Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kazaksha_pediatria_1.docx
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
252 Кб
Скачать
☆

46. Диспепсиялық синдромы бар балаларды жүргізу ерекшеліктері

Диспепсиялық синдром – эпигастрий аймағындағы дискомфорт,

ауырсыну сезімдерімен,тамақтан кейінгі толып қалу,ерте қанығу, жүрек айну, құсу, кекіру,қыжыл секілді бұзылыстар кешені. (Дүниежүзілік гастроэнтерологтар конгресінің функционалды аурулар бойынша комитет тұжырымы, 1994). Эпидемиологиялық зерттеулер бойынша синдром жиілігі 25-40 %. Гастроэнтерологиялық патология құрылымында ДС 95% қамтиды. Органикалық диспепсияның аз мөлшердегі айрықша салмағы бала жасының ерекшелігі болып табылады. Ол 1-5% құрайды және де жоғары жастық топтарда көбейеді.Термин дифференциальды диагностика үшін клиникалық тәжірибеде қолдануға ыңғайлы,әсіресе педаитрияда.

Балалардағы асқорыту жолдарының зақымдалу ерекшеліктері – асқорыту жолдары жоғары бөлімдерінің, гепотобилиарлы жүйенің және жиі ішектің зақымдалуларының әртүрлі нозологиялық формаларының симптоматикасының стереотиптілігі.Неғұрлым бала кішкентай болған сайын,соғұрлым көріністің спецификалығы аз болады,әсіресе ауырсыну синдромының.Гастрит, дуоденит, жара ауруының , билиарлы жолдар зақымдануларының дифференциалды диагностикалық критерийі анық емес болады.

Диспепсия симптомдар жиынтығы бар балаларды клиникалық тексеруде нозологиялық емес, синдромдық диагностика жүргізіледі.

ДС органикалық диспепсия тобын құрайтын АІЖ ауруларымен, созылмалы холецистит, өт-тас ауруы,созылмалы панкреатит секілді органикалық аурулармен біріктіріледі.Егер тексеру кезінде органикалық зақымданулар анықталмаса, онда функционалды бұзылыстар туралы айтылады.

1999 жылы функционалды аурулар бойынша комитет нұсқауымен ДС-нан ерекше жағдайлар формасы бөлінген: іштегі ауырсыну және дискомфорт дефекациялармен бірге жүрсе – олар ішек тітіркену синдромына (ІТС) жатқызылады. Ал диспепсияның клиникалық көрінісінде қыжыл симптомы басым болса гастроэзофагеалды рефлюкс ауруы ретінде қарастырылады. Оң жақ жоғарғы квадрантада орналасқан және ауыздағы қышқыл сезімдерімен бірге жүретін абдоминалды аурулар, іш кебу,тұрақсыз нәжіс – Римдік критерий ІІ атауын алған бұл келісім билиарлы жолдарының дисфункционалды бұзылыстары ретінде анықталады. Көп жағдайларда әртүрлі формалар қосылып жүреді.Себебі науқастардың 50-70% ФД тән ІТС-ның шағымдары болады.

Сонымен қатар, Римдік критерийлер ІІ-мен «функционалды диспепсия» ұғымы енгізілген. ФД – АІЖ-да ешқандай патология анықталмаған жағдайда эпигастрий аймағында ортаңғы сызыққа жақын орналасқан ауырсыну және дискомфорт (ауырлық,толып қалу,ерте қанығу сезімдері).Римдік критерийлер ІІ (2006ж)келесі баспасөзінде ФД мынандай клиникалық варианттары енгізілген – постпрандиальды және ауырсынулық. Бірінші жағдайда ауырлық,іш кебу, іштегі ертеңгілік ауырсынулар,жүрек айну,кекіру басым.Екіншісінде ұстама тәрізді ашқарынға және түнгі ауырсынулар, кем дегенде жүрек айну, құсу, кекіру. ФД диагноз қоюына міндетті жағдай көріністерінің ұзақтығы жылына 12 аптадан кем болмауы керек.

Диспепсия симптомдар кешенімен көрінетін АІЖ функционалды бұзылыстары құрамында ФД басым, оның үлесі 64.6 %, функционалды абдоминалды ауырсынулар (ФАА) әрбір 5-ші балада (20.1%),ІТС – әрбір 10-шы балада (10.4%), ал билиарлы дисфункция – әрбір 20-шы балада кездеседі (4,9%). Функционалды бұзылыстар формасын нақтылау мақсаты қосымша тексеру әдістерін шектеу, жергілікті әсері бар заманауи препараттарды тағайындау.

ДС-ның жалпы механизмдері қазіргі кезде өте жақсы зерттеліп, эксперимент жүзінде дәлелденген.ДС бар балаларды диспансерлеу кезінде бақылау тізімдік құраммен (АІЖ функционалды бұзылыстары) және органикалық диспепсия кезінде 030/e формасы бойынша жүргізіледі.Тізімдік құраммен науқас балаларды бақылау жасына сәйкес (эпикриздік мерзімде), 030/e формасы, диспансерлік картасы бойынша әрбір кварталда жүргізіледі. Диспансеризацияның жеке индивидуалды варианттары да қарастырылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]