- •5. Атмосферадағы судың фазалық өтуінің жалпы теориясы
- •6. Фазалық тепе-теңдік жағдайлары
- •7. Фазалардың тепе-теңдігі туралы түсінік.
- •8. Су буының қанығу қысымының және жылудың фазалық ауысуының температураға тәуелділігі
- •9. Қанығу қысымының буланушы беткейдің қисықтығына тәуелділігі
- •10. Фазалардың тепе-теңдік диаграммасы.
- •11. Конденсацияның бұлтты өзектері.
- •12. Судың аномальды қасиеттері.
- •13. Клаузиус – Клапейрон теңдеуін қорытындылау.
- •14. Жауын шашынның агрегаттық күйі бойынша жіктелуі.
- •15. Жауын шашынның пішіні,түрі б/ша жіктелуі
- •16. Жауын шашынның генетикалық жіктелуі
- •17. Жауын шашынның синоптикалық пайда болу жағдайына б/ты жіктелуі
- •18. Бұлттылық элементтерінің ірілену процесстері және ж/ш п.Б.
- •19. Атмосферадағы қатты және сұйық бөлшектердің құлау жылдамдығы
- •20. Конденсация әсерінен тамшылардың өсуі.
- •21. Каогуляция әсерінен тамшылардың өсуі.
- •24. Сулы бұлттарда жауын-шашындардың пайда болуы.
- •25. Мұзды бұлттарда жауын-шашындардың пайда болуы.
- •26. Қатты жауын-шашындардың жіктелуі
- •27. Аралас бұлттарда жауын-шашындардың пайда болуы.
- •29.Қар қиыршықтарының пайда болуы.
- •33. Бұлттардың пайда болуына радиациялық фактордың әсері
- •35 Бұлттардың төменгі шекаралары.
- •34. Бұлттардың жоғарғы шекаралары
- •36. Бұлттардың құрылымы
- •37. Бұлттардың микрофизикалық сипаттамалары.
- •38. Тамшылы бұлттардың микроқұрылымы
- •39. Кристалды бұлттардың құрылымы
- •40. Аралас бұлттардың құрылымы
- •41. Атмосфералық конвекцияның негізгі сипаттамалары
- •42. Конвективті элементтердің құрылымы.
- •43. Будақ бұлттардың негізгі сипаттамалары.
- •44.Будақ бұлттардың пайда болуының физико-метеорологиялық жағдайлары
- •45.Будақ-жаңбырлы бұлттардың жалпы сипаттамалары
- •46. Сb құрылымының бұлттар эволюциясы кезеңіне тәуелділігі.
- •47. Сb жіктелуі.
- •48. Турбуленттілік бұлттары.
- •49. Sc, Ac және Cc бұлттарының Кельвин-Гельмгольца толқындарында пайда болуы
- •50.Sc, Ac және Cc бұлттарының ұяшықты конвекция кезінде пайда болуы
- •51. Жылы фронттың бұлттылық жүйесі.
- •52. I текті суық фронттың бұлттылық жүйесі
- •54. Окклюзия фронттың бұлттылық жүйесі
- •55.Бұлт түрлерінің эволюциясы.Өтпелі түрлері.
- •56.Күміс бұлттар
- •57. Маржан бұлттар.
- •58.Еркін атмосферада ауаның салқындауына алып келетін негізгі себептер.
- •59,60. Бұлттардың морфологиялық генетикалық классификациясы
- •2.Св шашты
- •2.Св шашты
29.Қар қиыршықтарының пайда болуы.
қар қиыршығы - ауа температурасы 0°С және одан жоғарылау болған кезде жаңбырлы бұдақ бұлттардан ұсақ мұз және қар түйіршіктері түрінде жауатын атмосфералық жауын-шашын түрі. Мөлшері бұршақтан кіші (әдетте, 2—5 мм шамасында) болады.Жоғары қарай бағытталған ағындардың жылдамдығы 10 м\с және одан жоғары болып келетін , дамитын будақ жаңбырлы(Cb) бұлттарында кристалдардың іріленуі сублимация жолымен ғана емес , сонымен қатар түйіршектелу, яғни кристалдарға судың усақ тамшыларының тез қатуы жолымен де жүреді. Бұл процесс, көптеген ұсақ тамшылардан тез қатуы жолымен де жүреді.Бұл процесс кезінде жалпақ кристалдар қар қиыршықтарын беретін , ақ немесе бұлыңғыр ақ шарларға сферокристалдарға айналады. Пайда болған қар киыршытары кәдімгі қар ұшқындарынан ауыр болғандықтан,олар бұлттардан қар ұшқындарынан бұрын түседі, сосын барып қармен бірге түседі.
