- •5. Атмосферадағы судың фазалық өтуінің жалпы теориясы
- •6. Фазалық тепе-теңдік жағдайлары
- •7. Фазалардың тепе-теңдігі туралы түсінік.
- •8. Су буының қанығу қысымының және жылудың фазалық ауысуының температураға тәуелділігі
- •9. Қанығу қысымының буланушы беткейдің қисықтығына тәуелділігі
- •10. Фазалардың тепе-теңдік диаграммасы.
- •11. Конденсацияның бұлтты өзектері.
- •12. Судың аномальды қасиеттері.
- •13. Клаузиус – Клапейрон теңдеуін қорытындылау.
- •14. Жауын шашынның агрегаттық күйі бойынша жіктелуі.
- •15. Жауын шашынның пішіні,түрі б/ша жіктелуі
- •16. Жауын шашынның генетикалық жіктелуі
- •17. Жауын шашынның синоптикалық пайда болу жағдайына б/ты жіктелуі
- •18. Бұлттылық элементтерінің ірілену процесстері және ж/ш п.Б.
- •19. Атмосферадағы қатты және сұйық бөлшектердің құлау жылдамдығы
- •20. Конденсация әсерінен тамшылардың өсуі.
- •21. Каогуляция әсерінен тамшылардың өсуі.
- •24. Сулы бұлттарда жауын-шашындардың пайда болуы.
- •25. Мұзды бұлттарда жауын-шашындардың пайда болуы.
- •26. Қатты жауын-шашындардың жіктелуі
- •27. Аралас бұлттарда жауын-шашындардың пайда болуы.
- •29.Қар қиыршықтарының пайда болуы.
- •33. Бұлттардың пайда болуына радиациялық фактордың әсері
- •35 Бұлттардың төменгі шекаралары.
- •34. Бұлттардың жоғарғы шекаралары
- •36. Бұлттардың құрылымы
- •37. Бұлттардың микрофизикалық сипаттамалары.
- •38. Тамшылы бұлттардың микроқұрылымы
- •39. Кристалды бұлттардың құрылымы
- •40. Аралас бұлттардың құрылымы
- •41. Атмосфералық конвекцияның негізгі сипаттамалары
- •42. Конвективті элементтердің құрылымы.
- •43. Будақ бұлттардың негізгі сипаттамалары.
- •44.Будақ бұлттардың пайда болуының физико-метеорологиялық жағдайлары
- •45.Будақ-жаңбырлы бұлттардың жалпы сипаттамалары
- •46. Сb құрылымының бұлттар эволюциясы кезеңіне тәуелділігі.
- •47. Сb жіктелуі.
- •48. Турбуленттілік бұлттары.
- •49. Sc, Ac және Cc бұлттарының Кельвин-Гельмгольца толқындарында пайда болуы
- •50.Sc, Ac және Cc бұлттарының ұяшықты конвекция кезінде пайда болуы
- •51. Жылы фронттың бұлттылық жүйесі.
- •52. I текті суық фронттың бұлттылық жүйесі
- •54. Окклюзия фронттың бұлттылық жүйесі
- •55.Бұлт түрлерінің эволюциясы.Өтпелі түрлері.
- •56.Күміс бұлттар
- •57. Маржан бұлттар.
- •58.Еркін атмосферада ауаның салқындауына алып келетін негізгі себептер.
- •59,60. Бұлттардың морфологиялық генетикалық классификациясы
- •2.Св шашты
- •2.Св шашты
27. Аралас бұлттарда жауын-шашындардың пайда болуы.
