- •1. Бұрғылау жабдықтары жұмыс жасау шарты. Әсер ететін жүктемелер.
- •2. Қазіргі заманғы бқ тәл жүйесі конструктивтік ерекшеліктері.
- •3. Иілмелі скқ қолданып ұңғыны бұрғылау ерекшеліктері.
- •1.Бұрғылау жабдықтары жүктелген элементтері жұмысқабілеттілігі критериі.
- •2. Қазіргі кездегі бқ жинақталуы.
- •3. Жаhандық алдыңғы қатарлы өндірушілердің жкж құрылымдары, жұмыс жасау принциптері
- •2. Қазіргі кездегі терең бұрғылауға арналған бұрғылау қондырғыларын жинақтау ерекшеліктері
- •3. Лақтыруға қарсы жүйенің қазіргі заманғы жағдайы, даму мәселесі.
- •2. Сораптар жұмысы параметрлері мен көрсеткіштері.
- •1. Бұрғылау жабдықтары істен шығуы түрлері.
- •3. Pdc бұрғылау қашаулары. Жалпы мәліметтер, негізгі талаптар, классификациясы.
- •1. Конструкциялық болаттарды таңдау және олардың жалпы сипаттамасы
- •3.Лақтыруға қарсы жабдықтардың конструктивтік параметрлерінің оның жұмыс
- •1.Бұрғылау жабдықтарының сенімділігі
- •2.Винттік түптік қозғалтқыштар (взд, «мотор»)
- •3.Иілмелі скқ қолданып ұңғыны бұрғылау ерекшеліктері.
- •2.Бұрғылау ертінділерін дайындау және сақтауға арналған қазіргі заманғы жабдықтар.
- •1.Бұрғылау қондырғылары функционалдық арналуы көрсеткіштері.
- •2.Сериялы емес, жаңадан шығарылған, бұрғылау ертіндісін тазалауға арналған жоғары өнімді және сенімді жабдықтар.
- •3.Pdc бұрғылау қашаулары матрицалы түрлері, конструктивтік ерекшеліктері және оларды жетілдіру бағыттары.
- •1.Өндірістік өнімнің техникалық дәрежесін және сапасын сараптау әдістері.
- •2.Бұрғылау сорабы нақты жұмыс процесінің математикалық моделі.
- •3.Болат корпусты pdc бұрғылау қашаулары, конструктивтік ерекшеліктері және оларды жетілдіру бағыттары.
- •1. Винттік түптік қозғалтқыштардың гидравликалық, техникалық сипаттамасы және оның қозғалтқышты таңдауға әсері.
- •2. Бқ жетектері кинематикалық сұлбалары.
- •3. Күрделі техникалық жүйелердің сенімділігі.
- •1. Көп оқпанды ұңғылар тобын бұрғылауға арналған бқ жинақталу ерекшеліктері.
- •2. Сенімділікке сынақтау жоспары.
- •3. Бқ жетектері қуаты бөлшектеліп берілуі.
- •1. Жүктеменің жүктелетін элементтің беріктігіне байланысты орналасуы.
- •1. Өндірістік өнімдердің классификациясы және өнім сапасы көрсеткіші номенклатурасы.
- •2. Жоғарғы күштік жетек (жкж, «Топ-Драйф»).
- •3.Көп оқпанды ұңғылар тобын бұрғылауға арналған параллель эшелондарымен Уралмаш 5000/320 эк-бмч қондырғысы жинақталуы.
3. Лақтыруға қарсы жүйенің қазіргі заманғы жағдайы, даму мәселесі.
Лақтыруға қарсы жабдықтар (ЛҚЖ) ұңғы сағасын сұйықтық пен газды-сұйық қоспасының ашық лақтырулары және бұрғылау, сынау, тексеру және пайдалану барысында фонтандау болмауы үшін саңылаусыздандыруға арналған.
Бұл жағдайлардың негізгі себебі - ұңғыдағы сұйықтықпен берілетін қысымнан қабат қысымының жоғары болуы: рқаб >gh
ЛҚЖ құрамына превенторлар, сағалық крестовина, превенторүстілік катушка және превенторлы жабдықтың оқпанды бөлігін құрайтын ажырамалы науа, ЛҚЖ оқпанды бөлігін жабдықтайтын манифольдтер, превенторлар мен манифольдтерді басқаратын станция кіреді.
