- •1.Бастауыш мектепте информатиканы оқытудың мақсаттары.
- •2)Ақпарат ұғымы туралы түсінік.
- •3) “Word Pad” мәтіндік редакторында жұмыс жасау.
- •2. Бастауыш сыныптарда пәнді оқуды жоспарлау.
- •3. Бастауыш мектепте информатиканы оқытудың мақсаттары.
- •4. Бастауыш мектепте информатиканы оқытудың әр түрлі жолдары.
- •6.Бастауыш сыныптардың информатика сабақтарында көрнекілік принципін жүзеге асырудың ерекшеліктері.
- •8.Курсты оқытудың жалпы әдістемелік сұрақтары:
- •11.Ақпараттық технологиялар курсын оқытып-үйретудің әдістемесі.
- •10 Пәнаралық байланыстар және оларды бастауыш сыныптарда информатиканы оқыту барысында жүзеге асыру жолдары.
- •12.Орта және бастауыш мектеп информатикасы бойынша білім мазмұны арасындағы сабақтастық.
- •13. Бастауыш мектепте информатиканы оқытудың білімділік, дамытушылық және тәрбиелік функциялары.
- •14. Бастауыш сыныптарда информатиканы оқыту барысындағы ақпараттық технологиялар курсы мазмұнының ерекшеліктері.
- •15.Бастауыш сыныптарда информатиканы оқыту барысындағы алгоритмдік курс мазмұнының ерекшеліктері.
- •16. Бастауыш сыныптарда информатика сабағына дайындалу және оны жоспарлау.
- •17. Кіші жастағы мектеп оқушыларына информатиканы оқытудағы қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар.
- •18.Информатика сабақтарында оқушылардың танымдық белсенділіктерін арттырудағы дидактикалық ойындардың ролі.
- •19. Пернетақта және оның құрамдас бөліктері.
- •20.Пәнаралық байланыстар және оларды бастауыш сыныптарда информатиканы оқыту барысында жүзеге асыру жолдары.
- •21 Тұжырымдама.
- •24.Бастауыш мектепте информатиканы оқыту құралдарын талдау.
- •25. Курсты бағдарлама мен информатиканың оқу құралдарымен қамтамасыз ету ортақ оқу-әдістемелік топтаманың құрамдас бөлігі.
- •26.Информатика сабақтарында оқушылардың танымдық белсенділіктерін арттырудағы дидактикалық ойындардың ролі.
- •30. Информатика сабақтарында оқушылардың оқу іс-әрекетін ұйымдастырудың әр түрлі формалары
- •31. Ақпарат ұғымы туралы түсінік.
- •38. Кіші жастағы оқушылардың информатикадан білім, білік және дағдыларын тестік бақылау.
- •42.Цилдік алгоритм:
- •43. Ақпарат және оның түрлері.
- •Ақпараттың түрлері
- •44 Жиындарды салыстыру.
- •45.Ішкі жиын.
- •49.Ақпараттық модель.
- •50. Тармақталу алгоритмі
- •51.Фондық түстерді өзгерту. Бояу тәсілдерін таңдау.
- •52.Графикалық модель.
- •53. Кері іс-әрекет.
- •54 .Калькулятор бағдарламасы.
- •56. Оқулыққа электронды қосымшамен жұмыс жасау.
- •59. Заңдылықтар.
- •60. Жазу, үлкейткіш шыны, пипеткақұралдарымен жұмыс.
- •61. WordPad мәтіндік редакторында жұмыс жасау технологиясы.
- •Мәтінді пішімдеу.
- •Құжатты сақтау және ашу.
- •2.Мәтінді енгізу және редакциялау
- •3. Мәтінді пішімдеу.
- •62. «Paint» графикалық редакторында жұмыс технологиясы.
- •64. «Рaint» графикалық редакторымен жұмыс
- •65 .Ерекшелеу құралдарымен жұмыс.
- •Ерекшеленген аймақтармен жұмыс
- •Ерекшеленген аймақты жылжыту
- •Ерекшелеуді терістету
- •Түрлену
- •70. Жазу, үлкейткіш шыны, пипетка құралдарымен жұмыс
- •71. Нысанды бұру және созу.
