Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
АРАЙ ШПОР.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
71 Кб
Скачать
☆

59. Биологиялық алуан түрлілікті тепе-теңдікте сақтап пайдаланудың жүйелі тісілі және негізгі принциптері.

Шөлге айналу процесі кең масштабта жүруде. Соның нәтижесінде, табиғи ресурстар экологиялық деградацияға ұшырап, ол биологиялық өнімділіктің жоғалуымен қатар жүруде. Қазақстандағы шөлге айналған жерлер ауданы бүкіл Қазақстан территориясының 59,9% шамасында. Жерлердің мұндай масштабта деградацияға ұшырауының себебі, ССРО-да дамудың негізгі идеологиялық принципі ол адамға табиғатты бағындыруда басымдық экологияға емес экономикаға берілді. Ең алдымен барлық бар материалдарды жинақтап, мұқият инвентаризация жүргізіп, табиғи ресурстардың (топырақ, өсімдіктер, жануарлар дүниесі) жағдайын анықтап, біздің жер асты байлықтарымыз қалай жұмсалып жатқанын анықтап, олардың қанша жылға жететіндігі болашақ ұрпаққа не қалатынын білу керек. “Система” деген термин грек тілінен “целое” яғни “бүтін, тұтас” деген мағана береді , ол жеке бӛліктерден құралады. Қазіргі ғылым мен техниканың даму кезеңінде система – жүйе дегеніміз бір-бірімен тығыз байланыстағы, белгілі бір бүтін жүйені құрайтын, көптеген элементтер жүйеліліктің негізгі принциптері. 1. Тұтастық немесе бүтіндік жүйенің қасиеттері, оның құрамындағы элементтердің жиынтығы емес, өйткені элементтердің жиынтығынан бүтіннің қасиеттері шықпайды, әрбір элементтің қасиеті және жүйеге қатысы, оның тұтастық ішіндегі орнына, қызметіне бағынышты. 2. Құрылымдықтар – байланыстардың тармағы және жүйелердің қарым – қатынасы. 3. Жүйелер және ортаның өзара тәуелділігі – жүйе ортамен әрекеттестік процесінде, өзінің қасиеттерін қалыптастырып көрсетеді. Екі жақтың ӛзара қатынасында, жүйе оның жетекші белсенді компоненті болып қалады. 4. Тұтастықтың (бүтіннің) элементтерін жоғарыдан төмен қарай орналастыруда, жүйенің әрбір компоненті ӛз кезегінде жүйе ретінде қаралады. 5. Әрбір жүйені кӛп рет сипаттау. Биологиялық алуан түрлілікті, тепе–теңдікте сақтап пайдаланудың ұлттық стратегиясы, басқару жүйесіне жатады және жүйе жиынтығын, басқарудың жеке жақтарын көрсетуі керек: мақсатын, тәсілдерін, орындарын, кадрларын, техниканы және технологиясын және т.б. Ұлттық стратегияның бағыты, ниеті ол – Биологиялық алуан түрлілікті тепе – теңдікте сақтап пайдалануда қоғам талабына және планетамыздағы тіршіліктің дамуының объективтік заңдылықтарына сәйкестендіру. Басқару жүйесінің тиімділігі оның басқарған объектісінің тіршілікке қабілеттілігіне және қызметі кӛрсеткіштермен бағаланады.

60 Құстардың табиғатқа тигізетін пайдасы мен зияны.

