- •1.Бастауыш мектепте информатиканы оқытудың мақсаттары.
- •2)Ақпарат ұғымы туралы түсінік.
- •3) “Word Pad” мәтіндік редакторында жұмыс жасау.
- •2. Бастауыш сыныптарда пәнді оқуды жоспарлау.
- •3. Бастауыш мектепте информатиканы оқытудың мақсаттары.
- •4. Бастауыш мектепте информатиканы оқытудың әр түрлі жолдары.
- •6.Бастауыш сыныптардың информатика сабақтарында көрнекілік принципін жүзеге асырудың ерекшеліктері.
- •8.Курсты оқытудың жалпы әдістемелік сұрақтары:
- •11.Ақпараттық технологиялар курсын оқытып-үйретудің әдістемесі.
- •10 Пәнаралық байланыстар және оларды бастауыш сыныптарда информатиканы оқыту барысында жүзеге асыру жолдары.
- •12.Орта және бастауыш мектеп информатикасы бойынша білім мазмұны арасындағы сабақтастық.
- •13. Бастауыш мектепте информатиканы оқытудың білімділік, дамытушылық және тәрбиелік функциялары.
- •14. Бастауыш сыныптарда информатиканы оқыту барысындағы ақпараттық технологиялар курсы мазмұнының ерекшеліктері.
- •15.Бастауыш сыныптарда информатиканы оқыту барысындағы алгоритмдік курс мазмұнының ерекшеліктері.
- •16. Бастауыш сыныптарда информатика сабағына дайындалу және оны жоспарлау.
- •17. Кіші жастағы мектеп оқушыларына информатиканы оқытудағы қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар.
- •18.Информатика сабақтарында оқушылардың танымдық белсенділіктерін арттырудағы дидактикалық ойындардың ролі.
- •19. Пернетақта және оның құрамдас бөліктері.
- •20.Пәнаралық байланыстар және оларды бастауыш сыныптарда информатиканы оқыту барысында жүзеге асыру жолдары.
- •21 Тұжырымдама.
- •24.Бастауыш мектепте информатиканы оқыту құралдарын талдау.
- •25. Курсты бағдарлама мен информатиканың оқу құралдарымен қамтамасыз ету ортақ оқу-әдістемелік топтаманың құрамдас бөлігі.
- •26.Информатика сабақтарында оқушылардың танымдық белсенділіктерін арттырудағы дидактикалық ойындардың ролі.
- •30. Информатика сабақтарында оқушылардың оқу іс-әрекетін ұйымдастырудың әр түрлі формалары
- •31. Ақпарат ұғымы туралы түсінік.
- •38. Кіші жастағы оқушылардың информатикадан білім, білік және дағдыларын тестік бақылау.
- •42.Цилдік алгоритм:
- •43. Ақпарат және оның түрлері.
- •Ақпараттың түрлері
- •44 Жиындарды салыстыру.
- •45.Ішкі жиын.
- •49.Ақпараттық модель.
- •50. Тармақталу алгоритмі
- •51.Фондық түстерді өзгерту. Бояу тәсілдерін таңдау.
- •52.Графикалық модель.
- •53. Кері іс-әрекет.
- •54 .Калькулятор бағдарламасы.
- •56. Оқулыққа электронды қосымшамен жұмыс жасау.
- •59. Заңдылықтар.
- •60. Жазу, үлкейткіш шыны, пипеткақұралдарымен жұмыс.
- •61. WordPad мәтіндік редакторында жұмыс жасау технологиясы.
- •Мәтінді пішімдеу.
- •Құжатты сақтау және ашу.
- •2.Мәтінді енгізу және редакциялау
- •3. Мәтінді пішімдеу.
- •62. «Paint» графикалық редакторында жұмыс технологиясы.
- •64. «Рaint» графикалық редакторымен жұмыс
- •65 .Ерекшелеу құралдарымен жұмыс.
- •Ерекшеленген аймақтармен жұмыс
- •Ерекшеленген аймақты жылжыту
- •Ерекшелеуді терістету
- •Түрлену
- •70. Жазу, үлкейткіш шыны, пипетка құралдарымен жұмыс
- •71. Нысанды бұру және созу.
- •73. PowerPoint бағдарламасында слайдпен жұмыс істеу режимдер
- •75. Шаблондар көмегімен бос презентация құру.
- •77. Слайдты белгілеу. Түрлі түстер схемасы. Слайд белгіленуі
- •Түрлі түстер схемасы
- •78 Презентацияны басқа компьютерде өткізу.
- •79.PowerPoint бағдарламасының мүмкіндіктері
- •80. Кесте мәтіндерін дайындау.
- •83. Өзкескіндерді және «WordArt» нысандарын кірістіру.
- •84 . Windows терезесінің құрылымы.
- •85. Мәтінді енгізу және редакциялау
- •86. Excel электрондық кестесінің атқаратын қызметі
- •87 .Excel-де математикалық есептеулерді орындау.
- •89. Слайдқа мәтін, сурет, графикалық нысандар енгізу.
- •90. Электрондық пошта тіркеу жазбасын құрастырудың реті.
8.Курсты оқытудың жалпы әдістемелік сұрақтары:
Пәнді оқыту әдістері: ғылыми–педагогикалық әдебиеттерді, информатиканың оқу бағдарламалары мен оқулықтарын теориялық талдау, бастауыш сыныптар оқушыларына информатиканы оқытудың барысын бақылау, озат педагогикалық тәжірибені оқып–үйрену және қорытындылау, әңгімелесу, педагогикалық эксперимент, компьютермен практикалық жұмыс.
