- •1. Бұрғылау жабдықтары жұмыс жасау шарты. Әсер ететін жүктемелер.
- •2. Қазіргі заманғы бқ тәл жүйесі конструктивтік ерекшеліктері.
- •3. Иілмелі скқ қолданып ұңғыны бұрғылау ерекшеліктері.
- •1.Бұрғылау жабдықтары жүктелген элементтері жұмысқабілеттілігі критериі.
- •2. Қазіргі кездегі бқ жинақталуы.
- •3. Жаhандық алдыңғы қатарлы өндірушілердің жкж құрылымдары, жұмыс жасау принциптері
- •2. Қазіргі кездегі терең бұрғылауға арналған бұрғылау қондырғыларын жинақтау ерекшеліктері
- •3. Лақтыруға қарсы жүйенің қазіргі заманғы жағдайы, даму мәселесі.
- •2. Сораптар жұмысы параметрлері мен көрсеткіштері.
- •1. Бұрғылау жабдықтары істен шығуы түрлері.
- •3. Pdc бұрғылау қашаулары. Жалпы мәліметтер, негізгі талаптар, классификациясы.
- •1. Конструкциялық болаттарды таңдау және олардың жалпы сипаттамасы
- •3.Лақтыруға қарсы жабдықтардың конструктивтік параметрлерінің оның жұмыс
- •1.Бұрғылау жабдықтарының сенімділігі
- •2.Винттік түптік қозғалтқыштар (взд, «мотор»)
- •3.Иілмелі скқ қолданып ұңғыны бұрғылау ерекшеліктері.
- •2.Бұрғылау ертінділерін дайындау және сақтауға арналған қазіргі заманғы жабдықтар.
- •1.Бұрғылау қондырғылары функционалдық арналуы көрсеткіштері.
- •2.Сериялы емес, жаңадан шығарылған, бұрғылау ертіндісін тазалауға арналған жоғары өнімді және сенімді жабдықтар.
- •3.Pdc бұрғылау қашаулары матрицалы түрлері, конструктивтік ерекшеліктері және оларды жетілдіру бағыттары.
- •1.Өндірістік өнімнің техникалық дәрежесін және сапасын сараптау әдістері.
- •2.Бұрғылау сорабы нақты жұмыс процесінің математикалық моделі.
- •3.Болат корпусты pdc бұрғылау қашаулары, конструктивтік ерекшеліктері және оларды жетілдіру бағыттары.
- •1. Винттік түптік қозғалтқыштардың гидравликалық, техникалық сипаттамасы және оның қозғалтқышты таңдауға әсері.
- •2. Бқ жетектері кинематикалық сұлбалары.
- •3. Күрделі техникалық жүйелердің сенімділігі.
- •1. Көп оқпанды ұңғылар тобын бұрғылауға арналған бқ жинақталу ерекшеліктері.
- •2. Сенімділікке сынақтау жоспары.
- •3. Бқ жетектері қуаты бөлшектеліп берілуі.
- •1. Жүктеменің жүктелетін элементтің беріктігіне байланысты орналасуы.
- •1. Өндірістік өнімдердің классификациясы және өнім сапасы көрсеткіші номенклатурасы.
- •2. Жоғарғы күштік жетек (жкж, «Топ-Драйф»).
- •3.Көп оқпанды ұңғылар тобын бұрғылауға арналған параллель эшелондарымен Уралмаш 5000/320 эк-бмч қондырғысы жинақталуы.
2.Бұрғылау ертінділерін дайындау және сақтауға арналған қазіргі заманғы жабдықтар.
Бұрғылау ерітіндісін тазартуға және дайындауға арналған жабдықтар. Бұрғылау ерітінділерін дайындау және өңдеу құрылғылары әсер ету принципі бойынша механикалық және гидравликалық болып бөлінеді.
Механикалыққа:
сазалмастырғыш (МГ2-4, Г2-П-2);
фрезерлі-ағынды диірмендер (ФСМ-3, ФСМ-7) жатады.
Гидравликалықтарға:
гидроэжекторлы араластырғыштар (БПР);
эжекторлы-гидромоторлы араластыру құрылғылары (УПР-Р-2);
гидравликалық араластырғыштар (ГДМ-1);
гидравликалық диспергаторлар (ДГ-1).
