- •1.Бастауыш мектепте информатиканы оқытудың мақсаттары.
- •2)Ақпарат ұғымы туралы түсінік.
- •3) “Word Pad” мәтіндік редакторында жұмыс жасау.
- •2. Бастауыш сыныптарда пәнді оқуды жоспарлау.
- •3. Бастауыш мектепте информатиканы оқытудың мақсаттары.
- •4. Бастауыш мектепте информатиканы оқытудың әр түрлі жолдары.
- •6.Бастауыш сыныптардың информатика сабақтарында көрнекілік принципін жүзеге асырудың ерекшеліктері.
- •8.Курсты оқытудың жалпы әдістемелік сұрақтары:
- •11.Ақпараттық технологиялар курсын оқытып-үйретудің әдістемесі.
- •10 Пәнаралық байланыстар және оларды бастауыш сыныптарда информатиканы оқыту барысында жүзеге асыру жолдары.
- •12.Орта және бастауыш мектеп информатикасы бойынша білім мазмұны арасындағы сабақтастық.
- •13. Бастауыш мектепте информатиканы оқытудың білімділік, дамытушылық және тәрбиелік функциялары.
- •14. Бастауыш сыныптарда информатиканы оқыту барысындағы ақпараттық технологиялар курсы мазмұнының ерекшеліктері.
- •15.Бастауыш сыныптарда информатиканы оқыту барысындағы алгоритмдік курс мазмұнының ерекшеліктері.
- •16. Бастауыш сыныптарда информатика сабағына дайындалу және оны жоспарлау.
- •17. Кіші жастағы мектеп оқушыларына информатиканы оқытудағы қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар.
- •18.Информатика сабақтарында оқушылардың танымдық белсенділіктерін арттырудағы дидактикалық ойындардың ролі.
- •19. Пернетақта және оның құрамдас бөліктері.
- •20.Пәнаралық байланыстар және оларды бастауыш сыныптарда информатиканы оқыту барысында жүзеге асыру жолдары.
- •21 Тұжырымдама.
- •24.Бастауыш мектепте информатиканы оқыту құралдарын талдау.
- •25. Курсты бағдарлама мен информатиканың оқу құралдарымен қамтамасыз ету ортақ оқу-әдістемелік топтаманың құрамдас бөлігі.
- •26.Информатика сабақтарында оқушылардың танымдық белсенділіктерін арттырудағы дидактикалық ойындардың ролі.
- •30. Информатика сабақтарында оқушылардың оқу іс-әрекетін ұйымдастырудың әр түрлі формалары
- •31. Ақпарат ұғымы туралы түсінік.
- •38. Кіші жастағы оқушылардың информатикадан білім, білік және дағдыларын тестік бақылау.
- •42.Цилдік алгоритм:
- •43. Ақпарат және оның түрлері.
- •Ақпараттың түрлері
- •44 Жиындарды салыстыру.
- •45.Ішкі жиын.
- •49.Ақпараттық модель.
- •50. Тармақталу алгоритмі
- •51.Фондық түстерді өзгерту. Бояу тәсілдерін таңдау.
- •52.Графикалық модель.
- •53. Кері іс-әрекет.
- •54 .Калькулятор бағдарламасы.
- •56. Оқулыққа электронды қосымшамен жұмыс жасау.
- •59. Заңдылықтар.
- •60. Жазу, үлкейткіш шыны, пипеткақұралдарымен жұмыс.
- •61. WordPad мәтіндік редакторында жұмыс жасау технологиясы.
- •Мәтінді пішімдеу.
- •Құжатты сақтау және ашу.
- •2.Мәтінді енгізу және редакциялау
- •3. Мәтінді пішімдеу.
- •62. «Paint» графикалық редакторында жұмыс технологиясы.
- •64. «Рaint» графикалық редакторымен жұмыс
- •65 .Ерекшелеу құралдарымен жұмыс.
- •Ерекшеленген аймақтармен жұмыс
- •Ерекшеленген аймақты жылжыту
- •Ерекшелеуді терістету
- •Түрлену
- •70. Жазу, үлкейткіш шыны, пипетка құралдарымен жұмыс
- •71. Нысанды бұру және созу.