- •73. PowerPoint бағдарламасында слайдпен жұмыс істеу режимдер
- •75. Шаблондар көмегімен бос презентация құру.
- •77. Слайдты белгілеу. Түрлі түстер схемасы. Слайд белгіленуі
- •Түрлі түстер схемасы
- •78 Презентацияны басқа компьютерде өткізу.
- •79.PowerPoint бағдарламасының мүмкіндіктері
- •80. Кесте мәтіндерін дайындау.
- •83. Өзкескіндерді және «WordArt» нысандарын кірістіру.
- •84 . Windows терезесінің құрылымы.
- •85. Мәтінді енгізу және редакциялау
- •86. Excel электрондық кестесінің атқаратын қызметі
- •87 .Excel-де математикалық есептеулерді орындау.
- •89. Слайдқа мәтін, сурет, графикалық нысандар енгізу.
- •90. Электрондық пошта тіркеу жазбасын құрастырудың реті.
85. Мәтінді енгізу және редакциялау
WordPad мәтіндік редакторы қарапайым мәтіндік құжаттарды жасауға пайдаланылады. WordPad құжаттарында мәтінді түзетуге және абзацты, шекараны жылжытуға, әртүрлі қаріпті қолдануға, сонымен қатар графиктік бейнелерді қоюға болады. WordPad редакторын іске қосу үшін төмендегі амалдарды орындау қажет: Іске қосу → Бағдарламалар → Стандартты → WordPad. Редакторды іске қосқаннан кейін дисплей экранында мәтіндік редактор WordPad терезесі шығады. WordPad редакторында құжат жасау үшін төмендегі негізгі сатыларды орындау қажет:1. Қаріп және оның өлшемін таңдау.2. Мәтінді енгізу, оны түзету-редакциялау.3. Мәтінді пішімдеу.4. Құжатты сақтау және ашу.5. Баспаға беру (басу).
Мәтін пернетақтадан енгізіледі. Кейбір пернелер WordPad қосымшасында жұмыс атқарғанда қажет болады, соларды қарастыралық. Мәтіннің жолдарын енгізгенде, олар автоматты түрде төмен жылжып отырады. <Enter> пернесін тек абзац соңында немесе жаңа жол алу үшін басады. Бас әріп теру үшін, <Shift> пернесін басып тұрып, қажетті әріпті тереді. Барлық жолдың әріптерін бас әріппен теру үшін, <Caps Lock> пернесін басып қояды, ал кіші әріпке көшу үшін, оны екінші рет басады. <Backspace> пернесі арқылы қате әріпті, символды алып тастауға болады. Егер осы пернені көп басып тұрсаңыз, онда меңзер тұрған орынның сол жағындағы мәтін өшеді. Әріптерді, мәтінді алып тастау үшін <Delete> пернесін пайдалануға да болады. Егер алып тастайтын әріптің алдына меңзерді қойып, <Delete> пернесін басса, оның соңындағы әріп(таңба) өшеді. Егер осы пернені көп басып тұрсаңыз, онда меңзер тұрған орнының оң жағындағы барлық таңбалар өшеді. Мәтіннің бүтін бөлігін де өшіруге болады, ол үшін өшірілетін мәтіннің бөлігін тышқанның көмегімен белгілеп, <Delete>пернесін басады.
86. Excel электрондық кестесінің атқаратын қызметі
Microsoft Еxcel -1979 жылы екі экономист студент Дэн Бриклин және Боб Френкстон үй тапсырмасын тез орындауға көмектесетін және уақытты үнемдейтін әдіс ойлап табуды шешті. олар тарихта бірінші рет электронды кесте бағдарламасын жазып, оны Visible Calculator сөзінен қысқартылған VisiCalc (Көрсеткіш калькулятор) деп атады. сондықтан барлық электрондық кестелер бағдарламасы, оның ішінде Excel программасы Дэн мен Бобтың арқасында жүзеге асты. IBM және Macintosh компьютерлерінде жұмыс істейтін, ең озық үлгілерді ала отырып, бүгінгі заман талабына сай жасалған, электрондық кесте құрастыратын қолданбалы программа. Excel-дің соңғы нұсқаларында график тұрғызу, күрделі функциялар арқылы есеп-қисап жүргізу және бірнеше жұмыс кітаптарымен қатар жұмыс атқару сияқты мүмкіндіктер кеңінен қолданылады. Кестелік құрылымды құжаттармен жұмыс істеуге арналған кең таралған құралдардың бірі Microsoft Excel. Ол сандық мәліметтермен жұмыс істеу үшін негізделген.
