- •Қабатты гидравликалық жару.
- •Қабатты гидравликалық жару кезінде қолданатын жабдықтар
- •Құбырлы кілттердің конструкциясы мен арналуы.
- •Құбырлы механикалық кілттердің конструкциясы мен арналуы
- •Құмды және гидратты тығындардан тазалау мен жуу.
- •Қышқылды өңдеуге арналған жабдықтар.
- •Құбырлар мен штангілерді бұрау және ашу кезінде қандай қолданылады.
- •Құбырды ұстаудың қай жағдайында құбыр ұстағышты, колоколды және метчикті қолданады.
- •Мұнаралар мен мачталардың конструкциясы мен арналуы.
- •Спайдердің арналуы және қандай бөліктерден тұрады
- •3.6 Сурет. Слайдер асг-80: 1-орталықтандырғыш қаптамасы.2-корпус;3-сына корпусы; 4-плажка; 5-подвеска;6-пружина; 7-бағыттаушы.
- •Түп аймақтарға әсер ететін және ұңғыманы цементтеу кезенде қолданатын жабдықтар мен қондырғылар.
- •Теңіз ұңғымаларын жөндеудің ерекшеліктері.
- •Тәл жүйесі не үшін арналған және қандай механизмдерден тұрады.
- •Кронблоктарды, тәлдік блоктарды және арқандарды жөндеу
- •Тәл жүйесін жабдықтауды қалай жүргізеді.
- •Тартальді арқандар мен каротажды кабельдерді ұстау үшін қандай аспаптар қолданылады.
- •Штангалы скважиндық сораптарды пайдаланатын ұңғыманы жөндеу
- •Штангалы механикалық кілттердің конструкциясы мен арналуы
- •Штроптың арналуы және арналуы бойынша қалай бөлінеді.
- •Ұстағыш аспаптар.
- •Ұңғыманы жөндеуге дайындау.
- •Ұңғыманы күрделі жөндеу жұмыстарының түрлері.
- •Ағымдағы жөндеуге келесілер кіреді.
- •Ұңғыма жұмысының жөндеуаралық мерзімі дегеніміз не және оның түрлері.
- •Ұңғыманы пайдалану коэффициенті дегеніміз не.
- •Ұңғыманы ағымды жөндеу жабдықтарының кешендік құрамына нелер кіреді.
- •Ұршықтың арналуы және оларды пайдалану ережелері
- •Ұршықтарға келесі негізгі талаптар қойылады:
- •Фрезерді не үшін қолданады және қандай түрлерін білесіз.
Ағымдағы жөндеуге келесілер кіреді.
Жоспарлы алдын ала жөндеу..
Жер асты жабдықтарының ревизиясы.
Жабдықтардың жер асты бөлігіндегі ақауларды жою.
Ұңғы сорабын ауыстыру.
Пайдалану тәсілін ауыстыру, ПЦЭН-нен ШСН-ге өту немесе керісінше, және т.б.
СҚҚ-ларды парафин мен тұздардан тазарту.
Кәдімгі СҚҚ-ларды жабыны бар (шыныланған құбырлар) құбырларға ауыстыру.
Сорапты қондырғы ілмегінің тереңдігін өзгерту.
Ұңғыны консервациялауға беру алдында ұңғы жабдығын көтеріп алу.
Өнімді гаризонтты зерттеуге байланысты арнайы жер асты жөндеу.
Апатты жөндеудің кейбір түрлері. Мысалы: плунжердің тұтынуы, штангілердің үзілуі, қысқыш немесе электрокабельдің үзілуі.
Ұңғыманы ағымды жөндеудің әртүрлілігі.
Ағымдағы жөндеу –жабдық жұмыс қабілетті күйде ұсталатын көлемі аз жоспарлық жөндеу. Ол тікелей жабдық орнатылған жерде орындалады. Ағымдағы жөндеу кезінде жабдықтың күйі тексеріледі, және тез тозатын бөлігі ауыстырылады. Қажет болса майы ауыстырылады. Жабдықтың күрделі түйіндерін бөлшектеуді қажет етпейтін ақаулары жөнделеді. Жабдықтың техникалық күтім қызметінің күшімен жөнге келмейтін ақаулары шақырылатын жылжымалы жөндеу бригадалары көмегімен жүзеге асырылады.
Ағымдағы жөндеуге келесілер кіреді.
Жоспарлы алдын ала жөндеу..
