- •48. Батыс-Алтай қорығы және оның ресурстық түрлерді қалпына келтірудегі және сақтаудағы маңызы.
- •49. Жануарлардың биосфера мен адам өміріндегі маңызы.
- •50. Барсакелмес қорығы және оның ресурстық түрлерді қалпына келтірудегі және сақтаудағы маңызы.
- •51. Қазақстанның су айдындарына жерсіндірілген балықтар. Жерсіндірілген балықтардың пайдасы мен зиянды жақтары.
- •52. Алматы қорығы және оның ресурстық түрлерді қалпына келтірудегі және сақтаудағы маңызы.
- •54.Қазақстанның негізгі су омыртқасыздары, шаянтәрізділер. Қорын тиімді пайдалану олардан алынатын өнімдер және оларды қалпына келтіру.
- •55. Ботаникалық ресурстану ғылымының қалыптасуы.
- •57.Қазақстанның ұлттық бақтары олардың биоресурстар өнімділігін арттырудағы маңызы.
- •58.Қазақстанның сирек кездесетін жануарлар түрлері, сипаттамасы (толық), қорларын қорғау.
- •59. Биологиялық алуан түрлілікті тепе-теңдікте сақтап пайдаланудың жүйелі тісілі және негізгі принциптері.
- •60 Құстардың табиғатқа тигізетін пайдасы мен зияны.
- •63.Қазақстанның «Қызыл кітабына» енген омыртқасыз жануарлар – жәндіктер. Қорғау шаралары.
- •68.Жоғары сатыдағы өсімдіктер флорасының пайдалы илік, техникалық, тағамдық, эфир майлы, дәрілік өсімдік түрлері.
- •71.Қазақстан жануарлар әлемінің биологиялық алуантүрлілігі.
- •72. Қазақстан өсімдіктері ресурстарын зерттеудің негізін қалаған ғалымдар және ресурстанулық зерттеу жұмыстарының болашағы.
- •73. Қазақстан ормандар массиві.
- •77 Талшықты өсімдіктер Мақта (Хлопчатник- Gossypium), Зығыр (Лен-Linum), Кенеп немесе кенепшөп (Конопля- Cannabis).
- •78. Қазақстанда өсімдіктер ресурстарын тиімді пайдалану және бұл саладағы ғылыми-зерттеу жұмыстарының бағыттары, этаптары.
- •80.Пайдалы өсімдіктер ресурстарын зерттеудің деңгейлері.
- •81. Алкалоидты өсімдіктер Темекі (Табак- Nicotiana), Көкнәр (Мак опийный- Papaver), Шәй (Чай- Theaceae).
- •83.Өсімдіктер әлемі биоресурстарын зерттеу әдістерінің ерекшеліктері.
- •84. Белокқа бай өсімдіктер Асбұршақ (Горох- Pisum), Үрмебұршақ (Фасоль- Phaseolus), Ноқат (Нут- Cicer).
- •86. Жеміс-жидекті өсімдіктер.
- •87.Өсімдіктер әлемінің биоресурстары. Пайдалы өсімдіктер классификациясы.
- •88. Саятшылықта қолданылатын немесе кәсіптік маңызы бар жыртқыш құстар.
- •90. Мәдениет Қаратайұлы Көкеновтың Қазақстанның «Ботаникалық ресурстану» ғылымының дамуына қосқан үлесі, еңбектері.
57.Қазақстанның ұлттық бақтары олардың биоресурстар өнімділігін арттырудағы маңызы.
