Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
АРАЙ ШПОР.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
71 Кб
Скачать
☆

78. Қазақстанда өсімдіктер ресурстарын тиімді пайдалану және бұл саладағы ғылыми-зерттеу жұмыстарының бағыттары, этаптары.

Ботаникалық ресурстанудың зерттеу тәсілінің спецификасы. Олар келесі топтарға біріктіріледі: 1)өсімдік құрамындағы жеке заттарды зерттеу тәсілі; 2)өсімдіктің жеке органын немесе бөлімін зерттеу тәсілі; 3)өсімдік шикізатын зерттеу тәсілі; 4) шикізатты біріншілік және екіншілік өңдеу тәсілдері; 5) түсімді және қорды есептеу тәсілі; 6)интродукция (біршама перспективті формаларын таңдау) тәсілі; 7)өсімдік шикізатының және оның қосылыстарының экономикалық тұрғыдан перспективтісін анықтау тәсілі; Сонымен қатар, тәсілдерді екі топқа топтастыруға болады: арнайы құралды қажет етпейтін және ететін ботаникалық ресурстану тәсілдері. Біріншіге сұрастырушылық, органолептикалық, лингвистикалық, этнографиялық, экономикалық; ал екіншіге ботанико-систематикалық, ботанико-географиялық, ботанико-экологиялық, марфолого-анатомиялық, цито-эмбриологиялық, биохимиялық жіне химиялық, химия-технологиялық, физико-механикалық, статистико-математикалық және т.б.

79. Қантқа бай өсімдіктер.

80.Пайдалы өсімдіктер ресурстарын зерттеудің деңгейлері.

Әдетте өте көп түрден тұратын туыстардың мәдени өсімдіктерке айналған түрлері аса көп емес. Мысалы, 200 түрден тұратын зығыр туысының 1 түрі ғана, 70 түрден тұратын күнбағыс туысының 2 түрі ғана мәдени өсімдіктер қатарына жатады. Осы күнгі мәдени өсімдіктердің шығу тегі әр түрлі. Олардың кейбіреуі жабайы өсімдіктерден шықса (бірақ өздері жабайы түрде өспейді), екіншілері будандастыру жолымен алынған (мысалы, рапс – жапырақты капуста мен қышабастың буданы, т.б.), ал малазықтық өсімдіктердің көбі әлі күнге дейін жабайы түрде өседі. мәдени өсімдіктер – қолдан сұрыптаудың нәтижесі. Сондықтан мәдени өсімдіктердің жаңа түрлерін (әсіресе малазықтық, дәрілік, тех.) алу жылдан-жылға жалғасуда, жаңа түрлерді алу – генетиканың (селекцияның) жетістіктеріне негізделген. мәдени өсімдіктер жабайы өсімдіктерден өте көп ерекшеліктерімен ажыратылады. Олар өздерінің табиғи ареалдары болмағандықтан, шыққан ортасынан басқа жерге тарала алмайды. мәдени өсімдіктердің физиол. ерекшеліктерін, биохим. құрамын және тіршілік ортасын зерттеу, олардың жаңа сорттарын алуда маңызы зор. Жер шарында халық санының көбеюіне байланысты олардың қажеттілігін қанағаттандыру үшін (жыл сайын 1,2 млрд. т астық дақылы керек), мәдени өсімдіктер егілетін алқаптардың көлемін ұлғайтып, шөл және шөлейтті жерлерді, биік тау алқаптарын пайдаға жарату қажет. Осыған байланысты тосын (экстремалды) жағдайларға төзімді мәдени өсімдіктердің жаңа түрлерін алу маңызды мәселенің бірі болып саналады.

81. Алкалоидты өсімдіктер Темекі (Табак- Nicotiana), Көкнәр (Мак опийный- Papaver), Шәй (Чай- Theaceae).

Темекі (лат. Nicotiana) – алқалар тұқымдасына жататын құрамында өзімен аттас есірткі (темекі) бар көп не бір жылдық шөптесін немесе бұта тәрізді өсімдіктер туысы. Темекінің құрғақ жапырағында танин, желім, шайыр, крахмал және алколоидтар бар. 67 түрі белгілі.[1][2] Қазақстанда оның 3 түрі (кәдімгі темекі, мәдени темекі, махорка) өсіріледі. Сәндік хош иісті темекі (Nicotiana alata) қар түскенге дейiн гүлдейдi. 1560 жылы Францияның Португалияда тұратын бас елшісі Ян Никотин темекіні Францияға әкеліп, ауру емдеуге қолданған. Және сол арқылы Франция ханымын емдеген. Никотиннің еңбегін қадірлеу үшін химия ғалымдары көк темекі құрамындағы улы затқа «Никотин» деп ат берген. Осыдан бастап көк темекі Францияда егіле бастады. Көкнәр(лат. Papáver) – көкнәрлер тұқымдасына жататын бір не көп жылдық шөптесін өсімдік. Қазақстанда далалы, шөлейт және таулы аудандарда тараған 11 түрі бар.[1] Ең маңызды сортына дәрілік Апиын көкнәрі (P. somnіferum)жатады: ол Қазақстанның оңтүстік мен таулы аудандарда өседі. Оның піспеген қауашағының шырынынан дәрі алынады. Піскен Көкнәр тұқымында алкалоид болмайды, бірақ майы көп (55%). Көкнәрдің биіктігі 20 – 90 см. Сабағы жіңішке, түкті жапырағы жалпақ, гүлдері ақ, сары, қызыл қызғылт, гүл сағағы ұзын, олар шар тәрізді гүлшоғырына топталған. Шілде – тамыз айларында гүлдеп, жемістенеді. Жемісі – көп тұқымды қауашақ. Көкнәрда сүт тәрізді ақ шырын болады. Сондай-ақ республикада тоты Көкнәрін (P. pavonіnum) бояу өндірісінде пайдаланады. Егістікте арамшөп ретінде сеппе Көкнәр (P. rhoeas) кездеседі. Қазақстанда өте сирек кездесетін жіңішке көкнәр Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген. Көкнәр Еуропада, Солтүстік және Оңтүстік Америкада және Азияда өседі. 82. Майлы өсімдіктер.