- •48. Батыс-Алтай қорығы және оның ресурстық түрлерді қалпына келтірудегі және сақтаудағы маңызы.
- •49. Жануарлардың биосфера мен адам өміріндегі маңызы.
- •50. Барсакелмес қорығы және оның ресурстық түрлерді қалпына келтірудегі және сақтаудағы маңызы.
- •51. Қазақстанның су айдындарына жерсіндірілген балықтар. Жерсіндірілген балықтардың пайдасы мен зиянды жақтары.
- •52. Алматы қорығы және оның ресурстық түрлерді қалпына келтірудегі және сақтаудағы маңызы.
- •54.Қазақстанның негізгі су омыртқасыздары, шаянтәрізділер. Қорын тиімді пайдалану олардан алынатын өнімдер және оларды қалпына келтіру.
- •55. Ботаникалық ресурстану ғылымының қалыптасуы.
- •57.Қазақстанның ұлттық бақтары олардың биоресурстар өнімділігін арттырудағы маңызы.
- •58.Қазақстанның сирек кездесетін жануарлар түрлері, сипаттамасы (толық), қорларын қорғау.
- •59. Биологиялық алуан түрлілікті тепе-теңдікте сақтап пайдаланудың жүйелі тісілі және негізгі принциптері.
- •60 Құстардың табиғатқа тигізетін пайдасы мен зияны.
- •63.Қазақстанның «Қызыл кітабына» енген омыртқасыз жануарлар – жәндіктер. Қорғау шаралары.
- •68.Жоғары сатыдағы өсімдіктер флорасының пайдалы илік, техникалық, тағамдық, эфир майлы, дәрілік өсімдік түрлері.
- •71.Қазақстан жануарлар әлемінің биологиялық алуантүрлілігі.
- •72. Қазақстан өсімдіктері ресурстарын зерттеудің негізін қалаған ғалымдар және ресурстанулық зерттеу жұмыстарының болашағы.
- •73. Қазақстан ормандар массиві.
- •77 Талшықты өсімдіктер Мақта (Хлопчатник- Gossypium), Зығыр (Лен-Linum), Кенеп немесе кенепшөп (Конопля- Cannabis).
- •78. Қазақстанда өсімдіктер ресурстарын тиімді пайдалану және бұл саладағы ғылыми-зерттеу жұмыстарының бағыттары, этаптары.
- •80.Пайдалы өсімдіктер ресурстарын зерттеудің деңгейлері.
- •81. Алкалоидты өсімдіктер Темекі (Табак- Nicotiana), Көкнәр (Мак опийный- Papaver), Шәй (Чай- Theaceae).
- •83.Өсімдіктер әлемі биоресурстарын зерттеу әдістерінің ерекшеліктері.
- •84. Белокқа бай өсімдіктер Асбұршақ (Горох- Pisum), Үрмебұршақ (Фасоль- Phaseolus), Ноқат (Нут- Cicer).
- •86. Жеміс-жидекті өсімдіктер.
- •87.Өсімдіктер әлемінің биоресурстары. Пайдалы өсімдіктер классификациясы.
- •88. Саятшылықта қолданылатын немесе кәсіптік маңызы бар жыртқыш құстар.
- •90. Мәдениет Қаратайұлы Көкеновтың Қазақстанның «Ботаникалық ресурстану» ғылымының дамуына қосқан үлесі, еңбектері.
73. Қазақстан ормандар массиві.
