- •1. Бұрғылау жабдықтары жұмыс жасау шарты. Әсер ететін жүктемелер.
- •2. Қазіргі заманғы бқ тәл жүйесі конструктивтік ерекшеліктері.
- •3. Иілмелі скқ қолданып ұңғыны бұрғылау ерекшеліктері.
- •1.Бұрғылау жабдықтары жүктелген элементтері жұмысқабілеттілігі критериі.
- •2. Қазіргі кездегі бқ жинақталуы.
- •3. Жаhандық алдыңғы қатарлы өндірушілердің жкж құрылымдары, жұмыс жасау принциптері
- •2. Қазіргі кездегі терең бұрғылауға арналған бұрғылау қондырғыларын жинақтау ерекшеліктері
- •3. Лақтыруға қарсы жүйенің қазіргі заманғы жағдайы, даму мәселесі.
- •2. Сораптар жұмысы параметрлері мен көрсеткіштері.
- •1. Бұрғылау жабдықтары істен шығуы түрлері.
- •3. Pdc бұрғылау қашаулары. Жалпы мәліметтер, негізгі талаптар, классификациясы.
- •1. Конструкциялық болаттарды таңдау және олардың жалпы сипаттамасы
- •3.Лақтыруға қарсы жабдықтардың конструктивтік параметрлерінің оның жұмыс
- •1.Бұрғылау жабдықтарының сенімділігі
- •2.Винттік түптік қозғалтқыштар (взд, «мотор»)
- •3.Иілмелі скқ қолданып ұңғыны бұрғылау ерекшеліктері.
- •2.Бұрғылау ертінділерін дайындау және сақтауға арналған қазіргі заманғы жабдықтар.
- •1.Бұрғылау қондырғылары функционалдық арналуы көрсеткіштері.
- •2.Сериялы емес, жаңадан шығарылған, бұрғылау ертіндісін тазалауға арналған жоғары өнімді және сенімді жабдықтар.
- •3.Pdc бұрғылау қашаулары матрицалы түрлері, конструктивтік ерекшеліктері және оларды жетілдіру бағыттары.
- •1.Өндірістік өнімнің техникалық дәрежесін және сапасын сараптау әдістері.
- •2.Бұрғылау сорабы нақты жұмыс процесінің математикалық моделі.
- •3.Болат корпусты pdc бұрғылау қашаулары, конструктивтік ерекшеліктері және оларды жетілдіру бағыттары.
- •1. Винттік түптік қозғалтқыштардың гидравликалық, техникалық сипаттамасы және оның қозғалтқышты таңдауға әсері.
- •2. Бқ жетектері кинематикалық сұлбалары.
- •3. Күрделі техникалық жүйелердің сенімділігі.
- •1. Көп оқпанды ұңғылар тобын бұрғылауға арналған бқ жинақталу ерекшеліктері.
- •2. Сенімділікке сынақтау жоспары.
- •3. Бқ жетектері қуаты бөлшектеліп берілуі.
- •1. Жүктеменің жүктелетін элементтің беріктігіне байланысты орналасуы.
- •1. Өндірістік өнімдердің классификациясы және өнім сапасы көрсеткіші номенклатурасы.
- •2. Жоғарғы күштік жетек (жкж, «Топ-Драйф»).
- •3.Көп оқпанды ұңғылар тобын бұрғылауға арналған параллель эшелондарымен Уралмаш 5000/320 эк-бмч қондырғысы жинақталуы.
1. Бұрғылау жабдықтары істен шығуы түрлері.
2. Сораптар жұмысы параметрлері мен көрсеткіштері.
Ұңғыны жуу жүйесінде бұрғылау сораптары келесідей жұмыстарға арналған:
– ұңғы түбін және оқпанды шламнан тазарту үшін ұңғыға жуу сұйығын айдау;
– қашауды майлау және салқындату;
– саптамасы бар қашаулармен бұрғылаған кезде гидромониторлық эффект алу;
– түптік гидравликалық қозғалтқыштарды жұмысқа қосу.
Бұрғылау сораптары келесі талаптарға жауап беру керек:
– бұрғылау сұйықтығының берілісі үнемі бір мөлшерде болып және ұңғының нәтижелі жуылуын қамтамасыз етуіне;
– сорап қуаты ұңғыны жууға және гидравликалық түптік қозғалтқыштарды қозғалысқа келтіруге жеткілікті болуына;
– жуу сұйығының сораптан шығу кезіндегі жылдамдығы бұрғылау барысын қиындататын, қосымша энергия шығындарын туындататын және металдың шаршауынан болатын бұзылуына алып баратын инерциялық жүктеме мен қысым соққыларын жою үшін бірқалыпты болуы;
– сораптар абразивті және құрамына май кіретін коррозиялық – активті әр түрлі тығыздықтағы жуу сұйықтықтарымен жұмыс жасауға бейімделген болуына;
– жуу сұйықтығымен әсерлесетін түйіндер мен бөлшектер ұзақтұрақтылыққа ие болуы және ақауланған жағдайда тез ауыстырылуына;
– үлкен өлшемді түйіндер мен бөлшектер сенімді бұтарланып, жөндеу кезінде орын ауыстырылуы мен техникалық қызмет көрсетуге арналған қондырғылармен жабдықталынуына;
– жетекші бөлігінің түйіндері мен бөлшектері жуу сұйықтығынан қорғалынуына және техникалық қызмет көрсітілуіне қол жетімді болуына;
– сораптар жиналған күйінде алыс қашықтыққа тасымалдануға қолайлы болуына;
– сораптар құрылымы сораптық агрегат қозғалтқыштарының сол және оң орналасуына мүмкіндік беруіне;
– сораптардың сенімділігі мен ұзақ мерзімділігі олардың экономикалық тиімділігімен және қаупсіз пайдаланылуымен байланысты болуына.
