Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Karmanov_shpor.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

2. Қазіргі кездегі терең бұрғылауға арналған бұрғылау қондырғыларын жинақтау ерекшеліктері

Шығарылатын бұрғылау қондырғылары мезгілді түрде сенімді және өнімділігі жоғары, бұрғылаудың дамып жатқан қажеттіліктеріне және ғылым мен техниканың жаңа жетістіктеріне сай келетін модельдерімен жаңартылып отырылады. Бұрғылау қондырғысының сенімділігі және өнімділіктің жоғарылауы  бұрғылаудың үздіксіз артатын көлемі мен сәтті орындалуының басты көрсеткіші.

Бұрғылау қондырғысының жиынтығына бұрғылау жабдықтары, жуу ерітіндісінің циркуляциялық жүйесінің жабдықтары, лақтыруға қарсы жабдықтар, көтеріп-түсіру амалдарын автоматизациялауға арналған АСП механизмдерінің жинағы және қашаудың берілісін реттегіш және т.б. кіреді.

Сәйкес орналастыруды басты жабдықтардың тиімді орналасу сұлбасынан, БҚ кинематикалық және күштік сұлбасын таңдау мәселелерін шешуден бастау керек.

Сәйкес орналастырудың басты ережесі – бірнеше варианттардың талдауын жүргізе отырып, тиімдірегін таңдау.

Сәйкес орналастыру кезінде – унификацияланған агрегаттар мен бөлшектерді максимальды қолдануын, сонымен қатар БҚ негізгі факторларының жұмыс қабілеттілігі мен нәтижелілігін ескеру керек. Көбінесе, жеке факторлардың маңыздылығы, монтаждағы қабылданатын әдістер мен демонтаж және жабдықтарды тасымалдауға байланысты.

Ауыр жинақты сәйкес орналастыруды орындау кезінде, жабдықтардың макетін қолдану аса тиімді. Ол жабдықтың орналасуын, қолжетімділігін, тасымалдау және монтаждау шарттарын тексеруге мүмкіндік береді. Ол тік жазықтықта және жоспарда жабдықтардың сәйкес орналасуын талдауға мүмкіндік бере отырып, біріншіден жасалынатын сәйкес орналастырудың нұсқасын жоспар түрінде, содан кейін тік жазықтықта орнатады.

БҚ-ң сәйкес орналастыру жоспары үшін бастапқы нүктесі, ұңғы сағасының центрі болып табылады (1.5-сурет), онымен шығырдың орналасуын анықтайтын ротор тесігінің центрі сәйкес келуі тиіс. Шығырды бұрғылау қондырғысы қақпасына және қабылдау көпірлеріне қарсы орналастырады, себебі шығырдың көмегімен бұрғылау құбырларын және басқа жабдықты іске қосу керек.

Шығыр 2 және ротор 1 диаметрлері Dp арасындағы В кеңістігіндегі оператордың жұмысын қамтамасыз ету үшін шығырдың басты барабанының I-I осі ұңғының II-II осінен А қашықтықта орналасуы керек.

1.5-сурет. Бұрғылау жабдықтарының жоспарлы сәйкес орналастыру сұлбасы:

1 – ротор; 2 – шығыр; 3 – свечаны орналастыруға арналған магазин (подсвечник); 4 – құбырларды қабылдау мосты; 5 – құбырларға арналған сөрелер; 6 – беріліс қорабы; 7 – трансмиссия; 8 – қозғалтқыштар; 9 – бұрғылау сораптары; 10 – қақпа, ұңғы центрі.

Шығырды, шығыр барабанының кесе көлденең осі (ось III-III) ұңғы осі арқылы өтетіндей етіп орналастыру керек.

Егер басты шығыр бұрғылау еденінен төмен орналасса, онда А арақашықтығын былай таңдау керек; арқанның жетекші тармағы мұнараға ілініспей кронблокқа жақындауы керек және операторға арқанның барабанға оралуы кезіндегі көрінісі қамтамасыз етілуі керек.

