Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kazaksha_pediatria_1.docx
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
252 Кб
Скачать
☆

69. Паратрофия. Дәрежесі. Клиникасы. Диагностикасы. Профилактика.

Паратрофия – ерте жастағы балалардың созылмалы тамақтану бұзылысынан болатын дистрофияның түрі.Ол зат алмасудың бұзылысы мен иммунитеттің төмендеуімен, физикалық психоматорлы кідіріспен әрі қатар инттелектуальды дамуының бұзылысымен көрінеді.Паратрофияның ауырлық дәрежесі: 1- дәрежесі: Қалыпты дене салмағынан 10-20% жоғалуы. 2- ші дәрежесі: 20-30 %. 3-ші дәрежесі – 30 % оданда жоғары.Паратрофияда дене салмағының бойынан көп болуы, дене салмағымен бойының төмендеуі, дене салмағы мен бойының қалыпты болуы мүмкін.

Клиникалық көрінісі: Эмоциональды тонусының тұрақсыздығы, мазасыздық және әлсіздік және адинамия.Тері жамылғы бозғылт, жиі пастозды, серпімділігі төмен болуы мүмкін. Тері асты шел май қабатының жақсы дамығанына қарамастан, тіннің тургоры мен бұлшық ет тонусы жеткіліксіз. Шел май біркелі емес таралған, іш аймағымен бөкседе айқынырақ.Тағамға толеранттылығың бұзылуы көрінеді. ( ботқа мен сүтті тағамдарды талдап жейді).Осының салдарынан нәжісінің бұзылысы, ауыспалы диспепсия дамиды.Көмірсу құрамды тамақтармен тамақтанғанда нәжісі сұйық, кейбір кезде жасыл түсті болады.Ақуыз қосылғанда нәжіс көп, сұр түсті, құрғақ , тығыз болады.

Паратрофиясы бар балаларда жиі экссудативті – катаральды диатез, рахит, іш қату және іш өту байқалады.Сүйек минерелизациясы төмендеген және мегалобласты анемия (В12 витаминінің тапшылығы ).

Паратрофияның дистрофиялық типін аурудың клиникалық белгілеріне , соның ішінде тері асты бұлшық ет қабатының төмендеуіне, дене салмағының бойынан аз болуына, инфекциионды ауруларға қарсы тұруының төмендеуіне қарап қойылады.Диагнозды дистрофияның типі және туылуына байланысты пайда болу уақыты (пренатальдық, постнатальдық), дене салмағының төмендеген дәрежесі, этиологияның даму аралығын ( бастапқы,прогрессивті, реконваленсценция ) көрсетіледі.

Қосымша тексеру әдісіне қан анализі кіреді.Шеткі қан тамырда абсолютті және салыстырмалы лимфоцитоз, нейтро- моноцитопения, анемия белгілері және В12 витаминінің тапшылығы, ЭТЖ қалыптыдан жоғары болады.

Қанның биохимиялық тестінде темір құрамымен фосфолипидінің төмендеуі, соған сәйкес холестерин деңгейін қалыпты көрсеткіштен жоғары.

Қосымша копрограмма, иммунограммаға тексеріледі.

Паратрофияның дистрофиялық типі экзогенді және эндогенді фактормен бірігіп, екіншілік дистрофияны шақыруы мүмкін.Постнатальді дистрофияның негізгі экзогенді факторлары : алиментарлы,ақуыз- энергетикалық жеткіліксіздік, сандық байланысты және сапалы теңгерімсіз тамақтану , микроэлементтердің тапшылығы ( мырыш, мыс, селен және т.б.).

Инфекциялық: ішек инфекциялары, қайталамалы ЖРВИ,қайталамалы асқынған отит,хромосомды аурулар, энзимопатия, біріншілік және екіншілік мальабсорбция.

Дистрофияның алдын алу және диспансерлизациялау ерте жастағы балаларда қауіп факторымен интенсивті өсуі болып табылады.

70. Гипотрофия. Дәреже. Клиника. Диагностика. Профилактика.

