Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kazaksha_pediatria_1.docx
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
252 Кб
Скачать
☆

33. Мектеп жасындағы балалардың тамақтануы.

Мектеп жасындағы балалардың тамақтануын ұйымдастыру үшін олардың жасын, жынысын, әлеуметтік функция ерекшеліктерін және денсаулық жағдайын ескеру қажет.Негізгі тағамдық заттар мен энергияның «Балалар мен жасөспірімдердің физиологиялық қажеттілік нормасы» бар. Әртүрлі жастағы балалардың тамақтануы тәуліктік рационның көлемі мен порция мөлшерімен ерекшеленуі керек. Баланың тамақтануы барлық өмірлік қажетті заттардың көзі болып табылады:ақуыз, көмірсу, минералды тұздар, витаминдер, сулар және т.б.

Организмнің дұрыс дамуы, жоғары жұмысқа қабілеттілікті сақтау үшін жасөспірімдер тамақтану режимін ұстану керек. Тәбетсіз тағамды қолдану асқорыту мүшелерінің жұмысының бұзылуына, созылмалы асқазан-ішек трактісінің ауруларының дамуына алып келеді. Жасөспірімдердің жасына, ақыл және физикалық жүктемеге байланысты күніне 4-5 ретті тамақтану қажетті. Күннің 1ші жартысында жануар текті ақуызға бай тағамдарды, ал кешкі асқа сүтті-өсімдік текті өнімдерді қолданған дұрыс.

Білім беру мекемелеріндегі білім алушыларға 2ретті ыстық тамақтану , сонымен қатар дайын тағам (еркін сатылым) және асхана өнімдерімен (өндірістік кәсіптің қолдануы мен білім алушының аспаздық тағамдарды тұтынуға дайын тағамдар)жеткілікті түрде қамтамасыз ету қарастырылған. Екіретті тамақтану таңғы ас пен түскі асты ұйымдастыруды ұсынады, ал оқу процессінде екіретті ауысым түскі және түстен кейінгі ас.Балалардың ұзартылған топтарға қатысуы 2-3 ретті тамақтану ұйымдастырылғанда ғана рұқсат етіледі.

Білім алушыларға (тәрбиеленуші ) білім беру мекемесінде тәулік бойы болуы кезінде жасына және денсаулық жағдайына байланысты 4-5ретті тамақтану ұйымдастырылуы керек .

Білім алушының рациналды тамақтануын ұйымдастыру принципі:

●оқушы рационындағы калорий оның энергия жұмсауына сәйкес болуы керек; әр жастың физиологиялық қажеттілігі мен рационның химиялық құрамының (ақуыз, май, көмірсу, витамин, минералды зат)сәйкес келуі .

● Негізгі тағамдық заттардың тепе теідігін сақтау (ақуыз, май, көмірсу).Олардың жақсы сіңірілуі үшін 1:1:4 поциясын қолданады, сонымен қатар жануар текті ақуыз 60%-ды және өсімдік текті майды олардың жалпы мөлшерінің 20%-ын құрауы керек.

●Барлық тағамдық заттардандамушы организмнің қажеттілігін қанағаттандыратын кең ассортиментті тағамдарды қолдану.

● Ғылыми-негізделген таблицаны қолдана отырып тағамдарды тек толыққанды тағамдармен дұрыс ауыстыру.

● Баланың белгілі жасына биологиялық және тағамдық құндылығы сақталған асқорыту ерекшелігіне сәйкес , тағамның аспаздық-технологиялық өнделуі.

●Тамақтану арасындағы интервалдарды және тәуліктік тамақтану сапасы мен мөлшерін бөлуді қарастыратын қатан сақталатын тамақтану режимі.

●Өндірістің, тасымалдаудың және тағамды, полуфабрикаттарды, дайын тағамдарды сақтаудың барлық санитарлық талаптарын сақтау.

34. Ддұ бала жастағы науқастарды интегрирленген басқару бағдарламасы. Жедел ішек инфекциясы.