Бұл пәнді оқыту 12 жылдық мектептің бастауыш буынының оқу жоспарына 2-сыныптан бастап информатика пәнінің енгізілуіне байланысты Қазақстанда тұңғыш рет қолға алынып отыр. 12 жылдық мектептің бастауыш буынына арналған алғашқы оқулықтар “Атамұра” (Т.Б.Әштаев, Е.А.Вьюшкова) және “Алматыкітап” (Н.Т.Ермеков, С.Ноғайбаланова) баспаларынан басылып шықты. Қазіргі кезде жалпы білім беретін мектептің 2-4 сыныптарына арналған “Ақпараттық мәдениет негіздері” курсы (авторлары: Е.Балапанов, Г.Кабулова, С.Мұхамбетжанова, Б.Айтбакина, Г.Мамырбек) құрастырылған және ол Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі тарапынан лицейлер мен гимназияларда пайдалануға ұсынылған.
Бастауыш мектепте информатиканы оқыту әдістемесікурсы мынадай бөлімдерді қарастырады:
1.Бастауыш мектепте информатиканы оқыту әдістемесіоқу пәні ретінде.
2.Бастауыш мектепте информатиканы оқытудың теориялық негізі.
3.Бастауыш мектепте информатиканы оқытудың технологиясы.
а) Ақпараттық технологиялар курсына оқытудың технологиясы;
ә) Қолданушылық курсына оқытудың технологиясы.
б) Алгоритмдік курсқа оқытудың технологиясы.
4. Информатикадан оқушылардың білім, білік және дағдыларды меңгеруі мен компетентілігін қалыптастыру технологиясы.
Курсты оқып-үйренудің соңына қарай
– студенттердің бастауыш сыныптарда ақпараттық оқытуды ұйымдастырудың өзіндік ерекшеліктері, бастауыш сыныптардың оқу үдерісінде қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды пайдаланудың мүмкіндіктері туралы түсініктері қалыптасуы тиіс;
– информатиканы оқытудың жалпы әдістемелік принциптерін білулері керек және бастауыш сыныптардың оқу үдерісінде бағдарламаларды пайдалана алулары тиіс;
информатиканы оқыту әдістемесін меңгеруі қажет.
9. Бастауыш мектепте информатика сабағын жүргізудің түрлері мен формалары: ойындық, көрнекілік құралдар, алгоритмдік этюдтер, сабақтың теориялық және практикалық бөлімдері, кіші жастағы мектеп оқушылары үшін информатика дәптерлері.
Педагогикалық технология ұғымы түрлі педагогикалық ойын түрлерін педагогикалық процесте әдістер мен тәсілдердің кең көлемді топтарын біріктіреді, оның жалпы ойындардан ерекшелігі оқытуда нақты мақсатының қойылуымен және оның оқу-танымдық бағыты сипатталған, негізі салынған педагогикалық нәтижесіне сай анықталады. Сабақ барысындағы ойын әдістері оқушыларды оқу қызметіне ынталандыру құралы ретінде ойын әдістері мен жағдайларының көмегі арқылы құрылады. Сабақ барысында ойын әдістері мен жағдайларын өткізу мынадай негізгі бағыттарда жүргізіледі. Сабақ процесінде пайдаланатын ойындардың бірнеше түрлерін атап көрсетуге болады.Бастауыш сынып мұғалімдерінің оқу– тәрбие жұмысының негізгі саласы сабақ. Сабақ үстінде оқушылардың біліктілігі, іскерлігі, дағдысы, дүниетанымы дамиды. Негізгі бетбұрыс оқушы білімінің сапасын арттыру, ол дегеніміз түпкі нәтижені көре білу, яғни окушыға берген біліміміздің қайтарымын көру. Ол үшін сабаққа сыныптағы оқушының барлығын қызықтыра отырып қатыстыру қажет. Бес саусақ бірдей емес, яғни әр оқушының сабаққа қызығушылығы, дүниетанымы, даму ерекшеліктері әртүрлі. Сондықтан оқушылардың осы топтарына әртүрлі деңгейде талап қоюға тура келеді. Ал ойын элементтері кез-келген оқушының қызығушылығын тудырады. Тіпті нашар оқитын оқушының өзі ойын арқылы берілген тапсырмаларды асқан қызығушылықпен, белсенділікпен орындайды. Оқушылардың қызығушылықтарын туғызатын ойындардың бірі — дидактикалық ойындар.Ойын элементтерін қолдана отырып мұғалім оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын, зейінін арттыру мақсатында әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолданады. Атап айтқанда, мұғалім ойын жағдаяттарын туғыза отырып, әртүрлі заттарды қолдану арқылы сұрақтар қойып, затты көрсетіп, түсіндіріп ойын сюжетін құрастырады.Бастауыш сыныптардың тіл сабақтарында дидактикалық ойындарды жаңа тақырыпты түсіндіру барысында, қайталау, пысықтау, жаттығу сабақтарында да пайдалануға болады. Бастауыш сынып оқушылары әлі де ойын баласы, сондықтан мұғалім оларды жалықтырмай әртүрлі ойын түрлерімен сабақты қызықты өткізуге тырысуы қажет.Ойындар оқушылардың ой — өрісін дамытып, ойлау қабілетін арттырумен қатар, үйретілген, өтілген тақырыптарды саналы да берік меңгеруге үлкен әсер етеді. Ойындар оқушылардың шығармашылық ойлау қабілеттерін жетілдірумен қатар, сөздік қорларын молайтып, сауатты жазуға да баулиды. Оқушылар ойын ойнау барысында үйренген сөздерін айтып қана қоймай, оның қандай мағынада қолданылатынын да біледі. Ойын оқу пәндерінің мазмұнымен тығыз байланыста жүргізілгенде ғана дұрыс нәтижелер береді.