ЛҚЖ ұңғы сағасы мен бұрғылау едені арасында орналасады. Қауіпсіздік ережелері бойынша ЛҚЖ-ны барлау алаңдарын, газоконденсатты, газды және АВПД кен орындарын бұрғылағанда міндетті түрде орнату керек. Ұңғы сағасын кондуктор мен аралық тізбекті түсіргеннен кейін ЛҚЖ-мен жабдықтайды. ЛҚЖ міндетті түрде беріктікке және саңылаусыздыққа сыналады.
Плашкалы превенторлар (13.1-сурет) мұнай-газ атқылауынан сақтандыру мақсатында ұңғы сағасын саңылаусыздандыру үшін қолданылады. Превентор тұрқы 2 шпилькаларға арналған тесіктері бар цилиндрлік фланеці және вертикал өту тесігі бар болат құйма түрінде болады. Шпилькалармен бекітілу – превентордың биіктігін азайтуға мүмкіндік береді, алайда, ЛҚЖ монтаждау кезінде шпилька осі мен фланецтердің тесігінің сәйкесітігін қамтамасыз ететін дәлдікті талап етеді. Тұрқыда плашкаларды 18 орналастыруға арналған көлденең өтпелі қуыс бар. Сыртынан бұл қуыс жақтаулық 1 және 6 қақпақтарымен жабылады. Олар тұрқыға бұрандалармен 5 бекітіледі. Қақпақ пен тұрқы резеңкелі төсемелермен 4 тығыздалады. Плашкалардың превентор тұрқысына жабысып қалмауы үшін қысқы уақытта бу жіберетін түтікшелер 15 орналастырылған. Қақпақтың жақтаулық бетінде шпилькалар арқылы гидроцилиндрлер 7 орнатылады.
Плашкалы превенторларда бұрғылау және шегендеу құбырлары бар ұңғы сағасын саңылаусыздандыру үшін құбырлық плашкалар және ұңғыда құбырлар болмағанда тұйық плашкалар қолданады. Қажет болған жағдайда құбырларды кесетін арнайы плашкалары болады.
Структуралық-барлама бұрғылауда электрлі жетекті ППБ-307х320 плашкалы превенторлар қолданылады.
Егер плашка деңгейінде бағыттаушы құбыр, бұрғылау құлпы, муфта және диаметрлері мен геометриялық формалары орнатылған плашкаларға сәйкес келмейтін құбырлар тізбегінің басқа да бөлшектері орналасқанда плашкалы превенторлар саңылаусыздықты қамтамасыз ете алмайды. Жабық превентор жағдайында тізбектің баяу қозғалуына жол беріледі, ал бұрғылау тізбегінің айналуы, көтеріліп және түсірілуі мүмкін емес.
Әмбебап превенторлар (13.2-сурет) кең мүмкіндіктерге ие. Әмбебап превенторлар бұрғыланатын мұнай және газ ұңғылар сағасын саңылаусыздандыру, бұрғылау тізбегін бұру және құбырларды муфталарымен қоса тарту үшін қолданылады.
Әмбебап превенторлар тығыздалатын заттың диаметрі мен геометриялық формасына тәуелсіз ұңғы сағасын саңылаусыздандыра алады.
Айналмалы превенторлар ұңғы сағасы мен бұрғылау тізбегі арасындағы сақиналық саңылауды герметизациялауға және саға саңылаусыздандырылған кезде бұрғылау тізбегін көтеріп-түсіру, айналдыру мүмкіндігімен қамтамасыз етуге арналған. ЛҚЖ құрамында айналмалы превентор роторлық бұрғылауда, ұңғыны кері жууда қолданылады.
Айналмалы превенторлар (13.3-сурет) тұрқыдан 7, жылжымайтын патроннан 4 және айналмалы оқпаннан 6 тұрады. Плашкалы және әмбебап превенторларға қарағанда айналмалы превенторлардың айналатын оқпанға киіліп, өзінің серпімділігімен және сағадағы қысыммен бұрғылау тізбегін қысатын манжеті 9 болады. Легирленген болаттан жасалған құйылған тұрқы 7 плашкалы және әмбебап превенторлармен қосуға арналған тіректік фланецпен және бұрғылау қондырғысының циркуляциялық жүйесімен қосуға арналған бүйірлік құбырмен жабдықталған.
№ 4 емтихан билеті