Егер бұлттың сулылығы жоғары болатын болса, онда тамшылардың барлығы кристалдармен соқтығысқанда қатып үлгермейді.Әдетте, ірірек тамшылар сферокристалдардың бетінен алдымен жайылып кетеді де,сосын барып қата бастайды.Бұл кезде орталығында бұлыңғыр өзектері бар мөлдір мұз түйіршіктері пайда болады.
30. Жауын-шашындардың тәуліктік және жылдық жүрісі.
Жауын-шашын мөлшерінің тәуліктік жүрісі бұлттылықтың жүрісі және ерекшеліктерімен анықталады.Жауын шашын мөлшерінің тәуліктік жүрісінің екі түрінің екі түрін ажыратады-континентальді және теңізді немесе жағалаулық.
Континентальді түрде олардың екі максимумы және екі минимумы байқалады.Негізгі максимум континент үстінде конвективті бұлттылық жақсы дамыған кезде, яғни түстен кейінгі сағаттарға келеді. Екіншісі,жер беті мен ауаның түнгі салқындауыменбайланысқан бұлттылықтың қатпарлы түрі көп дамыған кезде, яғни таңертен байқалады. Негізгі минимум тунде, ал екіншісі талтүстің алдында орнығады.
Теңізді немесе жағалаулық түрінде жауын шашындардың бір максимумы тунде және бір минимумы күндіз байқалады.Бұл түнде теңіз ауасында темпң вертді град жоғарап, оның әсерінен тұрақсыз стратификация қалыптасып, бұлтпайда бола бастайтынымен түсіндіріледі.
31. Бұлттардың пайда болуына алып келетін атмосфералық процесстер.
Бұлт дегеніміз атмосферадағы белгілі бір биіктікте орналасқан, көзге көрінетін, конденсация немесе сублимация өнімдері жиынтығы. Бұлттардың пайда болуына және дамуына қажетті жалпы шарт - онда аздаған қанығу және конденсация ядроларының болуы. Бұлттар атмосфераның салыстырмалы ылғалдылығы % 100f бөлігінде сақталады. Бастапқы қанықпаған ауада қанығу пайда болатын негізгі себептер болып, ауаның шық нүктесінен төмен салқындауы және ылғалдың қосымша келуі табылады. Еркін атмосферада ауаның салқындауына алып келетін негізгі себептер: 1. адиабаттық ұлғаю; 2. турбулентті алмасу; 3. сәуле шашу. Табиғатта, жоғарыда келтірілген процесстердің барлығы бірге орындалады. Бірақ, вертикаль бойынша күшті бұлттардың пайда болуында шешуші рөл әрқашанда жоғары қарай бағытталған қозғалыстарда болады. Көтеріліп жатқан ауадағы су буының қысымы қанығу жағдайына жеткен биіктікті конденсация деңгейі деп атайды. Конденсация қанығуға дейін де жүруі мүмкін, бірақ бұл кезде тек өте кішкентай тамшылар қалыптасады. Шық нүктесінен төмен температура төмендегеннен кейін, бұлт тамшыларының өсуі байқалады, сондықтан конденсация деңгейі бұлттылықтың төменгі шекарасымен сәйкес келеді деп санауға болады. Конвекция деңгейі дегеніміз ауаның жоғары қарай бағытталған конвективті қозғалысы тоқтайтын биіктік. Атмосфераның тұрақсыздық тепе-теңдігі кезінде басталған конвекция ақырын күшейеді, және де биіктеген сайын қалқу күші жоғарылайды. Жоғары қарай бағытталған қозғалыс, көтеріліп жатқан ауаның көлемі қоршаған ортадан жылырақ болғанға дейін жалғасады. Ал атмосфераның тұрақты тепе-теңдігі кезінде қандайда бір сыртқы импульстің әсерінен пайда болған жоғары қарай бағытталған қозғалыс, ақырындап тоқтайды. Еркін конвекция деңгейі дегеніміз - тұрақсыздық энергиясын тудыратын, жоғары қарай бағытталған вертикальды қозғалыстар (ағыстар) таралатын деңгей. Ол көтеріліп жатқан бөлшектің (ағыстың) температурасы, қоршаған ортаның температурасымен теңескен деңгейден біршама жоғары орналасады.