Excel жай ғана бағдарлама емес, оны көптеген математикалық амалдарды, күрделі есептерді жеңілдету үшін пайдалануға болады. Ол кестедегі мәліметтердің негізінде түрлі-түсті диаграмммалар тұрғызып, жүргізуді қамтамасыз ете алады. Excel мүмкіндігінің көпжақтылығы тек экономика саласында ғана емес, ғылыми зерттеу, әкімшілік жұмыстарында да кеңінен қолданылады.
Нұсқалары
1988 — Excel 2.0
1990 — Excel 3.0
1992 — Excel 4.0
1993 — Excel 5.0 (Windows NT)
1995 — Excel 7 (Windows 95)
1997 — Excel 97
1999 — Excel 2000 (9) — Microsoft Office 2000
2001 — Excel 2002 (10) — Microsoft Office XP
2003 — Excel 2003 (11) — Microsoft Office 2003
2007 — Excel 2007 (12) — Microsoft Office 2007
2010- Excel 2010 (13)-Microsoft Office 2010
2012- Excel 2013 (14)-Microsoft Office 2013
Жұмыс кітабы
Excel даярлайтын құжат Жұмыс кітабы деп аталады. Жұмыс кітабы жұмыс парағынан тұрады. Жұмыс парағының құрылымы кестенің құрылымындай және ол бір немесе бірнеше кестені қамтиды. Әрбір парақтың аты төменгі жағында орналасқан таңбашада көрініп тұрады. Осы таңбашаның көмегімен кітапты парақтауға болады. Таңбашаны тышқанның батырмасын екі рет басу арқылы өзгертуге болады. Әрбір жұмыс парағы жолар мен бағандардан тұрады. Бағандардың аты латын алфавитінің бас әріптерімен жазылады. Бір жұмыс парағы 256-ға дейін баған санын қамти алады. Бағандар А-дан ZZ әріптерінің комбинацияларымен белгіленеді, ал жолдар 1-ден бастап 65536-ға дейін нөмірленеді. Бағандар мен жолдардың қиылысуы ұяшықтар деп аталады. Ол электрондық кестенің мәлімет енгізетін ең кіші элементі болып табылады. Әрбір ұяшықтың жол мен бағандардың белгіленуінен тұратын адресі болады. Мысалы: А9, D21, F5, G7, L16. Әрқашанда ұяшықтардың біреуі ағымдық ұяшық болып есептеледі және жақтаумен ерекшеленіп тұрады. Осы жақтау кестелік меңзердің рөлін атқарады және тышқанның немесе басқару пернелердің көмегімен экранда жылжыта аламыз. Мәліметтерді енгізу, пішіндеу және басқада іс-әрекеттер осы ағымдағы осы ұяшықта жүзеге асырылады. Бірнеше ұяшықтар тобын ұяшықтар ауқымы деп атаймыз. Ауқымдар тік төртбұрыш қалыпты болады. Оларды былай белгілейді: A7: E25. Мұндағы А7 – тік төртбұрыштың сол жақ жоғарағы, ал Е25 – оң жақ төменгі бұрыштары. Мәліметтер типі. Кестенің ұяшықтарына мәліметтердің келесі үш типінің біреуін ғана енгізе аламыз. Ол мынадай типтер:
Мәліметтерді өңдеу
