Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
акт жауаптары.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

12.Орта және бастауыш мектеп информатикасы бойынша білім мазмұны арасындағы сабақтастық.

Қазақстан Республикасының информатика бойынша мемлекеттік стандарты информатика пәнін 7-сыныптан бастап қана оқытуды ұсынады. Информатика және ақпараттық технология практикалық тұрғыда бүгінгі оқушылардың болашақ мамандықтарының 60%-ін құрайды. Сонымен қатар, оқушылар терең білім алулары үшін ақпаратты алу және өндеу құралы ретіндегі компьютердің мүмкіндіктерімен мүмкіндігінше ерте танысулары қажет. Шындығында оқушыларда 7-сыныптан көп ерте компьютердің базалық бағдарламаларымен: мәтіндік және графикалық редакторлар, сондай-ақ компьютерде сақталған ақпараттармен жұмыс жасау жолдары және т.б. меңгеру қажеттілігі туындайды. Информатика курсын жоғарғы сыныптардан төменгі буынға көшіру қажеттілігін осы бағыттағы жүргізілген ғылыми зерттеулер көрсетті. Бұған дәлел ретінде информатиканы төменгі сыныптарда оқыту жөнінде жүргізіліп жатқан мұғалімдердің эксперименттері мен жарияланып жатқан мақалалары, сондай-ақ 1-4 сыныптар үшін информатикадан ұйымдастырылған үйірме жұмыстары мен факультативтік сабақтарды айтуға болады. Информатика курсының бастауыш сыныптарда оқытылуы жөнінде шетелдерде және тәуелсіз мемлекеттер достастығы (ТМД) елдерінде бірқатар жинақталған тәжірибелер бар. Көптеген әдіскер-ғалымдар мен оқытушылар информатиканы пән ретінде жоғары сыныптарда оқыту оқушылардың компьютерді пайдалану дағдысының қалыптасуын кешеуілдетеді, бұл пәнді оқу барысында қалыптасатын дағды бір ғана пәнге тән емес екенін, жалпы білім беретін мәні бар болып есептелінетінін атап көрсетеді. Сондықтан да, 12 жылдық мектептің бірінші сатысы бастауыш буынның оқу жоспарына 2 сыныптан бастап информатика пәні енгізіліп отыр. Информатикадан жалпы бастауыш білім стандарты бойынша бастауыш мектепте информатиканы оқыту келесі мақсатқа жетуге бағытталған:

* оқушылардың ақпараттық мәдениеттілігін, сауаттылығын, алгоритмдік ойлауын қалыптастыру;

* интеллектуалды тұлғалық және эмоциялық-жігерлік сапаларын, қабылдау түрлерін және есте сақтауын дамыту;

- оқушылардың әлемдік көзқарасын қалыптастыру, азаматылыққа тәрбиелеу. Бастауыш сыныпта информатиканы оқытудың екі аспектісін олардың жалпы білім берудегі мәні мен шығармашылық дәрежесінің өсуіне байланысты ерекшелеп көрсетуге болады: 1. Ақпараттық технологиялар курсы. Бұл курс нақты ақпараттық технологияларды кеңінен қолдану жағдайында оқушыларды практикалық іс-әрекетке даярлау, компьютерлік сауаттылықты қалыптастырумен байланысты;

2. Алгоритмдік курс. Бұл курс оқушылардың алгоритмдік ойлауын дамыту мен қалыптастыру, компьютерді практикалық іс-әрекетке қолданудағы алғашқы біліктерін жалпылаумен байланысты.

12 жылдық мектепте оқытудың барлық кезеңінде оқу бағдарламаларын шығармашылық сипатпен қамту және пәнаралық байланыстар жүйесін өте тиімді интегралдау мектептің бастауыш сатысының оқу үрдісінде ақпараттық технологияларды сәтті ендірудің басты шарты болып табылады. Бірінші кезеңнің (пропедевтикалық) бағдарламасы екі жүйені біріктіруге негізделген. 2-4 сыныптардағы әрбір сабақ екі жарты бөлікке (20-25 минуттан) бөлінген. Сабақтың бірінші бөлігі алгоритмдік жүйені (машинасыз әдіс), екінші бөлігі ақпаратттық технологиялар жүйесін (компьютерді қолдану) оқып үйренуге берілген. Екі жүйенің материалдарының мазмұны әрбір сабақта бірігіп сабақтың ортақ тақырыбына айналады. Логика және алгоритмдік жүйенің материалдарын оқып үйренуден ақпараттық технологиялар жүйесінің материалдарын оқып үйренуге көшуді шеберлікпен байланыстыра білу қажет. Бастауыш сыныптарда информатика пәнін осындай түрде оқыту кіші жастағы мектеп оқушыларына қойылатын санитарлық-гигиеналық талаптардың орындалуын қамтамасыз етеді. Информатиканы оқыту үдерісінде математика, қазақ тілі, ана тілі, дүниетану, бейнелеу өнері, музыка, еңбекке баулу, дене шынықтыру пәндерімен пәнаралық байланыстар орындалады.