Кристалдар салқындаған су тамшыларымен көршілес орналасқан, As,Ns және Cb аралыс бұлттарында кристалдардың сублимациялық өсуіне,таза мұзды бұлттарға қарағанда,әсіресе, егер бұлтта тамшылар кристалдардан көп болса,қолайлы жағдай байқалады. Тамшылардан кристалдарға булардың тасымалдануының әсерінен кристалдар үлкен өлшемдерге дейін тез өседі. Бұл процесс,судың барлық тамшылары буланып болғанға дейін және бұлт таза мұздыға айналғанға дейін жалғасады. Кристалдардың ары қарай өсуі тікелей коагуляция әсерінен,бірақ баяу жүреді. Міне осылай,аралас бұлттарда ж-ш-дар алдымен қатты элементтер түрінде пайда болады. Егер бұлт пен төселме беттің арасындағы ауа температурасы теріс таңбалы болатын болса,онда қар жауады. Егер бұлт пен төселме беттің арасындағы ауа темп-сы оң таңбалы,немесе бұлттың бұлттың өзінде нөл градустық изотерма өтетін болса,онда қатты элементтер ериді де жаңбыр жауады. Аралас бұлттарда ж-ш-дар бұлттылықтың аздаған қалыңдығында да пайда бола алады. Мысалы,қалыңдығы 1-2км болатын As барлық уақытта да әлсіз қар түрінде ж-ш береді. Жазда қар ұшқыны ериді және ұсақ жаңбыр тамшыларына айналады. Бірақ,бұл тамшылар көбінесе жер бетіне жетпей,буланып кетеді. Бұл жағдайда бұлт астында құлау жолақтары(virga)байқалады. Қыста Ac де аралас болып келеді,себебі ондағы тамшылардың бір бөлігі қатып қалады. Сонда мұз кристалдары қалған сұйық тамшылардың булануы арқасында өседі және бұлтта ұсақ болған сайын олардан ж-ш-дар түседі. Бірақ, бұл ж-ш-дар түсіп келе жатқан кезде буланады да,жер бетіне дейін жетпейді, тек құлау жолақтарын ғана береді. Қалыңдықтары бірнеше км болатын Ns және Cb бұлттарының жоғ. бөліктері кристалдардан,ал төм.бөліктері тамшылардан тұрады.Нөлдік изотерма және қату деңгейі арасында,салқындаған тамшылар мен мұз кристалдары аралас болып келетін,қалың өтпелі қабат жатыр. Мұндай бұлттардың жоғарғы бөліктерінде пайда болған қар ұшқындары,өтпелі қабат арқылы түсіп келе жатып,ондағы будың тамшыларға тасымалдануы әсерінен тез өседі. Олардың құлау жылдамдығы жоғарылайды. Бір-бірімен соқтығысқан кезде олар жабысады. Қар ұшқындары мен жапалақтар тамшылардан ірірек болып келеді,сондықтан олар өздерінің түсу жолдарында көптеген бөлшектерді кармап алады. Қар ұшқындары оң таңбалы темп-лары қабатқа түсіп,ериді және бұлттан жаңбыр болып түседі. Әсіресе,жоғары қарай бағытталған ағындардың жылдамдығы 10 м/c және одан жоғары болып келетін Cb бұлттарында бұлт элементтері қарқындырақ іріленеді. Конвективті бұл бұлттар тез дамиды,бірақ аз-ақ уақыт қана(ондаған минут н/e бірнеше сағат) тіршілік етеді,сонд будақ-жаңбырлы бұлттардан,ірі тамшылы жаңбыр н/e қардың ірі жапалақтары,яғни нөсерлі ж-ш-дар жауады. Алдымен ең ауырлары,яғни ірі элементтер,сосын жеңіл, яғни ұсақ элементтер түседі. Ns бұлттары ауаның үлкен салмағындағы реттелген жоғары қарай бағытталған қозғалыстар нәтижесінде ақырындап дамиды. Онда тамшылардың іріленуі Cb бұлттарына қарағанда баяу жүреді. Бұл бұлттар басқалармен салыстырғанда ұзақ (сағ,тәулік) тіршілік етеді. Сонд, олардан қарқындылықтың күрт ауытқусыз ұзақ уақыт бойы,тамшы немесе орта өлшемді қар ұшқындары түрінде ж-ш-дар түседі.
28. Бұршақтың пайда болуы.
Будақ жаңбырлы бұлттарда жоғары қарай бағытталған ағындардың жылдамдығы биіктеген сайын жоғарлайды да,максимум мәніне шамамен бұлттың ортаңғы бөлігінде жетеді және ары шыңына қарай төмендейді. Жоғары қарай бағытталған ағындардың максималды жылдамдығы деңгейінде, бұлт элементтерінің,негізінен ірі тамшыларының жинақталуы байқалатын аймақ пайда болады.Бұл аккумуляция аймағы деп аталады. Егер нөлдік изотерма деңгейінен жоғары, жоғары қарай бағытталған ағындардың максималды жылдамдығы 10м\с –тан көп болатын болса, ал бұлттың шыңы кристалдану деңгейінен жоғары орналасса, және темп-сы -20-дан -25 дейін болса,онда мұндай бұлтта бұршақ пайда болуы мүмкін. Бұршақтың пайда болу процесі сферокристалдар мен бұлттың жоғары бөлігінде қатып қалған тамшылардың іріленуінен тұрады. Көрсетілген бұл жағдайларда, бұлттың жоғары бөлігінде түскен ірі тамшылар қатады да,салқындаған тамшылардың коагуляциясы әсерінен тез өсетін мұз бұршақ ұрығын қалыптастырады.Бұлттың мұз бұршақтың ұрықтары орналасқан бөлігінің сулылығына байланысты, оның өсуі әр түрлі болуы мүмкін.Сулылық аз болған кезде ұрықтар бойынша жайылып кеткен ірі тамшылардың қатуы байқалады да, бұршақтың бетінде тығыздығы 0,9 г\см3 тең мөлдір мұз қабықшасы пайда болады. Бұл мұз бұршақтың құрғақ өсуі деп аталады. Мұз бұршақты қоршап тұрған ортаның сулылығы бұлттың әр бөлігінде әртүрлі болғандықтан, олардың құрғақ және ылғалды өсу процессі кезектеседі,ал оның нәтижесінде мұз бұршақ қатпарлы құрылымды болып келеді.