- •73. PowerPoint бағдарламасында слайдпен жұмыс істеу режимдер
- •75. Шаблондар көмегімен бос презентация құру.
- •77. Слайдты белгілеу. Түрлі түстер схемасы. Слайд белгіленуі
- •Түрлі түстер схемасы
- •78 Презентацияны басқа компьютерде өткізу.
- •79.PowerPoint бағдарламасының мүмкіндіктері
- •80. Кесте мәтіндерін дайындау.
- •83. Өзкескіндерді және «WordArt» нысандарын кірістіру.
- •84 . Windows терезесінің құрылымы.
- •85. Мәтінді енгізу және редакциялау
- •86. Excel электрондық кестесінің атқаратын қызметі
- •87 .Excel-де математикалық есептеулерді орындау.
- •89. Слайдқа мәтін, сурет, графикалық нысандар енгізу.
- •90. Электрондық пошта тіркеу жазбасын құрастырудың реті.
64. «Рaint» графикалық редакторымен жұмыс
Paint графикалық редакторы (paint — бояу), Windows операциялық жүйесінің стандарттық аспаптық құралдары жиынтығына кіреді қара-ақ және түрлі-түсті суреттер, сызуларды жасау мен редакциялауға арналған. Paint редакторында дайындалған суреттер принтерде басылып, мәтіндік редакторда жасалған құжатқа көшірілуі немесе дисктік құрылғы файлына жазылуы мүмкін. Paint редакторы жасаған файлдар үнсіз келісім (по умолчанию) бойынша стандарттық кеңейту bmp (bit map — биттік карта) алады. Редакторда суреттер жасап, редакциялау үшін тышқан-тетік пен компьютер пернетақтасы қолданылады. Paint редакторында суреттер сурет салуға арналған 16 әр түрлі кұралдар жиынтығының көмегімен жасалады. Олардың көмегімен ерікті де, стандартты да геометриялық фигураларды: квадраттарды көп-бұрыштарды, шеңберлерді және т.б. салу оңай. Сонымен бірге пайдаланушы суреттерді әр түрлі қалыңдыктағы сызықтармен орындай алады. Сәтсіз салынған фрагменттерді бірнеше тәсілдермен суреттен алып тастауға/өшіруге болад. Ұсақ детальдар жасау немесе түзеу қажет болса, суретті бірнеше (2, 4, 6, және 8) есе ұлғайтуға болады. Брі уақытта пайдаланушы түрлі бояу дарытып, кескіндеудің жеке пикселімен жұмыс істей алады. Суреттермен бірқатар операциялар: созу, еңкейту, аудару жасауға болады. Оларға әр түрлі шрифт пен мөлшердегі мәтіндік жазбалар кіргізуге болады. Түрлі-түсті суреттер жасау үшін редакторда 28 түстен тұратын палитра-бояулардың стандартты жиынтығы болады. Сонымен қатар редакторда шамамен 16,8 миллион түсті әр алуан түрін алуға мүмкіндік беретін, үш негізгі (қызыл, жасыл, көк) түстен әр түрлі үйлесімді араластыру қарастырылған. Paint редакторында түстерді бұлайша араластыру түстерді редакциялау деп аталады. Paint редакторында жұмыстың негізгі тәсілдері қысқаша баяндалған, стандарттық тәртіппен құрылған анықтама жүйесі бар. Анықтама шақыру Ғ1 функциональды перне немесе Анықтама —Анықтама шақыру бұйрығы көмегімен атқарылады. Paint редакторын іске қосу мен оның жұмысын аяқтау. Редакторды іске қосу үшін негізгі мәзірінің Программалар -Стандартты — Paint бұйрығы көмегімен атқарылады. Paint редакторымен жұмысты аяқтар алдында оның көмегімен жасалған суретті сақтау керек. Редактордың жұмысын аяқтау мынадай стандартты түрде орындалады: АІІ+Ғ4 пернелерін үйлестіре пайдалану; Редактор терезесі тақырыбындағы жүйелі мәзірді щақыру кнопкасында тышқан-тетікті қатарынан екі рет шерту; Жабу бұйрығымен редактордың жүйелік мәзірі; Файл — Шығу бүйрығымен редактордың операциялық мәзірі. Paint