Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
АРАЙ ШПОР.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
71 Кб
Скачать
☆

68.Жоғары сатыдағы өсімдіктер флорасының пайдалы илік, техникалық, тағамдық, эфир майлы, дәрілік өсімдік түрлері.

Техникалық дақылдар дегеніміз - кез-келген мүшелерінен өндіріске қажетті шикізат алуға болатын өсімдіктер. Талшықты өсімдіктер де техникалық дақылға жатады. Техникалық дақылдардан қант, крахмал, май,илік заттар, өзге де қажетті заттар алынады. Алайда техникалық дақылдарды өзге мәдени дақылдардан ерекше шектеп қарауға болмайды. Өйткені техникалық дақылдардың тағамдық, сәндік, азық-түліктік қасиеттері де болуы мүмкін. Үпілмәлік (клещевина) - көпжылдық сүттіген тұқымдас қосжарнақтылар класына жататын техникалық дақыл. Ол - биіктігі 10 метрге дейін жететін бір үйлі өсімдік. Үпілмәліктің тұқымында 40-58%-ға дейін өте тұтқыр, кеуіп кетпейтін май болады. Оның майы төмен температурада да қатпайды және бензинде нашар ериді. Үпілмәлік майы авиациялық моторларды майлауға, металлургияда, тері, мата, сабын алу өнеркәсіптерінде пайдаланылады. Үпілмәлік майы жеуге жарамсыз, медицинада іш жүргізуге қолданады.  Бұйдакендірдің сабақтарында 17-27% талшық бар, одан арқан есетін, қап тоқитын жіп алынады. Тұқымында тек техникалық мақсатқа пайдаланылатын 18-20% май болады. 

Қазақстанда өсетін 6 мыңнан астам өсімдіктердің 500- дей түрі дәрілік өсімдіктерге жатады. Бақбақ, долана, адыраспан, рауғаш, ермен, уқорғасын және өзге де дәрілік өсімдіктер бар. Оңтүстік Қазақстан облысындағы Шымкент фармакологиялық зауытында дермене, меңдуана, үшжапырақты сана дәрі алу мақсатында өсіріледі.Жалбызтікен (алтей)- құлқайыр тұқымдас цилиндр пішінді 150 сантиметрге дейін бойлай өсетін сабағы бар көпжылдық өсімдік.  Өндірістің әр саласына шикізат беруге арнайы өсірілетін өсімдіктер техникалық дақылдар деп аталады. Олардан өндірілетін өнімдерге байланысты техникалық өсімдіктер май алынатын, тоқыма үшін пайдаланылатын, крахмал алынатын, каучук, қант алынатын дақылдарға жіктеледі. Сондай-ақ илік, бояу және дәрілік өсімдіктер де болады. Соған қоса техникалық дақылдардың тағамдық, сәндік, азық-түліктік, мал-азықтық қасиеттері болатынын да ескеруіміз қажет. Адамның денсаулығын сақтауда дәрілік өсімдіктердің маңызы зор. Қазақстанда өсетін өсімдіктердің 500-ге тарта түрі дәрілік өсімдіктер. Аталған дақылдардың кейбірі улы болуы да мүмкін.

69. Қазақстандағы ресурстану саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарының алғашқы бағыттары, П.С. Массагетов және А.П. Марков еңбектері.

70. Белокқа бай өсімдіктер.

71.Қазақстан жануарлар әлемінің биологиялық алуантүрлілігі.

 Қазақстан жерінде алуан түрлі жануарлар мен өсімдіктер әлемі кездеседі. Мұнда бомыртқалы жануарлардың 835 түрі бар. Соның ішінде сүтқоректілердің 178 түрі: құстың - 500-жуық, бауырымен жорғалаушылардың - 49, қосмекенділердің - 12, балықтың - 104, дөңгелекауыздылар немесе балықтәрізділердің 3 түрі тіршілік етеді. Атап айтқанда кез-келген адамға таныс аю, қасқыр, түлкі, қоян, кірпі, үйректер, тырна, қаз, аққу, бүркіт, улы сұр жылан, бақа, алабұға, шортан және тағы басқалар кездеседі.Бұлар бір-бірімен сыртқы түрі, пішіні және т.б. ерекшеліктеріне қарай түрге, туысқа топтасып, үлкен бір бірлестікті құрайды. Қазақстанда сұр жыланның - 2, тырнаның - 3, Аққудың - 3, бүркіттің - 5, қаздың - 7, ал үйректің тіпті 26 түрі бар. Омыртқасыз жануарлардың әртүрлері өте көп, оларға - жәндіктер, өрмекшілер, кенелер, балқылдақденелілер, құрттар және басқа қарапайымдылар жатады.Бұлардың көбі әлі зерттелмеген, сондықтан зоологтар жыл сайын олардың жаңа түрлерін зерттеп, сипаттап жазуда. Қазақстан ғалымдарының зерттеулері бойынша, біздің республикамыздың жерінде омыртқасыз жануарлардың 50 мыңға жуық түрі тіршілік етеді, бұлардың ішінде дене мөлшерінің кішілігіне қарамай, адам өмірі үшін маңызы зор түрлері де бар. Біреулері адамға тамақ ретінде (шаянтәрізділер, былқылдақденелілер); екіншілері - кәсіптік маңызы бар аңдарға жем ретінде (құстар мен балықтар); үшіншілері - адамдар мен жануарлар ауруын тасушылар (қарапайымдылар, биттер, бүргелер, масалар, кенелер, құрттар) болып табылады. Көптеген омыртқасыздар ауылшаруашылығының зиянкестері, кейбіреулері - (қарақұрт, сарышаян, бүйі) улы, тағы басқа түрлері адам үшін өнімдерімен пайдалы: бал аралары - бал, балауыз, прополис; жібек құрты - жібек; кейбір балқылдақденелілер - маржан және т.б. береді.