Енгізілетін мәліметтің сан немесе формула екенін оның алғашқы символына қарап анықтайды. Егер енгізілетін символдың біріншісі сан болса, онда оны сандық типке жатқызамыз. Егер біріншісі теңдік белгісі болса, формула деп қабылдайды. Егер бірінші символымыз әріп немесе апостроф болса, мәтін деп қабылдайды. Мәліметтерді енгізу Enter пернесін басумен жүзеге асырылады. Енгізілген мәліметтерді енгізбей алып тастау үшін немесе ұяшықтың бастапқы мәндерін қалпына келтіру үшін esc пернсін басамыз немесе формулалар жолындағы Болдырмау (отмена) батырмасын шертеміз. Excel-де енгізілген сандық мәліметтер автоматты түрде ұяшықтардың оң жақшетіне орналасады. Сандық пішімде. Экономикалық есептерде санның үш түрлі пішімде жазылуы қолдананылады: кәдімгі сандық пішім, қаржылық және мерзімдік. Кәдімгі сандық пішім әр түрлі сандқ шамаларды жазуға арналған. Мысалы: қайсыбір тауардың санын, пайзын жас мөлшерін және т.б. Ақша сомасын енгізу қаржылық пішімде жүзеге асырылады. Уақыт мезгілін жазу үшін мерзімдік пішім пайдалынылады. Мәтіндік пішім. Мәтіндік пішім мәтіндік жолдар мен цифрмен көрсетілген сандық емес мәліметтерді жазу үшін қолданады. Бұларға жататындар: регистрациялық нөмірлер, поштаның индексі, телефонның нөмірі. Ағымдағы ұяшықтың немесе ерекшеленген ауқымдығы мәлдіметтердің пішімін өзгерту үшін Пішім > Ұяшықтар(Формат > Ячейки) командасын пайдаланады. Ашылған Ұяшықтарды пішімдеу (Формат ячеек) сұхбат терезесіндегі қыстырмалардан мәліметтердің жазылу пішімін таңдап алады. Сол терезеде мәтіннің бағытын көрсетіп, оны түзеу, қарпін өзгерту, символдардың жазлуын, фонның түсін, жақтаудың түрін анықтайтын параметірлерді енгізуге болады. Excel програмысының кестесіндегі есептеулер формулалардың көмегімен жүзеге асырылады. Формулалар тұрақты сандардан, ұяшықтарға сілтеме мен Excel функцияларынан тұрады. Егер ұяшықтарға формулалар енгізілген болса, онда жұмыс парағында осы формуланың есептеу нәтижесі белгіленіп тұрады. Ұяшықтағы сандық нәтижені емес, оған енгізілген формуланы көру үшін сол ұяшықты ерекшеп алып, формулалар жолында бейнеленген жазуға көзсалу керек. Ұяшықтарда адрес көрсетіледі оны ұяшықтарға сілтеме деп атаймыз. Есептеу нәтижесі формуладағы пайдалынылған ұяшықтарға тәуелді болады. Тәуелді ұяшықтағы мәндер бастапқы ұяшықтағы мәндердің өзгеруіне байланысты өзгеріп тұрады. Ұяшықтарға сілтемені әр түрлі тәсілдермен беруге болады: • біріншіден, ұяшықтың адресін қолмен теруге болады; • екінші тәсілі қажетті ұяшыққа тышқанмен шерту арқылы ерекшелеп енгізуге болады. Салыстырмалы сілтеме. Формулаларды бір ұяшықтан екіншісіне көшіргенде нәтиже қандай болатыны сілтеменің адрестеуіне тікелей тәуелді. Кәдімгі жағдайда формуладағы ұяшықтарға сілтеме салыстырмалы болып табылады. Бұл формулаларды бір ұяшықтан екінші ұяшыққа көшіргенде сілтеменің адресі автоматты түрде өзгереді деген сөз. Мысалы: В2 ұяшығында одан бір жол солға қарай және төмен орналасқан А3 ұяшығына сілтеме орналассын. Егер осы формула көшірлсе, онда сілтеменің салыстырмалы көрсеткіші сақталады. Мысалы: А9, D25, F5 салыстырмалы сілтеме болып табылады.
