Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
АРАЙ ШПОР.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
71 Кб
Скачать
☆

83.Өсімдіктер әлемі биоресурстарын зерттеу әдістерінің ерекшеліктері.

Ботаникалық ресурстанудың зерттеу тәсілінің спецификасы. Олар келесі топтарға біріктіріледі: 1)өсімдік құрамындағы жеке заттарды зерттеу тәсілі; 2)өсімдіктің жеке органын немесе бөлімін зерттеу тәсілі; 3)өсімдік шикізатын зерттеу тәсілі; 4) шикізатты біріншілік және екіншілік өңдеу тәсілдері; 5) түсімді және қорды есептеу тәсілі; 6)интродукция (біршама перспективті формаларын таңдау) тәсілі; 7)өсімдік шикізатының және оның қосылыстарының экономикалық тұрғыдан перспективтісін анықтау тәсілі; Сонымен қатар, тәсілдерді екі топқа топтастыруға болады: арнайы құралды қажет етпейтін және ететін ботаникалық ресурстану тәсілдері. Біріншіге сұрастырушылық, органолептикалық, лингвистикалық, этнографиялық, экономикалық; ал екіншіге ботанико-систематикалық, ботанико-географиялық, ботанико-экологиялық, марфолого-анатомиялық, цито-эмбриологиялық, биохимиялық жіне химиялық, химия-технологиялық, физико-механикалық, статистико-математикалық және т.б.

84. Белокқа бай өсімдіктер Асбұршақ (Горох- Pisum), Үрмебұршақ (Фасоль- Phaseolus), Ноқат (Нут- Cicer).

Ас бұршақ (лат. Pisum sativum) — шырмалғыш немесе жер тағандап өсетін, біржылдық бұршаққынды өсімдік, асқа жасыл дәндері қолданылады.Бұршақ, тіпті, ежелден-ақ әйгілі көкөністерге жатады. Ол Таяу Шығыста және Балкандарда өсіріле бастаған көкөністердің ең алғашқыларының бірі болды. Итальян бағбандары шикі түрінде қолдануға арналған сұрыпты шығарғанша, оны асқа кептірілген дәндер түрінде XVI ғасырға дейін қолданды. Бұршақты Версаль бақтарында өсіруге бұйрық берген XVI Людовик оны өте қатты жақсы көрген. Ас бұршағының 100 г - 79 ккал. Ағуыздың, көмірсулардың, жасұнықтың тамаша көзі, құрамында темір, калий, фосфор, мырыш, С дәрумені, В тобының дәрумендері бар. Холестерин деңгейін төмендетеді. Қатерлі ісіктен қорғайды және сүйек жүйесіне жақсы әсер етеді. Ол өте дәмді ғана емес, сонымен қатар пайдалы заттардың ерекше үйлесімділігі болып табылады. В1, В2, В6 мен С дәрумендерінің, сондай-ақ темірдің бар болуының арқасында, ол шаршағандыққа, қаназдыққа қарсы дәрі болып табылады, ақыл-ой қабілетін жақсартады, төзімділік жүйесінің мәселелерін шешуге көмегін тигізеді. Үрме бұршақ (лат. Phaseolus) — бұршақ тұқымдасына жататын белокты дақыл. ропиктік және субтропиктік өңірлерде өсетін 200-ден астам түрі белгілі. Үрме бұршақ жылу сүйгіш өсімдік. Оның дәнінің жер бетіне көктеп шығуы үшін топырақ қыртысының 5 — 6 см-індегі температурасы 12 — 13С-тан артық әрі ылғал мол болуы керек. Гүлденуі мен бұршақ түюіне қолайлы температура 20 — 25С. Оның дәнінде белок 17 — 23%, крахмал 50 — 60% болады. Сол себепті үрме бұршақ жұғымды әрі дәмді тағам, белогы адам организміне оңай (90%) сіңеді. Өнімділігі орташа алғанда әр га-дан 10 — 12 ц.Басқа да бұршақ тұқымдас өсімдіктер сияқты үрме бұршақ топырақ құрамындағы азот қорын молайтатын болғандықтан және тез пісетіндіктен көптеген дақылдарға, әсіресе күздік бидайға алғы дақыл болып саналады. Ноқат (лат. Cicer) – бұршақ тұқымдасына жататын бір және көп жылдық шөптесін өсімдіктер.Қазақстанның оңтүстік аймақтарындағы таулардың қиыршық тасты беткейлері мен тастақты жерлерінде, тау өзендерінің аңғарларында өсетін 3 түрі бар. Олардың биіктігі 15 – 70 см. Жай қауырсынды жапырақтарының ұштарында мұртшалары не өскіндері болады, олардың сыртын безді талшықтар (қымыздық, лимон, алма қышқылдарын бөледі) жапқан. Дара гүлдері ақ, қызғылт не қызыл түсті болады.Маусым – шілде айларында гүлдеп, шілде – тамызда жеміс салады. Жемісі – бұршақ. Тұқымы қарақоңыр түсті, жұмыртқа тәрізді, екі бүйірінен бұдырлы келеді. Ноқаттың тұқымында белок, май, азотсыз экстрактты заттар, В витамині болады. Сондықтан ноқатты тағам ретінде пайдаланады, кондитерлік өнім алуда қолданады.

85. Мәдени көкөністер Қырыққабат (Капуста- Brasscica), Қызанақ (Томат- Lycopersicon), Сәбіз (Марковь- Daucus carota).

