- •1.Жтд жұмысындағы диспансерлік бақылау жүйесі және емдеу-сауықтыру шаралары
- •2. Денсаулық критерийлері. Балалардың ден саулық деңгейін кешенді бағалау, балаларды денсаулық топтарына бөлу.
- •3. Скрининг – жаппай қараудағы тесттер. Кейбір функцияналды жүйелердің жастық физиологиялық константалары.
- •4. Ана сүтімен емізу бойынша дсұ бағдарламасы
- •5. Ана сүтімен тамақтандырудың тәртібі, бақылауы және техникасы
- •6. Гипогалактия: алдын алу, әдістері, емдеу. Емізуді бақылау.
- •7. Қосымша (аралас) тамақтандыруға көрсеткіш. Бейімделген арнайы сүтті қоспа. Тиімділігін бақылау. Жасанды тамақтандыру техникасы.
- •8. Мектепке дейінгі балаларды тамақтандыру.
- •9. Активті иммунизация. Егу бөлмесі:жұмыстың ұйымдастырылуы, екпе жоспары, вакцинаның сақталуы.
- •Қр иммунопрофилактикалық күнтізбесі, алдын ала егуге көрсеткіштер және қарсы көрсеткіштер
- •Қр иммунопрофилактикалық күнтізбесі.Иммунизацияның тиімділігін анықтаудың бақылау әдістері
- •Қр иммунопрофилактикалық бұйрықтары
- •13.Балаларды профилактикалық егу кезінде кездесетін қарапайым, жалпы және жергілікті реакциялар
- •14. Вакцинадан кейінгі күрделі реакциялар және асқынулар: жіктелуі, клиникалық өтуі. Себебі. Емі және алдын алуы
- •15. Қауіп топтары, алдын ала егудің жеке күнтізбесі. Вакцинацияның аялауыш әдістері.
- •16 .Нәрестенің денсаулық шектері, қауіп бағытталған топтарды анықтау.
- •17. Нәрестелік кезеңде патронаждық бақылауды ұйымдастыру. Бағытталған қауіпті топты анықтау.
- •18. Шала туылған балаларды патронаждық бақылаудың ерекшелігі. Қаупі жоғары нәрестелер.
- •19. Орталық нерв жүйесінің зақымдану қаупі бар балаларды диспансеризациялау.
- •20. Перинатальдық патологиясы бар баларға диспансерлік бақылаудың дифференциялық тәсілі
- •23. Даму ақаулары бар балалардың диспансеризациясы.
- •24. Фондық патологиялардың әлеуметтік-гигиеналық маңыздылығы. Госпитализацияға көрсеткіш.
- •25. Жаңа туылған балалар патронажы
- •28. Рахиттің ерте клинико – лабороториялық диагностикасы.
- •29. Тамақтанудың созылмалы бұзылыстарының, конституция аномалияларының ерте клиникалық- зертханалық диагностикасы.
- •30. Қауіп топтары,фондық ауруларды түзету. Профилактикасы,диспансеризациясы, емі, тіркеуден шығу уақыты, вакцинциялау тактикасы.
- •32. Ддұ бала жастағы науқастарды интегрирленген басқару бағдарламасы. Жедел ішек инфекциясы
- •33. Мектеп жасындағы балалардың тамақтануы.
- •34. Ддұ бала жастағы науқастарды интегрирленген басқару бағдарламасы. Жедел ішек инфекциясы.
- •36. Пневмониямен ауыратын балаларды жүргізу ерекшеліктері
- •37. Бүйрек ауруы бар науқас балаларды жүргізу ерекшеліктері.
- •38. Ерте жастағы балаларды рационды тамақтандыруды ұйымдастыру.
- •39. Сау балаларды диспансерлеу принциптері
- •40. Анемиясы бар науқас балаларды жүргізу ерекшеліктері
- •41. Ерте жастағы балаларды рационды тамақтандыруды ұйымдастыру.
- •42. Ддұ бала жастағы науқастарды интегрирленген басқару бағдарламасы. Жедел ішек инфекциясы
- •43. Фондық патологиясы бар балалардың диспансеризациясы .
- •44. Иммунопрофилактика
- •45. Жаңа туған балаларға емдік-профилактикалық көмекті ұйымдастыру
- •46. Диспепсиялық синдромы бар балаларды жүргізу ерекшеліктері
- •47. Бауыр ауруларымен ауыратын балаларды жүргізу ерекшеліктері
- •48. Ждт тәжірибесінде жиі ауыратын балаларды диспансеризациялау және сауықтыру
- •49. Созылмалы аурулары бар балаларды диспансерлік бақылауды ұйымдастыру қағидаларлы.
- •50. Мектепке дейінгі мекемелерде және мектепте балаларға медициналық қызмет көрсетуде жұмыстарды ұйымдастыру
- •51. Босану үйінен ерте шығарылған ана мен нәрестелерді күту ерекшеліктері және медициналық қызмет көрсету.
