- •1.Бастауыш мектепте информатиканы оқытудың мақсаттары.
- •2)Ақпарат ұғымы туралы түсінік.
- •3) “Word Pad” мәтіндік редакторында жұмыс жасау.
- •2. Бастауыш сыныптарда пәнді оқуды жоспарлау.
- •3. Бастауыш мектепте информатиканы оқытудың мақсаттары.
- •4. Бастауыш мектепте информатиканы оқытудың әр түрлі жолдары.
- •6.Бастауыш сыныптардың информатика сабақтарында көрнекілік принципін жүзеге асырудың ерекшеліктері.
- •8.Курсты оқытудың жалпы әдістемелік сұрақтары:
- •11.Ақпараттық технологиялар курсын оқытып-үйретудің әдістемесі.
- •10 Пәнаралық байланыстар және оларды бастауыш сыныптарда информатиканы оқыту барысында жүзеге асыру жолдары.
- •12.Орта және бастауыш мектеп информатикасы бойынша білім мазмұны арасындағы сабақтастық.
- •13. Бастауыш мектепте информатиканы оқытудың білімділік, дамытушылық және тәрбиелік функциялары.
- •14. Бастауыш сыныптарда информатиканы оқыту барысындағы ақпараттық технологиялар курсы мазмұнының ерекшеліктері.
- •15.Бастауыш сыныптарда информатиканы оқыту барысындағы алгоритмдік курс мазмұнының ерекшеліктері.
- •16. Бастауыш сыныптарда информатика сабағына дайындалу және оны жоспарлау.
- •17. Кіші жастағы мектеп оқушыларына информатиканы оқытудағы қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар.
- •18.Информатика сабақтарында оқушылардың танымдық белсенділіктерін арттырудағы дидактикалық ойындардың ролі.
- •19. Пернетақта және оның құрамдас бөліктері.
- •20.Пәнаралық байланыстар және оларды бастауыш сыныптарда информатиканы оқыту барысында жүзеге асыру жолдары.
- •21 Тұжырымдама.
- •24.Бастауыш мектепте информатиканы оқыту құралдарын талдау.
- •25. Курсты бағдарлама мен информатиканың оқу құралдарымен қамтамасыз ету ортақ оқу-әдістемелік топтаманың құрамдас бөлігі.
- •26.Информатика сабақтарында оқушылардың танымдық белсенділіктерін арттырудағы дидактикалық ойындардың ролі.
- •30. Информатика сабақтарында оқушылардың оқу іс-әрекетін ұйымдастырудың әр түрлі формалары
- •31. Ақпарат ұғымы туралы түсінік.
- •38. Кіші жастағы оқушылардың информатикадан білім, білік және дағдыларын тестік бақылау.
- •42.Цилдік алгоритм:
- •43. Ақпарат және оның түрлері.
- •Ақпараттың түрлері
- •44 Жиындарды салыстыру.
- •45.Ішкі жиын.
- •49.Ақпараттық модель.
- •50. Тармақталу алгоритмі
- •51.Фондық түстерді өзгерту. Бояу тәсілдерін таңдау.
- •52.Графикалық модель.
- •53. Кері іс-әрекет.
- •54 .Калькулятор бағдарламасы.
- •56. Оқулыққа электронды қосымшамен жұмыс жасау.
- •59. Заңдылықтар.
- •60. Жазу, үлкейткіш шыны, пипеткақұралдарымен жұмыс.
- •61. WordPad мәтіндік редакторында жұмыс жасау технологиясы.
- •Мәтінді пішімдеу.
- •Құжатты сақтау және ашу.
- •2.Мәтінді енгізу және редакциялау
- •3. Мәтінді пішімдеу.
- •62. «Paint» графикалық редакторында жұмыс технологиясы.
- •64. «Рaint» графикалық редакторымен жұмыс
- •65 .Ерекшелеу құралдарымен жұмыс.
- •Ерекшеленген аймақтармен жұмыс
- •Ерекшеленген аймақты жылжыту
- •Ерекшелеуді терістету
- •Түрлену
- •70. Жазу, үлкейткіш шыны, пипетка құралдарымен жұмыс
- •71. Нысанды бұру және созу.
- •73. PowerPoint бағдарламасында слайдпен жұмыс істеу режимдер
- •75. Шаблондар көмегімен бос презентация құру.
- •77. Слайдты белгілеу. Түрлі түстер схемасы. Слайд белгіленуі
- •Түрлі түстер схемасы
- •78 Презентацияны басқа компьютерде өткізу.
- •79.PowerPoint бағдарламасының мүмкіндіктері
- •80. Кесте мәтіндерін дайындау.
- •83. Өзкескіндерді және «WordArt» нысандарын кірістіру.
- •84 . Windows терезесінің құрылымы.
- •85. Мәтінді енгізу және редакциялау
- •86. Excel электрондық кестесінің атқаратын қызметі
- •87 .Excel-де математикалық есептеулерді орындау.
- •89. Слайдқа мәтін, сурет, графикалық нысандар енгізу.
