Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
FIZOB_ekzamen.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
116 Кб
Скачать
☆

41. Атмосфералық конвекцияның негізгі сипаттамалары

Бұлттардың биіктігі мен оның құрылымы мына деңгейлердің орналасуына тәуелді.

  1. Конденсация деңгейі

  2. Нольдік изотерма

  3. Қату деңгейі

  4. Конвекция

Конвекция деңгейі бұлттардың төменгі шекарасы мен сәйкес конденсация деңгейі мен нольдік изотермия деңгеінің аралас бұлттар сулы тамшылардан тұрады. Ал кейбір жағдайда еритін қар ұшқындарынан тұрады. Бұлттар нольдік изотермия деңгейінен жоғары көбінесе салқындаған су тамшыларынан тұрады. Ондағы салқындаған тамшылар жылу деңгейіне дейңн байқалады. Бұлттар судың сұйық және қатты бөлшектер аймағының арасындағы қатаң шекарасы жоқ. Бөлшектер бір аймақтан басқа бір аймаққа өтуі мүмкін. Салқындаған тамшылар мен мұз кристалдары бір уақытта болуы мүмкін. Қалың өтпелі қабаттарда байқалуы мүмкін. Бұлттардың табаны оң таңбалы айналымда, ал төбесі теріс таңбалы, яғни мұз кристалдар аймағын қамтыған температуралар айналымында орналасқан. Бұлттардың жоғары шекарасында орналасуы конвекция деңгейі мен көбінесе қандай да бір бөгеуші қабаттың төменгі шекарасы мен сәйкес келетін деңгеймен алынады. Мұндай қабат болып аз вертикальды температуралар градиентті қабаты немесе ауаның жоғары қарай бағытталған қозғалыстардың дамуына кедергі жасайтын инверсия қабаты табылады. Бұлтты құрайтын тамшылар мен кристалдар өлшенген күйде тұрақты болып қалыптасады. Ауаның жоғары қарай бағытталған қозғалыстары әлсірегенде олар ауырлық күшінің әсерінен төмен түсуі мүмкін. Ауаның мұндай қозғалысында бұлттардың температурасы мен салқындаған ылғалдылық өзгереді де бұлттың агрегаттық күйі де өзгереді.

42. Конвективті элементтердің құрылымы.

Даму сатысына байланысты тамшыны сұйықтық жазықты, ортаңғы және қалың будақ бұлттар және нөсер, қиыршық және бұршақ беретін аралас будақ жаңбырлы деп ажыратымыз. Бұлт пайда болғаннан бастап, барлық сатысында жауын-шашынның қызуы үлкен, ал атмосферадағы стратосфера қабатында конвекцияның дамуына қолайлы болатын болса, тек бір сағат ішінде өтуі мүмкін. Әр түрлі деңгейде бөгеуші қабатының болуы және жеткіліксіз конвекция бұлттың дамуын оның кез-келген сатысында тоқтату мүмкін. Будақ бұлтының шыңы температурасы -10, -20 градусқа төмен деңгейде жеткенде, олар қатқан және аралас болып келеді. Бұл кезде ол өзінің күмбез тәрізді пішінін сақтап қалады немесе мамықты, ойық шыңы қалыптасуы мүмкін. Конвективті ұяшықтардың өмір сүру циклы шартты түрде үшке бөлінген

  1. Будақ бұлт сатысы

  2. Жетілу сатысы

  3. Ыдырау сатысы

Мұндай жағдайларда әрбір ұяшық мультиұяшықты бұлттар жүйесінен кетпей ақ барлық даму сатысынан өтеді.

43. Будақ бұлттардың негізгі сипаттамалары.

Вертикальды дамыған бұлттар - вертикальды жақсы дамыған өз арасында тығыз болып келетін бұлттар жиынын айтамыз. Ол көбінесе атмосфераның төменгі қабатында, кейде ортаңғы қабатқа дейінгі баратын жағдайлар бар. Вертикальды бұлттар өз арасында түрлерге және түрлер түршелерге бөлінеді. Бұл бұлттардың өзге бұлттарға қарағанда айырмашылығы бұлт қалыңдығы үлкен көрсеткіш мәнін бермейді және жауын-шашын сирек түседі. Осы қабат бұлттардың ішіндегі ең көп кездесетін және жиі таралған будақ бұлттар болып табылады.

Будақ бұлт  жоғары қарай өрлеп, дамып отыратын (5 км-ге дейін және одан да биік), тығыз және күндіз ашық ақ түсті болатын бұлттар. Үстіңгі жағы күмбез немесе мұнара тәріздес дөңгелектеніп бітеді. Көбінесе суық ауа массаларында көтерілме бұлттар түрінде пайда болады. Бұл бұлттарды халықаралық жіктеу бойынша Кумулус (Cu) деп атайды.

Будақ бұлт- түтіліп,үйіліп жатқан жүнге немесе мақтаға ұқсайды. Жеке будақтар, сұрғылт түсті келеді. Олар біріге келе түнеріп, будақ бұлт жаңбыр бұлтына айналады. Одан нөсер жаңбыр жауады.

Будақ бұлттар жылдың жылы мезгілдерінде көп байқалады. Ал егер де бұлттардың тәуліктік жүруіне тоқталатын болсақ, ол көбінесе күндіз байқалады. Түс ауған шақта ол өз мөлшерін азайтып, ыдырайды. Будақ бұлттардың өзінен күн сәулесін өткізу қабілеті жақсы дамыған.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]