- •58. Клиникалық протокол № 18 30.11.2015ж «Балалардағы холецистит»
- •63. Ана сүтімен тамақтандырудың тәртібі, бақылауы және техникасы
- •64. Гипогалактия: алдын алу, әдістері, емдеу. Емізуді бақылау.
- •65. Жтд практикасындағы жиі ауратын балаларды диспансерлік бақылау және реабилитация.
- •66. Созылмалы аурулары бар балаларды диспансерлік бақылауды ұйымдастыру қағидаларлы.
- •68. Пневмониямен ауыратын балаларды жүргізу ерекшеліктері
- •69. Паратрофия. Дәрежесі. Клиникасы. Диагностикасы. Профилактика.
- •70. Гипотрофия. Дәреже. Клиника. Диагностика. Профилактика.
23. Даму ақаулары бар балалардың диспансеризациясы.
Дамудың туа пайда болған ақаулары – бұл мүшелер мен жүйелердің , анатомиялық түзілістердің қалыпты құрылымынан ауытқып немесе дамуының тоқтауы (толық дамымаған). Осыған байланысты патология әртүрлі дәрежедегі айқындылықпен болады – кариотип вариациясы секілді бағаланатын қиын анықталатын аномалиялардан өмірмен сәйкес келмейтін ауыр даму ақауларына дейін.
Жалпы генезі ортақ болып табылатын осы аурулар тобының әртүрлілігі диспансерлік іс-шараларды жүргізу және құрудағы қиындықтармен түсіндіріледі.Жүйелі патологиясы бар көптеген науқастар әртүрлі мамандармен бақыланады.Оларға көмек көрсету кезектілігі функциональды бұзылыстардың дәрежесіне тәуелді.Бұл кездегі ЖДТ-ның маңызы – ауруларды анықтау, есепке алынатын ауру номенклатурасын білу,операциялық араласулар мерзімін,науқастанған балаға мамандандырылған көмек көрсетілу мүмкіндігі бар мамандандырылған қызмет құрылымын анықтауда. Мұндай балалар 030/у (диспансерлік науқас картасы) формасы бойынша денсаулықтың ІІІ тобында бақыланады.
Даму ақаулары бар балаларды диспансерлеу аурулардың ауыр ағымының, өршудің, мүгедектік дамуының алдын алады;уақытынан бұрын болатын өлім қаупін азайтады;мамандандырылған көмектің уақытылы көрсетілуімен қамтамасыз етеді(операциялар,...). Бұл денсаулық сақтау және әлеуметтік-экономикалық даму үшін маңызы зор.Себебі өсіп келе жатқан ұрпақ денсаулығының жақсаруы еліміздің болашақ еңбек ресурсын сақтайды.
24. Фондық патологиялардың әлеуметтік-гигиеналық маңыздылығы. Госпитализацияға көрсеткіш.
Фондық аурулар (тамақтанудың созылмалы бұзылыстары,рахит,темір тапшылықты анемия, конституцияның аномалиясы - диатездер) ерте жастағы қарқынды даму барысындағы балалардың даму процесінің тежелуінің фоны болып табылады.
Тамақтанудың созылмалы бұзылыстары,әсіресе гипотрофия.Гипотрофияның ауырлық дәрежесі:
І дәреже – дене салмағының 10-20 % дефициті
ІІ дәреже – 20-30 %
III дәреже – 30 % және одан көп.
Гипотрофия бала дүниеге келгенге дейін пайда болуы мүмкін (пренатальды гипотрофия). Оның дамуында маңызды орынға ие : жүктілік токсикозы;жүктілікке дейінгі және жүктілік кезіндегі ана денсаулық жағдайы; жүктілік кезіндегі аурулар; өмір сүру салты және қауіп факторларының әсері – шылым шегу,кейбір дәрілік препараттарды қабылдау,нашақорлық және алкоголизм. Гипотрофия пайда болуының негізгі себептері: баланы дұрыс емес тамақтандыру,қайталап ауыру,нашар күтім. Баланың денсаулық жағдайы гипотрофияның айқындылық дәрежесіне тәуелді. Неғұрлым дене салмағы дефициті көбірек болған сайын соғұрлым баланың баланың дамуы зардап шегеді: оның бойының өсуі баяулап, жүйке-психикалық дамуы тежеледі, инфекциялар, рахит, анемиялар қосылады.
Рахит – фосфор-кальций алмасу бұзылыстары басым зат алмасу бұзылысы.Оның негізінде ағзаның кальций және фосфорға қажеттілігі мен оны тұтыну арасындағы уақытша сәйкессіздік; сүйектік,бұлшықеттік, жүйкелік, жүрек-қантамырлық және басқа жүйелер мен мүшелердегі өзгерістерге әкелетін ағзадағы тасымалдаушы жүйелердің жеткіліксіздігі. Рахитте, бала ағзасының әлсіреуінде пайда болатын патологиялық ауытқулар кешені негізгі өсімді, физикалық және ой өрісі дамуын тежеп, оның инфекцияларға төтеп беру қабілетін төмендетеді, иммундық жүйені тежейді.Осының барлығы әртүрлі аурулардың, әсіресе пневмония және инфекциялық аурулардың қолайсыз ағымы қосарлануына қолайлы жағдай тудырады.