- •90. Электрондық пошта тіркеу жазбасын құрастырудың реті.
53. Кері іс-әрекет.
Оқушыларға алгоритм ұғымын бермес бұрын алдымен іс-әрекет ұғымымен таныстырған дұрыс.
Бізді қоршаған әлемде көптеген әртүрлі заттар бар. Олардың әрқайсысының көптеген іс-әрекеттерін атауға болады. Яғни оны өзі жасайтын немесе онымен жасайтын әрекеттер.
Мысалы: Сиыр (мөңірейді немесе сүт береді).
Кітап (оны оқиды).
Нан (оны пісіреді немесе оны жейді).
Іс-әрекетті сипаттауға мысал ретінде жұмбақтарды да пайдалануға болады. Іс-әрекетті сипаттауға арналған жұмбақты берейік:
Қазша қанатын жаяды,
Үйрекше мойнын созады.
Құсша қонады.
Іс-әрекеттердің орындалу ретіне қарай қадамға реттеп, кестелерге орналасуын қарастырайық. Мысалы, қой жүнінен қолғап тоқу керек болса да, мынадай іс-әрекеттер ретімен орындалады.
-
ҚАДАМ
ІС-ӘРЕКЕТ
1.
Қойдың жүнін қырқу
2.
Жүнді түту
3.
Жүннен жіп иіру
4.
Жіптен қолғап тоқу
Әрекеттердің нәтижесі деп, осы әрекеттің нәтижесінде алынатынды айтады.
Мысалы: 1) Аспазшы сорпа пісіреді.
2) Бала кішкене кеме жасады.
Әр әрекеттен кейін қандай болса да нәтиже алынады және бірдене болады немесе өзгереді. Бірақ бұдан кейін барлығын бұрынғы қалпына келтіретін әрекет жасауға болады. Бұны кері әрекет деп атайды.
Мысалы:
-
Дұрыс іс-әрекеттер
Кері іс-әрекеттер
Баулау
Бауын шешу
Кіру
Шығу
Түймелеу
Ағыту
Ашу
Жабу
Бару
Қайту
54 .Калькулятор бағдарламасы.
Компьютердің сандық ақпараттармен жұмыс атқару мүмкіндігін Windows-тың көмекші бағдарламасы «Калькулятор» арқылы көруге болады. Бұл бағдарлама кәдімгі электрондық калькулятордың жұмысын модельдейді. Калькуляторды пайдалана отырып, есептеулерді жедел орындауға болады және табылған нәтижені басқа бағдарламаларда пайдалануға мүмкіндік береді. Онымен қатар компьютердің сандық ақпараттармен жұмыс атқару принципін тереңдете түсінуге көмектеседі. Мысалы, бір жүйеден екінші жүйеге сандарды аударуға, оларды салыстыруға, элементарлық функциялардың мәндерін автоматты түрде есептеу дәлдігін анықтауға және т.б. пайдаланылады.
Жүйеден калькулятордың екі түрін таңдауға болады: қарапайым (кәдімгі) және инженерлік. Калькуляторды іске қосу үшін мына амалдарды орындайды: Іске қосу→ Бағдарламалар → Стандартты → Калькулятор. Бұл амалдар орындалғанда экранда калькулятор суреті шығады.
Егер калькулятор бірінші рет қосылса, онда қарапайым калькулятор шығады, әрі қарай сіз соңғы жұмыс атқарған калькулятор нұсқасы көрінеді. Бұл калькулятор түрі қалта калькуляторының түріне ұқсайды, тек экранға тақырыбы және жол мәзірі қосылады. Қарапайым калькулятор, арифметикалық амалдардан басқа, саны шектелген амалдарды және бірнеше функцияларды орындайды.
Калькулятордың бір түрінен екінші түріне көшу Түр мәзірінен оны таңдау арқылы іске асады. Бұл калькуляторда жұмыс атқару принципі кәдімгі калькуляторда жұмыс атқарумен бірдей. Сандарды және әмірлерді калькуляторға енгізу тышқанның сол жақ батырмасын шерту немесе пернетақтадағы батырмаларды басу арқылы орындалады. Пернетақтаның сандық бөлігінен санды енгізу үшін NumLock пернесін басыңыз. Енгізілген цифрлар индикация алаңынан көрінеді.
Калькулятордың функционалдық батырмалары:
<Backspace> - соңғы ендірген цифрды өшіреді;
<СЕ> - индикация алаңына енгізілген санды өшіреді;
<С> - барлық ендірілген ақпараттарды өшіреді;
< / > - енгізілетін мәндерді бөледі;
< * > - енгізілетін мәндерді көбейтеді;
<+> - енгізілетін мәндерді қосады;
< - > - енгізілетін мәндерді азайтады;
<=> - амал нәтижесін индикаторға шығарады;
<sqrt> - квадрат түбірді есептейді;
<%> - санның процентін есептейді;
<
>
- енгізілген санның кері мәнін (2 <
>
=
)
есептейді.