Басқа жабдықтарды бұрғылау қондырғысының тағайындалуына және оның сыныбына байланысты, шығырға қатысты әртүрлі арақашықтықта орналастыруға болады. 1.4-суретте беріліс қорабының, трансмиссияның, шығыр артындағы сорап пен қозғалтқыштың желілік орналасуы классикалық сұлба ретінде келтірілген. Мұндай сәйкес орналастырудың артықшылығы- трансмиссияның тізбектік берілісін және жеңіл негіздерін қабылдауға мүмкіндік береді, жабдықты шағындап орналастырады. Тізбекті трансмиссия кезінде барлық агрегаттар білігі параллель орналасып және бір бағытта айналуы керек. Ыңғайлы болу үшін жетекке біржақты айналатын іштен жану қозғалтқышын қолданады. БҚ-ның жабдықтарының жалпы сәйкес орналасуын, негізгі агрегаттардың тік және көлденең жазықтықтарда орналасуының сұлбасын таңдағаннан кейін жүзеге асырады. Бұл кезеңде қондырғылардың орналасуын тек орындалатын функциялармен ғана емес, барлық факторлар есебімен анықтайды.

Барлық жұмыс жасау процестерінде екінші деңгейдегі факторлар, мысалы климаттық шарттар немесе аймақтың сипаттамасы басты маңызы болмағанмен, сәйкес орналастыруды таңдау сұлбасында бұл факторлардың әсері көп. Қарапайым жағдайда, құрлықта 2500 м дейінгі ұңғыларды бұрғылауда мұнара және көтеру қондырғылары бұрғылау нүктесінде қосақтала бекітілген негізде жинақталады. Трансмиссия, беріліс қорабы және жетектік электрқозғалтқыштар бұрғылау еденінің деңгейінде, шығыр артыңда бір сызық бойында орналасқан. Жетек негізінің биіктігі жоғары болса (шамамен 3м), бұл монтажды, демонтажды, негіздің құрылымын біршама қиындатады, алайда бұндай ұңғыларды бұрғылау қолжетімді болу үшін, жекеленген блоктардың салмағы 30т-дан аспай және монтаждық, демонтаждық жұмыстарды мұнай кәсіпшілік жүккөтергіш құралдардың көмегімен жүргізілуі тиіс. Сорапты кешен, бұрғылау сұйықтығын дайындау және тазарту жүйесінің жабдықтары мен қабылдау алаңдары ықшам орналасқан болу керек.

Установка буровая Уралмаш 5000/320 ЭК-БМЧ с электрическим частотно-регулируемым приводом переменного тока с цифровой системой управления, с эшелонным расположением блоков в блочно-модульном исполнении  Установка предназначена для кустового бурения эксплуатационных скважин на нефть и газ с условной глубиной бурения 5000 м  Установка может применяться в

макроклиматических районах с умеренным климатом – У, категории 1 по ГОСТ 15150-69 (-45ºС…+40ºС) на месторождениях с

содержанием сероводорода менее 6% ОСНОВНЫЕ СОСТАВЛЯЮЩИЕ  ВЫШЕЧНО-ЛЕБЕДОЧНЫЙ БЛОК  КОМПЛЕКС ЦИРКУЛЯЦИОННОЙ СИСТЕМЫ  НАСОСНЫЙ БЛОК  СИСТЕМА ОБОГРЕВА  КОМПРЕССОРНЫЙ БЛОК  БЛОК ЭЛЕКТРООБОРУДОВАНИЯ ВЫШЕЧНО-ЛЕБЕДОЧНЫЙ БЛОК ВКЛЮЧАЕТ:  НАПРАВЛЯЮЩАЯ L=118м

 БЛОКИ МЕХАНИЗМОВ ПЕРЕМЕЩЕНИЯ И ВЫРАВНИВАНИЯ  ОСНОВАНИЕ (лонжероны, фермы, модули буровой площадки)

 ВЫШКА УМ 46/320  УЗЛЫ ТАЛЕВОЙ СИСТЕМЫ  ЛЕБЕДОЧНЫЙ БЛОК  КАБИНА БУРИЛЬЩИКА  СВП, БУРОВОЙ КЛЮЧ  УЗЛЫ МЕХАНИЗАЦИИ  БЛОК-БОКС, УКРЫТИЯ На раму модуля лебедки установлены: односкоростная буровая лебедка ЛБУ 1500-1, частотно-регулируемые эктродвигатели, блоки аппаратуры, привод дополнительный. Буровая лебедка оснащена следящим устройством.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]