ДДҰ мен ЮНИСЕФ науқас балаларға сапалы көмек ұсыну мақсатымен «бала жастағы науқастарды интегрирленген басқару» атты стратегияны(ИВБДВ) дайындады. ИВБДВ бала денсаулығы түгелімен назарда болатын, бала денсаулығының күзетіне біріктірілген әрекет болып табылады. ИВБДВ мақсаты өлім санын, аурулар санын, мүгедектік санын қысқарту және 5 жасқа дейінгі балалардың өсуі мен дамуын жақсартуға әсер ету. ИВБДВ профилактикалық емдік элементтерден тұратын отбасылық және қоғамдық, сонымен қатар медициналық мекеме.

Стратегия негізгі үш компоненттен тұрады:

  • Науқастарды басқару аймағындағы денсаулық сақтау қызметкерлерінің дағдыларын жақсарту;

  • Жалпы денсаулық сақтау жүйесін жақсарту;

  • Отбасы мен қоғамдық деңгейде денсаулық сақтау жұмысын жақсарту.

ИВБДВ стратегиясы медициналық мекемеде поликлиникадағы бала ауруларын дәл анықтауға, барлық негізгі аурулардың сәйкес комбинирленген емін қамтамасыз ету, балалардың күтімін іске асыратын адамдардың кеңес беруін жақсарту және ауыр науқастанған балаларды қажетті мамандарға жолдама беруге ықпал етеді. Бұл үй жағдайында қажетті көмекке жүгінуді стимулдейді, алдын – алу мен тамақтануды жақсартуға, сонымен қатар дұрыс дәрігерлік тағайындауларды орындауға ықпал етеді. Ерте жастағы балалардың өлімін және аурушаңдығын азайту мен ҚР денсаулық сақтау Министрлігінің бұйрығын орындау мақсатында 2008 жылы 19 желтоқсаннан бастап, №656 «ҚР ерте жастағы балалардың дамуы мен бала жастағы ауруларды интегрирленген басқару әдісін енгізу туралы » медициналық ұйымдарда ДДҰ мен БҰҰ балалар фонды ұсынысымен ерте жастағы бала дамуы мен бала жастағы ауруларды интегрирленген басқару әдісі енгізілген.

ИВБДВ клиникалық нұсқаулық негізінде келесі принцип жатыр:

  • 5 жасқа дейінгі барлық науқас балаларда жалпы қауіп белгілерін анықтау үшін қаралуы керек, ал барлық нәрестелер өте ауыр түрдегі ауру белгілерін анықтау үшін қаралады.Осы симптомдардың болуы баланың стационарға жедел жолдама керектігін көрсетеді.

  • Осыдан кейін балалар мен нәрестелер негізгі симптомдарды анықтау үшін қаралады.Ересек балалар үшін негізгі симптомдарына жөтел немесе тынытың қиындауы, диарея, қызу, аранындағы проблема мен құлақ инфекциясы жатады.Нәрестедегі негізгі симптомдарға жергілікті бактериялық инфекция, диарея және сарғыштық жатады. Бұдан басқа барлық науқас балаларды тамақтану мен иммунизация статусын, сонымен қатар басқа потенциалды прблеманы анықтау үшін қарау керек.

  • Ауруды анықтау үшін оның сезімталдылығы мен арнайылығы негізінде, клиникалық симптомдардың тек шектелген саны қолданылады.

  • Балалар ауруларының жеке симптомдар комбинациясы бойынша , симптомдар 1 немесе бірнеше топтарға бөлінеді,ал диагноз қойылмайды. Аурудың классификациясы үш түстік жүйеге негізделген: «күлгін» баланы тез арада стационарға жолдау дегенді білдіреді, «сары» спецификалық амбулаторлы емді бастау керектігін көрсетеді, «жасыл» үйде үстемелік күтім керектігін көрсетеді.

  • ИВБДВ бойынша ауруды жүргізу процесінде базалы емдік препараттардың шектеулі саны қолданылады және балаға емді , балаға күтімді жүзеге асыратын адамдар мен ата-аналардың активті араласулары кеңейтіледі.

