Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kazaksha_pediatria_1.docx
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
252 Кб
Скачать
☆

28. Рахиттің ерте клинико – лабороториялық диагностикасы.

Рахит – зат алмасудың полиэтиологиялық ауруы.

Оның негізінде бала ағзасындағы минеральді заттарға деген (фосфор,кальций және т.б) қажеттілік пен олардың тасымалдануымен, метаболизмі арасындағы дисбаланс жатыр. Көбінесе 2 айлықтан 3 жасқа дейінгі балаларда дамиды. Педиатрияда “өсіп келе жатқан ағза ауруы' деп аталады.

Патогенезінде рахиттің дамуында Д витамінінің экзо- және эндогенді дефициті маңызды роль атқарады: терідехолекальциферолдың жеткіліксіз түзілуі, бауырда, бүйрек, ішектердегі фосфор – кальций алмасу бұзылыстарына әкелетін Д витамінің тағамымен жеткіліксіз түсуі және метаболизмнің бұзылуы. Бұдан басқа, рахиттің дамуында басқа да метаболикалық бұзылыстар – белок және микроэлементтер ( магний, цинк, темір, меди, кобальт жцне т.б) алмасу бұзылыстары, липидтердің сутегі асқын тотығының қышқылдығының белсенуі, поливитаминді жеткіліксіздік ( А, В1,В5,В6,С,Е витаминдері дефициті) және басқалар. Кері байланыс принципі бойынша гипокальциймиядан кейін екіншілік гиперпаратиреоз.

Паратиреоидты гормон өндірілуінің жоғарылауы нәтижесінде сүйектерден Са шығып, қандағы деңгейінің жоғары болуына әкеледі. Д витамінінің 90% теріде инсоляцияның нәтижесінде (УФО) түзіліп, тек 10% ғана тағам арқылы сырттан түседі. Бетті және қол білезіктерін 10 – минутқа жергілікті сәулелендіру ағзаға қажетті Д витамині деңгейімен қамтамасыз етеді. Сондықтан рахит жиі күз және қыс айларында туған балаларда жиі кездеседі. Бала ағзасында витаминдер мен минералдар дефициті баланың, жүкті немес тамақтандыратын әйелдердің дұрыс тамақтанбауының салдары болуы мүмкін. Са және Р – дың ұрық ағзасына түсуі жүктіліктің соңғы айларында көбірек болады, соған байланысты рахитке шала туған балалар жиі шалдығады. Са және Р – дың сіңірілуі мен тасымалдануының бұзылысына ферменттік жүйелер дамымауы, асқазан – ішек жолдары, бауыр, бүйрек, қалқанша бездері патологиялары септігін тигізеді. Рахит кезіндегі патологиялық ауытқулар кешені бала ағзасының әлсіреуіне, өсуінің тежелуіне, физикалық және ой өрісі дамуының, инфекцияға қарсы төтеп беру қабілетінің төмендеуіне, иммундық жүйенің тежелуіне алып келеді. Мұның барлығы басқа да аурулардың қосарлануына, әсіресе пневмония, инфекциялық аурулардың қолайсыз ағымына әкеліп соғады. Рахиттің бастапқы сатылары емге жақсы қайтады. Адекватты терапиядан кейін қолайсыз ақыры дамымайды. Рахиттің ауыр формалары қаңқаның айқын деформациясын, физикалық және нерв – психикалық дамудың баяулауын тудырады.

Рахиттің қатаң спецификалық белгілері болмайды. Диагноз рахиттің лабораторлы және рентгенологиялық маркерлерімен бірге клиникалық көріністер негізінде қойылады. Рахиттің ерте белгілері вегетатативті бұзылыстар: жылауық, қорқақтық, тынымсыздық, гиперқозғыш, ұйқыда жиі қозғалуы. Балада тершеңдік жоғарылайды, әсіресе бастың шашты жерінде және шүйдесінде. Басын жастыққа үйкелеу, шүйде аймағында шаштың түсуіне алып келеді. Сүйек – бұлшық ет жүйесінде бұлшық ет тонусының төмендеуі, қаңқалық тігістердің және еңбектің шеттерінің жұмсақ болуы. Рахит ауруының алғашқы ағымының ұзақтығы 1 – 3 айды құрайды. Бұл кезеңде қанда кальций мен фосфордың мөлшері орташа немесе сәл азайған, қанның сілтілік фосфатазы жоғарылаған, метаболикалық ацидоз және гипофосфатурия анықталады. Рентгенологиялық өзгеірстер байқалмайды. ЖҚА – де гипохромды анемия болуы мүмкін. ЖЗА – де өзгерістер жоқ. ҚБА: жалы белок құрамы – диспротеинемия, гипопротеинемия болуы мүмкін; жалпы сілтілік фосфатаза белсенділігі металлопротеин болып табылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]