Жуу сұйығын өте жоғары дәрежеде тазалау конустық гидроциклондардан тұратын құмсазбөлгіштің көмегімен гидромеханикалық әдіспен жүргізіледі. Циркуляциялық жүйе, бұрғылау сұйығын құрамындағы талқандалған тау-кен жыныстарынан тазалау үшін дірілдеуік елек, гидроциклон, центрифуга механизмдері қолданылады. 3. Бұрғылау жабдықтарына арналған машина жасау болаттары
Механикалық қасиеттері мен технологиялық сипаттамаларын анықтайтын, химиялық құрамына тәуелді құрылымдық машина жасау болаттары бірнеше топтарға бөлінеді: - орташа көміртектенген қоспаланбаған; - орташа көміртектенген төмен қоспаланған құрамындағы қоспаланатын элементтер мөлшері 2,5%-ға дейін; - орташа көміртектенген орташа қоспаланған құрамындағы қоспаланатын элементтер мөлшері 6,5%-ға дейін; - төмен көміртектенген төмен қоспаланған; - төмен көміртектенген орташа қоспаланған болаттар. Қажетті қасиеттер кешенін алу үшін құрылымдық машина жасау болаттары өңдеудің әрқилы түрлеріне ұшырайды.
Орташа көміртектенген қоспаланбаған болаттар
Орташа көмітектендірілген болаттардың құрамында 0,3-тен 0,5%-ға дейін көміртек болады. Бұл топтың кейбір болатары құқрамында марганецтің артырылған шамасы болуы мүмкін. Кейбір орташа көміртектенген болаттардың қасиеттері 7-қосымшадағы кестеде көрсетілген. Бұл болаттарды термиялық өңдемей қолдану тиімді емес, өйткені термиялық өңделмеген болаттың беріктігінің төмен көміртектенген және төмен қоспаланған болаттардікінен айырмашылығы жоқ, тіпті құрамында көміртегінің жоғарылығынан соққылық тұтқырлығы төмендеу. Бұл болаттар үшін термоөңдеу ретінде, жоғарылатылған беріктік пен тұтқырлықты қатар беретін, жоғары жасытулы шынықтыру ұсынылады. Орташа көміртектенген болаттарды қолдану ерекшеліктері: - болаттарды шынықтыру кезінде жоғары жылдамдықты суыту (суда суыту) талап етіледі, бұндай суытуды күрделі пішінді бұйымдарды қолдануды үгітілу мен шынықтырулық шытынаудың пайда болу мүмкіндігі шектейді; - болаттардың күйдірілгіштігі үлкен емес - 10-12 мм, яғни көлденең қимасы үлкен бұйымның ортасы шынықтырылмай қалады. Беріктік қасиеттерін және күйдірілу тереңдігін жақсарту үшін орташа көміртектенген болаттарға марганец қосады, ол күйдірілгіштікті 15-18 мм дейін өсіреді және ірі емес бұйымдарды майда, ал ірілерін – суда суытады. Бұл болаттарды аз күшсалмақтанатын – білікше, майда тістегершіктер, төлке, саусақ және с.с. типтегі бөлшектерді, сондай-ақ ЖЖТ (ТВЧ) қыздырылып немесе төменгі жасытулы басқа әдістермен шынықтырлатын бөлшектерді жасауға қолданады.
Орташа көміртектенген төмен қоспаланған болаттар.
Бұл топ болаттарының беріктік қасиеттерін артыруға қоспаланатын компоненттерді (хром мен никель) енгізу және термоөңдеумен қол жеткізіледі. Хромды енгізу болаттың беріктігін, никельді енгізу – тұтқырлығын арттырады. Бұдан басқа хром мен никель, аустенитте еріп, оның тұрақтылығын арттырады және шынықтыру кезінде суытудың сынбағалық жылдамдығын төмендетеді, бұл бөлшекті майда шынықтыруға, соның есебінен термиялық өңдеу кезінде бұйымның үгітілуін азайтуға және болаттардың күйдірілгіштігін 30 мм дейін арттыруға мүмкіндік береді. Орташа көміртектенген төмен қоспаланған болаттар тобына сондай-ақ таза хромды орташа көміртектенген болаттарды да жатқызады. Бұл болаттарда никельдің болмауы олардың күйдірілгіштігінің төмендеуі (15 мм дейін) көрсетеді. Кейде хром-никельді болаттардағы никельді ішінара марганецпен ауыстырады (38ХГН болаты). Бұл кезде болаттың күйдірілгіштігі сақталады, бірақ суыққа төзімділігі хром-никельділерден төмен. Соған байланысты орташа көміртектенген хром-никельді болаттар жоғары жасытудан кейін жасытулық морттыққа бейім, олар әлде майда, әлде тіпті суда шапшаң суытуды талап етеді. Қималар өзгеретін жерлерде және кернеулер шоғырландырушыларда үгітілулер мен шынықтыру шытынаулары пайда болу мүмкіндігі себебінен, бұндай болаттарды ұзын және күрделі пішінді бөлшектер жасамаған жөн. Сондықтан орташа көміртектенген хром-никельді болаттар ұзындығы үлкен емес қарапайым пішінді бұйымдарды (өстерді, саусақтарды, білікшелерді және т.с.с.) жасау үшін пайдаланылады. № 13 емтихан билеті