Тамақтану мен сұйықтық сәйкес қолданысы, үйдегі күтім сұрақтары , балаға күтімді жүзеге асыратын адамдардың кеңес беруі, сонымен қатар көмекке жүгіну немесе қайта қаралу ИВБДВ стратегиясының маңызды компоненті болып табылады

35. Бронхообструктивті синдром (БОС) немесе бронхиальды обструкция синдромы – функциональды не органикалық себептен бронх өткізгіштігінің бұзылуымен байланысты симптомокомплекс. Қабыну тұтқыр кілегейдің гиперсекрециясы және бронх кілегейі ісіну сияқты бронх обстуркциясының басқа да механизмдерінің патогенетикалық негізгі звеносы болып табылады.

БОС клиникалық көрінісі дем шығарудың ұзаруы, экспираторлы шу (ысқырықты, шулы тыныс), ентігу ұстамасы, тынысқа қосымша бұлшықеттердің қатысуы, жиі аз өнімді ысқырықты жөтелден құралады.

БОС өзі гетерогенді болып табылады және көптеген аурулардың көрінісі болып, жиі алғашқы 3 жылда балалар арасында кездеседі, ол ағзаның осы кезеңдегі анатомо-физиологиялық ерекшелігіне байланысты. Бронх обстуркциясының дамуы мен ағымында преморбидті фонның рөлі маңызды.

Бронх обструкциясы дамуының бірнеше негізгі механизмдері бар. Олардың салматқтық рөлі патологиялық процессті негіздейтін себеп пен әсіресе бала жасымен байланысты.

Нәрестелерде БОС себебі жиі жұтыну бұзылуымен байланысты аспирация, мұрын жұтқыншақтың туа біткен аномалиясы, трахео-бронхиалды жыланөкз, гастроэзофагеальды рефлюкс, бронх пен трахея даму ақаулары, респираторлы дистресс синдром, муковисцидоз, бронхо-пульмоналды дисплазия, иммунодефицитті жағдай, құрсақішілік инфекция болып табылады.

Өмірдің 2-ші және 3-ші жылында БОС клиникалық көріністері алғашқы рет БА бар балаларда, бөгде дене аспирациясы кезінде,дөңгелек гельминт миграциясында, тыныс алу мүшелерінің туа біткен және тұқымқуалаушылық ауруларында, өкпе гипертензиясымен өтетін жүрек ақауы бар балаларда дамуы мүмкін. Баланың респираторлы жолының дамыған лимфатикалық және қан тамыр жүйесі оған көптеген физиологиялық қызметтерді қамтамасыз етеді. Алайда патология жағдайындағы ісікке бронхтың барлық қабырғасының – кілегей, кілегей асты, базальды мембрананың қалыңдауы тән, бұл бронх өткізгіштігінің бұзылуына әкеледі. Қайталамалы бронхөкпелік ауруларда эпителий құрылымы өзгеріп, оынң гиперплазиясы мен жалпақ клеткалы метаплазиясы байқалады. Алғашқы 3 жастағы балаларда қайтымды бронхиальды обструкция қалыптасуының ерекшелігі болып қабынулық ісіну мен тұтқыр кілегей гиперсекрециясының обструкцияның бронхоспастикалық компонентінен басым болуы саналады. Респираторлы инфекцияда жиі БОС себебі саналады. Соынмен қатар ЖРВИ фонында БОС дамуы негізгі ауруды жасыруы мүмкін. Сеебеі әдеби мәліметтерге сүйенсек ерте жастағы балаларда БА БОС ағымының 30-50 % жағдайда варианты болып табылады.

Жоғарғы жастағы балалар мен ересектерде БОС себебі болып бронхоспзам саналады. Соынмен қатар әдебиеттерде ерте жастағы балалар бронх жүйесінің әлсіз дамуына қарамастан, кейде айқын клиникалық, типті бронхоспазм беруі мүмкін деген мәліметтер бар.

Жоғарыда айтылған ерекшеліктерді комплексті терапиялық бағдарламаларда ескеру қажет.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]