Бұрғылау сораптарын дайындаудың техникалық шарттары МЕСТ-те көрсетілген мәндермен сай келуі керек.
Бұрғылау тереңдiктерi өскен сайын бұрғылау сораптарының қуаты да едәуір үлкейеді. Бұрғылаудың өскен талаптарына сәйкес келетiн бұрғылау сораптарының жаңа үлгiлерi өндiрiске жіберілуі қарастырылуда. Бұрғылау сораптары үздiксiз жетілдіріліп, сенiмдiлiгі және ұзақ уақытқа жарамдылығы жоғарылатылуда, массасы азайтылып, жасалу, пайдалану және жөндеуге кететін еңбек шығындары қысқартылуда.Бұрғылау сораптарының жұмысшы органдары көбiнесе поршень түрiнде орындалады. Кеңінен таралған сорап түрі көп жағдайда екі поршеньді екіжақты әсерлі сораптар, олардың орнын соңғы жылдары үш поршеньді бiржақты әсерлі сораптар басуда. Екі жақты әсерлі сораптарда сұйықтық поршень және шток қуыстарында орналасады және бір екіеселенген поршень жүрісінде екі сору және екі айдау циклін орындайды. Бiржақты әсерлі сорапта сұйық поршеньнің жұмыс камерасы қуыстарында орналасады және бір екіеселенген жүрісте бір сору және бір айдау циклін орындайды.Бұрғылау сораптарында тарелка түрінде кездесетін, өздiгiнен әрекет ететiн серiппелi клапандар қолданылады. Соратын және айдайтын клапандар өзара алмастырылатын болып тағайындалады. Поршеньдердің өстерi параллель және көлденең жазықтықтарда сорап жетегінің бір жағында орналасады, поршеньдердің қозғалысын жеткізетін бұрғылау сораптарының жетекшi буыны айналмалы эксцентрикті, кривошипті, саусақты немесе иінді білікті болып орындалады.Жетекшi білік сораптың трансмиссиялық бiлiгiне цилиндрлiк тiстi жұп арқылы байланысады. Жуу сұйықтығы бiр сатылы және бiр тасқынды сұлба бойынша ортақ қабылдау жүйесі арқылы жылжып, орын ауыстырады. Сорап берiлісі ауыспалы цилиндрлi төлке көмегiмен немесе сораптың жүріс санының өзгеруі арқылы іске асады. Бұрғылауда қолданылатын сорапты агрегаттарда көп жағдайда электр қозғалтқыштары мен дизельдер қолданылады.Аталған қозғалтқыштардың айналмалы қозғалысы сораптың трансмиссиялық білігіне сыналы белдік немесе тізбекті беріліс арқылы беріледі. Екі жақты әсерлі бұрғылау сорабының кинематикалық сұлбасы 10.1-суретте, ал түйіндердің орналасуы 10.2-суретте келтірілген.
10.1-сурет. Екіжақты әсерлі бұрғылау сорабының кинематикалық сұлбасы
1 – қозғалтқыш шкиві; 2 – сыналы белдік; 3 – трансмиссиялық білік; 4 – экцентрик; 5 – тісті беріліс; 6 – сырғақ; 7 – қабылдаушы компенсатор; 8 – айдау клапаны; 9 –поршень; 10 – гидравликалық қорапша; 11 – қабылдаушы клапан; 12 – айдау желісі компенсаторы.
Бұл бұрғылау сораптары көлденең поршенді, екі цилиндрлі, екі жақты әсерлі, ортақ жақтауда жинақталған гидравликалық және жетекші бөліктен тұратын қондырғы.
10.2-сурет. Екіжақты әсерлі бұрғылау сорабы
1 – поршень; 2 – цилиндрлі төлке; 3 – цилиндр қақпағы; 4 – тіректік стақан; 5 – айдаушы клапан; 6 – клапан қорапшасының тұрқысы; 7 – штоктың жалғамасы; 8 – шток; 9 – штоқтың сальникті тығыздаушысы; 10 – сорап тұрқы; 11 – трансмиссиялық білік; 12 –негізгі білік; 13 – шатун басы; 14 – шатун; 15 – сырғақ; 16 – сырғақтың бағыттаушылары.
Біржақты әсері бар үшцилиндрлі поршеньдік сораптар аса бірқалыпты өнімділікті қамтамасыз етеді. Бұл сораптар пневмокомпенсатормен жабдықталғанда тәжірибе көрсеткендей, бірқалыпты өнімділікті және арындық құбырдағы қысымды қамтамасыз етеді.Біржақты әсерлі поршеньдік сораптар жоғары жиілігімен және поршеньнің қысқа жүріс ұзындығымен сипатталады. Осының салдарынан олардың өлшемдері және массалары екіжақты әсерлі екіпоршеньді сорапқа қарағанда азаяды. Біржақты әсерлі сораптың басқа ерекшеліктеріне шток тығыздағышының болмауын, тісті берілісті бәсеңдеткіштің дәрежесі төмендетілуін, поршень манжеттері мен сорап клапандары санының азаюын кіргізуге болады.Біржақты әсерлі үшпоршеньді бұрғылау сорабының (10.16-сурет) біржақты әсерлі екіпоршеньді сораптан айырмашылығы – аттас түйіндері мен бөлшектерінің құрылымымен ерекшеленеді.