Құстар — жылықанды омыртқалы жануарлар (омыртқасы бар жануарлар). Олардың қауырсындары жылуды сақтауға және ұшуға көмектеседі. Олар артқы екі аяқтарымен жүреді, ал алдыңғң аяқ-қолдары қанаттарға айналған. Құстардың барлығы жұмыртқа салады. Дегенмен ұшпайтын құстар да кездеседі. Қазақстанда құстардың 18 отрядқа жататын 489 түрі бар. Құстардың басқа омыртқалы жануарлардан айырмашылығы – олардың ауада ұша алатындығы Құстар 1-ден 20 – 25-ке дейін жұмыртқа салады. Оны 12 күннен 80 күнге дейін басады. Құстар өсімдіктерді тозаңдандырып, олардың тұқымдарын таратады, зиянды жәндіктер мен кемірушілерді құртып, олардың табиғаттағы санын реттеуге қатысады. Кейбір түрлері бау-бақшаға, егістікке зиянын тигізіп, әр түрлі жұқпалы, паразиттік аурулардың қоздырғыштарын таратады. 1868 ж. Вена қаласында (Aвстрия) алғаш рет құстарды қорғау туралы ресми шешім қабылданған. 1922 ж. Құстарды қорғаудың Халықаралық кеңесі құрылды. Халықаралық табиғат қорғау одағының “Қызыл кітабына” құстардың 209 түрі мен 83 түр тармағы, ал Қазақстанның “Қызыл кітабына” 56 түрі енгізілген. Құстарды дене құрылысына, тіршілік әрекетіне байланысты 3 топқа бөледі. Олар: қыртөссіздер (жүгіретін құстар); жүзетін құстар (пингвиндер); қыртөстілер(ұшатын құстар). Адамның шаруашылық әрекеттерінде құстардың алуан түрлі және үлкен маңызы бар. Көптеген түрлерін үйретіп, үй құсына айналдырған, бұл әрекетті осы кезге дейін жетілдіріп келеді. Ет, жұмыртқа, мамық алу, байланыс мақсатына, әсемдік үшін құстардың жаңа тұқымдарын шығарады. Жабайы құстар-дың — ауыл, орман, балық шаруашылығында, аң аулау кәсібінде және денсаулық сақтауда зор маңызы бар. Құстар-дың экономикалық маңызы өте күрделі, оны механикалық шеше салатын мәселе емес, Бір түрге жататын құстың өзі бір жағдайда пайдалы болса, екінші бір жағдайда зиянды болып саналады. Шаруашылықтың бір түріне пайдалы болған құс, шаруашылықтың екінші саласына зиянын тигізуі мүмкін. Көп-шілік кұстар егін, бау-бақша, тоғайлы және далалы жердегі өсімдіктердің зиянкестері — омыртқасыз организмдерді қырып, пайдасын тигізеді. Орман зиянкестерімен қоректенетін құстарға: сары шымшық, пищухалар, түрлі славкалар, шыбын қаққыштар, түрлі сары шымшықтар, қызыл құйрықтар, малионовкалар, көкектер, жағалтайлар, ешкіемерлер, тоқылдақтар, кішкене торғайлар, жорға торғайлар т. б. жатады. Дала мен шабындық жерлердегі зиянкестермен қоректенетін құстарға кәдімгі қара торғай, түрлі қаратамақ торғай, боз торғайлар, ақсарылар, көк қарғалар, айдарлы көкектер, кәдімгі және дала бөктергісі, қыр-ғилар, ақ тұмсық қарғалар, ұзақтар, кейбір жерлерде шағалалар т. б. жатады. Кейбір құстардың пайдасымен қатар зияны да айтарлықтай. Мысалы, ақ тұмсық қара қарғалар көктемде себілген тұқым-ды қазып жесе, жазда қиярды, қарбыз, қауынды, картопты шоқып бүлдіреді. Сонымен қатар ауыл шаруашылығының зиянкес насекомдарында жеп көп пайда келтіреді. Сол сияқты суық торгайларда балапаны ұшқанша насекомдармен олар-дың личинкаларымен, жұлдыз құрттармен қоректендірсе, олар ұшқасын, күзде дәнді дақылдармен қоректендіріп зиянын тигізеді. Сонымен қатар кейбір түрлері ементұмсықтар мен қара торғайлар шие жемісін жеп үлкен зиян келтіреді.

61.Перспективті техникалық өсімдіктер.

62.Жерсіндірудің Қазақстан биоресурстары өнімділігін арттырудағы ролі.