редакторының терезе құрылымы. Сурет және тіркемелер (Paint) аттары сақталатын файл атынан терезенің, аты құралады. Егер сурет әлі жоқ болса немесе ол диск қондырғысында сақталмаса, Есімсіз деген ат қолданылады. Paint қосымшасының терезесінде бағынышты терезе жоқ, сондықтан пайдаланушы бір уақытта бір суретпен ғана жүмыс істейді. Терезенің жұмыс аймағында үнемі сурет саласы тұрады. Сонымен қатар мұнда мыналар болуы мүмкін: сурет құралдарының панелі; түстерді жасайтын — палитра панелі; қалып-күй жолы; айналдыру жолағы. Құралдар панелінің кнопкалары сызу-графикалық құралдарды шақыру үшін қызмет етеді. Баптау палитрасында құралдар параметрлерін (сызықтың қалыңдығы, бедер пішіні, фигураны толтыру әдісі және т.б.) тандауға болады. Терезенің қалып-күй жолында мыналар бар: ағымдағы аңдату секторы; меңзер координатын нұсқағыш секторы. Жалпы терезенің жұмыс аймағын қағаз парағынан (сурет аймағы) тұратын өзгеше «суретші жинағы» ретінде қарастыруға болады, әр түрлі құралдардың: қарындаштың, сызғыштың, циркульдің, бояу жаққыштың (сурет салуға арналған құралдар панелі) және бояу жиынтығының (палитраның) көмегімен сурет салады. Сурет салу саласында координат енгізілген. Мұнда барлық сала нөмірленген жол тобы ретінде қарастырылған. Сурет салуға арналған қүралдар панелі әдетте терезенің жүмыс аймағының сол жақ шетіне орналасқан. Оның суреттер жасаудың әр түрлі құралдарына қатысты кнопқалары бар. Қажетті құралдарды таңдау үшін панельдің тиісті кнопкасын басу жеткілікті. Төменде кнопканың аттары және құралдардың тиісті кнопкаларының мақсаты аталған. Ерікті саланы ерекшелеу суреттердің ерікті фрагменттерін бөліп көрсету үшін қызмет атқарады. Ерекшелеу — суреттердің тік бұрышты фрагменттерін ерекшелеу үшін. Өшіргіш — суреттің кей жерін өшіру үшін. Толтыру — суреттің тұйықталған ауқымын бояу үшін пайдаланылады. Түстерді таңдау — суреттің бір түсін басқасына көшіру және ауыстыру үшін. Аукым — сурет ауқымына өзгерту үшін. Қарындаш ерікті сызықтарды салу үшін кәдімгі қарындаш ретінде қолданылады. Бояу жаққыш — ерікті сызықтарды салу үшін қолданылатын кәдімгі бояу жаққыш. Шашыратқыш — суреттің бірқалыпты түсін жасау үшін. Жазу — суретке әр түрлі мәтін енгізу үшін. Сызық — тура сызықты сызу үшін. Қисық — әр Түрлі доға сызу үшін. Тікбұрыш — боялмаған және боялған тікбүрыштар мен шаршылар (квадраттар) салу үшін. Көпбұрыш — бояуға және боялған көпбұрыштар салу үшін. Эллипс — боялмаған және боялған эллипс пен шеңберлерді салу үшін. Дөңгелектенген тікбүрыш — дөнгеленген бұрыштары боялмаған және боялған тікбұрыш пен шаршыларды салу үшін. Сурет салу құралдары панелінің кнопкаларынан төменде тандалған құралдардан оның мазмұны, үлгі секторы тұрады; Сонымен бірге құралдар үшін Сызық және Қисык секторлары 1; 2, 3, 4 және 5 пиксель қалыңдықтағы сызықтардың үлгілері бар.Талап етілетін сызық қалыңдығын жасау үшін тышқан пернелерін тиісті тәртіппен шерту жеткіліқті. Сектор мазмұны құралды таңдағанда, автоматты түрде өзгертіледі. Жұмыс аймағындағы құралдар панелінің бар болуы немесе жоқтығы Сыртқы түр — Аспаптар жиынтығы түр ауыстырып қосқыш бүйрығымен Сігі+Т пернелерін үйлестіру арқылы реттеледі. Сурет жасағанда реттелетін іс-қимыл тәртібі: 1) тышқанның оң пернесін басып, палитрадағы тандалған түс үлгісінде тышқан нұсқағышын позициялауды орындап, сурет салу жағындағы түсті орнату; 2) дискілік қондырғыларды сурет салу аумағында тұрғандарды қажет болса, сақтап Файл — Құру бұйрығын орындау керек. 