Қырыққабат(Brassіca) – орамжапырақтар тұқымдасына жататын бір, екі және көп жылдық өсімдік туысы. қырыққабат туысына шалқам, тарна, қызылша сияқты өсімдік түрлері жатады. Еуразия және Cолтүстік Америкада, көбінесе Жерорта теңізі маңында кездесетін 35-ке жуық түрі белгілі. қырыққабатның дақылдық түрлері қолдан өсіру, өзара будандастыру және сұрыптау нәтижесінде алуан түрлі өзгеріске ұшыраған. Қырыққабаттың бірнеше сорттары бар. Олардың ішінде түсті және Пекин қырыққабаттарынан басқалары түгелдей дерлік екі жылдық өсімдіктер. Қырыққабат бірінші жылы қаудан түзеді, ал екінші жылы гүлсидамдары өсіп, тұқым береді. Жапырақтары ірі, кезектесіп орналасады, түсі көк, қанықтылығы әр түрлі. Қырыққабаттың: қауданды қырыққабат, савойя қырыққабаты, брюссель қырыққабаты, кольраби қырыққабаты, жапырақты қырыққабат, Қытай қырыққабаты, Пекин қырыққабаты, түсті қырыққабат, т.б. түрлері бар. Барлығына ортақ сипат – қырыққабаттар жарық сүйгіш және суыққа төзімді. Өсуіне қолайлы температура 15 – 18°С. Температураның төмендеуіне (–10°С-қа дейінгі суыққа) төзімді сорттары – жапырақты және брюссельдік қырыққабатлар, ыстыққа төзімділері – жапырақты қырыққабат және кольраби қырыққабатсы. қырыққабатның құрамында адам организміне қажетті көмірсулар, протеиндер, минералдық тұздар, С және В тобына жататын витаминдер мол. Қауданды қырыққабат Қазақстандағы негізгі дақылдық көкөністердің бірі. Оның диам. 10 – 45 см, салм. 16 кг-ға дейін жетеді. Ақ қауданды қырыққабатты жыл бойы жаңа піскен және қайта өңделген күйінде тағамға пайдалануға болады. Қауданын ашытады, бұқтырады немесе бұрыш, қияр, қызанақ, сәбіз, қызылша, алма, жасыл бұршақ, пияз және сарымсақ қосып тұздайды. Сонымен қатар диеталық тағам ретінде, ас қорыту бұзылғанға, т.б. ауруларды емдеуге қолданылады. Қырыққабат – құнарлы мал азығы. Оның түсімі мол, әр га-нан 200 – 900 ц. өнім түседі. Қырыққабат зиянкестері: қырыққабат шыбыны, қырыққабат қоңыр көбелегі, қырыққабат ақ көбелегі, қырыққабат бітесі, т.б. жиі кездеседі; аурулары: фомоз, түкті және шырышты бактериоз. Қызанақ (лат. Solanum lycopersicum) – алқалар тұқымдасына жататын бір және көп жылдық шөптесін өсімдіктер (кейде жартылай бұта). Оңтүстік Америкадан таралған. Оның 3 түрі бар (кейбір деректерде 7). Қазақстанда 1 түрі: кәдімгі (ас) Қызанақ (T. esculentum) барлық жерде өсіріледі. Сабағының биіктігі 30 — 40 см-ден жоғары. Жапырағы қауырсын тәрізді. Гүлінің түсі сары, жемісі — екі не көп ұялы жидек, пішіні әртүрлі. Салм. 25 — 500 г, кейде 800 — 900 г-ға дейін жетеді. Қызыл, сарғыш жемісінің құрамында 4,5 — 8,1% құрғақ зат, 3,5 — 8,5% органикалық қышқыл, минералдық тұздар, С витамині, В, РР тобының витаминдері, каротин бар. Жемісін тамаққа пайдаланады, тұздайды, шырын алады. Қызанақ жылу сүйгіш және құрғақшылыққа төзімді. Өсуіне қолайлы температура 20 — 25С, температура 15С-қа дейін төмендегенде гүлдеуін, ал 10С-та өсуін тоқтатады. 1 — 2С-та үсікке шалдығады. Жартылай түйіршікті, қарашірігі мол топырақта жақсы өседі. Әр га-нан ашық жерде өсіргенде 150 — 200 ц, ал жылыжайларда 1 м2-нен 12 — 15 кг өнім алуға болады. Қазақстанның әр аймақтарында Қызанақтың әр мезгілде пісетін бірнеше сұрыптары бар. Ерте пісетін сұрыптары: Белый налив 241, Ранний 80, Ақтөбелік 85, Глория, т.б. сорттары Батыс Қазақстан, Қостанай,Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, т.б. облыстарда аудандастырылған. Негізгі зиянкестері: картоп қоңыр көбелегі, ызылдауық қоңыз, колорадо қоңызы, т.б. Ең көп тараған аурулары: бактериялық теңбілділік, фитофториоз, макроскориоз, т.б. Қызанақ жөнінде ғылыми-зерттеу жұмыстарымен Қазақ картоп және көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты шұғылданады. Сәбіз (лат. Daucus) – шатыршагүлділер тұқымдасына жататын екі, бір не көп жылдық шөптесін өсімдіктер туысы.Барлық жерде өседі. Азықтық және асханалық сұрыптары бар. Асханалық сұрпы онша ірі емес, тамыр жемісі жұмсақ , қантты. Асханалық сұрыптарының ең таңдаулысы Нантская 4, Витаминная 6, Лосиноостровская ІЗ. Сәбіз республиканың көпшілік облыстарында өсіріледі. Оның егіс көлемі 5 мың гектарға жуық . Гектарынан 120 центнерден өнім алынады. Қазақстанда аудандастырылған негізгі сұрыптары: Бирючекутская 414, Витаминная 6, Консервная, Мирзои сарысы 304, Мирзои қызылы 228, Нантская 4, Шантанэ 2461. Жаңа жиналған сәбіз — құнарлы тағам. Адам организмінде тез арада А витаминіне айналатын каротин құрамы (6—9 мг %), басқа көкөністердегіден көп.