Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
акт жауаптары.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

15.Бастауыш сыныптарда информатиканы оқыту барысындағы алгоритмдік курс мазмұнының ерекшеліктері.

Алгоритмдік курс. Бұл курс оқушылардың алгоритмдік ойлауын дамыту мен қалыптастыру, компьютерді практикалық іс-әрекетке қолданудағы алғашқы біліктерін жалпылаумен байланысты.

12 жылдық мектепте оқытудың барлық кезеңінде оқу бағдарламаларын шығармашылық сипатпен қамту және пәнаралық байланыстар жүйесін өте тиімді интегралдау мектептің бастауыш сатысының оқу үрдісінде ақпараттық технологияларды сәтті ендірудің басты шарты болып табылады.

Бірінші кезеңнің (пропедевтикалық) бағдарламасы екі жүйені біріктіруге негізделген. 2-4 сыныптардағы әрбір сабақ екі жарты бөлікке (20-25 минуттан) бөлінген. Сабақтың бірінші бөлігі алгоритмдік жүйені (машинасыз әдіс), екінші бөлігі ақпаратттық технологиялар жүйесін (компьютерді қолдану) оқып үйренуге берілген. Екі жүйенің материалдарының мазмұны әрбір сабақта бірігіп сабақтың ортақ тақырыбына айналады. Логика және алгоритмдік жүйенің материалдарын оқып үйренуден ақпараттық технологиялар жүйесінің материалдарын оқып үйренуге көшуді шеберлікпен байланыстыра білу қажет. Бастауыш сыныптарда информатика пәнін осындай түрде оқыту кіші жастағы мектеп оқушыларына қойылатын санитарлық-гигиеналық талаптардың орындалуын қамтамасыз етеді.

Оқушыларға алгоритм ұғымын бермес бұрын алдымен іс-әрекет ұғымымен таныстырған дұрыс.

Бізді қоршаған әлемде көптеген әртүрлі заттар бар. Олардың әрқайсысының көптеген іс-әрекеттерін атауға болады. Яғни оны өзі жасайтын немесе онымен жасайтын әрекеттер.

Мысалы: Сиыр (мөңірейді немесе сүт береді).

Кітап (оны оқиды).

Нан (оны пісіреді немесе оны жейді).

Іс-әрекетті сипаттауға мысал ретінде жұмбақтарды да пайдалануға болады. Іс-әрекетті сипаттауға арналған жұмбақты берейік:

Қазша қанатын жаяды,

Үйрекше мойнын созады.

Құсша қонады.

Іс-әрекеттердің орындалу ретіне қарай қадамға реттеп, кестелерге орналасуын қарастырайық. Мысалы, қой жүнінен қолғап тоқу керек болса да, мынадай іс-әрекеттер ретімен орындалады.

ҚАДАМ

ІС-ӘРЕКЕТ

1.

Қойдың жүнін қырқу

2.

Жүнді түту

3.

Жүннен жіп иіру

4.

Жіптен қолғап тоқу

Әрекеттердің нәтижесі деп, осы әрекеттің нәтижесінде алынатынды айтады.

Мысалы: 1) Аспазшы сорпа пісіреді.

2) Бала кішкене кеме жасады.

Әр әрекеттен кейін қандай болса да нәтиже алынады және бірдене болады немесе өзгереді. Бірақ бұдан кейін барлығын бұрынғы қалпына келтіретін әрекет жасауға болады. Бұны кері әрекет деп атайды.

Мысалы:

Дұрыс іс-әрекеттер

Кері іс-әрекеттер

Баулау

Бауын шешу

Кіру

Шығу

Түймелеу

Ағыту

Ашу

Жабу

Бару

Қайту

«Алгоритм» ұғымы информатикада ақпарат сияқты іргелі ұғымдар қатарына жатады.