3) Сурет — Атрибуттар бұйрығының көмегімен Атрибуттар терезесі шақырылып > сурет салу аумағына сәйкес мөлшердер мен суреттің түрлі-түсті режимі (ақ-қара немесе түрлі-түсті) белгіленеді; 4) дискілік таратушыда жазылған файлдағы сурет алғаш рет сақталады; 5) сурет салу үшін құралдар панелінде сәйкес келетін құрал таңдалады; 6) тандалған құралға сәйкес негізгі және фондық түсті, қалыңдықты, пішін (форма) мен басқа параметрлерді белгілеу; 7) сурет салу аумағында істі (құру, бояу, өшіру) таңдалған құралмен жұмыс істеу ережелері бойынша орындау; 8) суретпен жұмыс істегенде, оны оқты-октын сақтап отыру; 9) осы схеманың 5-8 тармағын әрбір сызық немесе фигура үшін қайталау; 10) сурет жұмысын бітірген соң оңы дискілік таратушыда сактау керек; 11) қажет болған жағдайда сурет басылып шығарылады немесе басқа қосымшадағы құжатқа көшіріледі. Кескіннің ауысып, өзгеруі, пішінді, графикалық объектілердің түрін, орналасуын немесе мөлшерін автоматты түрде өзгерту ауысып-өзгеру (трансформация) деп аталады. Paint программасында ауысып-өзгеру құралдары онша көп емес, дегенмен баршылық, Оларды Сурет мәзірінен табуға болады. Симметрияның тік немесе көлденең осіне қатысты суретті симметриялы бейнелеу үшін, сондай-ақ 90°-ге тең. Кесімді белгіленген бұрышқа бұру үшін басқару элементтері бар. Кескін мен бұрылыс диалогтық терезені Сурет —> Кескіндеу /бұру бұйрығы шақырылады. Сурет ~> Созу/еңкейту бұйрығы Созу/еңкейту диалогтық терезесін шақырады. Оның басқару элементтері суретті көлденең және тік созуға немесе тік оське қарай еңкейтуге мүмкіндік береді. Созу параметрлерін процентпен, ал еңкейту параметрлерін — бұрыштық градуспен береді. Сурет —> Түстерді ауыстыру бұйрығы қайта ауыстырғыш ретінде іс-әрекет жасайды. Бұл бұйрықты орындағанда бейнелеудің әрбір нүктесінің түсі «қарама-қарсы» болып өзгереді. Бұл жағдайда осы түсті аққа дейін толықтыратын түсті «қарама-қарсы» деп атадық. Экранды «фотоға түсіру». Windows операциялық жүйесінде әдетте экранды «фотоға түсіру» деп аталатын мүмкіндіктер бар. Жүйеде жұмыс істеудің кез келген сәтінде немесе оның қосымша қолданбасының қай-қайсысында да Print Screen пернесін басып, осылайша экранның ағымдағы жағдайын айырбас буферіне орналастыруға болады. Одан әрі бұл бейнені экранның «фотосын» әдеттегі тәртіппен қосымшасында жасалатын кез келген құжатқа қол қоюға болады. Алайда кейбір жағдайларда бұл фотосуретті редакциялауға, мысалы, керексіз детальдарды алып тастап немесе оған түсіндірмелік жазу қосу керек. Сол үшін Paint редакторын қолдануға болады. Экранды «фотоға» түсіргеннен кейін Paint редакторына қайта ауысу (немесе оны іске қосу) керек және буферден алынатын кірістіруді орындау керек. Кірістіру қосылған соң бірден «фотоның» қажетті бөлігі сурет аумағының көрінетін бөлігінде болуы үшін фрагментті сүйреу керек. Сосын редактордың қарапайым құралдарымен кескінді қалауыңша өзгертуге, айырбас буферіне таңдалған учаскені көшіруге немесе кесіп салуға болады. Сонан соң өзгертілген бейнеге басқа құжаттарды да қосуға болады.