Ұлттық саябақтар елімізде қорғалатын ландшафтылардың жаңа түрі. Олар әлі де толық өріс алып, дами қойған жоқ. Мұның қорықтардан айырмашылығы - туристер мен тынығушылардың кіріп көруіне рұқсат етіледі. Бірақ олардан табиғатты қорғау ретін сақтау талап етіледі. Қазақстанда 5 саябақұйымдастырылған. Еліміздегі алғашқы саябақ – Баянауыл саябағы. Ол 1985 жылы Павлодар облысындағы Баянауыл орман шаруашылығьінын негізінде құрылған, ауданы 50,7 мың гектар. Саябақ аумағына енетін таулы-орманды ландшафтылары тамаша табиғат ерекшеліктерімен көзге түседі. Қарағай, қайың ормандары өскен, гранитті, үгіліп мүжілген Баянауыл таулары Сарыарқаның шөлейтті жазықтарында орналасқан. Мұнда құстардың 54 түрі, сүтқоректілердің 54, балықтың 8, өсімдіктің 438 түрі бар. Биік жері - Ақбеттауы, биіктігі 1026 метр. Табиғатының қолайлы жағдайына байланысты Баянауыл тауларын «шөлді даладағы таулы-орманды шұрат» деп атайды. Бұл аймақ жаппай демалыс пен туризмнің дамыған жері. Мұнда көптеген демалыс үйлері, емдеу мекемелер, туристік базалар орналасқан. Саябақта ұзақ уақыт үгілу әрекетінен қайталанбас жартас, шоқылар қалыптасқан. Олар сыртқы түріне орай «Жалмауыз кемпір», «Найзатас», «Тас және Ат басы» т.б. деп аталады. Іле Алатауы саябағы 1996 жылы ұйымдастырылған. Ауданы 199,7 мың гектар. Іле Алатауының солтүстік беткейінде Түрген шатқалынан бастап, батыста Қаскелең асуына дейінгі ерекше ландшафтыларды қорғау және демалыс, тынығу мақсатында пайдаланылады. Мұнда қорғауға аңның 43 түрі, құстың 138 түрі, балықтың 8 түрі, өсімдіктің 1282 түрі алынды. Қарқаралы саябағы 1998 жылы кұрылған. Ауданы 90,3 мың гектар. Қарағанды облысындағы Қарқаралы ауданында орналасқан. Қарқаралы жәнө Кент тау жүйелерін қамтиды. Осында әйгілі Шайтанкөл орналасқан. Мұнда аңның 39 түрі, қүстың 55 түрі, балықтың 11 түрі, өсімдіктің 68 түрі қорғалады. Алтынемел табиғи саябағы 1996 жылы Алматы облысының Кербұлақ, Панфилов аудандары жерінде орналасқан. Ауданы 161,1 мың гектар. Алтынемел тауын қамтиды. Мұнда аңның 6 түрі (таутеке, қарақұйрық, құлан, қызыл қасқыр және т.б. ), сонымен бірге құстың 231 түрі, балықтың 30, өсімдіктің 1800 түрі қорғауға алынған.Көкшетау саябағы Ол 1996 жылы ұйымдастырылған. Ауданы 182,1 мың гектар. Мұнда аңның 305 түрі, қүстың 223, балықтың 22 түрі, өсімдіктің 800 түрі қорғауға алынған.[1]
58.Қазақстанның сирек кездесетін жануарлар түрлері, сипаттамасы (толық), қорларын қорғау.
Жануарларымызды қорғау мақсатында республикамызда жануарларды корғау және кал- пына келтіру жолдары туралы көптеген іс-шаралар жүргізілуде. Оларды нақтылау жұмыстары толассыз жүріп жатыр. Қызыл кітапқа 125 жануар тіркелген. Мемлекетіміздің зоологтары өте кішкентай жануар¬ларды да бақылауға алған. Олар дер кезінде жануарлар санының кеміп бара жатқандығы және байқалған өзгерістер туралы ақпарат беріп тұрады. Қызыл кітапқа тіркелген 40 сүтқоректінің ішінде қызыл қасқыр жойылып кетті деп есептелуде. Соңғы 50 жылда қасқырдың бұл түрін көрдім деген жан жоқ. Еуропалык күзеннің бір жақсысы жасанды табиғатта да жақсы көбейе алады, оларды табиғи жағдайда америкалық туыстарын ығыстырып шығаруда. Өте сирек кездесетін балжегіш түрінің жауы мен бәсекелестері өте көп. Бірақ жыртқыштар кез келген жеуге жарамды нәрселермен қоректене береді. Тасбақаны сауытына тиіспестен ебін тауып жейтін жануардың біріне жатады. Соңғы кездері гепард туралы да нақты дерек жок. Олар республикамызға кеңінен танымал және қорғауға алынған бөкен, қарақүйрық, жабайы қойлар сияқты тұяқтыларды аулайды. Қазіргі кезде гепардты арнайы хайуанаттар бағында ұстап көбейту үстінде. Болашақта оларды бостандыққа жіберудің жолдары жоспарланып жатыр. Гепард тұкымдастар - карбарысы, түркістан сілеусіні, шағыл мысығы , сабаншы (III саты), әсіресе қарақал жыл өткен сайын сиреп барады. Олардың саны қоян, косаяк, саршұнақ, құмтышқандарының санына тәуелді болып отыр. Арасында қарақұйрық, жабайы қой немесе қойға да шабуыл жасайды. Балықтар арасында I сатыға жататындары өте бағалы Cырдария тасбекіресі, арал және каспий албырты, пілмай, шортан төрізді ақмарқа, шу сүйірқанаты, іле шармай балығы және т. б. Республикамызда балықтың бұл түрлерін көбейту жолдары әлі қолға алынбаған. Қызыл кітапқа енген балықтар уақыт өте біртіндеп азаюда.