Бiздiң елiмiздегi ормандар жүйесi негiзiнен, солтүстiк және шығыс аймақтарында шоғырланған орманның бiрнеше типтерi бар. Олар - сексеуiл, қарағай, шырша, самырсын, қайың ормандары, тоғайлар мен бұталар. Орман қоры жер шары бойынша жылдан жылға азая түсуде. Құрлықтың 62 млн. текше километр жерiн өсiмдiктер мен орман алып жатыр. Республикада ормандар аз және олардың жағдайы мәз емес. Оның негiзгi себептерi – адам факторы, өрт, ауа райының өзгеруi мен айнала қоршаған ортаның ластануы. Орманды қорғау бiздiң мiндетiмiз.Орманның адам мен биосфера үшiн маңызы зор. Орман топырақтағы ылғалды сақтай отырып, су балансын тұрақтандырады. Ылғалды жер өсiмдiк жамылғысы мен жан-жануарлардың көбейе түсуiне ықпал етедi. Орманды алқаптардағы жер асты сулары өзен мен көлдердi қоректендiредi. Орман аң мен құстың мекенi, дәрi дәрмектiң өсiмдiктер мен жемiс-жидектердiң панасы әр қолайлы тiршiлiк ортасы болып табылады.Ормандардың егiстiк алқаптарын қорғаудағы да рөлi зор. Орманды жерде топырақтың, су және жел эрозиясы болмайды. Ал, ормансыз жердiң топырағы кеуiп, шөлге айналады. Ағаштарды қар тоқтату үшiн де отырғызады. Орманның ауаны тазартатын да қасиетi бар. Мысалы: бiр гектар орман бiр күнде 220-280 кг. көмiр қышқыл газын сiңiрiп, 180–200 кг оттек бөлiп шығарады. Яғни ауаның құрамын толықтырып отырады.Орман сонымен қатар денсаулық сақтау ортасы. Сондықтан курорт пен сауықтыру кешендерi, т.б. демалыс орындарының тек қана орманды жерде салынуы тектен-тек емес. Сирек өсiмдiктердiң қатарына ағаштар да жатады. Оларды кесiп, отап, құрылыс материалы үшiн пайдалануды азайту керек. Қазiрдiң өзiнде Iле шыршасы, самырсын, шетен, ырғау, торанғыл, долана, шырғанақ, емен, т.б. ағаштары қорғауды қажет етiп отыр. Әсiресе орман ағаштарын кесу етек алуда. Орманды қорғаудың ең маңызды бағыты – жасанды жолмен орман қорын көбейту.Орманды жерге саяхат жасағандағы ең қауiптi нәрсе – өрт. Орманның өрттен басқа да жаулары бар. Олар – орман зиянкестерi, кемiрушiлер, ұсақ жәндiктер, өсiмдiк аурулар паразиттер, санырауқұлақтар мен вирустар. Зиянкестердiң кесiрiнен құрылыс материалдары үшiн дайындалатын ағаштардың 45 пайызы сапасыз болып шығады. Кей жылдары жүздеген гектар ормандағы зиянкестермен үзбей күресуге тура келедi. Олар химиялық және биологиялық күрес жолдарымен жүзеге асады. Химиялық күресте қоршаған орта мен барлық тiрi ағзалар үшiн ұқыптылықты қажет етедi. Орманды алқаптарда ауру тудыратын микробтар аз болады. Қаланың ауасымен салыстырғанда мұндай бактериялар 300 есеге кем болады. Қылқан жапырақты ормандағы ауаның тазалығы хирургиялық операция бөлмесiндегi тазалықпен бiрдей болады. Орман топырақтың құнарлылығын сақтайды. Жердiң тозуын болдырмайды. Орман су көздерiн қорғау қызметiн де атқарады. Ауылшаруашылық жерлерiн жолдарды құм, шаң басудан қорғайды. Орман халық шаруашылығына қажеттi құнды материал ағаш бередi. Ормандар дәрiлiк, тағамдық, техникалық өсiмдiктер жемiс-жидектер, саңырауқұлақтар өседi. Орман ағаштарынан құнды шырын, шайыр алынады. Қазақстандағы орман қорының жерi 21,2 млн. гектар, оның iшiнде ағашты алқап 9,1 млн. гектарға жетедi. Орманнан жылына 2-2,4 млн метр³ ағаш даярланады. Қазақстан Республикасы жылына шамамен 11 млн метр³ дейiн ағаш өнiмдерiн тұтынушыларға жеткiзедi. Қазақстан ормандары негiзiнен табиғатты қорғау қызметiн атқарады. Қазақстан орман қорына бай емес.
74. Қазақстан территориясында соңғы 30-40 жылдары жоғалған жануарлар түрлері.
75. Қазақстандағы əртүрлі пайдалы өсімдіктерді зерттеу жəне игеру тарихы.
76. Крахмалға бай, астық тұқымдастарға жатпайтын өсімдіктер.
