Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
АРАЙ ШПОР.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
71 Кб
Скачать
☆

54.Қазақстанның негізгі су омыртқасыздары, шаянтәрізділер. Қорын тиімді пайдалану олардан алынатын өнімдер және оларды қалпына келтіру.

Омыртқасыздар-омыртқа жотасы жоқ жәндіктер тобы. Омыртқасыз жануарлар басқа организмдермен қоректену арқылы тіршілік етеді. Олардың жасушасы да қатты қабықпен қоршалмаған. Жыныстық жолмен өрбитін омыртқасыздар түрі көп. Оларда қозғалатын кішкене аталық жасушасы мен қозғалмайтын ірі аналық жасушасын шығару үшін мейозға ұшырайтын бірнеше арнайы жыныс кілеткасы бар.Аналық жасушасының және аталық жыныс жасушасының қосылуы зиготаны түзеді. Ал бұл өз кезегінде жаңа ағзаның пайда болуына алып келеді. Тасқа айналған жануарлардың ішінде омыртқасыздар да бар. 665 миллион жыл бұрын алғашқы тасқа айналған алғашқа губкалар еді. Кейбір палеонтологтар жануарлар әлде қайда ерте, "1 миллиард жыл бұрын пайда болы мүмкін" деген болжамдар айтады.Тониан дәуірінде табылған іздер мен індер секілді, тасқа айналған жануарлардың белгілері метазондар сияқты триплобласты құрттарды сол замандарда да тіршілік еткенін дәлелдейді. Олардың ені-5 мм шамасында, үлкен және жер құрты тәрізді күрделі. Теніз жұлдыздары немесе теңіз жұлдыздарының дене пішіні әртүрлі. Теңіз жұлдыздары мен теңіз кірпілерінде сутүтікшелі аяқтар болады. Ондай аяқтарда сорғыш табан бар. Тікентерілер сутүтікшелі аяқтарымен баяу жылжып, теңіз түбімен жүре алады. Теңіз кірпілері денесінің үстіңгі бөлігінде, теіәз жұлдыздарының ұшында ұарапайым құрылысты көзшелері бар. Бұл көзшелермен олар жарықтың аз-көптігін ғана сезіне алады. Теңіз жұлдыздары мен теңізкірпілері тері желбезектері арқылы тыныс алады. Барнакл маржаны не теңіз емен жаңғағының желбезектері болмайды және мұртшалары (түкті аяқтар) мен дене қабырғасы арқылы газ алмасады. Теңіз құлақшасы немесе галиотистің қаны-көк жасыл түсті. Онда қанда қоюлану механизмі болмайтындықтан алған жарақат теңіз құлақшасы үшін өте қауіпті. Зәкір немесе балға маржаны уын нематоцисте тасиды. Бұл қармалауыштардың ұшындағы кішкентай зәрлі жасушалар. Губкалар-омыртқасыздардың бір типі."Шынылы", "ізбесті" және "кәдімгі губкалар" болып бөлінеді. Су түбінде қозғалмай жатады. Балдырлар мен бактериялармен қоректенеді. Кейбірінен денеге шомылғанда пайдаланатын ысқылауыш жасайды.

55. Ботаникалық ресурстану ғылымының қалыптасуы.

Өсімдік ресурстары өсімдіктердің практикалық қолданылуын қарастыратын ботаниканың бөлімі.Ол ең алғаш Ресейде ХІХ ғасырда тұрмыстық ботаника деген атпен белгілі бола бастады (Сукков,1804). М.М.Ильин (1948,1949) ботаникалық ресурстануды жаратылыстану бағытындағы, биология ғылымының профиліндегі өзіндік бөлімі ретінде қарастырылуы керек ғылым екендігін айтты. Ботаникалық ресурстану, ботаниканың арнайы бөлімі ретінде сөзсіз 1946 жылы, А.А.Гроссгеймнің «Кавказдың өсімдік ресуртары» деген еңбегінен кейін белгіленді.  Ботаникалық ресурстанудың пәні – объектінің эмпирикалық зерттелуі. Ботаникалық ресурстанудың зерттеу аймағы: 1)Тұрмыстық қолданыста маңызы зор және перспективті өсімдіктер түрлері және олардың түрлері мен формалары; 2)Әртүрлі дәрежеде өзгеріске ұшыраған өсімдіктер түрлері; 3)Өсімдіктерден өндіретін дара заттар және қосылыстар; Практикалық қолданыста маңызды тұтас өсімдіктер топтары;  Яғни, басқаша айтқанда, ол өнеркәсіптің әртүрлі салаларында қолданылатын шикізат, немесе медицинада, ауыл шаруашылығында қолданылатын өсімдіктер және орман шаруашылығында маңызы бар тірі өсімдіктер. Ботаникалық ресурстанудың зерттеу пәні бір жағынан өсімдік-шикізат көзі ретінде болса, екінші жағынан тұтас өсімдік ресурстары болып табылады. Фактілердің жүйеленуі. Басқа ғылымдар сияқты ботаникалық ресурстану біріншілік фактылардың жиналу периодынан өтті. Өсімдіктерді пайдасына байланысты топтастыру ертеден бері белгілі (Кедров,1961). Ең алғашқы ғылыми классификацияның авторы кім екені белгісіз. Ең алғашқы жүйелеу әрекеттері ботаниканың қалыптасу кезеңдерінен белгілі. Фактілерді жүйелеуге деген қажеттілік ғылыми білімнің басты ерекшелігі ретінде ерте кезден бастап пайда болған. Ресейдегі пайдалы өсімдіктердің классификациясының шығуы Щегловтың атымен тікелей байланысты. Ол екі томдық « Адамға пайдалы және зиянды өсімдіктерді қосатын тұрмыстық ботаника» еңбегін жазған болатын. Бірақ классификацияның толық түрі ботаниктердің пайдалы өсімдіктерді және жалпы өсімдік ресурстарын зерттей бастакымен біршама кейін пайда болды. Пайдалы және зиянды өсімдіктердің біршама шынайы да, тиянақты үлгісін Н.П.Паратанский (1894) ұсынды. Сонымен қатар, Кремер, Винзер,иГ.Боссэ және Н.Прилуцкий, Хиллдің классификацияларының да маңызы зол болды. Классификацияның түрлері жүйеленетін объектінің әртүрлі қызметтеріне сәйкес жасалуы мүмкін. Келесі жүйелеу типтері қарастырылады: 1)каузальды; 2) генетикалық (филогенез жүйесі); 3)аралас, яғни объектіні себебі бойынша және генетикалық тұрғыдын бірге қарастыра отырып, топтастыру.  56. Қазақстанның мал азықтық өсімдіктер (тұқымдасы, морфологиялық сипаттамасы, ареал, экология, химиялық құрамы, қолданылуы).