- •Қабатты гидравликалық жару.
- •Қабатты гидравликалық жару кезінде қолданатын жабдықтар
- •Құбырлы кілттердің конструкциясы мен арналуы.
- •Құбырлы механикалық кілттердің конструкциясы мен арналуы
- •Құмды және гидратты тығындардан тазалау мен жуу.
- •Қышқылды өңдеуге арналған жабдықтар.
- •Құбырлар мен штангілерді бұрау және ашу кезінде қандай қолданылады.
- •Құбырды ұстаудың қай жағдайында құбыр ұстағышты, колоколды және метчикті қолданады.
- •Мұнаралар мен мачталардың конструкциясы мен арналуы.
- •Спайдердің арналуы және қандай бөліктерден тұрады
- •3.6 Сурет. Слайдер асг-80: 1-орталықтандырғыш қаптамасы.2-корпус;3-сына корпусы; 4-плажка; 5-подвеска;6-пружина; 7-бағыттаушы.
- •Түп аймақтарға әсер ететін және ұңғыманы цементтеу кезенде қолданатын жабдықтар мен қондырғылар.
- •Теңіз ұңғымаларын жөндеудің ерекшеліктері.
- •Тәл жүйесі не үшін арналған және қандай механизмдерден тұрады.
- •Кронблоктарды, тәлдік блоктарды және арқандарды жөндеу
- •Тәл жүйесін жабдықтауды қалай жүргізеді.
- •Тартальді арқандар мен каротажды кабельдерді ұстау үшін қандай аспаптар қолданылады.
- •Штангалы скважиндық сораптарды пайдаланатын ұңғыманы жөндеу
- •Штангалы механикалық кілттердің конструкциясы мен арналуы
- •Штроптың арналуы және арналуы бойынша қалай бөлінеді.
- •Ұстағыш аспаптар.
- •Ұңғыманы жөндеуге дайындау.
- •Ұңғыманы күрделі жөндеу жұмыстарының түрлері.
- •Ағымдағы жөндеуге келесілер кіреді.
- •Ұңғыма жұмысының жөндеуаралық мерзімі дегеніміз не және оның түрлері.
- •Ұңғыманы пайдалану коэффициенті дегеніміз не.
- •Ұңғыманы ағымды жөндеу жабдықтарының кешендік құрамына нелер кіреді.
- •Ұршықтың арналуы және оларды пайдалану ережелері
- •Ұршықтарға келесі негізгі талаптар қойылады:
- •Фрезерді не үшін қолданады және қандай түрлерін білесіз.
Штангалы скважиндық сораптарды пайдаланатын ұңғыманы жөндеу
Балансирді шеткі жоғарғы жағдайда орнатқан соң, сағалық штокта штангілі қысқышты бекітеді, арқанды алқаны штоктан ажыратып, штангілі қысқыш сағалық сальник қақпағына отырғанша штангілер тізбегін түсіре береді. Осыдан кейін балансирдің төменгі ұшын арқанды штроппен ұстап алып, басын көтеріп балансирдің жоғарғы сөресіне сырт жағымен жатқызады. Ол мұнда бүкіл жөндеу мерзімі аралығында болады.
Жаңа тербелмелі қондырғылардың бұралатын бастары болады. Оларды алғашында тәл жүйесі көмегімен көтеріп, кейін қосалқы арқанша көмегімен қолмен не солға,не оңға тартады.
Сағалық шток пен балансир басының бұрылысын ажыратқан соң, сағалық жабдықты шешіп ағытады. Егер саға өздігінен тығыздалмайтын құрастырмалы сальникпен жабдықталса, онда алдымен сұйықтық шығатын желісті ажыратып, сағалық штокты көтеріп, оны қысқыштан босатады. Кейін сальникті сағалық фланецтің жоғарғы муфтасынан ығыстырып, келесі штангілі муфта шыққанша, сальникпен бірге штангілер тізбегін көтереді. СҚҚ муфтасының бүйір жағына (торец) келіп тірелетін штангілі элеваторды муфта астына орнатады. Осыдан кейін штангілі муфтаны элеваторға біркелкі отырғызады және ілініп тұрған сальнигімен бірге сағалық штокты бұрап шешеді. Сальник бұрандалы біріктіруді бұрап шешуге бөгет болмас үшін, сағалық штокты көтерместен бұрын, оны кіші диаметрлі арқанмен штангілі қысқышқа байлап қояды.
Сальнигімен бірге ажыратылған сағалық штокты көпірге жатқызады, осыдан соң ұңғы штангілер мен құбырларды көтеруге дайын болады.
Өздігінен тығыздалатын сальниктерді қолдану кезінде, ұңғыны ағытып шешу жеңілдейді. Себебі шеткі қайтаруды ағытып шешудің керегі болмайды.
Штангалы механикалық кілттердің конструкциясы мен арналуы
1 МШТК-16-60 атты механикалық штангілі-құбырлы әмбебап кілті дайындалған, ол диаметрлі 16,19,22,25,48 және 60 мм-лік СКҚ-дың бұрау және бұрап шығру үшін жасалған кілт электрқозғалтқышы бар айналдыршадан, электр-аппаратурадан, қажетті заттар мен саймандар. Электроқозғалтқышы бар, беріліс ауыстыру 2 жылдамдықты тісті қорабынан және электрқозғалтқыштан тұрады. Реверсивті механизм мен тісті беріліс арқылы электрқозғалтқыш білігінің айналуы червякті шестерняға тіреуіш-жетектеуіш бекітілген. Ол штангілі немесе құбырлы кілтке айналым береді. Реверсті механизмі бар беріліс ауыстыру қорабы мыналардан тұрады:червякты және оймакілтелі білікте жұп-жұбымен отырғызылған 4 цилиндрлі шестернялар және реверс үшін істелген бір паразитті шестерня. Оймакілтекті білікке I және II жылдамдықтарды қосатын екі дискті фрикционды муфталар отырғызылған.Көтеріп-түсіруге ауыскмен байланысты электроқозғалтқыш білігінің айналу бағыты яғни муфталы қосылыстарды бұрап шығарудан бұрап кіргізуге дейінгі ПРВ типті реверсивті электрлік ауыстырып-қосқыштың көмегімен өзгертіледі.Электрқозғалтқыш білігінің бірінші соңына дейін орнатылған.Ол бұрандалы қосылыстарды бұрап кіргізу мен бұрап шығару кезінде қосымша айналдыру моментімен қамтамасыз етеді. Кілттің жүккөтергіштік күші160 кН. Бірінші жылдамдықтағы жетектеуіштің айналу жиілігі50 мин-1,екінші жылдамдықта –ПО мин-1.Бірінші және екінші жылдамдықтардағы айналу моменті 2600 дәне 1300 Нм.Электрқозғалтқышпен бірге айналдырғыштың салмағы 66 кг.Кілт болаттар арқылы шегендеу құбырының фланціне бекітіледі және онда құбырларды ілулі күйде ұстап тұруға арналған айналдырғыш тұтқасында сыналы ұстағышы бар. Ұңғыны жер асты жөндеуге арналған механизмдер жинағына бұдан басқа түрлі құбырлы және штангілі элеваторлар кіреді.Олардырдың көмегімен құбырлар немесе штангілер муфтаның астына ұсталып, сонымен қатар ілулі күйде тұрады. Жүк көтергіштігі 100-ден 800 кН-ға дейін элементін элеваторлардың әртүрлі конструкциялары бар. Бұдан басқа ағымдағы жөндеу кезінде түрлі өлшемді құбырлар, штангілі механизмдер мен кілттер қолданады.
