Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
АРАЙ ШПОР.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
71 Кб
Скачать
☆

77 Талшықты өсімдіктер Мақта (Хлопчатник- Gossypium), Зығыр (Лен-Linum), Кенеп немесе кенепшөп (Конопля- Cannabis).

Талшықты өсімдіктер — тоқыма фабрикасында мата тоқу үшін және сонымен қатар арқан, жіп, тор т. б. заттар жасау үшін талшық беретін өсімдіктер. Түрліше тұқымдастардың ішіндегі талшық беретін өсімдіктердің түрлері — 200-ге жуық. Мақта (лат. Gossypium) – құлқайырлар тұқымдасына жататын көп жылдық өсімдік туысы, бағалы талшықты дақыл.Мақта б.з. дейін Орта Азия республикаларында, Үндістанда, Иран, Қытай, Мексика,Перу аймақтарында өсірілген. Қазақстанда 1918 жылы Түркістан жерін суландыруға байланысты қолға алынды. 1924 жылы мақта өсіретін Мақтаарал ауданы құрылды. Мақтаның биіктігі 1–1,5 м. 1–2 негізгі бұтақтан 10–15 жанама бұтақша тарайды, одан кейін осы бұтақшаларға гүл мен қауашағы шығады. Гүлі жеке, ірі сары не ақ. Мақта өздігінен, кейде айқас тозаңданады. Сабағы 90–130 см-ге жетеді, жапырағы жүрек тәріздес. Жемісі 3–5 ұялы қауашақ, оның ішінде талшық, оның ортасында 20–40 мақта тұқымы болады. Мақтаның 35 түрі бар, оның 5 түрі қолдан өсіріледі. Мақта – жарық, жылу, ылғалды көп керек етеді. Тұқымы 10–12C-та өне бастайды, 25–30C-та жақсы өседі, 0C-та үсікке шалдығады. Гүлдеу және пісу кезінде ылғалды көп керек ететіндіктен, суармалы жерлерде жоғары өнім береді. Облыстың Мақтаарал, Сарыағаш, Шардара, Ордабасы, Отырар аудандарында, Арыс, Түркістан қалалық әкімдік аумақтарында мақта өсіріледі. ОҚО ауа-райына байланысты мақта сәуір-мамыр айларында толықтай егіліп бітеді. Шиті жерге түскеннен кейін жер құнарлылығы жақсы болса 5-10 күннің көлемінде жер бетіне шығады. Ал егер жер бетіне шықпай тұрып, жаңбыр жауған жағдайда, тез арада бетін тырнап шығу қажет. Себебі жердің беті қатып мақта тұншығып қалады. Мақта өсіп жетілемін дегенше, арам шөптерден тазалап, түрлі зиянкестерден қорғайтын химиялық заттар беріліп тұрады. Жылына 2 рет суарады. 1 т шитті Мақтадан 330–360 кг талшық (бұдан 3000 м мата тоқылады), 100–110 кг тағамдық, техникалық май, 30–40 кг қысқа талшық, 550–580 кг тұқым алынады. Тұқымында 20–25% май болады, сондықтан 1 т Мақта тұқымынан 170 кг Мақта майы, 400–420 кг күнжара, 300 кг қауыз, мақта мамығы, олифа, глицерин, т.б. құнды өнімдер алынады. Мақта – тоқыма өнеркәсібі үшін негізгі шикізат. Мақтаның ұзын талшықтарынан әр түрлі маталар – бәтес, сәтен, маркизат тоқылса, қысқа талшықтарынан целлюлоза, пластмасса, фотопленка, дәрілік мақта, жанғыш пілте, жасанды жібек, жіп, т.б. дайындалады. Зығыр (Lіnum) – зығыр тұқымдасына жататын бір жылдық және көп жылдық шөптесін өсімдіктер туысы; тінді, талшықты, майлы дақылдар.Зығырдың 230-ға жуық түрі белгілі. Қазақстанда 13 түрі кездеседі. Республиканың солтүстік-шығыс және оңтүстік-шығыс облыстарындағы қара және қоңыр топырақты жерлерде өсіріледі. Сабағының биіктігі 50 – 100 см., жапырағы қандауыр пішіндес, қондырмалы, гүлшоғыры – шатыр тәрізді шашақ. Гүлдері ұсақ, басым бөлігі көкшіл түсті, өсімдіктің жоғарғы жағында шоғырланып өседі. Жемісі – қауашақ. Зығырдың талшығын және тұқымын алу үшін, негізінен, дақылдық зығыр (L. usіtatіssіmum) өсіріледі. Ол 5 түр тармағына бөлінеді. Олардың ішінде кең тарағаны: салалы (талшықты) зығыр, майлы (шашақты) зығыр, жатаған зығыр, т.б.Салалы зығыр – бір жылдық өсімдік. Қоңыр салқын ауа райында жақсы өседі. Салалы зығыр салқынға шыдайды. Зығыр күнжарасы – өте құнарлы мал азығы талшығының бір гектарынан 7 – 11 центнер өнім алынады. Зығыр тұқымы мен зығыр майын медицинада, талшығын кенеп мата, брезент, кендір жіп жасау үшін пайдаланады. Маусым айынан гүлдеп, шілденің аяғында жеміс береді. Қазақстанда аудандастырылған сорттары: “Сибиряк”, “Авангард”, “Қарабалық 3”, “ВИР-1650”, т.б. Негізгі зиянкестері: зығыр бүргесі, көк көбелек, трипстер; аурулары: антракноз, фузориоз. Кенепшөп(Cannabіs) – кенепшөп тұқымдасына жататын бір жылдық талшықты өсімдік. Кенепшөптің шыққан жері – Орталық Азия.Оны б.з.б. 1-мыңжылдықта қолдан өсіре бастаған. Қазақстанның барлық жерінде кездеседі. Негізінен, далалық алқаптар мен оңт. облыстардың таулы аймақтарында өсетін: екпе кенепшөбі (C.satіva) және арамшөп кенепшөбі немесе қарасораң (C. ruderalіs) бар. Олардың биікт. 50 – 150 см. сабағы жұмыр, жұмсақ, түкті. Жуандығы 8 – 30 мм. Жапырағы 3 – 7-ден бөлінген, ланцет тәрізді, жиегі араның тісі сияқты иректелген. Гүлдері қос жынысты, масақ гүлшоғырынатопталған. Маусым – шілде айларында гүлдеп, жемістенеді. Жемісі – бір тұқымды жаңғақша. Кенепшөптің талшығы мата, кенеп тоқуға, әр түрлі арқан, жіп есуге пайдаланылады. Дәнінен тағамдық, тех. май алынады, күнжарасы – құнды мал азығы. Кенепшөпті кейде әсемдік үшін де өсіреді. Тропиктік және субтропиктік аймақтарда өсетін үнді кенепшөбінен гашиш (марихуана) алынады,