Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
акт жауаптары.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

Ерекшеленген аймақты жылжыту

Жылжыту құралы ерекшелеу шекараларын орнынан жылжыта алады. Егер ерекшеленген аймақтың ішін ауыстыру қажет болса, онда жылжыту кезінде Ctrl+ALT пернелер үйлесімін басып тұру керек.

Ерекшелеуді терістету

Терістету үдерісі кезінде ерекшеленген аймақ ерекшеленбей қалады, ал кескіннің ерекшеленбеген аймағы ерекшеленеді. Бұл тәсілді фоннан кескінді тазарту немесе фотосуреттің бөлігін сопақша етіп ерекшелеу үшін жиі қолданады. Ерекшлеу → Терістету бұйрығы терістетуді жүргізеді. Ctrl+I

Түрлену

Түрлену құралдарының көмегімен сендер кескіннің немесе ерекшеленген аймақтың пішімін өзгертулеріңе болады.

-Масштабтау ( Shift+T пернелер үйлесімі)

- Қисаю (Shift + S пернелер үйлесімі)

- келешекті өзгерту ( Shift+ P пернелер үйлесімі)

70. Жазу, үлкейткіш шыны, пипетка құралдарымен жұмыс

Paint (Paintbrush) – Windows жүйесінің стандартты бағдарламалар тобына кіретін қарапайым нүктелік графикалық редактор. Paint өзінің мүмкіндіктері жағынан кәсіби графикалық редактордан біршама төмендеу болғанымен ол едәуір күрделі әрі тартымды, түрлі-түсті және ақ-қара суреттерді, схемаларды, сызбаларды даярлауға мүмкіндік береді. Бұл редакторды игеру онша қиын емес, оның құрамында сурет салу, сызу және оларды өндеуге арналған стандартты қарапайым аспаптар жиыны бар, дайындалған бейнелер файлдардың кең тараған графикалық форматында сақталады.

Редакторды іске қосу үшін Іске қосу → Бағдарламалар → Стандартты → Paint әмірлер тізбегін орындасақ, экранда бағдарламаның терезесі пайда болады Paint графикалық редакторының құралдарымен жұмыс жасау технологиясын қарастырайық. Құралдар тақтасы қарапайым суретшінің құралдарының жиынына ұқсас болып келеді. Мұндағы әрбір құралдың қызметіне тоқталайық.

Қарындаш-Бір нүктенің қалындығындай сызық жүргізуге мүмкін жасайды. Сызық қатаң тігінен немесе көлденең болуы үшін сурет салу кезінде SHIFT пернелігін басулы ұстау қажет. Бұл тәсіл басқа көп бағдарламаларда да қолданылады. -

Қылқалам-Қарындаштың жүргізген сызығынан да қалың сызық жүргізуге мүмкін жасайды. Бұл сызықтың түрі аспаптар тақтасының астында орналасқан терезеден таңдалатын қылқаламның формасымен анықталады.

Өшіргіш-Бейнені өшіру үшін қызмет етеді. Өшіргіштің өлшемін аспаптар тақтасының төменгі жағындағы терезеден таңдайды.

Шашыратқыш -Аспаптар тақтасының төменгі жағындағы терезедегі дақ түрлеріне сәйкес жасайды. Шашыратқыш аспабын бейне-леудің нақты формасы қажет емес жағдайларда, яғни түтін, бұлттар, ағаштар және т.б. салуда пайдаланған тиімді.

Құйғыш-Суреттің тұйық контурына негізгі түсті құяды. Егер де контур тұйық болмаса, онда барлық бос аймаққа құяды. -

Түзу сызық-Батырманың сол жағымен негізгі түсті, оң жағымен фондық түсті түзу сызықты салады. Аспаптар тақтасының астында орналасқан терезеден сызықтың қалындығын таңдауға болады.

Қисық сызық-Батырманың сол жағымен негізгі түсті, оң жағымен фондық түсті қисық сызықты салады. Қисық сызықтың формасын 2 рет қана өзгерте аласын. Аспаптар тақтасының астында орналасқан терезеден қисық сызықтың қалындығын таңдауға болады.

Тік төртбұрыш Батырманың сол жағымен негізгі түсті, оң жағымен фондық түсті (Shift-ті басып тұрып квадрат) тік төртбұрыш салады. Аспаптар тақтасының астында орналасқан терезеден: тік төрбұрыштың контурын, боялған тік төртбұрыш т.б. таңдауға болады.

Сопақша-Батырманың сол жағымен негізгі түсті, оң жағымен фондық түсті (Shift-ті басып тұрып дөңгелек) эллипс салады. Аспаптар тақтасының астында орналасқан терезеден: эллипстің контурын, боялған эллипс т.б. таңдауға болады.

Қырлары иілген төртбұрыш-Батырманың сол жағымен негізгі түсті, оң жағымен фондық түсті қырлары иілген төртбұрыш салады. Аспаптар тақтасының астында орналасқан терезеден: қырлары иілген төртбұрыш контурын, боялған қырлары иілген төртбұрыш т.б. таңдауға болады.

Көпбұрыш-Батырманың сол жағымен негізгі түсті, оң жағымен фондық түсті көпбұрыш салады. Аспаптар тақтасының астында орналасқан терезеден: көпбұрыш контурын, боялған көпбұрыш т.б. таңдауға болады.

Жазу-Суреттерге қосымша мәтін жазуға мүмкіндік береді.

Пипетка-Суреттен байқау түсін алуға және бұл түсті негізгі түс ретінде орнатуға мүмкіндік береді. -

Үлкейткіш шыны-Суреттің масштабын үлкейтуге, мысалы ұсақ бөліктерін қайтадан салуға мүмкіндік береді. -

Еркін аймақты ерекшелеу-Суреттің үзіндісін ерекшелеп алу үшін төртбұрышты қайшы батырмасы қолданылады.

Еркін аймақты ерекшелеу-Фигуралы қайшы көмегімен суреттің үзіндісін ерекшелеу Қылқаламмен жұмыс істеу сияқты орындалады (ерекшеленген аумақты қисық тұйық сызықпен қоршап шығу).