Гипотрофия ол дистрофияның бір түрі болып табылады,яғни ерте жастағы балалардың (3жасқа дейін) тамақтанудың созылмалы бұзылыстарынан болады.Зат алмасудың айқын бұзылыстарымен ,иммунитеттің төмендеуімен ,физикалық ,психомоторлы тежелуімен ары қарай интелектуалды дамуының тежелуімен сипатталады.Г.А Зайцевтің және Л.А Строгановтың 1981 ж классификациясына сәйкес дистрофияның түрлерін :гипотрофияны және гипостатураны ажыратады.Гипотрофия кезінде салмағының бойынан қалыс қалуы болады,ал гипостатура кезінде бойының және салмағының қалыс қалуы тән.Ерте диагностика пренатальды дистрофия кезінде алғашқы дәрігерлік патронаж кезінде бой салмақтық коэфицент бойынша (№=60-80) 3 дәрежесін анықтайды:І дәреже-бой салмақтық индекс 59-56,ІІ дәреже -56-51 , ІІІ дәрежеде -51 ден төмен .

Классификацияға сәйкес постнатальды гипотрофия дене салмағының дефицит тән.Гипотрофияның І дәрежеде дене салмағының жетіспеушілігі 11-20 % ,ІІ дәрежеде 21-30%, ІІІ дәрежеде -31 % және көп.

Гипортрофияның тамақтанудың созылмалы бұзылыстары типінде трофикалық бұзылыстардың синдромы ,тамақтық толеранттылықтың төмендігі,иммунобиологиялық реактивтіліктің және симптомдардың төмендеуі сияқты клиникалық белгілер тән,осы белгілер ОЖЖ функционалды өзгерістерді көрсетеді.

Дистрофияның гипотрофиялық типі диагнозы мынадай клиникалық белгілер тән жағдайда қойылады:тіндердің тургорының төмендеуі,іштің ,аяқ-қолдардың және беттің теріасты шелмай клетчаткасының қалыңдығының ақырындап жоғалуы немесе азаюы,дене салмағының бой ұзындығынан қалыс болуы немесе сәйкес келмеуі,жетіспеушілік дәрежесі,инфекциялық ауруларға және сыртқы ортаның әртүрлі әсеріне төзімділігінің төмендеуі.Диагнозда дистрофияның түрін ,дәрежесін ,және туылған уақытына қатысында пайда болған уақытын (пренатальды,постнатальды ),этиологиясын және даму кезеңін(бастапқы,үдеу,реконвалесценция) көрсетеді.

Қосымша диагностикаға қанның лаботорлы анализдері кіреді.Перифериялық қанда абсолютті және салыстырмалы лейкоцитоз ,нейтро- және моноцитопения ,тапшылықты анемияны ,ЭТЖ жоғарылауы байқалуы мүмкін.Қанның биохимиялық тестінде темірдің төмендеуін,гипо- диспротеинемияны көрсетеді.Капрограмма-нәжісті ішектің асқорыту қабілетін анықтау мақсатында зерттейді:үлкен дәреттің өзгерісі(«аш дәрет»,шектеулі,құрғақ,ағарған,өткір және жағымсыз иісті ) диспепсиялыққа өзгеруі(жасыл түсті ,қорытылмаған тамақ қалдықтары, кілегеймен...).

Дистрофияның гипотрофия типі екіншілік дистрофияға алып келетін экзогенді әсермен және де эндогенді факторлармен байланысты болуы мүмкін. Постнатальды дистрофияның негізгі экзогенді факторлары: сандық және сапалық теңгерімсіз тамақтанудан ,микроэлементтердің тапшылығынан (мырыш,мыс ,селен және т.б) туындаған алиментарлы нәруыз-энергетикалық жеткіліксіздік,инфекциялық :ішектік инфекциялар ,кайталамалы ЖРВИ ,әсіресе қайталамалы отитпен асқынған; әлеуметтік.Постнатальды дистрофияның эндогенді этиологиялық факторларына даму ақаулары және хромосомдық аурулар, энзимопатиялар және мальабсорбциялар ( біріншілік ,екіншілік ) ,конституциясының аномалиялары жатады. Қарқынды даму үстіндегі ,қауіп факторы бар ерте жастағы балаларды диспансеризациялау -дистрофияның профилактикасы болып табылады.Профилактика анте-және постнатальды .

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]