Кішкентай балаларда әсіресе темір жетіспеушілік анемия жиі кездеседі. ТЖА – қан көлемі бірлігіндегі гемоглобин деңгейі төмендеуімен, сарысулық темір құрамында бір эритроциттегі гемоглобиннің орташа концентрациясы азаюымен және қан сарысуының жоғары темірбайланыструшы қабілетімен сипатталатын, яғни организмде темір жетіспеушілігімен байланысты анемия. ТЖА, басқа анемиялармен салыстарғанда қан көлемі бірлігіндегі эритроциттер төмендемеуі де мүмкін. ДДСҰ ұсынысы бойыннша Нв төменгі шегі болып 5 жасқа дейінгі балаларда 110г/л және 5 жастан жоғарылар үшін 120г/л саналады. Әсіресе 2-жартыжылдықтағы, шала туылған, шала жетілген немесе ірі салмақты, балалар шалдығады. Ерте жастағы балалардағы ТЖА – ға антенатальды, интранатальды кезеңдердің жайсыз ағымы, тағаммен темірдің жеткіліксіз түсуі себеп болады. Өсу қарқыны жоғары балаларда темірге қажеттіліктің жоғары болуы да маңызды орынға ие. Кейбір жағдайларда ерте жастағы балаларда ішектің сору қабілеті бұзылыстары ( тұқым қуалайтын және жүре пайда болған мальабсорбция синдромы, ішектің созылмалы аурулары) салдарынан көп салмақ жоғалту да темір жетіспеушілігіне әкелуі мүмкін. Бала жағдайы өзгермеген немесе бұзылыстар тек қан анализінде ғна көрінетін жағдайларда анемия латентті формада өтуі мүмкін. Бірақ айқын формаларында бой мен даму қалысуы түрінде көрініп, тамақтану бұзылыстары туындайды, инфекция, гиповитаминоз қосылады.
Диатездер – организмнің қоршаған ортаға ерекше бейімделуімен, өзіндік реактивтілікпен, біршама аурулар қатарына бейімділікпен және патологиялық процестердің өзіндік ағымымен сипатталатын жағдай. Қазіргі кезде конституция аномалиясы мен диатез ұғымдары анықталады. Әсіресе зерттерлгендерге: экссудативті – катаральды диатез, лимфатикалық – гипопластикалық, нервті – артриттік түрлері жатады.
Балалардағы фондық аурулар – ерте жастағы балаларда ең жиі таралған патология. Көп жағдайларда ақыры жағымды, бірақ баланың өмір сапасында теріс көрініс береді, кез –келген интеркурентті аурулардың ағымы мен болжамына әсер етеді. Рахиттен бала өлмейді, бірақ басынан өткен аурудың скелет деформация түріндегі салдарлары костетикалық ақаулықтар түрінде ғана емес, тыныс алу мен жүрек қан тамыр жүйесі қызметінің бұзылысына әкеледі, жүктілік және босану ағымын қиындатады, шайнау аппараты қалыптасуына әсер етеді. Темір жетіспеушілігі қосалқы мальабсорбция синдромымн сидеропениялық гастроэнтероколитпен, жергілікті иммунитеттің төмендеуімен, бірнеше жылдар бойы сақталатын және асқорыту жүйесінің созылмалы ауруларын тудыратын ішек дисбиозымен қатар жүреді.
Қазіргі кезде баланың моторлық және психикалық даму процесінің тежелуіне, интеллект төмендеуіне, эмоция азаюы, мектепте оқытудың қиындауына әкелетін ТЖА кезіндегі жүйке жүйесінің дисфункцияларына ерекше көңіл бөлінеді. Дистрофиясы бар балаларда рахит, ТЖА алып келетін тағамдық заттардың сіңуі қиындайды. Рахит, өз кезегінде анемия дамуына бейімдейді. Барлық фондық аурулар белгілі бір дәрежеде иммуногенезге резистенттілікті төмендете отырып және жиі вирусты бактериялық, аллергиялық ауруларға, дисбиозға ықпал ете отырып әсер етеді. Жағымсыз преморбидті фондағы балаларда пневмония, инфекциялық аурулар ағымы ауыр өтеді, ол көбінесе ақыры жағымсыз асқынуларға әкеледі. Жоғарыда айтылғандардың қорытындысы ЖДТ ерте жас ауруларының алдын алуға, уақытылы диагноз қойып емдеуге міндетті. II денсаулық тобында бақыланады. Фондық аурулардың 3 дәрежесі стационар жағдайында емдеу мен госпитализацияны қарастырады.