Жер асты жабдықтарының ревизиясы.
Жабдықтардың жер асты бөлігіндегі ақауларды жою.
Ұңғы сорабын ауыстыру.
Пайдалану тәсілін ауыстыру, ПЦЭН-нен ШСН-ге өту немесе керісінше, және т.б.
СҚҚ-ларды парафин мен тұздардан тазарту.
Кәдімгі СҚҚ-ларды жабыны бар (шыныланған құбырлар) құбырларға ауыстыру.
Сорапты қондырғы ілмегінің тереңдігін өзгерту.
Ұңғыны консервациялауға беру алдында ұңғы жабдығын көтеріп алу.
Өнімді гаризонтты зерттеуге байланысты арнайы жер асты жөндеу.
Апатты жөндеудің кейбір түрлері. Мысалы: плунжердің тұтынуы, штангілердің үзілуі, қысқыш немесе электрокабельдің үзілуі.
Ұңғыма жұмысының жөндеуаралық мерзімі дегеніміз не және оның түрлері.
Жөндеу циклінің құрылымы мен жабдықтарды жөндеудің жоспар графигі жөндеудің негізі болып табылады. Жөндеу циклінің құрылым деп жөндеу циклінде белгіленген жөндеу түрлерінің барлығы нормативтік техникалық құжаттар талапына сәйкес анықалған тәртіппен орындалатын уақыт интервалы немесе бұйымның жұмыс істеу уақытын айтады. Жөндеу аралық кезең деп жабдықты тізбектей өткізілген екі жөндеу арасындағы уақытты айтады. Жөндеу циклі мен жөндеу аралық кезең пайдалану шартына, құрылымның жетілгендігіне, жабдықты техникалық күту мен жөндеу сапасына тәуелді өзгереді. Жабдықтың жұмысы жұмыс істеген уақыт бойынша сағатпен есептеледі. Егер жабдықтың жұмысын сағатпен өлшеу мүмкін болмаса, онда машиналық және күнтізбектік уақыт бойынша жабдықты пайдалану коэффициенті міндетті түрде ескеріліпкүнтізбектік пайдалану уақытымен есептеледі.
Ұңғыманы пайдалану коэффициенті дегеніміз не.
Ұңғыны жөндеу жұмысының салыстырмалы ұзақтығы пайдалану коэффициентімен Кэ бағаланады, ол берілген ұңғының тәулігіне жұмыс уақытының Ті қосындысының жалпы талдау кезегінің күнтізбелік уақытына Тю қатынасын көрсетеді(жыл,квартал,ай). Осылайша
(1.1)
Жұмыс ұзақтығы Ті және талдау кезегінің ұзақтығы әртүрлі болған ұңғылар тобына m қатысты (берілген жылдың белгілі бір моментінде ұңғыны пайдалануға беру және т.б), Кэ көлемі, келесідей қатынаспен анықталады.
(1.2)
Пайдаланудың әртүрлі тәсілдері: фонтанды,сорапты (ПЦЭН,ШСН),газлифтілі-әртүрлі пайдалану коэффициенттерімен Кэ сипатталады. Себебі ұңғыдағы түрлі ақаулар мен жөндеу жұмыстарына байланысты тоқтау ықтималдылығы жабдықтың күрделігі, оның сенімділігі, ұзақтығы және басқа пайдалану шарттарына тәуелді болады.Әдетте ең үлкен коэффициент Кэ -фонтанды пайдалану кезінде, едәуір төмен-ұңғыны штангілі сораптармен пайдалану кезінде болады. Осыған байланысты Кэ әрбір пайдалану тәсілдеріне бөлек формуламен анықтaлады.(1.2)
Мұнай өндіруші кәсіпорын бойынша осы көрсеткішті жалпы бағалау үшін сонымен қатар (1.2) формуланы қолданады. Алайда бұл жағдайда мұндай жалпыланған Кэ көлемі пайдалану техникасының нағыз жағдайын дәл көрсетуі мүмкін. Мысалы, Кэ ұлғаюы фонтанды ұңғылар қорының өсімінің ұлғаюы есебінен жүзеге асуы мүмкін, ал фонтанды ұңғылар үшін Кэ мәні бірге жуық.. Осылайша барлығы ойлағандай емес, бұл механикаланған қор жұмысы жақсаруы есебінен болмайды екен. Әдетте механизацияланған ұңғылар фонды үшін Кэ көлемі 0,95-0,97 құрайды.
