Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
акт жауаптары.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

65 .Ерекшелеу құралдарымен жұмыс.

Растрлық кескіндермен жұмыс істеудің бірінші кезеңі нүктелер тобын, яғни, кескіннің үзіндісін ерекшеленгеннен кейін ғана онымен қандай да бір амалдар жасай аласыңдар: кішірейту немесе үлкейту , бұру, түсін өзгерту және т.с.с.

GIMP редакторында бірнеше ерекшелеу құралы қолданылады:

Тікбұрышты аймақты ерекшелеу – дұрыс пішіндегі аймақты ерекшелеу қажет болғанда қолданылады.

Сопақша аймақты ерекшелеу – дұрыс пішіндегі аймақты ерекшелеу қажет болғанда қолданылады.

Ласоо (Еркін ерекшелеу) - еркін аймақты ерекшелейді. Кескіннің қажет аймағын белгілейсіңдер, содан кейін ерекшелеуді аяқтау үшін ерекшелеудің басына оралсаңдар, жеткілікті. Егер тінуірдің батырмасын ерекшелеу барысында жіберсеңдер, онда сызық автоматты түрде түйықталады. (88-сурет)

«Сиқырлы таяқша» құралы – аралас аймақтарды түс ұқсастына байланысты ерекшелеу. Сиқырлы таяқ өткір жиектері бар аймақтарды ерекшелеуген жарайды. Кескін терезесіндегі қандай да бір түстің реңке шертіңдер. Сонда тек бір-біріне түс бойынша жақын пиксельдерде ғана ерекшелеу орын алады. (89-сурет)

Түс бойынша ерекшелеу – тек бір-біріне түс бойынша жақын пиксельдерде ғана ерекшелеу. Кескін терезесіндегі қандай да бір түстің реңкін шертіңдер. Сонда бір-біріне түс бойынша жақын пиксельдерде ғана ерекшелеу орындалады. (90-сурет)

«Ақылды» қайшылар – өздерің берген нүктелер бойынша ғана аймақты ерекшелейді. Ол үшін ерекшеленгенетін аймақтың шекараларындағы нүктелерін барынша дәл көрсету жеткілікті, құрал өзі аймақты анықтап және оны ерекшелеуге тырысады. Ерекшелеуді тұйықтау үшін бірінші нүктені шерту керек. Тірек нүктелерін ауыстырып, оларды тінуірмен шерту және тасымалдау арқылы ерекшелеу шекараларын нақтылауға болады. Өзіміз қалаған ерекшелеуді алған соң, сол аймақты белсендіру үшін оны шерту керек.

Алдыңғы планды ерекшелеу

Бұл құралмен жұмыс істеуге екі кезеңге бөлу керек. І кезең – құралды таңдаған соң, тінуірдің жанында Лассоның кескіні пайда болады. Ерекшеленген фрагмент контурын шамамен белгілеп алыңдар. Қисық тұйықталған соң, тінуірдің батырмасын жібересіңдер. Осыдан соң суреттің сұлбадан тыс бөлігі көк түске бослады.

ІІ кезе – тінуір кескінде қылқаламға айналады. Енді ерекшелеу қажет үзіндінің барлық бөліктерін тінуірмен қосу жеткілікті. Қылқаламның өлшемін реттеп отыруға болады.

Қылқаламның тиімді өлшемін таңдап алып, үзіліссіз қисық салыңдар, содан соң Enter пернесін басыңдар.

Ерекшеленген аймақтармен жұмыс

Белсенді ерекшелеуді периметр бойынша қозғалатын үзік-үзік сызықтар арқылы анықтай аласыңдар.

Меңзер ерекшеленген аймақтың ішінде орналасса, ол орын ауыстыру символының пішініне ие болады. Тінуірдің батырмасын басып және ерекшеленген аймақты тасымалдау арқылы оны орнынан жылжыта аласыңдар.

Shift пернесі ағымдағы ерекшелеуге бір нәрсе қосуға мүмкіндік береді. Белсенді ерекшелеуді анықтап, Shift пернесін басып тұрып , сендер ерекшелеу құралын тағы басқа аймақты таңдау үшін қолдана аласыңдар әрі таңдалған жаңа аймақ белсенді аймаққа қосылады.

Ctrl пернесі аймақты белсендіден алып тастауға мүмкіндік береді. Егер Ctrl пернесін басып, содан кейін ерекшелеу құралының көмегімен белсенді аймақтың бір бөлігін белгілесеңдер, ол бөлік ерекушеленген аймақтан алынып тасталады.

Ерекшеленген → Алып тастау бұйрығы кескіннен ерекшелеуді алып тастауға арналған.