформаны орнату арқылы бұрғылау жұмыстарын (соның ішінде бағытталған-көлбеу ұңғылары) жүргізу аздық етуі, ал екінші платформаны орналастыру тиімсіз болуы мүмкін. Мұндай жағдайларда ұңғыларды су астына орналастыру тиімді. Кен орнын үлкен болған жағдайда кез-келген теңіз тереңдігінде ұңғы сағасын су астында орналасқан тиімді. Ал ауданы кішігірім кен орындарында теңіз тереңдігі 200 м артық болғанда бұл игеру әдісі салыстырмалы түрде тиімді келеді. Осылайша кез-келген теңіз тереңдігінде ұңғылары су астында пайдалану су үстінде пайдалануға қарағанда тиімді келеді. Алайда, су асты немесе су үсті ұңғыны пайдалану тәсілін таңдағанда судың тереңдігі, теңіз түбінің инженерлік-геологиялық жағдайлары, гид¬рометеорологиялық жағдайлар, сондай-ақ ұңғылардың жағалаудағы базалардан қашықтығы есепке алынуы тиіс. Ұңғының саға жабдығы су астына орналасқан кезде, кездесетін қиыншылыққа тереңде орналасқан ұңғы сағасына жету мүмкіндігінің азаюы жатады.Сондай-ақ тағы бір кемшілікке тереңдіктерде жұмыс жасай алатын сүңгуірлерді пайдалану болып табылады. Су астында ұңғы сағасы жеке тіке бұрғыланған ұңғыда немесе шектелген ауданда шоғырланған ұңғыларға орнатылады. Саға жабдығы мен манифольдтты камераларды басқару үшін гидравликалық және электрлі гидравликалық жүйелер қолданылады. Әрбір ысырманы басқару жеке бөлу блогынан немесе қызмет көрсету кемесімен жалғанған жеке құбырлар арқылы басқарылады.

Тәл жүйесі не үшін арналған және қандай механизмдерден тұрады.

Свечаларды  орналастыру арнайы  тәл жүйесі  мен механизмдер  арқылы  іске асырылады. Көтеріп–түсіру жұмыстарының реті  төмендегідей. Бұрғылау  құбырлары  тізбегі  бір свеча бойы мен көтеріліп, ротор столына  ұстауыш сынамен ұстатылады да, автоматтандырылған бұрғышы кілтімен  (АКБ) ашылады. Свечаны ашу кезінде  бос тәл блогы  төмен түсіріледі, ол төмен төменге  жеткен  кезде  свеча ұстау, көтеру, жылжыту механизмдерінің  көмегімен  ұңғы ортасына  шығарылады. Келесі  свеча  көтеріліп,  шығарылған свеча орналастырылып қойылады. Бұрғылау  құбырларын ұңғыға түсіру жұмыстарының реті, көтеру  жұмыстарының  ретіне  ұқсас. Көтеріп-түсіру  жұмыстарының кейбір  бөліктерінің атқаратын механизмдері де, кеңінен қолданады. Көтеріп–түсіру механизмдер жинағы төмендегідей жұмыстарды атқарады:   

1) ағытылған  свечаларды  орналастыру;

2) ағытылған свечалардың  жоғарғы ұшын, элеватор мен  тәл блогын  қоса жоғары жұмысшыға қарай  тарту:

3) ағытылған  свечаны  саусаққа кіргізу  және ұңғы ортасына  шығару;

4) бұрғылау  және  шегендеу  құбырларын бұрап қатайру.

1.1-сурет- Көтеру кешенінің конструктивті сұлбасы:

1 – ілмек; 2 – тәл блогы; 3 –бағыттаушы тармақтар; 4 – кронблок; 5 –мұнара; 6 – шығыр;

7 – арқанның қозғалмайтын бөлігін қатайтуға арналған қондырғы; А және Б – арқанның қозғалмайтын және басты бөлігінің тармақтары; 0 – ұңғы өсі

Тәл блогы болат арқанға ілініп тұрады, ол кранблок пен тәл блок арқылы және сол тәртіпте кейін қарай өткізіледі. Арқанның қозғалмайтын ұшы мұнараның негізіне  бекітілген, ал қозғалатын ұшы  шығырдың барабанына  бекітілген. Құбыр тізбегін көтеріп –түсіру кезінде мұнараның құлауынан сақтандыру үшін арқанның  қозғалмалы ұшы шығыр барабанына бекітілуінің  алдында, көпшілік жағдайларда мұнараның немесе мачтаның негізіне бекітілген  тарту үшін арналған ролик арқылы өткізіледі. Шығыр барабаны айналған кезде арқан барабанға оратылып  құбырларды көтере бастайды. Төмен түсу құбырлар тізбегінің өз салмақтары мен болады. Жеңіл құралдар мен жұмыс жасаған кезде арқанды шығыр барабанынан кран блоктың  бір ролигінен өткізіп жіберіп ілмекке  жалғастырып  жұмыс жасай береді. Бұл кезде тәл блогын қолданбайды. Пайдалану  мұнараларын  әдетте  істен шыққан бұрғылау құбырларынан немесе сорапты-компрессорлы  құбырларынан биіктігі 24-28 м қылып жасайды. Жүк көтергіштігі 50 және 75т. Төменгі табанының өлшемі 8x 8 м, ал жоғарғы алаңы 2x2м. Мачта биіктіктері 15-22 м болса соған сәйкес жүк көтергіштігі 15 пен 25т. Мачталарды ұңғылардың сағасына орналастырғанда аздап кішкене бұрышқа қисайтып, оны арқанмен тартып қояды. Тұрақты мұнаралар мен мачталар тек қана жұмыс жасап тұрған кезде қолданады да қалғвн кезде бос тұрады. Пайдалану ұңғыларының жалпы жұмыс жасау уақытының 2-3%-ын ғана жер асты  жөндеу жұмыстары алады екен, яғни мұнаралар мен мачталар  жылына 6-10 күн ғана қолданады деген сөз. Сондықтан да көтеру-түсіру  меxанизмдерін  тиімді пайдалану  үшін қозғалмалы мачталар  мен оларды бірге үстіне салып жиналатын көтергіштер керек. Қозғалмалы мачталар  арнайы арбаларға қондырылып ұңғылар арасында трактормен тасылып жеткізіледі. Олар шеген құбырлардан, екі аяқты, шана сияқты  етіп жасалады. Өзінің мачтасын алып жүретін  көтергіштер ретінде  арнайы жасақталған автокөліктермен тасылып жеткізіледі. Олардың жүк көтергіштігі 16-дан 80т-ға дейін болады. Құбырлар мен штангілерді  скважинаға түсіріп, көтеру үшін комплексті құралдар қолданады. Олар құбырлар және штангелі элеваторлар мен кілттерден және жәделдетіп қауыпсыздікті сақтайтын әртүрлі құрылғылардан тұрады. Құбырлар элеваторы  құбырларды муфта  арқылы ұстап тұруға  олардың  тізбегін  көтеріп-түсіру жұмыстары кезінде ұстап тұруға  арналған. Құбыр элеваторы-ортасында  құбыр өткізетін тесігі бар екі жағында сырға кигізетін  құлағы бар  тұтас  құйылған немесе  қақталған темірден жасалған қамыт сияқты құрылғы. Элеватордың ішіндегі тесіктің диаметрі жіберетін құбырдың сыртқы диаметрімен сәйкес келеді. Элеватордың бір жақ бөлігі  құбыр кигізу үшін ашық болады. Құбыр элеватордың ішіне кіргесін, оның қабырғасы  рычаг арқылы жабылады. Құбырды көтерген кезде оның муфтасы элеватордың кесілген жеріне келіп тіреледі. Элеватордың екі жағындағы құлағына ілмекке  жалғауына  болат сырға кигізіп солар арқылы құбырларды көтереміз. Сорап штангілерін көтеріп–түсіру үшін оған жеңіл болат қамыт қолданады. Оны  штангі элеваторы дейміз. Құбырларды бұрау  және бұрап ашу үшін шарнирлі және шынжырлы кілттер  қолданады. Қажалып  тозған бұрғы  қашауын  ауыстыруда  бұрғы құбырларын көтеру және түсіру жұмыстары қол күшін қажет ететін және көп қайталанатын операциялардан тұрады. Көтеріп-түсіру  операцияларын жүргізу үшін бұрғылау бригадасы, құбырлар  тізбегін ұстаушы, асып қоятын, ашып жабатын аспаптармен толық қамтамасыз етілуі  тиіс.